БҚО Жәнібек ауданы Қамысты ауылының Қайнар шаруа қожалығындағы ірі қара некробактериозына қарсы ветеринарлық шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және оның экономикасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық унииверситеті

«Эпизоотология, паразитология және ВСС»кафедрасы.

«Ветеринарлық істі ұйымдастыру» пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«БҚО Жәнібек ауданы Қамысты ауылының «Қайнар» шаруа қожалығындағы ірі қара некробактериозына қарсы ветеринарлық шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және оның экономикасы»

Орындаған: ВМ-43 топ студенті

Тексерген: в. ғ. к., аға оқытушы

Есенғалиев Ғ. Ғ.

Орал, 2013

Жоспар:

I. Кіріспе . . . 3

II. Негізгі бөлім

1. Кәсіпорынның шаруашылықтық-қаржылықмқызметін талдау . . . 5 2. Өзіндік зерттеулер

3. Ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау үшін қажетті бастапқы мәліметтер . . . 9

4. Тіркелген ауруды жою үшін ветеринарлық шараларды жүргізу кезінде жұмсалған шығындарды анықтау . . . 14

5. Ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау. 21

III. Қорытынды . . . 24

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 25

V. Қосымшалар . . . 26

Кіріспе

Мал шаруашылығын дамыту қазіргі кезде кең қолдау табуда, бірақ та оған әр түрлі аурулармен қатар инвазиялық ауруларда өз зиянын тигізуде. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауында да Үкіметке мал шаруашылығын дамытуға, сонымен қатар ветеринария ісін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге тапсырма берілген болатын. Халықты сапалы өнімдермен және жануар тектес шикізаттармен қамтамасыз ету ветеринария ісінің дұрыс жүргізілуіне де байланысты.

Аграрлық өнеркәсіп кешені қызметкерлерінің, соның ішінде мал шаруашылығында істейтін еңбеккерлердің алдында өте келелі міндет тұр - ол халықты жеткілікті мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз ету. Оны орындау үшін шаруашылықтарға күшті материалдық-техникалық базаны шоғырландырып, әрі еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін пайдалану керек.

Жалпы мал шаруашылығын дұрыс жүргізу үшін белгілі бір жүйелі әрі кешенді көзқарас керек. Осындай кешенді жүйенің бір бөлігінен қате кеткен жағдайда, ол түгел технологиялық циклдің бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан да, берік жемшөп қорынсыз, ғылыми негізде жолға қойылған асылдандыру жұмысынсыз айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Мал фермаларынан алынатын өнімдердің мөлшері және сапасы негізінен сол өнім беретін малдардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан еліміздің мал дәрігерлігі қызметінің алдында шаруашылықтағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру, мал шығынын азайту міндеттері тұр. Мұның өзі осы салада істейтін оқу және ғылыми мекемелердің жұмыс нәтижелерін көтере түсуін, ғылым мен озық тәжірибе жетістіктерін өндіріске дер кезінде енгізуді және мал дәрігерлігі маманының өз жұмысын өте жоғары кәсіптік дәрежеде атқара білуіне тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезінде, әлеуметтік- экономикалық реформаны дамытуда ветеринарияның маңызы өте зор. Әлеуметтік экономиканы қайта құру нәтижелі ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу- шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендігіне, мал басының кемуіне және әртүрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.

Республикада ветеринарлық істің жағдайы әлеуметтік- экономикалық факторларға байланысты. Оған жататындар: қоғамдық құрылыс, өндіріс деңгейі, ғылыммен мәдениеттің дамуы, жоғары және арнаулы орта ветеринарлық білім беру орталықтары, ветеринарлық мекемелерді, өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын білікті мамандармен қамтамасыз ету, сонымен қатар, материалдық- техникалық жағынан дұрыс жабдықтау. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасында және көршілес тәуелсіз мемлекеттерде әлеуметтік- экономикалық өзгеріс кезеңі ветеринарлық қызмет жағдайына айта кеткендей кері әсерін тигізіп отырып. Нарықтық экономика қиыншылығына қарамастан, мемлекеттік деңгейде ветеринарлық істі жақсарту барысында әртүрлі жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, ветеринарлық заңдар, ережелер, нормативтік- құқықтық құжаттар, білікті мамандар даярлау, әртүрлі ветеринарлық қызметке арналған құралдар жасау істері қолға алынуда.

II. Негізгі бөлім

1. Кәсіпорынның шаруашылықтық-қаржылық қызметін талдау

Мал шаруашылығы негізінен ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі

салаларының бірі.

Мал шаруашылығының халыққа тигізер пайдасы орасан зор деуге болады. Ауыл шаруашылығындағы малдардан алынатын өнімдер - тұрғындар мен халықты азық - түлікпен қамтамасыз етеді. Мысалға, ет, сүт, шикізат өнімдері былғары, жүн, тері, т. б. көптеген түрлерін атап өтуге болады. Осы аталған өнімдермен халықты үнемі қамтамасыз етіп отырады.

Мал шаруашылығының маңыздылығы сонша, тіпті адамдар мал немесе мал шаруашылығы болмаса, тіршілік ету болмас еді. Сол үшінде мал дәрігерлік қызметінің негізгі бағыты - бұл мал шаруашылығының тиімділігін арттырып, мал ауруларын және аурулардан болатын шығынды болдырмау, шаруашылықта аурудан таза мал тобын жасау қажеттілігі туып отыр.

Малды жедел өсіп - өндіру, оларды асылдандыру, олардан барынша мал өнімін алу үшін, бұл кешендер мен мамандандырылған шаруашылықтардың денсаулығы мықты, жоғары өнім беретін малмен қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл қожалықта 1200-нан астам мал өсіріледі. Олардың ішінде ірі қара малы басты роль атқарады. Қой ет бағытындағы және сүт бағытындағы қойлар да өсіріледі. Малдың өнімділігі орташа деңгейде деуге болады.

Шаруашылықта ұрық алатын малға қарағанда, басқа малдардан төлдерді 80-90% дейін алуға ғана мүмкіндік болып отыр. Шаруашылықта сонымен қатар, 1300-ге жуық сиыр, 1850 қой, 70 жылқы өсіріледі. Қой шаруашылығынан алынатын өнім жүн мен тері болып табылады. Осы өнімдерді сату арқылы шаруашылық қорына қосымша ақша көзі түсіп тұрады. Қой шаруашылығынан төл, ет, сүт өнімдері алынады. Шаруашылық осы мал өнімдерін сатудан өзіне көптеген пайда түсіреді. Сонымен қатар, ол осы өнімдерді сатуда басқа қалалар мен жеке көршілес жатқан шаруашылықтармен тығыз қарым қатынаста болып отыр.

2. Өзіндік зерттеулер

Мал шаруашылығында тауар өндірісінің құны-95 пайыз құрайды, соның ішінде ет өндіру 60 пайыз, сүт өндіру 25 пайыз, жүн өндіру 10 пайыз.

Өсірілетін негізгі тұқым қазақтың ақбас сиыры. Бұл тұқымның сиырлары аймақтың табиғи жағдайына бейімді және жайылымдыққа жайылып жақсы салмақ қоса алады.

1 кесте

2011 жыл
2012 жыл
жоспар
факт
жоспар
факт
: Ірі қара
2011 жыл: 750
2012 жыл: 1945
2000
2000
: Оның ішінде сауын сиырлар
2011 жыл: 700700
2012 жыл: 690
700
700

2 кесте.

Мал өнімділігі

2011 жыл
2012 жыл
жоспар
факт
жоспар
факт
: 1 бас сиырдан алынған тері
2011 жыл: 21, 0
2012 жыл: 18, 5
19, 0
20, 0
: Бұзаулардың ет өткізу салмағы кг. бас
2011 жыл: 70
2012 жыл: 65
70
60
: 600 сауын сиырдан алынған сүт.
2011 жыл: 1, 8
2012 жыл: 1, 8
2, 0
1, 9
: Тәуліктік салмақ қосу.
2011 жыл: 700
2012 жыл: 700
800
700

3 кесте.

Мал шаруашылығы өнімінің өндірілуі

2011 жыл
2012 жыл
жоспар
факт
жоспар
факт
: өткізілген ет, кг.
2011 жыл: 600
2012 жыл: 900
600
700
: өткізілген тері, кг.
2011 жыл: 7200
2012 жыл: 8092
8750
7200
: өткізілген сүт, кг.
2011 жыл: 1000
2012 жыл: 1000
1000
900

Шаруашылықтағы обьектілер

Обьектілердің атауы.
Қолданылуы.
Обьектілердің атауы.: Ветеринарлық пункт
Қолданылуы.: Малдардың амбулаториялық және стационарлық емдеу, профилактикалық ветеринарлық- санитарлық шараларды жүргізу.
Обьектілердің атауы.: Изолятор
Қолданылуы.: Ауру малдарды және ауруға күдікті малдарды ұстау.
Обьектілердің атауы.: Санитарлық сойыс пункті
Қолданылуы.: Малдарды амалсыздан сою
Обьектілердің атауы.: Карантин
Қолданылуы.: Шаруашылыққа келген малдарды қабылдау, ұстау, диагноз қоюға, зерттеулер жүргізу және ветеринариялық- санитарлық өңдеуден өткізу

Шаруашылықтағы құрал- жабдықтар тізімі

Аспаптар атауы.
Өлшем бірлігі
саны
№: 1.
Аспаптар атауы.: Бунзен колбасы.
Өлшем бірлігі: дана
саны: 2
№: 2.
Аспаптар атауы.: Лупа.
Өлшем бірлігі: дана
саны: 1
№: 3.
Аспаптар атауы.: Анатомиялық қайшы
Өлшем бірлігі: дана
саны: 5
№: 4.
Аспаптар атауы.: Таңу материалдарына арналған қайшы.
Өлшем бірлігі: дана
саны: 3
№: 5.
Аспаптар атауы.: Әртүрлі пипеткалар.
Өлшем бірлігі: дана
саны: 25
№: 6.
Аспаптар атауы.: Әртүрлі пинцеттер.
Өлшем бірлігі: дана
саны: 20
№: 7.
Аспаптар атауы.: Термометр.
Өлшем бірлігі: дана
саны: 10
№: 8.
Аспаптар атауы.: Шприцтер.
Өлшем бірлігі: дана
саны: 30

Жиһаз және шаруашылықтық мүліктер

Атауы.
Өлшем бірлігі
саны
№: 1.
Атауы.: Өртке қарсы аспаптар жиынтығы.
Өлшем бірлігі: дана
саны: 3
№: 2.
Атауы.: Аспаптарға арналған үстел.
Өлшем бірлігі: дана
саны: 4
№: 3.
Атауы.: Аспаптарға арналған шкаф.
Өлшем бірлігі: дана
саны: 2
№: 4.
Атауы.: Противогаз.
Өлшем бірлігі: дана
саны: 10
№: 5.
Атауы.: Арнай киімдер жиынтығы.
Өлшем бірлігі: дана
саны: 15

Дезинфекциялағыш заттар

Атауы.
Өлшем бірлігі
саны
№: 1.
Атауы.: Избест
Өлшем бірлігі: кг
саны: 5
№: 2.
Атауы.: Фурациллин
Өлшем бірлігі: дана
саны: 6
№: 3.
Атауы.: 70%, 96% спирт
Өлшем бірлігі: л
саны: 5
№: 4.
Атауы.: Хлорофос
Өлшем бірлігі: дана
саны: 5
№: 5.
Атауы.: Зеленка
Өлшем бірлігі: дана
саны: 3

Сиыр қораларындағы микроклимат көрсеткіштері

Микроклимат параметрлері.
Сиыр қорасы.
Мал төлдету орыны.
Қолдан ұрықтандыру цехы.
№: 1.
Микроклимат параметрлері.: Ауа температурасы, ºС
Сиыр қорасы.: 5(3-6)
Мал төлдету орыны.: 15(10-16)
Қолдан ұрықтандыру цехы.: 18(16-19)
№: 2.
Микроклимат параметрлері.: Салыстырмалы ылғалдылық, %
Сиыр қорасы.: 70(50-75)
Мал төлдету орыны.: 70(50-75)
Қолдан ұрықтандыру цехы.: 70(50-75)
№: 3.
Микроклимат параметрлері.:

Ауа алмасуы, м³\сағ бір басқа

Қыста

Ауыспалы кезең

Жазда

Сиыр қорасы.:

15

25

45

Мал төлдету орыны.:

15

30

50

Қолдан ұрықтандыру цехы.:

15

25

45

№: 4.
Микроклимат параметрлері.:

Ауа жылдамдығы, м\с

Қыста

Ауыспалы кезең

Жазда

Сиыр қорасы.:

