Диагноз- Жатырдың субинволюциясы және атониясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІЖӘҢГІР ХАН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ«Жұқпалы емес аурулар және морфология» кафедрасыА У Р У Т А Р И Х ЫМалдың түріІрі қара малыДиагнозЖатырдың субинволюциясы және атониясыСтудентМендешова Г. Т.4 курс ВМ-43топТексерген :оқытушыДарменова А. ГОРАЛ 2012:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЖӘҢГІР ХАН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Жұқпалы емес аурулар және морфология» кафедрасы

А У Р У Т А Р И Х Ы

Малдың түрі Ірі қара малы

Диагноз Жатырдың субинволюциясы және атониясы

Студент Мендешова Г. Т.

4 курс ВМ-43 топ

Тексерген :оқытушы

Дарменова А. Г

ОРАЛ 2012

АУРУ ТАРИХЫ № _1

  1. Мал дәрігерлік клиника (емхана) _Батыс Қазақстан обылысы Казталовка ауданының дәрігерлік емханасы
  2. Малдың түрі ірі қара малы

жынысы __ұрғашы жасы екі жаста

жалған аты (бирка№) __Маларим

түсі мен белгілері қызыл

тұқымы___Қазақтың ақ бас сиыры тірілей салмағы_320кг__

3. Малдың иесі және оның мекен- Касенов А. С. Казталовка ауданы, ауылы Касым Аманжолов, 19

4. Клиникаға түскен күні 17 мамыр 2012

Алғашқы диагноз Жатырдың субинволюциясы және атониясы

Нақты диагноз Жатырдың субинволюциясы және атониясы

Емдеу нәтижесі сиыр толық жазылды

Клиникадан шығарылған күні жыл22 мамыр 2012жыл

Ветеринарлық дәрігері (куратор) . __Мендешовf Г. Т.

(фамилиясы, аты-жөні)

Мал жөніндегі мәліметтер (анамнез)

а) өмірінің анамнезі -anamnesіs vіtae (малдың шыққан тегі; ұсталуы, азықтандырылуы мен күтімі жағдайлары, су ішуі, пайдаланылу бағыты, өнімділік деңгейі, буаздығы және т. б . ) Сиырдың бағып күтілуі мен азықтандырылуы өте нашар, құнары азықтандырылмаған. Сиыр қыста қорада ұсталады, жазда жайылымда жайылады. Күніне үш рет азықтандырылады. Жалпы жануардың қондылығы ортадан жоғары. Жабығу байқалады. Өнімділік деңгейі орташа, екі рет төлдеген, туғанына бір күн болған, төлді тартып шығарылған

б) аурудың анамнезі-anamnesіs morbі (қашан ауырды; аурудың белгілері мен пайда болу жағдайлары; шаруашылықтағы өзге малдарда осыған ұқсас ауру белгілері байқала ма; ем қолданылды ма, қайда, қашан, кіммен және қанша рет; бұған дейін мал қандай мал дәрігерлік өңдеулерден және қашан өткізілген ) Мал иесінің айтуы бойынша жануар оныншы көктем күні туған, Малдың азыққа зауқы болмауы, әлсіздік байқалады, жануардың жалпы жағдайы күйзелген, малды серуенге шығармау салдарынан мал арықтаған, тұрған орыны көлбеу орналасқан.

Мал клиникаға түскен кездегі нақты зерттеу көрсеткіштері:

дене қызуы 38. 5-39, 5 с тамыр соғуы жиілігі__ 65-70

тыныс алуы жиілігі___ 16-17 мес қарын жиырылуы жиілігі 2 минутта

1 рет

Жалпы зерттеу

Малдың сыртқы түрі:

қоңдылығы (ортадан жоғары, орташа, ортадан төмен, арықтаған), денесін ұстауы (табиғи, жасанды) ортадан төмен, денесін алдыңғы аяқтарын алшақ ашады, әлсіздік сиыр жабырқау, мазасызданып түр, малдың жыныс ернеуі қызарып түр.

дене бітімі (дұрыс, дұрыс емес; ақауларын көрсету керек) ортадан төмен ұстайды, тері бүтіндігі сақталған, мал арықтап кеткен, денесін қалыпты үстай алмайды.

темпераменті (жай, епті, флегматикалық жай

конституциясы (жеңіл, ауыр, бұлшық етті типті) _ жеңіл мінезі (жуас, асау, агрессивтік) жуас, жай қозғалады, асау белгілері байқалмайды

Тері мен оның туындылары:

тері (бүтіндігі, сезімталдығы, серпімділігі, қызуы, түсі, иісі, ылғал-дылығы, зақымдану түрі, тері паразиттері) ___ терісі бүтін, серпімді. Иісі жоқ, ылғалдылығы қалыпты, дене қызуы қалыпты, түсі күрен қызыл,

жүн жамылғысы (талшық, қабық, мамық; қоюлығы, біркелкілігі, теріге жатуы, ластануы, жылтырлығы, мықтылығы, түсуі; кекілінің, жалының, құйрығының күйі) талшықтары бір қалыпты, теріге біркелкі тегіс жатады, мықтылығы байқалады

тері асты клетчаткасы (өзгерістер болуы: қабынулық инфильтрация, ісік, лимфа немесе қан жиналуы ) өзгерістер байқалмайды

мүйізі, тұяғы, тұмсығы (деформациялануы, зақымдануы, мүйізгектің жылтырлығы) мүйізі, тұмсығы, тұяғы мен тұмсығының деформациялану белгілері байқалмайды .

Лимфа түйіндері:

жақ асты лимфа түйіндері (жұп түйіндердің бірдей болуы немесе айырмашылықтары, көлемі, пішіні, бетінің күйі, консистенциясы, сезімталдығы, түйін мен оның бетіндегі терінің қозғалғыштығы, лимфа түйіні аймағының қызуы) жақ асты лимфа түйіндері бірдей, көлемі мен пішіні өзгеріссіз

жақ асты түйіндерінде айтарлықтай өзгерістер байқалмайды .

жауырын алды ісіктер байқалмайды, қалыпты жағдайда

тізе үсті және шап түйіндері ұлғайған, беті тегіс, қозғалмалы, сезімтал

желін үсті қызуы көтерілмеген, беті тегіс, аздап ісіңген.

Көрінетін кілегей қабықтары:

конъюнктивасы (тамырлардың қанға толуы, түсі, ылғалдылығы, бетінің күйі, бөгде денелер, ақаулары ) конъюктивасының тамырлары аздап қызаруы байқалады, түсі қызарған , мұрын қуысының айтарлықтай _өзгерістер жоқ

сыртқы жыныс мүшелерінің малдың жыныс мүшелері ісінген, сиыр құйрығын көтеріп, белі бүкірейіп, мазасызданып түр

Жалпы зерттеу кезінде анықталған симптомдар мал жатуға ынғайлана береді, тыныс алуы қиындап, зорланады, жыныс ернеулері ісіңген, қайта қайта күшене береді, жатыр жартылай созылып кеткен, үстіңгі қабырғасы ғана айналып, қызарып шығып түрады.

Симптомдарды талдау сыртқы түрі мен терісінда өзгерістер байқалмайды.

Қорытынды лимфа түйіндерінде өзгерістер табылмады, малдың танауларынан ақпалар ағып, жөтелу байқалмады, жатыр біртіндеп сыртқа қарай айналып шығып тұрғаны байқалады.

Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу

Жүрек аумағы (сезімталдығы, қызуы, сезілетін шулар, бүтіндігі) _ сезімталдығы орташа, кызуы байқалады, ылғалды сырылдар естілді

Жүрек соғуы (сол жақтан және оң жақтан: естілуі, күші, шоғырлануы) жүрек соғуы сол жақтан анық естіледі, күші орташа

Жүректің шекаралары(оң жақтан және сол жақтан, жоғарғы, артқы; жүрек аумағындағы перкуссиялық дыбыстың түрі) жүректің оң жақтан үшінші қабырға аралығында, сол жақтан төртінші қабырға аралығында төрт, алты см аралығынан байқауға болады

Жүрек үндері (тондары) (естілуі, қаттылығы, тербелісі (ритм), үндердің бір-бірінен ажыратылуы, үзілістің бүтіндігі мен тазалығы, неғұрлым анық естілетін нүктелердегі үннің шығу түрі мен күші) __ жүрек үндарі естіледі, бірақ бірінші үн екінші үнге қарағанда анық естіледі.

Қан тамырларын зерттеу:

Артериялық тамыр соғуы (жиілігі, толуы: шамалы, толық, бос; керілуі: эластикалық, серпімді, қатты, салалы, жұмсақ; көлемі: үлкен, орташа, шағын; күші: шамалы, күшті, әлсіз; тербелісі: ритмикалық, ритмикалық емес, ретсіз, біркелкі емес; пульстің түрі: дұрыс, өзгермелі, жай) ___ артериялық тамыр соғуы төмендеу, толуы бос, керілуі эластикалық көлемі орташа, күші күшті.

Жүрек аумағындағы шулар (түрі, күші, неғұрлым анық естілу орны) жүрек шулары күшті сол жағынан анық естілед і

Вена тамырлары (толуы; оң, немесе теріс венаның соғуы, ундуляция) вена тамырларының толуы орташа, оң венаның соғуы оң, индуляциясы байқалмайды .

Қан қысымы: а) артериялық max 210 mіn___45

б) веноздық __100

Жүректі, қан тамырларын графикалық зерттеу (электрокардиография және рентгендік зерттеу) жүргізілген жоқ

Функциональдық зерттеу жүргізілген жоқ

Жүрек-қан тамыр жүйесін зерттеу кезінде анықталған симптомдар

Жүрек шекараларының, жүрек тондарының естілуі қалыпты.

Симптомдарды талдау жүрек үндерінде өзгерістер байқалмады, артериялық және веноздық қан қысымдар нормада

Қорытынды жүрек мен қан тамыр жүйесін зерттегенде өзгерістер байқалмады.

Тыныс алу жүйесі мүшелерін зерттеу

Жоғарғы тыныс жолдарын зерттеу:

Тыныспен шығарылған ауа (біркелкілігі, симметриялығы, иісі, қызуы) _ тыныс алу мен тыныс шығару кезінде жануар қиынсынады, кілегейлі қабықтардың түсі өзгерген .

Мұрыннан ақпалар (байқалуы, мөлшері, симметриялығы, кезеңділігі, ағу массасының қасиеттері: түсі, иісі, консистенциясы, сыртқы түрі ) мұрыннан ақпалар ағады түсі мөлдір, сүйық сора байқалады.

Мұрын қуысы (танауы қозғалғыш, қозғалмайтын, кеңейген, тарылған; мұрын жолдары: ауа еркін өтетін, тарылған; мұрынның кілегей қабығы; түсі, ылғалдылығы, бетінің күйі, сезімталдығы, ақаулары) мұрын қуысы танауы тарылған, мұрын жолдарынан нашар өтеді, кілегейлі қабығының түсі қызарған, бәсен дыбыстар байқалады .

Қосалқы мұрын қуыстары (маңдай, жоғарғы жақ, тақ тұяқтылардың ауа қапшықтары; пішіні, сезімталдығы, жергілікті қызуы, перкуссиялық дыбыстың түрі) мұрын қуысының пішіні мен сезімталдығы өзгерген, жергілікті қызуы байқалады, перкуссиялық дыбыс тимпаникалық _

Көмекей мен кеңірдек (басы мен мойнының күйі: еркін немесе жасанды қалыпта ұстауы, көмекей мен кеңірдек аймағының пішіні мен жергілікті қызуы, сезімталдығы, симметриялылығы, бүтіндігі; тыныс шулары: түрі, күші, кезеңділігі) басы мен мойының төмен ұстайды, көмекей мен кеңірдек аймағының пішіні орташа, жергілікті қызуы байқалады

Жөтелу рефлексі (күші, ауырсынуы, дымқылдығы, жөтелудің ұзақтығы мен жиілігі ) жөтелу кезінде жануар ауырсынады. Күші әлсіз, жөтелгенде қиынсынады.

Дауысы (тән, өзгерген) дауысы бәсендеу шығады

Қалқанша безінің күйі (без орналасқан аймақтың пішіні, сезімталдығы, көлемі, консистенциясы, қозғалғыштығы ) қалқанша безінің күйі өзгерген, сезімталдығы ортадан жоғары

Көкірек клеткасы мен өкпені зерттеу:

Көкірек клеткасы (пішіні: овальды, дөңгелек, жалпақ; ауыруы, қабырғалардың бүтіндігі, ақаулардың болуы) көкірек клеткасы ішкі бетін астарлап тұратын сірілі қабығы қалыпты, қабырғалары ысылған, ақаулары байқалмайды.

Тыныс қозғалыстары (жиілігі, типі, тербелісі (ритм), күші, симметриялылығы) тыныс алу жиелігі жай, тербелісі орташа типті, симметриялығы жай.

Өкпенің күйі (перкуссиялау: өкпенің артқы шекарасы, салыстырмалы перкуссия нәтижелері; тыныс шулары: физиологиялық, патологиялық: түрі, күші, кезеңділігі, шоғырлануы) өкпенің күйін перкуссиялағанда дүнкілдеген дыбыс, өкпе шекарасы қабынған ошақтар байқалады, тыныс алуы бәсендеу

Қосымша зерттеулер

Трахеальдық перкуссия (дыбыстарды өткізу дәрежесі) жүргізілген жоқ

Рентгендік және басқа зерттеулер жүргізілген жоқ

Тыныс алу мүшелерін зерттеу кезінде анықталған симптомдар

тыныс алу мүшелерін зерттеу кезінде потологиялық өзгерістер байқалмайды, тыныс алу мүшелерінің жұмысы қалыпты .

Симптомдарды талдау_ жабығу, азыққа зауқының болмауы не жоғарлауы, ауыр тыныс және ентікпе, ылғалды сырылдар бәсең байқалады.

Қорытынды сиырдың тыныс алу мүшелерінің жалпы қабынудың процесі кезінде организм күйзеліске ұшыраған және де тыныс алуы жиіленген

Ас қорыту жүйесі мүшелерін зерттеу

Азық пен суды қабылдауы:

Тәбеті (жақсы, шамалы, тәбеті жоқ, шамадан тыс жоғарылаған) тәбеті төмен, азықты нащар қабылдайды. Тәбеті шамалы шөпке, сүрлемге, суға тәбеті нашар.

Азықты қабылдауы мен су ішуі тәртібі (дұрыс, дұрыс емес: қалай білінеді) азық қабылдауы нашар, су ішуі орташа

Азықты шайнауы (епті, асығыс, сақтықпен, ауырсынуы) азықты шайнауға епті, сақтықпен шайнайды

Азықты жұтуы (еркін, қиындаған, ауырсынады, жұтына алмауы) азықты азықты жұтуы жаймен, еппен.

Кекіру (жиі, сирек, жай, қатты; байқалмайды, кекірік газының иісі) кекіру сирек байқалады

Мес қарын заттарын кекіруі (еркін, қиындаған, ауырсынады, байқалмайды) мес қарын заттарының кекіруі еркін түрде

Күйіс қайыруы (ерте, кеш, белсенді, баяу, ұзақ, қысқа, жиі, сирек ауыр ) күйіс қайыруы жетілмеген

Құсу (байқалмайды, байқалады: пайда болу уақыты, жиілігі, мөлшері) құсу белгісі байқалмайды.

Ауыз қуысы ауыз қуысының сілекей ағуы байқалмайды .

Сілекей ағуы (байқалмайды, байқалады: үздіксіз, үнемі, кезеңділігі; сілекейдің түрі мен қасиеттері ) бұзаудың сілекей ағуы байқалмайды.

Ауыз саңылауы (жабық, жартылай ашық, ашық) ауыз саңылауы жабық_

Еріндер (бүтін, деформацияланған, зақымданған, қозғалғыш) еріндер бүтін дифармацияға ұшырамаған

Еріндердің, ұрттың, таңдайдың, тілдің кілегей қабықтары (түсі, ылғалдылығы, бүтіндігі, ісік байқалуы, сезімталдығы, ісінуі) Еріндері, ұрты, таңдайы, тілі еш өзгеріссіз бүтін, ісік байқалмайды, сезімтал ылғалды, түстері қызарған, бүтіндігі сақталған, сезімталдығы орташа

Тіл (көлемі, консистенциясы, қозғалғыштығы, ақаулар) тілдің көлемі қалыпты, консистенциясы тығыз .

Тістер (сүт тістері, тұрақты тістер, ауруы, альвеолаларға беку мықтылығы, қандай тістер жоқ, ақаулар, тістеу түрі, тістердің мұқалу аномалиялары) тістері сау, альвеоларға бекуі мықты, ақаулары байқалмайды

Жұтқыншақ (басы мен мойнының қалпы, пішіні, ұлпалар консистенциясы, ауыруы, жұтқыншақ аймағының жергілікті қызуы) басы мен мойының ұстайды, пішіні сақталады, пальпациялағанда ауырсынбайды, жұтқыншақ аймағының жергілікті қызуы байқалмайды

Өңеш (сол жақтағы күре тамыр науасы аймағының пішіні, өткізгіштігі, ауыруы, жергілікті қызуы, ) өнештің сол жақтағы күре тамыр науасы тығыз және қатты, жергілікті қызуы білінбейді

Құстардың жемсауыты (көлемі, сезімталдығы, жемсауыт заттарының түрі мен консистенциясы, перкуссиялық дыбыстың түрі)

Іш аумағы (көлемі, пішіні, симметриялылығы, аш бүйір шұңқырының білінуі, іштің қабырғасының керілуі мен сезімталдығы) көлемі бір қалыпты, пішіні өзгеріссіз, екі бүйірі шығынқы, аш бүйір шұнқыры қалыпты, іштің қабырғасы керілуі көп білінбейді

Күйіс қайыратын малдардың қарыншалары:

Мес қарын (сол жақ аш бүйір шұңқырының күйі, ауыруы, мес қарын қабырғаларының керілуі, толу дәрежесі, мес қарын заттарының түрі мен консистенциясы; мес қарын жиырылуының түрі, жиілігі, күші, ұзақтығы, тербелісі, перкуссиялық дыбыстың түрі мен мес қарындағы шулар) Мес қарынның толуы қалыптыдан төмен, сол жақ аш бүйір шұңқырының күйі онша білінбейді, мес қарындағы заттар тығыз консистенциялы, шулары анық, жиырылуы қалыпты, перкуссия кезінде тимпаникалық дыбыс тербелісі 8, 1 - 8, 5.

Жұмыршақ (жарақаттық ретикулитке аурулық сынама нәтижелері) Құрсақ қабырғаларын жұдырықпен қатты басып қарағанда жануар ауырсынады, терең пальпациялағанда ауырсыну болады, терісін қыртыстағанда кері реакция беріледі

Жалбыршақ (ауыруы, жалбыршақ қарын аймағында шулар байқалуы мен оның түрі) перкуссия жасағанда қалыпты дыбыс естіледі, пальпация жасағанда ауырсыну белгілері байқалмайды, ұлтабар заттарының мөлшері көп емес, шулар анық естіледі

Ұлтабар (пішіні мен ауырсыну белгілері, ұлтабар заттарының мөлшері мен түрі, перкуссиялық дыбыстар мен шулар ұлтабардың пішіні үлкеймеген, ауырсыну белгілері байқамайды.

Асқазан біркамералы (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация, зонд салу)

Аш ішек (сезімталдығы; бөгде нәрселердің болуы; толу дәрежесі мен ішек заттарының түрі; перкуссиялық дыбыстың түрі; жиырылу шулары: жиілігі, кезеңділігі, күші, сипаты) аш ішекте бөгде заттар байқалады, толық толған, перкуссия жасағанда тұнық немесе тимпаникалық, ауыскультациялағанда жиырылу шулар естіледі.

Тоқ ішек (толуы, перистальтикалық шулар, перкуссиялық дыбыс) тоқ ішек толуы орташа, перкуссия дыбысы орташа

Бауыр (ауруы, консистенциясы, бетінің күйі, перкуссиялаған және пальпациялаған кездегі көлемі мен контурлары) Бауыр консистенциясы тығыз бетінің күйі өзгермеген, пальпациялағанда ауырсыну белгігілері байқалады, консистенциясы тығыз, беті тегіс.

Талақ (сезімталдығы, консистенциясы, көлемі) ) __ Талағы ұлғаймаған, өз пішінін сақтаған, талақтың консистенциясы орташа, консистентенциясы тығыз

Нәжіс бөлуі (қалпы, жиілігі, ауырсынуы, жалған қалпы, нәжістің еріксіз бөлінуі, газдар бөлінуі) Нәжіс бөлуі қалыпты ауырсынулар байқалмайды, нәжістің еріксіз бөлінуі болған жоқ.

Тік ішек арқылы зерттеу (анустың күйі, тік ішектің толуы, кілегей қабығының күйі; ішектердің орналасуы, күйі және сезімталдығы) тік ішек арқылы зерттегенде нәжістің толуы орташа

Ас қорыту мүшелерін зерттеу кезінде анықталған симптомдар

Симптомдарды талдау ауыз қуысы, мес қарыны, жалбыр шақ, ұлтабарда патологиялық өзгерістер байқалмады. Жануардың жалпы жағдайы жабырқаулы болған соң, тәбеті нашарлап, күйі орташадан төмендеп, күйіс қайрауы да баяу типті .

Қорытынды ас қорыту мүшелерінің негізгі және қосалқы мүшелерінде өзгерістер мен қабыну байқалады, тәбетінің бірде бар, бірде жоқтығы салдарынан ол мүшелердің жиырылуына өзгерістер бар. Организмдегі қабынулық процестен малдың жалпы жағдайы нашарлап, азыққа қарайтын көңілі болмайды.

Несеп бөлу жүйесі мүшелерін зерттеу

Бүйректер (бел аймағының сезімталдығы, бүйректердің орналасу орны, пішіні, көлемі, консистенциясы, беткі күйі, бүйректердің қозғалғыштығы) __ бел аймағының сезімталдығы қалыпты, бірінші және үшінші бел омыртқа тұсынан пальпация жасағанда сезімталдығы сақталған, консистенциясы тығыз

Несепағарлар (сезімталдығы, іштей пальпация жасау кезіндегі белгілер)

_несеп ағарды ректалды пальпациялағанда дарсальды қабырғалары көрінбейді

Қуық (сезімталдығы, орналасуы, толуы шамасы, қабырғаларының тонусы, сырттай және іштей пальпация жасау кезіндегі бөгде денелердің болуы) пальпация жүргізілмеді, толуы шамасы орташа, бөгде заттар байқалмады

Несеп-жыныс каналы (өткізгіштігі, сезімталдығы, бөгде денелер болуы)

_ өткізгіштігі қалыпты, сезімталдығы орташа, бөгде денелер байқалмайды

Несеп бөлу актісі (жиілігі, малдың қалпы (поза), ауырсынуы, ағынының түрі мен несептің мөлшері) несеп бөлу актісі сирек, ауырсыну байқалмайды

Қосымша зерттеулер (тік ішек арқылы, катетерлеу, цистоскопия, рентгендік зерттеулер жүргізілген жоқ

Несеп бөлу мүшелерін зерттеу кезінде анықталған симптомдар_ несеп бөлу кезінде ауырсыну байқалмады, қалыпты жағдайды

Симптомдарды талдау _ Бүйрек, несепағар мүшелерінде өзгерістер байқалған жоқ

Қорытынды бүйрек, қуық, несеп жыныс каналы қалыпты жағдайда, патологиялық өзгерістер байқалған жоқ

Жыныс мүшелері мен сүт бездерін зерттеу

Аналықтардың жыныс аппаратын зерттеу:

Сауыр (конфигурациясы; әдеттегідей, түскен, ойылған; сегізкөз-шон-данай байламының беріктік дәрежесі) Сауыры әдеттегідей қалыпта, сегізкөз, шонданай байламдары берік болып орналасқан

Аралық және вульва (терісінің күйі, қыртыс түзілуі, ісінуі, түсі, қызуы, сезімталдығы, жыныс еріндерінің толық беттесіп жабылуы; кілегей бөлінуі: мөлшері, консистенциясы, түсі, иісі, қоспалар) Терісінің күйі солғын, қара түсті, ісінбеген белгілері бар, қызуы байқалады, сезімтал, кілегей бөлу мөлшері орташа, консистенциясы тығыз, түсі мөлдір, иісі жоқ, жыныс еріндері толық жабылмаған.

Қосымша зерттеулер

Вагинальдық зерттеу:

Қынап кіре берісі мен қынаптың кілегей қабығы (түсі, ылғалдылығы, сезімталдығы, бүтіндігі, ластануы немесе бөгде денелер) __ қынап кіре берісі мен қынаптың кілегейлі қабығының сезімталдығы нашар, аздап қызарған, бүтіндігі қалыпты емес.

Жатыр мойнының қынап бөлімі (күйі, каналының ашылу дәрежесі, саңылаудан бөлінген кілегейдің түрі мен мөлшері ) жатыр мойынының қынап бөлімі қалыпты емес, ашылу саңылаудан бөлінген кілегей байқалады.

Тік ішек арқылы зерттеу:

Жатыр мойны (орналасуы, көлемі, мүйіздерінің пішіні, консистен-циясы, флюктуация байқалуы, пальпацияға реакция беруі) жатыр мойынының орналасуы көлемі өзгерген, пальпациялағанда сиыр ауырсынады. Жұмыртқалықтар (орналасуы, көлемі, пішіні, консистенциясы, сезімталдығы, қозғалғыштығы ) жұмыртқалықтардың орналасуы, көлемі, пішіні өзгерген, сезімталдығы нашар

Жұмыртқалық өзегі (орналасуы, пішіні, сезімталдығы) жұмытқалық өзегінің орналасуы қалыптан ауытқу байқалады, пішіні өзгерген, сезімталдығы жағары

Жыныс аппараты секреттерін зерттеу (физико-химиялық, цитология-лық, бактериологиялық) _ жүргізілген жоқ

Сүт безін зерттеу:

қарау кезінде (түсі, терісінің бүтіндігі, ширектерінің пішіні мен симметриялылығы, желіннің беткі лимфа және қан тамырларының күйі) __

Түсі қарайған, терісі бүтін, ширегі ұлғайған симметриялы емес, желіннің беткі лимфа түйіндері және қан тамырлары ісінген белгілері бар.

пальпация кезінде (бөлектерінің консистенциясы, сезімталдығы, желін бөлектерінің қызуы, желін үсті лимфа түйіндерінің күйі)

Бөліктерінің консистенциясы тығыз, өте сезімтал, желінің жергілікті қызуы байқалады, желін үсті лимфа түйіндері өзгерген.

Қосымша зерттеулер:

Желіннің ширектерінен сауып алынған сүтті органолептикалық бағалау (түсі, консистенциясы, біркелкілігі, ұйындылар мен мақташықтар болуы

жүргізілген жоқ

Сүтті физико-химиялық зерттеу жүргізілген жоқ

Сүтті бактериологиялық зерттеу жүргізілген жоқ

Аталықтардың жыныс аппаратын зерттеу:

Ұма (түсі, эластикалылығы, көлемі, күйі, симметриялылығы, консистенциясы, қозғалғыштығы

Күпек (бүтіндігі, терісінің эластикалылығы, күпек саңылауының пішіні мен көлемі, күпек айналасындағы жүн жамылғысының күйі, күпектен ағу белгілері

Жыныс мүшесі (өткізгіштік анестезия арқылы жыныс мүшесін шығарғаннан кейін түсін, ылғалдылығын, бүтіндігін, кілегейлі қабығының беті мен тері жамылғысының күйін анықтайды

Қосымша зерттеулер:

Простоскопия .

Рефлекстік зерттеу .

Шәуетті зерттеу .

Несеп-жыныс жүйесін зерттеу кезінде анықталған симптомдар малдың жалпы жағдайы нашар, жыныс мүшесі қызарып, сиыр белін бүкірейтіп, жаңа туған сиыр қайта қайта күшеніп, жатырдың айналып шығып бара жатқаны байқалады.

Симптомдарды талдау жатырдың қабынуы, ісінуі, жатыр қабырғасының керілуі барлығы қалыпты жағдайда емес, сиырдың жатырының уақыт өте келе біртіндеп сыртқа айналып шығып тұрғаны байқалады, сарпайдан салбырап. Қанталаған қара-қоңыр түсті дене байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы
Сиырдың жатырының субинволюциясын анықтау әдістері
Жұмыстың тақырыбы Жатырдың субинволюциясы
Жатырдың субинволюциясының диагнозы және болжау
Аурудың нәтижесі Шудың кешеуілдеуі
Ветеренария - емтихан сұрақтары
Тудың патологиялық кезінде акушерлік көмек көрсету
Малдағы туу патологиялары
Созылмалы катаральді эндометрит
Шудың түспей қалуының алдын алу және емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz