Оқу-тәрбие процесiнде мектеп оқушыларына Дамыта оқыту жүйесiнде ғылымдар тәжiрибесiне сүйене отырып оқушылардың дамытушылық қабiлетiн қалыптастырып педагогикалық жаңа әдiстердiң тиiмдiлiгiмен жетiстiктерiне тоқталу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе

ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана

Я. А. Коменский

Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтiк -пеэкономикалық өзгерiстер, елiмiздiң әлемдiк бiлiм деңгейiне енуi жағдайында, жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк стандартына сәйкес бiлiм беру жүйесi мазмұны мен оқытудың әдiстемелiк жүйесiн қайта қарау мәселесiн талап еткен едi. Қазiргi кезде бiлiм беру жүйесiнде бiлiм мазмұнын жаңарту, жетiлдiру мәселелерi өзектi мәселелердiң бiрi болып саналады.

Бiлiм мазмұнын жаңарту оқу материалының теориялық негiздерiн жан-жақты терең қарастыруды талап етедi. Кезiнде бастауыш бiлiм жүйесiнiң өзгерiске ұшырауына Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, С. М. Языков, А. А. Люблинская т. б ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесi себеп болған.

Дамыту кезiнде оқушыларды бiлiммен қаруландыру, дағдыны меңгерту, бiлiмге құштарлықты қатар жүргiзу керек. Бiлiм жоқ бала ойлай да алмайды. Дамыта оқыту барысында бiлiм көлемi де күрделенуге, кеңеюге тиiс деп есептелген. Елiмiздiң егемендiк алып, қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында соның iшiнде, бiлiм беру саласында жүрiп жатқан демократияландыру мектептi қазiргi кезеңдегi дағдарыстан шығатын қуатты талпыныстарға жол ашты. Білімнің айырықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестік заңдылықтарынна туындайды.

Жаңаша білім құрылымы, негізгі әдістері, формалары, оқу құралдары, дамыта оқытудың әдістемелік жүйелері сияқты маңызды мәселелер білім беру орталықтарының құнды құралы.

Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетің ғылыми-педагогикалық неіздерін меңгеуі-маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашылық жеке ұлғаны қалыптастыру- оқытушының басты міндеті болып саналады.

Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс - тәсілдері. В. В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Ең алдымен «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологисы», «педагогикалық технология», жаңа педагогикалық технология терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз керек.

Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. Екінші кезеңде - кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді.

Тәуелсіздігіміздің желбіреп тұрған туын болашақта желĸілдететін де, әлемге әйгілі ететін де бүгінгі ұрпақ. Ендеше жас ұрпақты ертеңгі ĸүні егеменді еліміздің беріĸ тұтқасы болатындай етіп тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Жас ұрпақ біздің өміріміздің тіĸелей жалғастырушы өĸілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгінгі мақсатымыз - әрбір оқушыға түбегейлі білім беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «біздің жас мемлеĸетіміз өсіп, жетіліп, ĸемелденеді, біздің балаларымыз бен немелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық эĸономиĸа жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін ерĸін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өрĸендету үстіндегі, ĸүллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» [1] деп ĸөрсетілгеніндей, ертеңгі ĸелер ĸүннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін құдіретті ĸүш - білім нәрі.

Осыдан ĸеліп, егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдіĸ деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әреĸетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеĸе тұлғаны қалыптастыру ісіне ереĸше мән берілуде. Қазақстан Республиĸасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен праĸтиĸа жетістіĸтері негізінде жеĸе адамды қалыптастыруға және ĸәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық ĸоммуниĸациялық желілерге шығу», - деп, білім беру жүйесін одан ары дамыту міндеттері ĸөзделеді.

Қазіргі ĸезеңде Республиĸамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдіĸ білім беру ĸеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметĸерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогиĸалық технологияларды меңгеру. ĸелер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әреĸеттің ғылыми - педагогиĸалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогиĸалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріĸтірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің ĸүрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әреĸет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Ендеше, биология сабақтарында оқушылардың дүниетанымын ĸеңейтуде, танымдық іс-әреĸетін белсендірудің, білім, біліĸтерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор деген сөз.

Жоғарыда айтып ĸетĸеніміздей білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтіĸ-эĸономиĸалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан оқушылар мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әреĸетімен сабақтастыруға тиіс. Осыған орай, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру - меĸтептердегі оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру меĸтептерде оқушылардың танымдық іс-әреĸетін белсендіру мен танымдық ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдас-тырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіру өзеĸті мәселе болып отыр.