0, 5

0, 5

0, 8

Мал төлдету орыны.:

0, 2

0, 3

0, 5

Қолдан ұрықтандыру цехы.:

0, 5

0, 5

0, 8

№: 5.
Микроклимат параметрлері.:

Зиянды газдар:

Көмірқышқыл, %

Аммиак, мг\м³

Қүкіртсутегі, мг\м³

Сиыр қорасы.:

0, 25

10

10

Мал төлдету орыны.:

0, 25

10

10

Қолдан ұрықтандыру цехы.:

0, 25

20

10

№: 6.
Микроклимат параметрлері.: Ауаның микробтармен залалдануы, м³\1000микроб
Сиыр қорасы.: 70
Мал төлдету орыны.: 50
Қолдан ұрықтандыру цехы.: 70

Құжаттармен жұмыс атқару және ауруға сипаттама

«Қайнар» шаруа қожалығында жалпы ауыл шаруашылық малдары етті және сүтті бағытта өсіріледі. Шаруашылықтағы жалпы малдар саны төмендегідей: м. і. қ-1300 бас; жылқы малы-70 бас; қой- 1850 бас. Соңғы жылдары шаруашылықта кездесіп тұрғаны - ірі қара некробактериозы - инфекциялық аурулар түріне жатады. Қазіргі уақытта шаруашылық басқа індеттік аурулардан сау. Соңғы үш жылғы дерек бойынша ауруларға шалдығу пайызы келесідей:

Жыл:

Жыл

Аурулар: Аурулар
Жылқы: Жылқы
М. і. қ.: М. і. қ.
Қой: Қой
Шошқа: Шошқа
Жыл: 2011ж
Аурулар: Инвазиялық аурулар бойынша
Жылқы: 35%
М. і. қ.: 35%
Қой: 20%
Шошқа: 10%
Жыл:
Аурулар: Инфекциялық аурулар бойынша
Жылқы: 15%
М. і. қ.: 20%
Қой: 35%
Шошқа: 30%
Жыл:
Аурулар: Жұқпалы емес аурулар бойынша
Жылқы: 55%
М. і. қ.: 45%
Қой: 45%
Шошқа: 50%
Жыл: 2012
Аурулар: Инвазиялық аурулар бойынша
Жылқы: 25%
М. і. қ.: 15%
Қой: 35%
Шошқа: 28%
Жыл:
Аурулар: Инфекциялық аурулар бойынша
Жылқы: 25%
М. і. қ.: 40%
Қой: 20%
Шошқа: 15%
Жыл:
Аурулар: Жұқпалы емес ауралар бойынша
Жылқы: 40%
М. і. қ.: 55%
Қой: 40%
Шошқа: 32%
Жыл: 2013
Аурулар: Инвазиялық аурулар бойынша
Жылқы: 15%
М. і. қ.: 30%
Қой: 35%
Шошқа: 20%
Жыл:
Аурулар: Инфекциялық аурулар бойынша
Жылқы: 20%
М. і. қ.: 35%
Қой: 15%
Шошқа: 30%
Жыл:
Аурулар: Жұқпалы емес ауралар бойынша
Жылқы: 30%
М. і. қ.: 35%
Қой: 15%
Шошқа: 20%

Ірі қара шаруашылығы халықты етпен, сүтпен, терімен қамтамасыз етеді. Негізгі беретін өнім- ет пен сүт. Жәнібек ауылдық округі «Қайнар» шаруа қожалығында жергілікті табиғат жағдайын ескере отырып, мұнда негізінен етті- сүтті бағыттағы ірі қара малы өсіріледі.

Жазғы мезгілде сиырлар далада жайылады. Бұл кезңде сиырлар тек қана жайылым шөбімен, анда-санда жеммен азықтандырылады. Қысқы мезгілде сиырлар арнайы қораларда ұсталады. Төсеніші күн сайын тазартылады. Шөп салу қолмен жүргізіледі.

Қыс мезгілінде әрбір ірі қараға 20 кг. шөп, 5 кг. жем беріледі және әртүрлі сүрлемдер беріледі. Тұрған жерлері жүйелі түрде залалсыздандырылып тұрады.

Некробактериоз ( Necrobacteriosis) -тері мен оның қабатында жатқан тканьдердің ( көбінесе аяқтардың төменгі бөліктерінде ), кілегейлі қабықтардың кейде ұлпалы органдардың да іріңді -некротикалық жарақттануымен сипатталатын инфекциялық ауру.

Аурудың таралуы. Ауру жер - жерде әсіресе қой мен бұғы шаруашылығы дамыған аудандарда жиі кездеседі.

Қоздырушысы -Fusobacterium necrophorum - полиморфты микроб, қозғалмайтын, теріс грамды, спора мен капсула құрамайды, қатал анаэроб, қоректік ортада жақсы өседі. Патматериалдың жағындысында 60 -80 мүшелікті ұзын жіптің формасын жасайды. Сырт ортада кеңінен таралған. Жоғарғы температураға шыдамсыз (100 0 C 1мин өлтіреді), қида 50күн, топырақта мыста 60 күн, жазда 15 күн, мұздатылған материалда 25 күн сүтте 35 күн, су мен несепте 15сақталады; 5процент күйдіргіш натр микробты 10 мин., ал 4 процент формалин 20 мин. өлтіреді.

Індеттік деректері. Некробактериозға ауыл шаруашылығы малдарының барлығы, оның ішінде құстар, сонымен қатар жабайы жануарлардың көптеген түрі мен адам бейімдік көрсетіледі. Жекелеп қалай ауырса, тобымен ауыру да солай кездеседі. Көбіне жиі бұғылар мен қойлар, сирегірек - ешкілер, ірі қара малы, жылқы, шошқалар және жиірек ауырады. Аурудың қозуына сыз қоралар мен территорияның көңге толып кетуі қолайлы жағдай жасайды.

Инфекция қоздырушысының көзі - ауырып айыққан малдар мен клиникалық сау бактерия тасушы малдар. Некроздың бактериялары шөп қоректілердің месқарыны мен ішектерін орнықты тұрақ етушілер кеміргіштердің организмінде айлап сақталады. Сырт ортаға қи массаларымен, сілекеймен, ал ауру малдардан некрозданған тканьдермен түседі. Малдардың ауыруы, әдетте, тері мен кілегейлі қабықтардың зақымдануынан болады( төлдерде тіс жарған кезде, кіндік арқылы ) . Шабылған жерде, сызды, батпақты жайылымдарға жаю, ұзаққа айдау, кеуіп қалған, тікенді құнарсыз азықтармен тамақтандыру ауруға себепкер болады.

Солтүстік бұғыларының некробактериозының малдардың резистенттігінің төмендеуімен байланысты көктемгі маусымдығы бар.

Патогенезі. Қан айналысы бұзылған және оттегісі жеткіліксіз зақымданған тканьдерге түскен некроздайды. Егер малдың резистенттігі төмендесе, зақымданған ошақ біртіндеп ұлғаяды, микробтар қанға енеді, некроздың екінші ошақтары ( процестертің генерализациясы ), оның ішінде ұлпалы органдарда табылады. Ауру қатерлі сыпатқа бет алады.

Малдың резистенттігі, әжептәуір жоғары болса некроздаладың бас тапқы ошағы қабықтанданады, сорылады немесе бөлініп қалады. Көбінесе некробактериоз аусылмен, тұяқ шіргімен, контагиоздық эктимамен ауырып айыққаннан кейін екінші инфекция болып кездеседі.

Клиникалық белгілері . Жасырын кезең 1-3күн. Ересек қойлар мен ешкілерде аяқтарының зақымдануы басым болады, сондықтан бірінші елгісі ақсау. Тұяқ, күлтенің терісі мен тұяқтардың аралығы қызарған, ісік, ауырғыш. Одан кейін ойық жара, қаяу пайда болады. Сіңірлер желбезектер, буындар некроздалады. Мүйіз қабы және бақай фалангісі бөлініп қалуы мүмкін.

Аурудың өтуі зарарсыз болса қабыну процесі қайтады, өлі тканьдер бөлініп түседі және 2-3 аптаға созылатын жазылу басталады. Жыныс органдарының некробактериозында іш тастау болады, сауықты өлуі мүмкін.

Қозылар мен лақтардың бет жағындағы терісі зақымданады еріндері, мұрын желбезектері, ауыз бен жұтқыншақтың кілегейлі қабықтары және тіл. Өліммен аяқталуға әкеп соғатын ішкі органдардың метастазы болуы мүмкін. Кіндік арқылы ауырғанда да жылдам өледі.

Ересек ірі қара малының әдетте артқы аяқтары, бұзаулардың ауыз бен мұрын қуыстарның, көмейдің кілегейлі қабықтары зақымданады. Ауру өкпенің қабынумен, энтеритпен ( ішектің қабынуымен ), оститпен( сүйек тканінің қабынуымен), остеомиелитпен асқынуы мүмкін. Бұндай жағдайда өлім арықтықтан немесе сепсистен болады. Кейде ірі қара малының ауруы желіннің, жатырдың зақымдануымен өтеді. Іш тастау болуы мүмкін( ұрық мумияға айналады) . Бұқалардың үрпегі мен жыныс мүшесінде ойық жара пайда болады.

Шошқалар сирек ауырады. Торайларда некроздық дерматитті, стоматитті, ал асқыну кезінде өкпнің қабынуын, ішектің қабынуы табады. Қатерлі өтетін жайлар да болады. Ересек шошқаларда денесінің әртүрлі учаскесінің терісінде іріңді некроздық ойық жаралар құралады.

Солтүстік бұғыларында некробактериоздың тұяқтық формасы басым болады, аяқтарының төменгі - іріңді қабынуы мен артриттер, аурудың өтуі өте ауыр. Төлдерде стоматит, гастроэнтерит, ұлпалы органдардың метастазын табады.

Үй қояндарының ауруы некроздық ойық жаралар құралады.

Солтүстік бұғыларында некроздық стоматит пен ринит ретінде көрінеді, көбінесе ішкі органдар мен тері асты клечаткасында іріңді - некробактериоз екі формада өтеді; 1) Тұяқтардың зақымдануы бар шектелген гангрена ( гангреноздық дерматит ) ; ; 2) Прогесті гангрена жұмсақ шеміршектің, сіңірлердің, буындардың некрозы. Кейде некроздың алғашқы ошақтары шоқтық жағында, бастың бет бөлігінде, мұрынның шеміршегінде жинақталады.

Өлекседегі өзгерістер - арықтық, терінің, ауыз бен оған жақын тканьдердің кілегейлі қабықтарының некрозы. Некроз ошақтарын ұлпалы органдарда, жұтқыншақтың, өңештің, ішектің, жынс органдарының, жұтқыншақтың, өңештің, ішектің, жыныс органдарының кілегейлі қабықтарының зақымдануы ең көп кездеседі.

Диагноз. Клиникалық эпизоотологиялық және патологоанатомиялық деректердің сипатын ескереді, ал диагнозды дәлелдеу үшін бактериологиялық зерттеу жүргізеді. Лабораторияға зақымданған тканьді, абцестің ішіндегілерін жібереді.

Дифференциялдық диагноз. Айыр тұяқтыларда типті афт құрайтындығымен, эпизоотиялық өтуімен және тұяқ шіруін есептен шығарады.

Емді хирургия ережесімен жүргізеді. Өлі тканьдерді алып тастайды, одан кейін зақымданған жерлерді антисептикалық ертінділермен ( сутегінің асқынды тотығы, калий перманганаты) дәрілейді, зақымданған жерге антибиотиктер мен сульфаминдтердің эмульсиясын қолданады. Аяқтары зақымданса дезинфекциялық ертінділердің ваннасынан өткізеді. Бұлшық етке жақсысы пролонгирлік әрекеті бар антибиотиктерді жібереді. Мысалы, 20 мың ЕД/кг дозалы дибиомицин. Бұғыларды емдегенде 0, 15 процент агар -агардағы 15 -20 процент антибиотиктердің формасындағы шала ертіндіні бұлшық етке жіберу немесе дозасы 0, 2- 0, 3 мл\кг 4-5 күнге иньекция жасалуы қайталанатын 20 процент полиэтиленгликольдің ертіндісін жіберу тәуір нәтиже береді.

Ауыз қуысының кілегейлі қабығы зақымданғанда өлі тканьдерін алып тастағаннан кейін сутегінің асқынды тотығының 3процент ертіндісімен, калий пермаганаттының 4процент ертіндісімен кілегей қабықты шаяды.

АС қорыту жолы зақымданғанда емдеу көбінесе нәтижесіз болады. Бірақ ішке 1-2 м дозада жіберілетін нафталандағы биомицин суспензиясының (100 гр нафталанға 1гр биомицин ) болымды әрекеті жөнінде хабарламалар бар.

Иммунитет ауырып айыққаннан кейін құралмайды, спецификалық профилактика даярланбаған.

Сақтық пен күресу шаралары . Қайткенде де малдардың тұяғын кесіп және тазалап отыру керек, ұдайы (екі айда бір реттен кем емес ) профилактикалық тексеруден өткізу қажет. Жылына 2 реттен аз емес, тұяқтарын 10процент формалин немесе 5 процент парафром ертіндісімен дәрулеп отыру ұсынылады. Жас туған малдың кіндігін дұрыс дәрулеудің маңызы өте үлкен.

Ферманы некробактериоз шықса аурудан сәтсіз деп хабарлайды. Мал басын клиникалық тексеруден өткізеді, ауруды оңашалайды және емдейді, қораларды 20 проценттік сөндірілмеген әктің шала ертіндісімен, немесе 5проценттік күйдіргіш натрмен, 2 процент формалин ертіндісімен дезинфекция жасайды. Көңді биотермиялық зарарсыздандыраы, өлекселерді терісін сыпырған соң өртейді немесе утильзаводқа жібереді. Ауру малдың сүтін құртады. Ауруға күдіктілігі барларынікін - қайнатады. Жайылым маусымында ферма малдарына бағуға бөлек учаске бөлінеді; бұрынғы жайылымды 2 айдан соң пайдаланады. Аурудан сәтті емес табынның клиникалық сау малдарына профилактикалық мақсатпен азықтық антибиотиктерді тағайындауға болады. Шек қоюды ақырғы ауырған малдың сойылғаныан немесе өлігенінен, немесе айығып жазылғанынан кейін 30 күн өткен соң және қорытынды дезинфекция жасалғанан кейін ашады.

Жануарлардың ауруларынан келтірілген экономикалық зиян және оны есептеу әдістемесі

Бөлімшелік-ветеринарлық емхана адамның өзіне бекітілген аймағында шараларды ұйымдастыруға, жүргізуге, бақылауға арналған мемлекеттік мекеме. Ол сонымен қатар ведомоствалық және жеке меншік, кәсіпкерлік ветеренарлық қызмет жұмысына әдістемелік басшылық және бақылау жасайды.

Ветеринарлық бөлімше-шағын мекеме, оның құрамында дәрігер фельдшер және санитарлар бар. Олар шаруашылықтағы ветеринарлық қызмет жұмысын қадағалайды. Ветеринарлық көмек көрсеткіші үшін төлемақы келісімшарттық бағалары бойынша алынады. Олар эпизотиялармен күрес және тағы басқа ветеринарлық мәселелерді жоспарлайды.

Бас дәрігер шаруашылықтағы мал дәрігерлік қызмет жұмысын басқару, ұйымдастыру, жоспарлау немесе материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етумен шұғылданады. Сол үшін ол жүргізілетін алдын-алу сақтандыру шараларын жасап, шаруашылық басшысының қарауына ұсынып, белгілі тәртіппен бекітеді. Малдың денсаулығын, жай-күйін анықтау клиникалық белгілері, диогностикалық және диспансерлік зерттеулер арқылы жүргізіледі: Сонымен қатар, ол азық, жем сапасын тексеріп, малды бағып күту, ұрықтандыру, өсіру, көбейту ережелерінің орындалуын қадағалайды. Осындай жұмыс нәтижесінде беті ашылған кемшіліктерді жою үшін және жоспарға сәйкес емдеу, аурулардың алдын-алу, сақтандыру, сауықтыру ұйымдастырылады.

Бас дәрігер сойыс малдарын клиникалық байқаудан өткізіп, ет және жүн өнімдерінің жарамдылығы туралы қорытынды береді, тиісті тәртіп бойынша мал дәрігерлік куәліктер анықтамалар береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туляремияның
Шаруашылық экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы
БҚО Жәнібек ауданы Борсы ауылының Асқар шаруа қожалығындағы шошқа аскаридозына қарсы ветеринарлық шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және оның экономикасы
Күйіс қайыратын жануарлардың хабертиозының балау
Туйе обасы
Қой туляримиясы
Қой бруцеллезі
Ірі қара малының листериоз ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Індеттану және жұқпалы аурулар
Шалабай ЖШС - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп ( Ветерианриялық медицина )
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz