Мақтада фотосинтез процесінің қарқындылығын зертттеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі . Түркістан облысы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жөнінде республиканың аса ірі экономикалық аймақтарының бірі болып табылады. Бұл облыста мақта егісі түгелдей шоғырландырылған. Мақта табыстың басты көзі. Мақтаның түпкі тегі жабайы өсетін көп жылдық құлқайыр тұқымдас бұта болған . Оны адамзат қолдан еге бастаған соң өсу жағдайлары да, қасиеттері де біраз өзгерген. [7] Басқа да ауылшаруашылық өсімдіктері сияқты мақтаның да өсу және даму процесі барысында оның тамыры, сабағы, бұтақтары, жапырақтары, гүлдері, түйіндері, көсектері пайда болып, қалыптасып өседі. Оның гүлдерінен өнім беретін көсектер өсіп жетіледі. Мұндай көсек қауашақтарының ішінде ұлпалы шит болады. [6]

Мақта алғаш өсе бастағаннан жаппай гүлдегенге дейінгі аралықта топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды бойына көп сіңіреді. Әсіресе оның су мен қоректік заттарды көп керек ететін кезі-гүлдену кезі, өсімдікте көптеген жапырақтар, шанақтар және жас көсектер пайда бола бастаған шағы. Ал жаппай көсектей бастаған кезінде шанақтарының, гүлдерінің біразы төгіліп, гүлдеуі тоқтайды да, су мен қоректік заттарды керексінуі азаяды. Бұл кезде тамырдың қызметі, транспирация мен фотосинтезі бәсеңдеп, мақтаның өсуі баяулайды. Көсектердің көпшілігі ашылып, қалғандары жетіле бастайды. [6] Жер жүзіндегі тіршіліктің барлық түрлері фотосинтез процесіне байланысты. Яғни мақта да өсімдіктерге жататындықтан, жалпы өсімдіктердегі фотосинтез процесі туралы айтсақ болады деп ойлаймын. Жалпы фотосинтез процесінің маңызын мынадай көрсеткіштермен сипаттауға болады. Жер бетінде-құрлықта, мұхиттар мен теңіздерде тіршілік ететін өсімдіктерде күн энергиясын пайдаланып, көмірқышқыл газын тотықсыздандыруы, яғни фотосинтез нәтижесінде жылына 175 млрд. т CO2 байланысқан күйге немесе органикалық заттарға айналады. Фотосинтез процесінің қалыптасуынан бастап миллиондаған жылдар бойы жерде есепсіз көп органикалық заттардың қоры жиналды. Қазіргі замандағы адам қоғамы өз игілігіне пайдаланып жатқан қазба байлықтар - тас көмір, мұнай, газ және т. б. ұзақ геологиялық дәуірлердегі фотосинтездің нәтижесі. [9]

Жалпы фотосинтез-тірі табиғаттағы негізгі процесс. Оның арқасында органикалық емес заттардан - көмірқышқыл газы мен судан - күнніңжарық энергиясының қатысуымен жер бетіндегіжасыл өсімдіктер өмір сүру үшін қажетті органикалық заттарды синтездейді. [3]

Айта кетер болсақ глюкоза-ассимиляцияның бастапқы өнімі. Жинақтаған кезде оның мөлшері крахмалға айналады. Фотосинтездің қарқындылығының өнімділігі неғұрлым жоғары болған сайын соғұрлым өсімдіктерден жақсы өнім алуға болады деп ойлаймын.

Сол себепті зерттеу жұмыстары табиғаттың түрлі факторының осы бір көрсеткішке әсерін баяғыдан көп ғалымдар жұмыстарының негізгісі екендігі белгілі. Фотосинтез қарқындылығының өнімділігі жалпы мөлшерден тәуелділігі жалпыға белгілі факт болып табылады. Жалпы айтқанда бірқатар факторлар бар.

Біріншіден, жарық толқынының ұзындығынан. Ең қарқынды фотосинтез күн сәулесі спектрінің ультракүлгін және қызыл бөлігінде өтеді.

Сонымен фотосинтездің қарқындылығы жарықтану дәрежесіне байланысты жарықтың санына пропорционалды өсу сәті.

Екіншіден, шоғырланудан көмірқышқыл газы: ол жоғары болса, фотосинтез процесі қарқынды жүруде.

Үшіншіден, температура өте маңызды фактор болып табылады. Өйткені фотосинтез күрделі ферментативті реакциялар кешені арқылы өтеді, олардың ағуы белсенділігімен байланысты арнайы ақуыз молекулалары, оңтайлы температура 25-30°С аралығы болып табылады. [4]

Сонымен бірге су-фотосинтез үшін бастапқы зат. Алайда, өйткені су жасушалық процестердің үлкен санына әсер етеді, оның фотосинтезге тікелей әсерін бағалау өте қиын. Егер су құрамы су ұстанатын жағдайда жеткілікті жоғары деңгейде парақта, әдетте, сағалық саңылаулардың енін арттыру, СО2 сіңуін арттыру және фотосинтез қарқындылығын арттыру жүреді. Аузы толық жабылған кезде фотосинтез өтеді, бірақ өте әлсіз дәрежеде.

Дәл сондықтан фотосинтез транспирация құбылысына тікелей байланысты. Су өсімдіктің тыныс-тіршілігінде тамшылатып қана қоймай маңызды рөл атқарады, бірақ атмосфералық ылғал түрінде де.

Сондықтан бізге өте қызықты зерттеу ұсынылады фотосинтез қарқындылығының ауа ылғалдылығынан тәуелділігі.

Жұмыстың мақсаты: Мақтада фотосинтез процесінің қарқындылығын зертттеу.

Міндеттер: - Әртүрлі жағдайларда фотосинтез процесін зерделеу үшін қондырғыны әзірлеу үлгі объектілердегі ылғал;

-фотосинтез процесінің қарқындылығы үшін ауа ылғалдылығының мәнділік дәрежесін бағалау;

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Мақта өсімдігінің өнімділігін көбейту пайдаланып, фотосинтетикалық апппарат құрылымын өзгерту жолдарын іздестіруге бағытталған әдістер алынып отыр.

Сондықтан зерттеу нәтижесінің көрсеткішін бақылай келе өсімдіктің соңғы түсімі тек қана фотосинтезбен ғана емес, сонымен қатар физиологиялық үрдіспен жалпы өсімдік жүйесіндегі мүшелері арасындағы ассимиляттарды бөлу мен жеміс ағзаларының аттрагиялық қабілеті де қатысатыны да анықталып отыр.

Практикалық маңызы: Осы зерттеудің нәтижесін мақта өсіруді жүргізу кезінде, бұл зерттеуді есепке алып жүргізуге болады екендігін көруімізге болады.

1 ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

1. 2 Мақта өсіру шаруашылығының тарихи сипаттамасы

Тіршілік үшін қажетті белок, май, липид, витамин, фермент, хлорофилл және т. б. органикалық заттардың құрамына азот, фосфор, күкірт, темір, мыс, мырыш, қола және т. б. элементтер енеді. Бұл элементтер өсімдіктерге топырақтан енеді. Әртүрлі элементтердің тотыққан иондары өсімдік бойына енгенде тікелей, немесе жанама жолмен, күн сәулесінің энергиясын пайдалану арқылы тотықсызданады. Яғни фотосинтез процесінің арқасында топырақтағы минералдық элементердің табиғи айналымы да жүзеге асады деген сөз. Фотосинтез эндотермиялық процесс болғандықтан тек сырттағы энергияны пайдалану арқылы ғана жүзеге асады.

Яғни фотосинтез деп жасыл өсімдіктердің ұлпаларында хлорофилдың қатысуымен анорганикалық заттардан /CO2 мен H2O-дан/жарықта органикалық зат түзу процесін айтады.

Фотосинтездің схемалық теңдеуін былай жазуға болады.

6СО2 + 6Н2O + АТФ яғни жарық қуаты→ С6Н12О6 + 6О2. [10]

Мақта өсімдігінде яғни барлық өсімдіктердегі фотосинтез процесі жүзеге асатын негізгі мүше жапырақ болып есептеледі. Және жасыл өсімдіктерде, жасыл жапырақтарында болатын хлоропласт пигментіне де байланысты. Жапырақ тақтасы анатомиялық құрылысы жағынан үшке бөлінеді:1) оның үстіңгі және астыңғы бетін жамылғы ұлпа-эпидермис қаптап жатады; 2) негізгі ассимиляциялық ұлпа-мезофилл; 3) түтік-талшық шоқтары. Фотосинтез өнімдерінің мезофилл клеткаларынан өткізгіш шоқ түтіктеріне, олар арқылы сабаққа дейін тасымалдануы да жапырақтың жалпы күйіне байланысты. Өсімдік онтогенезінде қоректік заттарды қажет ететін аймақтар барлық уақытта үздіксіз болып тұрады. Бұндай орталықтарда бір жағынан жаңа құрылымдар пайда болып жатса, екінші жағынан белгілі бағыттағы қорлық заттардың мұндай орталықтарда бір жағынан жаңа құрылымдар пайда болып жатса, екінші жағынан белгілі бағыттағы қорлық заттардың (жеміс, түйнек, т. б. ) қарқынды синтезделуі жүріп жатады. Осы процестер фотосинтездің үздіксіз жүруіне себепші болады. Егер сыртқы жағдайлар фотосинтезді тежемесе, онда оны бағыттауда эпигенетикалық (жаңа органдардың пайда болуы) процестер негізгі орын алады. Фитогормондар өсімдіктердің әртүрлі органдарында, соның ішінде хлоропластарда пайда болып, фотосинтездік процестерге қашықтан, сондай-ақ хлоропласт деңгейінде әсер етеді.

Бұл жағдайға маңызды негіз болатын егіншілік жүйесінің қарқынды буындарының бірі-бұл фитомелиорант дақылдардан тұратын ауыспалы егістер.

Бүгінгі таңда, Елбасының ерен ерлігі, қалтқысыз қамқорлығы нәтижесінде ''ақ алтын'' өндіру саласы да өрісін кеңейтіп, өркенін кеңге жайып, әлемдік саудадағы орнын нықтауға бейімделе бастады. Ел мақсатының нағыз мақтанышқа айналар шағы жыл өткен сайын жақындай түсуде. [6]

Жасыл өсімдіктердегі күрделі фотосинтездік аппарат миллиондаған жылдарға созылған эволюциялық процестің нәтижесінде қалыптасты. Фотосинтездің қарқындылығы жапырақтың белгілі ауданына, белгілі уақыттың ішінде сіңген көмірқышқыл газының мөлшерімен немесе бөлінген оттегінің мөлшерімен анықталады. [9]

Мақтаның талшығынан, шитінен және басқа бөлігінен (өсімдігінен) 150-ден астам түрлі заттар мен бұйымдар жасалады. [6]

Сонымен қатар, бүгінгі таңда елімізде және дүние жүзінде инновациялық және экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану мәселелері үлкен маңыздылыққа ие. Оған тек топырақтың құнарлылығын сақтауға және қалпына келтіруге, жоғары сапалы мақта өнімін алуға және өндірістің тиімділігін көтеруге жағдай жасайтын жоғары жер өңдеу мәдениеті мен жаңа технологияларды қолдану арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Мақтаның биологиялық ерекшеліктерінің бірі- өте баяу өсетіндігі және оның сабағының гүл жаруға дейінгі алғашқы кезеңде ғана өсіп дамитындығы. Одан кейін мақтаның өсуі мен дамуы шапшаңдай түседі. Неғұрлым қарқынды кезеңі-мақтаның гүлдейтін шағы. Мақтаның көсектері пісіп-жетіліп, ашыла бастардың алдында сабақтың өсуі мен дамуы бірте-бірте баяулай түседі және вегетациялық өсіп-жетілу кезеңінің соңына қарай біржола тоқтайды. Негізгі сабақтың жалпы ұзын яки қысқа болуы ондағы буын аралықтардың санына, мақтаның түріне, мақта егілген жердің құнарлы-құнарсыздығына және басқа жағдайларға байланысты.

Мақтаның негізгі бұтағындағы жапырақтар шығатын қуыстарда бүршіктер пайда болады. Осы бүршіктерден бұтақтар тарайды. Мақта өсімдігінің бұтақтары түрліше болады. Өздері, негізінен, жеміс бұтақтары, яғни симподиялар және өсу бұтақтары, яғни моноподиялар деп екіге бөлінеді, кейде қосымша бұтақшалар да кездеседі. [7] Өсу бұтақтары негізгі бұтақтың төменгі бөлігінде өседі. Ал, өнім беретін бұтақтар осы өсу бұтақтарынан жоғары бірінен соң бірі негізгі бұтақтың барлық келесі жапырақтарының қуыстарында пайда болады. [6]

Қолда бар деректерге қарағанда Өзбекстан Республикасында су және энергетикалық ресурстардың шектеулі болуы жағдайында суды қозаның вегетациялық өсіп-жетілуі кезеңінде мейлінше үнемді пайдалана білуге мүмкіңдік беретін принципті тұрғыдан алғандағы жаңа технология жасап, оны тиімді пайдалану талап етіліп отыр. Ондай шаралардың қатарында дұрыс жоспарланған ауыспалы егіс жүйесін пайдалану, органикалық және минералдық тыңайтқыштар неғұрлым тиімді арақатынасын сақтау, топырақтың өте қолайлы болатын су, ауа және жылу тәртібін дер кезінде қамтамасыз етіп отыру сияқты тағы басқа да шаралар көзделген.

Қазіргі күні бүкіл әлемде органикалық тыңайтқыштарға қызығушылық артып отыр. Тұтынушылар азық-түліктің және мақта талшығының сапасына, оның экологиялық қауіпсіздігіне көбірек назар аударатын болды.

Ауыл шаруашылығының негізгі мақсаты-өсімдіктерден мол өнім алу. Өнім фотосинтез процесі нәтижесінде жасалады. Көмірсулар жеткіліксіз болса, тыныс алу процесі қарқынды өтпейді. Тыныс алу процесі жақсы жүрмесе, өсімдіктерге минералды элементтер сіңірілмейді. Соның салдарынан өсімдіктердің өнімділігі төмендейді. [2] Мақта өсімдігінің жас өскіндері жердің бетіне қылтиып шығысымен-ақ, оларда жарықтың әсерінен хлоропластар қалыптасып, пигменттер синтезделе бастайды. Фотосинтез процесі хлоропластағы жарықты сіңіруі арқасында жүреді. Пластидтер тек өсімдіктің жасушасында ғана кездеседі. Пластидтер 3-ке бөлінеді. 1) Хлоропласт- өсімдікке жасыл түс береді, органикалық зат түзуге, фотосинтез процесіне қатысады; 2) Хромопласт-күзгі жапырақтарға сары, піскен жемістерге қызыл, сары түс береді; 3) Лейкопласт- түссіз, өсімдіктің тұқымында, тамыр түйнектерінде кездеседі, қоректік қор жинауға қатысады.

Аграрлық сала өнімдеріне сұраныс артып отырған қазіргі күні инновациялық жаңа технологияларды енгізу саланың жоғары тиімділігі мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Органикалық тыңайтқыш ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын 40 пайыздан астам арттыруға мүмкіндік береді, бұл ретте өнімнің өзіндік құны 2 еседен артық кемиді, тыңайтқыш дақылдардың пісу мерзімін қысқартады, сапасын арттырады, экологиялық қауіпсіз өнім өндіруге жағдай тудырады, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдануды 50 пайыз азайтуға, кейін олардан мүлде бас тартуға болады, агротехникалық өзгерістерді қажет етпейді.

Мысалға, П. Г. Лойко органикалық тыңайтқыштардың түрлі дақылдарға тиімді мерзімі мен мөлшерін анықтап енгізген жағдайда, кем дегенде 15-40 пайыз қосымша өнім алуға болады деп атап көрсетеді. [11]

В. Е. Казаков, В. П. Дригалардың айтуына қарағанда Ресейдің Одесса облысының корбанатты топырақтарында жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесінде, жүгері егілетін алқаптың әр гектарына 30 тонна көң берген жағдайда өнімділік 38 пайызға жоғарылаған.

И. М. Мамченков көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының мәліметтерін сараптай келіп, жергілікті көңді ауыл шаруашылық дақылдары егілетін алқаптарға бір мезгілде гектарына 20-30 тонна енгізген жағдайда, дәнді дақылдардың өнімділігін бірінші жылдың өзінде ақ жоғарлатып кейінгі тиімді әсері 4-5 жылға созылатындығын анықтады.

В. Д. Панников, В. Г. Менеевтердің айтуынша сұр топрақтарға гектарына 30 тонна көң енгізгенде топырақ құрамындғы қара шірінді 0, 1-0, 2 пайыз, фосфор 2-4 есе, кали 2-2, 5 есеге жоғарылаған.

Фотосинтездің күн сәулесі энергиясын сіңіру реакциялары ламеллалар мен тиллакоидтарда жүзеге асады. Күн спектрінің көрінетін бөлігінде жарық сәулелерін талдап сіңіретін заттар- пигменттер деп аталады. [3] Өсімдіктің жапырағында кездесетін пигменттер негізгі 4 топқа бөлінеді:

1. Хлорофиллдер;

2. Каротиноидтар;

3. Фикобилиндер;

4. Антоциандар. [10]

Топырақ үлгілеріне талдау жасауға су ағымдарын ГОСТ 26433-26428-85 бойынша, pH потенциал өлшегіш, қара шірінді Тюрин бойынша, гидролизденген азот Тюрин-Кананова бойынша, жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий Мачигин бойынша, гранулометриялық құрамы Качинский бойынша, сіңіру негіздері Шмук және Антипов-Каратаев әдістемеліктері бойынша анықталды.

Тұздану өлшемдерін алу тиісті нұсқаулықтар мен әдістемелер арқылы жүргізілді. Тұзданған топырақты бағалау 3 негізгі категорияда бағаланады. Тұздану химизмі, тұздану дәрежесі және тұзды горизонттың орналасу тереңдігі. Топырақтың тұздану химизмі аниондар мен катиондар құрамымен анықталды. Есепке бірінші аниондар алынды, олардың топырақтың су сығындысына қатынасының көлемі есептелді [13] .

Топырақтың тұздану дәрежесі «суммарный эфект», мг-экв CL - , аниондардың келесі қатынасында:1CL - =0. 1CO 2 3 =2. 75 HCO 2 3 =5. 5SO 2- 4 .

Хлорофилл- жапырақтағы ең басты және ең күрделі пигмент және жапыраққа жасыл түс береді. Өсімдік сабағының төменгі жағында орналасқан жапырақтарда хлорофилл көп, ал жоғарғысында аз болады. Өсімдік жапырағынан алынған хлорофилді күн сәулесіне қойып қарасақ, ол қызылды-жасылды болып құбылып көрінеді. Бұл құбылысты К. А. Тимирязев хлорофилдің оптикалық қасиеті- сенсибилизатор (сезімталдығы) деп атады. [2] Хлорофиллмен қатар каротиноидтар деп аталатын сары пигменттер тобы болады. Олар барлық ұлпаларда кездеседі. Ксантофилдер каротиндердің тотыққан туындылары болып табылады. [3] Фикобиллин балдыр сөлі, суда өсетін балдырлардың организмінде кездеседі. Құрамында жасыл түсті пигмент фикоциан болады. Антоциан гр. гүл бояуы деген мағына білдіреді. [2] Фосфор тыңайтқыштарының тиімділігін арттырудың бір тәсілі
оларды қозаны күтіп-баптаудың қай мезгілінде енгізуді жақсы білу болып табылады[14] .

Мезгiлiмен жүйелi қoлдaнылғaн oргaникaлық және минерaлды тыңaйтқыштaр тoпырaқ кеcкiнiнiң бiртiндеп фocфoрмен бaюын қaмтaмacыз ететiнi белгiлi. Қaзiргi кезде енгiзiлген фocфoр тыңaйтқыштaрының негiзiнде жүретiн тoпырaқтaғы прoцеcтер жaн-жaқты зерттелiп, фocфoрды өзгергiштiгiне әcер ететiн фaктoрлaр мен тыңaйтқыш фocфoрының бaйлaныcтaғы aуыcпaлы түрлерi жaқcы aнықтaлғaн.

Дж. Миллз және басқа да ғалымдардың есептеуі бойынша топырақ қабатының жыртылатын дифференциялану процесі көптеген фaктoрлaрдың кешенiмен aнықтaлaды: ылғaлдылық, aэрaция, темперaтурa, тoпырaққa жaрық түcуi мен тығыздығы, өciмдiкке тиiмдi қoректiк элементтердiң бoлуы, микрooргaнизмдердiң белcендiлiгi. Тoпырaқтың жoғaрғы және төменгi қaбaттaры бiрдей деңгейде ocы фaктoрлaрдың әcерiне ұшырaйды.

C. C. Cдoбникoв келтiрген деректерге қaрaғaндa, oңтүcтiк кaрбoнaтты қaрa тoпырaқты жыл caйын aудaрa жыртқaндa тoпырaқтың құнaрлылығы жoғaрғы және төменгi қaбaттaрындa теңеледi де, cүдiре жыртқaндa жoғaрғы қaбaтындa aртып, төменгiде aзaяды. Тoпырaқтaғы биoхимиялық прoцеcтердiң қaрқындылығының caндық көрcеткiшi, oның құнaрлығын көрcететiн биoлoгиялық белcендiлiк бoлып тaбылaды. Бұл белcендiлiктiң өлшемi, oлaр: биoгендiк, aммoнификaция, нитрификaция немеcе целлюлoзa ыдырaуы прoцеcтерiнiң қaрқындылығы, тoпырaқтың тыныc aлуы, aзoттың минерaлизaцияcының жылдaмдығы жaтaды.

Көптеген мәлiметтер жыртылaтын қaбaттың бөлшектенгенiнiң биoлoгиялық белcендiлiкке әcерiн, құнaрлығы бoйыншa caпacы әртүрлi болатындығын көрсетеді. Топырақтың жоғарғы жыртылған қабатында өсімдіктердің тамырының, қалдығының ыдырауы, органикалық қалдықтың минералдануы жоғары әрі белсенді жүретіндігін көрсетеді делінген. Топырақтың құрылымын жақсарту үшін түрлі дақылдардың рөлі ерекше екендігін көруімізге болады, мысалы, рапс дақылын өсіргенде, топырақтың жағдайына оңтайлы әсер етеді де, топырақтың құрамын жақсартады және де топырақты қоректік элементтермен байытады. Рапс дақылы өзінің бағалы биологиялық ерекшелектерімен бағаланады: онда жоғары майлылылық бар (40-50%) және суыққа төзімділік танытып тезпіседі, сондай-ақ ауылшаруашылық дақылдарына алғы дақыл ретінде маңыздылық танытады [15] .

Соңғы 10 жылда, Қазақстанда рапс дақылының биологиялық ерекшеліктері ескеріліп, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағытында оның егістігі де кеңейіп отыр.

Рапс дақылын топырақта өсіріп - баптағанда, топырақ қабатына шамамен 10 тоннадай тамырдың құрғақ заттарын, өсімдік сабақтарын, жапырақтарын қалдырады.

Мысалы, Ресей мелиорация мәселелері ҒЗИ-да жүргізілген ғылыми жұмыстарда, құнарлылығы төмен топырақтарда мелиорацияның биологиялық іс-әрекеттері яғни шаралары топырақтың құнарлығын арттыруға айтарлықтай оңтайлы әсер еткен. Зерттеу жұмыстарында фитомелиорант-дақылдарды баптап-өсіргенде, олар топырақтағы коллоидтардағы натрийдың сіңірілген иондарының мен шірінділердің кальций иондарына алмасуына, топырақта жаңа қоректік элементтердің жинақталуымен бірге, топырақтың агрофизикалық қасиетін жақсартуға ықпал жасаған. Ауыспалы егіс тізбегіне түйежоңышқаны (донник желтый) өсіріп-бапталған топырақтың 0-20 см қабатындағы тұздық жиынтық құрамы 5%-ға, 20-40 см қабатта 15%-ға төмендегені анықталса, 3 жылдық қорытынды зерттеулердегі түйежоңышқаның бойы мен даму кезеңіндегі топырақ сүзінділерін талдау нәтижелері бойынша, топырақтың 0-50 терең қабатындағы тұздық жиынтық гектарына 1, 05 тоннаға төмендесе, 50-100 см қабатта гектарына 0, 55 тоннаға төмендеген.

Топырақ құрамын жақсартатын бұршақ тұқымдасқа жататын ақ түйежоңышқа, сары түйежоңышқа және фацелия дақылын ауыспалы егісте өсіргенде, ол фитомелиорант дақыл есебінде, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерін жақсартуға әсер етеді, ол кезде топырақ түтіктілігін 55-59%-ға дейін жоғарылатса, ал көлемдік салмағын 4-9 %-ға дейін төмендетеді. Топырақтың нитрификациялық қабілеттілігін арттырып, фосфордың құрамын 2%-дан 47%-ға дейін жоғарылатады. Бұл дақылдарды орнықты ережелермен өсіріп, ауылшаруашылығы дақылдарына алғы дақыл ретінде қолданылса, онда топырақтың құнарлылығын арттырып, кейінгі өсірілетін дақылдардың өнімділігін 6 %-дан 31%-ға дейін арттырады.

Құрғақшылықты аймақтарда және топырақ құнарлылығы төмен топырақта, ауыспалы егісті өз тәртібімен жүргізудегі фитомелиоративті дақылдардың маңыздылығы ерекше, соларды бірі аз таралған дәнді-бұршақты нохат дақылы болып есептеледі. Ноқатты 1 жыл өсіріп, агромелиоративтік іс-шараларды кешенді жүргізгенде, топырақтың ылғалдық-физикалық қасиеті неғұрлым жақсарып, органикалық заттарыы көбейіп, және де агрегаттық құрамының тұрақталуын қамтамасыз етеді. Сортаңданған топырақпен күресу үшін әр түрлі агромелиоративтік шаралар қолданылады. Шаралардың бірі - тік ұңғылар астарында суару ережесін орнықтыру. Осы зерттеулерге қойылған мақсатқа сүйене отырып, суару ережесінің тиімді суару мөлшерлері мен мерзімдерін анықтау жұмыстары өте маңыздылыққа ие.

Сонымен қатар, елімізде және дүние жүзінде инновациялық және экологиялық технологияларды қолдану мәселесі үлкен маңыздылықты көрсетеді. Оған тек топырақтың құнарлығын сақтап және қалпына келтіруге, Оған тек топырақтың құнарлылығын сақтауға және қалпына келтіруге, сапалы мақта өнімін алуға және өндірісті көтеруге жағдай жасайтын жер өңдеу мәденеиті мен сапалы мақта өнімін алуға және өндірісті көтеруге жағдай жасайтын жоғары жер өңдеу мәдениеті мен жаңа технологияларды қолдану арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Қазіргі күні бүкіл әлемде органикалық тыңайтқыштарға қызығушылық артып отыр. Тұтынушылар азық-түліктің және мақта талшығының сапасына, оның экологиялық қауіпсіздігіне көбірек назар аударатын болды.

Органикалық тыңайтқыш ауыл шаруашылық дақылының шығымдылығын 40 пайыздан астам арттыруға мүмкіндік береді, бұл ретте өнімнің өзіндік құны 2 еседен артық кемиді, тыңайтқыш дақылдардың пісу мерзімін қысқартады, сапасын арттырады, экологиялық қауіпсіз өнім өндіруге жағдай тудырады, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдануды 50 пайыз азайтуға, кейін олардан мүлде бас тартуға болады, агротехникалық өзгерістерді қажет етпейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақта шаруашылығы туралы
Мақта мүшелерінде мыс элементі мөлшері және топырақтан шығуы
Биополимерлер және олардың құрылымдық құрам бөліктері
Өсімдіктер өміріне марганецтін маңызы
Өсімдіктердің морфологиялық анатомиялық құрылысы
Молекулалық биологияның жетістіктері
Хлоропластың құрылысы
Өсімдіктер физиологиясы өсімдік организміндегі тіршілік құбылысына байланысты процестерді зерттейтін ғылым
Жарық фазасы
Атмосферадағы оттегі эволюциясы және фотосинтез туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz