БҚО Жәнібек ауданы Борсы ауылының Асқар шаруа қожалығындағы шошқа аскаридозына қарсы ветеринарлық шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және оның экономикасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық унииверситеті

Эпизоотология,паразитология және ВССкафедрасы.

Ветеринарлық істі ұйымдастыру пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
БҚО Жәнібек ауданы Борсы ауылының Асқар шаруа қожалығындағы шошқа аскаридозына қарсы ветеринарлық шараларды ұйымдастыру,жоспарлау және оның экономикасы

Орындаған: ВМ-43 топ студенті

Тексерген: в.ғ.к., аға оқытушы
Есенғалиев Ғ.Ғ.

Орал, 2013

Жоспар:
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II.Негізгі бөлім
1.Кәсіпорынның шаруашылықтық-қаржылықмқызметін талдау...5 2.Өзіндік зерттеулер
3.Ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау үшін қажетті бастапқы мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 9
4.Тіркелген ауруды жою үшін ветеринарлық шараларды жүргізу кезінде жұмсалған шығындарды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
5.Ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау.21
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе
Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде әлеуметтік - экономикалық реформаны дамытуға ветеринарияның маңызы зор. Әлеуметтік экономиканы қайта құру нәтижелі ұйымдастыру деңгейіне байланысты.
Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу - шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және әр түрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.
Республикадағы ветеринарлық істің жағдайы әлеуметтік - экономикалық реформаларға байланысты. Оған жататындар: қоғамдық құрылыс, өндіріс деңгейі, ғылым мен мәдениеттің дамуы, жоғары және арнаулы орта ветеринарлық мекемелерді, өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын білікті мамандармен қамтамасыз ету, сонымен қатар материалдық - техникалық жағынан дұрыс жабдықтау. Мысал ретінде ветеринарлық заңдар ережесі, нормативтік құқықтық құжаттар, білікті мамандарды даярлау, әр түрлі ветеринарлық қызметке арналған құрал - жабдықтар, препараттар, дәрі - дәрмектер мен аспаптар жасау, ветеринарлық басқару қызметін жаңа құрамда қайта құру, мал шаруашылығындағы объектілерге қатаң түрде ветеринарлық санитариялық бақылау жасау және адам мен малға ортақ ауруларға қарсы тиімді күрес шараларын жүргізу сияқты жұмыстар атқарылып жатқаны мәлім.
Ветеринария ісін ұйымдастыруда жіберілген қателіктер- шаралардың бұзылуына, малдардан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және әртүрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.Ветеринария ісінің төмен деңгейде болуы малдың ауруын орасан зор экологиялық зиян шегуне, індеттермен күресуге қомақты шығын жасауға мәжбүр етеді.
Еліміздегі ветеринария ісінің жағдайын нығайту үшін ҚР үкіметі және мемлекеттік ветеринария ұйымдары соңғы уақытта көптеген құқықтық-нормативтік құжаттар қабылдады. Соның бірі 25 шілде 1995 жылы
қабылданып, ҚР Ветеринария туралы заңы және қазіргі заман талаптарына сай 10-шы шілде 2002жылы қабылданып, жаңа заң Үкімет тарапынан мемлекеттік және жеке меншік кәсіпкерлік ветеринарлық қызыметінің құрылымын жетілдіру, мамандар дайындау сапасын арттыру, материалдық-техникалық, ветеринарлық-санитарлық жағдайына,шаралардың тиімділігіне қатаң талап қою сияқты жұмыстар жүргізілуде.Ветеринария ісінің арнайы шаралар жүйесі ретінде халық шаруашылығына немесе экономикалық зор маңызы бар.Мәселен, ветеринарлық қызыметтің тікелей қатысуымен мал ауруларнын сақтандыру,малдан сапалы өнім алу қамтамасыз етіледі.
Ал ветеринарлық әлеуметтік маңызы - оның халықты зооантропонозды аурулардан сақтау, қорғау шараларын жүргізуде көрінеді.Ветеринария ісі сонымен қатар қорғаныстық мағынада да беріледі,мысалы шекарадағы экспорттық тауар алмасу кезінде елімізді шет елдерден қауіпті жұқпалы мал ауруларының енуінен қорғау- шекаралық ветеринарлық бақылау мекемелеріне жүктелген.
Міндеттері: жануарларды аурудан қорғау және емдеу, халықтың денсаулығын қорғау.
Ветеринарлық заңдылық деп - ветеринария туралы үкімет тарапынан жарияланған заңдар басқарушы органдар бекіткен нұсқаулар, типтік анықтамалар, ережелер және т.б. құжаттар жинағы болып табылады.
Ветеринарлық қызметті ұйымдастыру пәні ветеринарлық істің экономикасы мен статистика, іс қағаздар жүргізу, құрылыс салу салаларымен тығыз байланысты.
Сондықтан мен өзімнің курстық жұмысымды жалпы лептоспирозы ауруы кезіндегі шаруашылықтағы ветеринарлық - санитарлық шаралар мен аурудың шаруашылыққа келтірген зияны яғни шығынын есептеу негізінде экономикалық тиімділікті анықтадым. Осы бағытта жеке курстық жұмысымды орындауға тырыстым.

II.Негізгі бөлім
1.Кәсіпорынның шаруашылықтық-қаржылық қызметін талдау

Мал шаруашылығы негізінен ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі
салаларының бірі.
Асқар жеке шаруа қожалығы Батыс Қазақстан облысындағы Казталовка ауданында Жәнібек ауылдық округіндегі орналасқан. Бұл қожалықтың малдәрігері А.С.Болатов. Асқар шаруа қожалығы тек қана мал шаруашылығымен шұғылданады.
Жалпы географиялық тұрғыдан қарасақ қоныржайлы аймақ болып есептеледі. Асқар жеке шаруашылығының бірден-бір ерекшілігі, мұнда тек мал қоймай, егістік өсірумен, көкеніс шаруашылығымен кеңінен айналысады. Яғни шөбі шүйгін. Шаруашылықта малды жайылымда ал қысқы кезеңдерде қораларда ұсталады. Қоралар жылы, микроклимат көрсеткіштері сақталған, төбесі жабылған, желдеткіштер орнатылған. Сонымен қатар оқшаухана мен карантиндик аулалар санитарлық көрсеткіштерге сай жабдықталған. Малдәрігерлік шағын дәріхана мен мал зираты қазылған.
Шаруашылықта сиырға қосымша рационға құнды азықтар енгізілген. Соңғы жылдары осының нәтижесінде шаруалық сапалы өнім алуға қол жеткізді.
Климаты кұбылмалы жаз айларында атмосфералық жауын -шашынны жеткілкті мөлшерде жауады. Жазы орташа және басқа жыл мезгілдерімен салыстырғанда қысқа болып келеді. Күзгі салқындық қазан айында күшейеді, бірақ қыркүйек айының ортасына ауысуы мүмкін. Аязсыз периодтың орташа ұзақтығы 5 ай, ал 0 С температура жоғары күндер саны 8 ай. Қолайлы жылдық мөлшері 250-280мм, ал қолайсыз жылдық мөлшері 80-110мл ғана, тұрақты қар жамылғысы бар қыс периодының ұзақтығы 100-120 күн. Қыс айларында максимальді қар қабатының қалыңдығы 50 - 60. Қыстың ең салқын айлары желтоқсан және қаңтар айлары, оның орташа температурасы 28 - 30°С - ка дейін барады. Қыс айларының орташа жел жылдамдығы шамамен 4 - 4,5 мс.
Қар жамылғысы сәуір айының соңғы күндері epin бітеді. Көктемгі суық желдері мен аяз күндері сәуірдің ортасынан басталып наурыз айларының алғашқы күндеріне дейін созылады.
Жаз айлары салқындау, жауын - шашын көп жауады. Ең ыстық айлары шілде айының аяғы мен тамыз айлары, шамамен орташа температурасы 30°С, жаздың шілде айларының абсолютті максимумі 30 - 33°С дейш жетуі мүмкін.
Жәнібек ауылдық округіндегі Асқар шаруа қожалығының жер көлемі 25000 га. Мал шаруашылығына пайдаланатын жер көлемі 15000 га., шабындық жер көлемі 3000 га, жайылымдық жер көлемі 5900 га. Шаруашылықтың негізгі бағыты етті бағыттағы мал шаруашылығы. Шаруашылықта 1400 бас мүйізді ірі қара, 1300 бас қой, 1200 бас шошқа, 120 бас жылқы.

2.Өзіндік зерттеулер

Асқар жеке шаруашылығы халық шаруашылығында ең манызды орынға ие.
Өлкенің табиғи экономикалық жағдайлары мен шабындық жерлерімен ұшан теңіз, мал басының өсіп өнуіне әрдайым қолайлы әсер етіп келген.
Мал шаруашылығында тауар өндірісінің құны - 80 пайыз құрайды, соның ішінде ет өндіру 60 пайыз.
Шаруашылықтың негізгі бағыты етті бағыттағы шошқа шаруашылығы. Шаруашылықтағы соңғы 3 жылдағы мал санын екінші кестеден көре аламыз.
Жыл аймағындағы мал басы. 1-кесте.

2011 жыл
2012 жыл

жоспар
факт
жоспар
факт
Шошқа
400
800
1000
700

Мал шаруашылығы өнімінің өндірілуі. 2-кесте

2011 жыл
2012 жыл

жоспар
факт
жоспар
факт
өткізілген ет, кг.
700
750
650
600

Жәнібек ауылдық округіндегі Асқар шаруа қожалығының жергілікті табиғат жағдайын ескере отырып, мұнда негізінен етті бағыттағы шошқа өсіріледі.
Асқар шаруа қожалығында 1200 бас шошқа бар. Оның 700 басы мегежіндер, 300 басы торайлар, 200 басы ересек шошқалар. Жазғы мезгілде шошқалар далада жайылады. Бұл кезеңде шошқалар тек қана жайылым шөбімен, анда-санда жеммен және сумен азықтандырылады. Шошқаларды көбінесе далалы жайылымда жайған тиімдірек, себебі мол өнім береді сонымен қатар еркін жайылады. Ал қора жайда ұстағанда дұрыс азықтануымен қатар қора жайдың жалпы жағдайының тазалығын қатаң түрде сақталуын тексеріп отыру керек. Шошқаларды қораға кіргізер алдында және жайылысқа шығарғанда қора ішіне дезенфекция, дератизация, дезенсекция шараларын міндетті түрде өткізіп отыру шарт және де форточкалар арқылы қора ішінің ауасында тазалап отыру керек.
Қыста шошқаларды жеммен, көк шөппен, сүрлеммен азықтандырады. Азық құрамында организмге қажетті витаминдердің болуы шарт. Қысты күндері үш мезгіл суарылады. Қорадағы лас ауа табиғи жүйелі желдеткішті қолданады, яғни терезе, форточка т.б. арқылы ауа алмасады. Тұрған жерлері жүйелі түрде залалсыздандырылып тұрады. Қоралары уақытылы желдетіліп, және онда ветеринарлық - санитарлық шаралар ережеге сай жүргізіліп отырылады. Және дезинфекция, дератизация, дезинсекция шаралары уақытылы жүргізіледі.

Шаруашылықтағы обьектілер 3-кесте

Обьектілердің атауы.
Қолданылуы.
Ветеринарлық пункт
Малдардың амбулаториялық және стационарлық емдеу, профилактикалық, ветеринарлық-санитарлық шараларды жүргізу.
Изолятор
Ауру малдар және ауруға күдікті малдарды ұстау.
Санитарлық сойыс пункіті.
Малдарды амалсыздан сою .
Карантин.
Шаруашылыққа келген малдарды қабылдау, ұстау,диагноз қоюға, зерттеулер жүргізу және ветеринарлық- санитарлық өңдеуден өткаізу.

Шаруашылықтағы құрал жабдықтар тізімі. 4-кесте.


Аспаптар атауы.
Өлшем бірлігі.
Саны.
1.
Бунзен колбасы.
Дана
2
2.
Лупа
Дана
2
3.
Анатомиялық қайшы.
Дана
7
4.
Таңу материалдарына арналған қайшы.
Дана
3
5.
әртүрлі пипеткалар.
Дана
15
6.
әртүрлі пинцеттер.
Дана
10
7.
Термометр.
Дана
9
8.
Шприцтер.
Дана
20

Жиһаз және шаруашылық мүліктері. 5-кесте.


Атауы.
Өлшем бірлігі.
Саны.
1.
Өртке қарсы аспаптар жиынтығы.
Дана
2
2.
Аспаптарға арналған үстел.
Дана
3
3.
Аспатарға арналған шкаф.
Дана
3
4.
Противогаз.
Дана
2
5.
Арнайы киімдер жиынтығы.
Дана
5

Дезинфекциялағыш заттар. 6-кесте.


Атауы.
Өлшем бірлігі.
Саны.
1.
Хлорлы әк.
кг.
5
2.
Күйдіргіш натрий 2% ерітінді.
Дана
6
3.
70%,96% спирт.
л.
5
4.
Хлорофос.
Дана
5

Шошқа қораларындағы микроклимат көрсеткіштері. 7-кесте.


Микроклимат параметірлері.
Жас мал қорасы.
Қой төлдеу орыны.
1.
Ауа температурасы, 0С
5(3-6)
15(10-16)
2.
Салыстырмалы ылғалдылық,%
70(50-75)
70(50-75)
3.
Ауа алмасу, м3сағ бір басқа.
Қыста
Ауыспалы кезең
жазда

15
25
45
7
4.
Ауа жылдамдығы, мс
Қыста
Ауыспалы кезең
Жазда

0,5
0,5
0,8
3
5.
Зиянды газдар.
Көмірқышқыл,%
Аммиак, мгм3
Күкіртсутегі, мгм3

0,25
10
10
15
6.
Ауаның микробтармен залалдануы, м31000 микроб.

70
10

Құжаттармен жұмыс атқару және ауруға сипаттама
Асқар шаруа қожалығында жалпы ауыл шаруашылық малдары етті бағытта өсіріледі. Шаруашылықтағы жалпы малдар саны төмендегідей: м.і.қ.-1400 бас; жылқы малы-120 бас; шошқа - 1200 бас; қой- 1300 бас.
Соңғы жылдары шаруашылықта кездесіп тұрғаны - шошқалардың аскаридозы - инвазиялық аурулар түріне жатады. 2009 жылы осы аурумен 15бас шошқа ауырып, 3-еуі өліп қалды. Қалған 685 бас шошқа вакцинациялаудан өткізілді. Қазіргі уақытта шаруашылық басқа індеттік аурулардан сау. Соңғы үш жылғы дерек бойынша ауруларға шалдығу пайызы келесідей:

Жыл

Аурулар

Жылқы
М.і.қ.
Қой

Шошқа

2009ж
Инвазиялық аурулар бойынша
30%
15%
20%
10%

Инфекциялық аурулар бойынша
15%
20%
10%
7%

Жұқпалы емес аурулар бойынша
10%
15%
10%
15%
2010
Инвазиялық аурулар бойынша
20%
10%
15%
8%

Инфекциялық аурулар бойынша
13%
15%
12%
12%

Жұқпалы емес ауралар бойынша
12%
13%
8%
10%
2011
Инвазиялық аурулар бойынша
12%
7%
12%
5%

Инфекциялық аурулар бойынша
9%
11%
5%
10%

Жұқпалы емес ауралар бойынша
10%
11%
5%
7%

Шошқа аскаридозы - шошқалардың ащы ішектерінде паразиттік тіршілік ететін Ascaris suum нематодтарды туғызатын ауру.
Аскаридоз шошқа иммунитетін , яғни табиғи резистенттілігін төмендетеді, жануар азып , тозады. Аскаридозға көбінесе 4 айға дейінгі торайлар бейім келеді.Шошқа қорасының нашар тазартылуы , ластануы азықта витвминдердің жетіспеуі аскаридоздың таралуына себеп болады.Шошқа аскаридаларының инвазиялық жұмыртқалары адамға да қауіпті.
Шошқаның аскаридоз ауруының кеңінен таралуына байланысты ,оның зияндылығы орасан зор.Торай арасында өлім - жітім жиі кездеседі.Зақымданған торай тәулігіне 100 - 200 г салмағын кемітеді.
Қоздырғышы - Ascaris suum (Goeze ,1782 ) ,шошқаның ащы шегін мекендитін ірі жұмыр құрт.Оның түсі ақшыл ,ұзындығы:еркегінікі - 10 - 22 см, ұрғашысыныкі - 22 - 30 см.Екі тең спикуласы бар.Бәтегі нематода денесінің алдыңғы бөлігіне орналасқан.Сопақша жұмыртқасы күрен не сарғыш өңді ,сыртқы қабықтары қалын және кедір бұдыр болады.
Өсіп-өнуі.Құрт аралық ие қатынасынсыз өсіп , өнеді.Құрт жұмыртқалары хайуан нәжісімен бірге қоршаған ортаға таралады.Жұмыртқа ішінде ( ауа - райының жағдайына қарай) 0,5 - 1 ай аралығында инвазиялық ,яғни жұқпалы сатысына жеткен балаң құрт пайда болады.Шошқаға аскарида жұмырқаалары , олармен залалданған жем - су арқылы жұғады.Ішекте жұмыртқалардан балаң құрттар босап шығып аталған ағзаның (ворсинкалар ) арасына еніп , қан тамырлары арқылы бауырға , одан жүрекке ең соңында өкпеге түседі.Өкпенің қан тамырлары арқылы альвиолаларға өтіп ,әрі қарай жылжып ауа тамырлары мен кеңірдек қуысына ауысады.Одан әрі тыныс жолдарындағы кілегейлі сұйықпен ілесіп көмейге жетеді.Хайуан жөтелген шақта ауыз қуысына қайта түсіп сілекеймен бірге қайта жұтады.Хайуан шегінде 1,5 , 2 ай шамасында олар ересек құртқа айналады.
Эпизоотологиясы.Аскарида көбінесе 1 - 3 айлық торйларда кездеседі.Ал ересекк шошқаның бірен - сараңы ғана ауырады.Гельминтоздың жұмыртқасын таратушы аскарида құртымен зарарланған сақа доңыздар.Әсіресе ,шошқа қорасы айналасына үйген нәжістен аскарида тез жұғады.Денесінде құрты бар мегежіндер күніне нәжіспен бірге аскарида жұмыртқаларын шашады.Онымен жем - су ластанады.кейде торайлар енесінің ластанған емшегі арқылы арқылы зақымданады.Құрт жұмыртқалары малдың , адамның аяғымен ,шыбындармен және шаң тозаңмен суға , жемге түсуі мүмкін.Жауын құрттарын да естен шығармауы керек ,себебі олардың ішінде құрт жұмыртқалаы көп уақыт сақталады.Аскариданың жұқпалы сатысына жеткен жұмыртқалары қоршаған ортаның қолайсыз ( ылғалдың аздығы , оттегінің жетіспеуі температураның өзгеріп тұруы )жағдайларына өте төзімді келеді.Мұндай жұмыртқалар құмды және құмдауыт топырақтарда 2,5жылға дейн сақталуы ықтимал.Құрт жұмыртқалары кейбір химиялық улы заттарға да төтеп бере алады.Жұмыртқа ішінде балаң құрттары 2%сілті,алмас (хлорлы сынап)ерітінділеріне де төзеді.Температурасы 600С ыстық су жұмыртқалардың 40-50 процентін ғана өлтіре алады,ал 300С-та олар бір тәулік өткен соң ғана жұқпалы қабілетінен айырылады.
Аскаридоздың жиі тіркеліп,көп таралуы шаруашылықтарда тазалық сақтық шаралардың жоқтығынан немепсе олардың жүйелі түрде өкізбеуінен.
Аурудың өрбуі және сырт белгілері.Миграциялық даму кездерінде аскарида балаңқұрттары торайлардың ащы ішек,сөл бездері, бауыр,кеңірдек, өкпелерін аралап шығады. Осының салдарынан дертке ұшыраған торайлар саналуан күрделі өзгерістерге ұшырайды.Аллергия,бронхопневмония(ө кпенің қабынуы),тыныс алу,ас қорыту жүйелері қызметтерінің бұзылуы,кейде ішек қуысы гельминттермен бітеліп немесе оның қабатының тесілуі сияқты патлогия байқалады.Бронхопневмония үдеген шақта торайдың денесі қызып қызып,дем алысы қиындап,мазасыздана бастайды.Оның азыққа зауқы төмендеп , жем - судан да қалуы мүмкін.Осыған қосымша жөтел де пайда болады.Мұндай жағдай 1 - 2 аптаға созылады.Жас торайлар құсады ,олардың іші өтіп ,жиі демігеді,сілекейі ағып ,көбінесе жатып алады.Ішегіне көптеген нематодалар түйнеу белгісін туындатады, торайлар кенеттен шыңғырып құлап түсіп ,1 -2 минуттай жатып қалады,кейде аяқтары дірілдеп , қалтырайды.Торайлар нашар жетіледі, қатты азады.
Өлекседегі өзгерістер.Аскаридоздан өлген торай өте арық болады.Ішектің кілегей қабығы қабынған , іші жұмыр құрттарға толып , бітелген немесе сыртқы қабаты тесіліп , жарылып тұруы мүмкін.
Анықтау.Аскаридозға диагоз қоярда эпизоотологиялық деректерін және сыртқы клиникалық белгілерін ескеру керек.Сонымен қатар шошқа нәжісін Щербович ,Дарлинг т.б. қалқыту әдістерінің бірімен тексеріп , аскарида жұмыртқаларын іздестіреді немесе диагностикалық дегельминтизация жүргізеді.Сойылған шошқаның ащы ішегінен нематодалар іздестіріледі.Сонымен қатар ,доңыздың өкпе- бауырын майдалап турап ,Берман әдісі көмегімен балаң құрттар іздестіріледі.
Емі.Шошқа аскаридозын емдеу үшін көптеген антигельминтик қолданады.
Сантонин - жусанын бір түрінен өндірілетін , сантонин қышқылының лактаты.Түссіз , жылтыр , иіссіз , ащы дәмді ұсақ қиыршықты пластинкалар ,жарықта сарғая бастайды , суда ерімейді.Дәріні 0 ,05 гкг мөлшерінде ,шошқаны 12 сағат ашықтырған соң ,суға шылынған жемге араластырып жекелеп береді.жануардың ішін айдау үшін сантонинмен бірге 0,03 гкг есебінде каломель ( бір хлорлы уақ қиыршықты ұнтақ ) ұсынылады.Емделген торайларды 3 - 5 сағаттан соң ,азықтандыруға болады.су мейлінше ішкізіледі
Кремнефторлы натрий - қиыршықты ұнтақ , түсі ақ немесе сарқыш , суда көп ерімейді.Дәріні жеке басқа не жасы мен салмағы шамамен бірдей келетін шошқа тобына майдаланған жемнің қою ботқасына немесе құрғақ асқа қосып жегізеді.Қосындыны тек азықтандыру алдында әзірлейді.Үлкен топтар үшін (100 - 150 бас ) препаратты аздаған жеммен алдын ала араластырады.Кремнефторлы натрийді екі күн қатарынан , 3 мезгіл берген жөн.берілетін өлшемі:салмағы 20 кг - нан төмен торайға азанда 0,3 г, күндіз 0,3 г ,ал кешке 0,5 г (барлығы 1,1 г);салмағы 40 кг - ға жеткеніне таңертен 0 ,6 г, түсте 0,6 г және кешке 1,0 г (барлығы 2,2 г),сақа шошқаға таңертен 0,7 г, түсте 0,7 , ал кешке 1,5 г (барлығы 2,9 г).Шошқаларды дәрілеген кезеңде,оларға жегізетін жемді 70-80процентке дейін азайтып,керісінше суды қалағанынша ішкізеді.Іш өткізетін дәрілер пайдаланбайды.Енесін емген торайларды айырғанан кейін 10тәулік өтісімен,ал буаз мегежіндерді торайланғанға дейін бір рет,торайланғанан кейін бір аптадан соң ғана емдеуге рұқсат етіледі.
Пиперазин(антигельмина,диспермин)-а томдық антигельминтик.Иіссіз,қиыршықты,ақ түсті ұнтақ.Емге пиперазин тұздары(адипикат,фосфат,сульфот,гек сигидрат)қолданылады.Дәріні жемге қосып,азанда және кешке топтық әдіспен береді.Салмағы 50кг-нан аз торайларға 0,3г есебімен,ал ересек,салмғы 50кг-нан асқандарының әрқайсысына 15г дәріні бір рет жеммен бірге жегізеді.Рациондағы азық нормасын екі есе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БҚО Жәнібек ауданы Қамысты ауылының Қайнар шаруа қожалығындағы ірі қара некробактериозына қарсы ветеринарлық шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және оның экономикасы
Туйе обасы
Шаруашылық экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы
Туляремияның
Қой туляримиясы
Ірі қара малының листериоз ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Қой бруцеллезі
Шошқа листериозы
Малдардың жұқпалы аурулары туралы есеп
Шошқалардың пастерелез ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Пәндер