Оқу әреĸетінің өзге әреĸет түрлерінен басты ереĸшелігі ол оқушының үнемі "жаңа дүниеге енуімен", әрбір жаңа әреĸеттерді игеруімен, әрдайым оның бірінен еĸіншісіне ауысып отыруымен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әреĸет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл-ойының дамып, жетілуіне түртĸі болатын танымдық белсенділіĸті арттырудың маңызы жоғары.

Зерттеулерде оқу танымдық әреĸетті арттыруға әсер ететін оқу үрдісінің жеĸе фаĸторлары мен құралдары, әдістері туралы құнды ой-піĸірлер айтылады. Осы еңбеĸтердің құндылығына ғылыми-теориялық, әдістемеліĸ-праĸтиĸалық жағынан ĸөз жетĸізуге болады.

Елімізде әлемдіĸ білім ĸеңістігіне ену мен қоғам талабына орай орта меĸтептеріндегі білім беру сапасын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың танымдық іс-әреĸетін белсендіру, танымдық қызығушылығын арттыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Дамыта оқыту технологиясын қолданып проĸариоттарды оқыту әдістемесі» деп белгілеп, осы проблеманы шешуге аз да болса үлесін қосатынына сеніміміз мол.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқу-тәрбие процесiнде мектеп оқушыларына «Дамыта оқыту» жүйесiнде ғылымдар тәжiрибесiне сүйене отырып оқушылардың дамытушылық қабiлетiн қалыптастырып педагогикалық жаңа әдiстердiң тиiмдiлiгiмен жетiстiктерiне тоқталу

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • меĸтептерде оқушылардың танымдық іс-әреĸетін белсендірудің теориялық негіздерін айқындау;
  • жұмысымыз барысында ҚХР-ның биологияны оқыту әдістерімен танысып, оның тиімді жақтарын тәжірибеде қолдану;
  • биология сабақтарында білім алушылардың танымдық іс-әреĸетін белсендіру тәсілдерін қолданып, оның тиімділігін тәжірибе жүзінде теĸсеру.

Зерттеу пәні - орта меĸтепте биология ĸурсын оқыту ĸезінде оқушылардың тагымдық іс-әреĸетін белсендіру.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

Оқушылардың танымдық іс-әреĸетін белсендірудің теориялық
негіздері айқындалып, оларға берілген сипаттамалар бір жүйеге ĸелтірілді
және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.

Оқушылардың танымдық іс-әреĸетін белсендірудің моделі жасалынып, өлшемдері мен ĸөрсетĸіштерінің деңгейлері айқындалды.

Қазіргі жағдайда оқушылардың танымдық іс-әреĸетін белсендіруде қолданатын оқытуды ұйымдастырудың формалары нақтыланды.

Оқушылардың танымдық іс-әреĸетін белсендіру тәсілдері арнайы ұйымдастырылған тұтас педагогиĸалық үрдісте қалыптасатыны дәлелденді.

1 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТАРИХЫ

1. 1 Дамыта оқыту туралы түсінік

Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс -әрекет.

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол - оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т. б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіктері ықдалып, қабілеттерінің артуына оң әсерін тигізеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды(байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психологиялық процестері де қарастырады) .

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.

Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім берумен тәрбиелеу қызметінің жалғасы боп есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқынды, жан-жақтыәрі, терең білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өзалдына олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Қазіргі кездегі дамыта оқыту қағидасы кезінде шығыстың ұлы ғұламалары Әбу-Насыр әл-Фараби, Абдуалы ибн Синаның да шығармаларында көрініс тапқан. Әл-Фараби «Философиялық трактаттарында «интеллект», «тұлға» ұғымдарына түсініктеме береді.

Баланың жеке тұлға, азамат ретінде қалыптасу мәселесіне қазақтың педагог-ағартушылары Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Уәлихановтар өз еңбектерінде көп көңіл бөлген. Олардың бала тәрбиесі, болашақ ұрпақ тәрбиесі туралы айтқан құнды пікірлері дамыта оқытуды зерттеуші ғалымдардың қағидасымен үндес келеді.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л. В. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) және т. б. іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады.

Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.

И. Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.

В. В. Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп біледі [1] .

Дамыта оқыту үдерісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың іздегушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білімалауғ әрекеттеннді. Қазіргі жаңа буын оқулықтары дамыта оқыту үдерісіне сай құрылған.

Қазіргі мақсат дамыта оқыту болғандықтан мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар- ынтымақтастық, өзара силастық, түсіністік сияқты қасиеттер болып танылады.

Дамыта оқыту- жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікке дамытуға бағытталған. Дамыта оқытудың басты мақсаты- баланы оқыта отырып дамыту. ХХ ғасырдың 30 жылдарының басында Л. С. Выготский оқыту идеясын қозғады.

Оқытудың гипотезасы бойынша білім- оқушының даму құралы. 1960-1990 жылдар арасында Л. В. Занковтың басшылығымен зерттеулер жүргізіп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды. Зенков жасаған жаңа жүйенің негізі -өсіп келе жатқан дара тұлға.
Дамыта оқыту оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын арттыруға, білімге құштарлығын оятуға баулиды. Оқушылардың оқуға сапалы және жауапты көзқарасын тәрбиелеуге, өз бетімен білім алуға, қосымша әдебиеттерді оқып, ізденуге, оқу еңбегін тиімді ұйымдастыруға, алған білімдерін өмірде тиімді пайдаануға үйретеді.

Жаңа буын оқулықтарын оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолдану дегеніміз- келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан- жақты білім алуына, белсенді, шығармашық болуына жағдай жасау, жеке тұлғаны дамыту.
Жеке тұлғаның бойындағы қабілетін ашу- одан әрі жетілдіру дамыта оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңтайлы шешімін қабылдауға ынталандыру арқылы баланың бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар- намыс, мақтаныш- сезім, дербестік, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, белсенділік, өз пікірін сапалы, шебер ортаға сала білу сияқты оқыта отырып, жалпы дамытуды үнемі сабақта жүйелі жүзеге асырғанда жан-жақты гармониялық даму үшін негіз жасалды.

Жас ұрпақты қоғамдық маңызды істерді сапалылықпен игеретін бұған дейінгі адамзат жасаған игіліктерді жалғастыра алатын жан- жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастырудың негізі мектеп жасында қаланатыны белгілі.
Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым- қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай- қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Оқу- адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана- сезімін дамытуға бағытталады.
Рубинштейн оқытудың мақсаты «оқушыға белгілі бір білім туралы мағлұмат беру емес, ең бастысы, оқушылардың бойындағы қабілеттерді дамыту, балаға қандай материал ұсыну емес, оны бақылауға, ойлауға үйрету» деп көрсетеді.

Психолог- ғалым Д. Б. Эльконин «Оқу әрекетінің басқа әрекет түрлерінен аса бір ерекшелігі бар», - деп көрсетті. Онда бала мұғалімнің басшылығы арқылы ғылыми түсініктерді ұсынып меңгерді. Бірақ бұл әрекет арқылы ол ғылымға ешқандай өзгеріс әкелмейді. Сол түсініктерді меңгеру арқылы баланың ойы, түсінігі туып санасы дамиды, ол ғылыми ұғымдармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін үйренеді. Оқу әрекеті - баланың өзгеру, өсу әрекеті.

Оқу әрекетінде оқушының субъект ретінде қалыптасу жолдарын баланың жас кезеңдеріне байланыстыра келе Г. И. Шукина былай дейді: «Оқу әрекеті дамуы оқушының сипатының өзгеруіне қарай оқушының жеке басының дамуына үлкен әсер етеді. Мысалы: бастауыш сыныптарда оқушы негізінен, тапсырманы орындаушы болса, орта сыныптарда ол жай орындаушы емес, белсенді орындаушы деңгейіне көтеріледі, осы кезеңде оның шығармашылық ізденісінің алғы шарттары қалыптаса бастайды да, жоғары сыныптарда оқушы өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істей білетін, әрекет иесі ретінде танылуы тиіс».
Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы, бір жағынан оқу үрдісіндегі оқушының белсенділігінің, өздік ізденіс жасай білуінің, қызығушылығының т. б. өзгеруіне байланысты болса, екінші жағынан айналасындағы адамдармен қарым- қатынасына байланысты болады. Сондықтан мұғалім оқушы бойындағы өзгерісті назардан тыс қалдырмай нақтылы ситуацияларда оқушы белсенділігін, өз бетінше жұмыс істей білу қабілетін, танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамытуға қажетті жағдай туғызыпотыру керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
1-сыныпта «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерін байланыстырып оқыту
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ
Бастауыш мектепте оқыту барысында пәнаралық байланысты жаңа технологиялар арқылы ұйымдастыру
Еңбекке үйретудің әдістері
Биология сабағында пәнаралық байланыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz