Қойлардың ценурозының таралуын, балауын, сауықтыру және сақтандыру жолдарын анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Биологиялық жарақаттану мал шаруашылығы кең тараған немесе дамып келе
жатырған барлық мемлекеттерге орасан зор шығындар әкеледі. Жарақаттанудың
бұл түрі бойынша біздің еліміз де осы географиялық аймаққа жатады. Мысалы,
тек Қазақстанның мал шаруашылығы бойынша жыл сайын миллиондаған теңге
шығын әкелінеді, ал гельминтоздар-тропозооноздар (эхинококкоздар,
цистицеркоздар, ценуроз т.б.) арам өлген жануарлар санын жыл санап
көбейтуде.
Әсіресе, биологиялық жарақаттану қой шаруашылығына үлкен шығын
әкеледі. Әсіресе көп шығын лавральдық цестоздардан көп болады.
Паразитарлық аурулармен ауырған жалпы санының 88,9%-ының өлгендерінің
78,9%-ы ценуроз бен эхинококкоздың үлесіне тиеді. Жыл сайын тек осы екі
гельминтоздың әсерінен қазақстанның негізгі қой өсіретін аудандары 130
мыңнан астам мал басынан айырылып, отырады немесе бұл күн сайын 400 бастан
өліп отырады деген сөз. Қой өсіру шаруашылықтары 10% ет пен сүт, 19% май,
60% субөнімдерден, 17% жүн, әр 100 бас аналықтан 12 бас қозы ала алмай
отырады.
Бірақ та қой шаруашылығындағы мамандану мен шоғырлану тек жалпы
сақтандыру шараларымен шектеліп қана қоймай, ауру жануарларды ЕСП (емдеу
санитарлық пункттерге) оқшаулау жүргізілетінін атап кету керек, яғни мал
басы үнемі дәрігерлердің қадағалауында ұсталынады. Жұмысты осылайша
ұйымдастыру кезінде дәстүрлі әдіспен ұсталынатын шаруашылықтарға қарағанда
мал басының ценурозға ұшырауының азайғаны білінеді.
Мысалы, ценурозға сәтсіз болып саналатын Краснояр аймағының фермасында
инвацияның экстенсивтілігі 9,6% жеткен соң оны мамандандырып, шоғырландыру
жұмыстары жүргізіліп, ЕСП ұйымдастырылды. Онда ауру жануарларды
хирургиялық жолмен емдеуге жануарлар жиналды. Сонымен қатар әр фермаға
иттерді дегельминтизациялау графигі жасалып, ауру жануарларды оқшаулаумен
бірге жүргізгенде ценурозбен ауыру деңгейі 4,63%-дан 0,46%-ға дейін
төмендеді. Хирургиялық емдеу тәсілі бұл жерде тек ценурозды емдеудің
тиімді тәсілі болып қана қоймай, осы инвазиядан келетін шығын мөлшерін
азайтуға да үлесін қосты.
ЕСП-ның шаруашылықты көптеген паразитарлық және көптеген жұқпалы емес
аурулардан сауықтырудағы рөлін сипаттайды, мысалы көптеген Қазақстандық
мамандар жұқпалы емес аурулармен осылайша күреседі. Ұқсас мәліметтер
Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы және т.б. елдерде алынған.
Автор мысал ретінде Қырғызстанның еңбегі сіңген ветеринарлық дәрігері
Беримкул Оспанкуловтың жұмысын келтіреді. Ол ценурозбен ауырған 2983 қойды
операциялап, оның ішінде 95%-ында жануарлар сауығып кеткен. Ал
Өзбекстанның көптеген облыстарында шаруашылықтарды ценуроз бен
эхиноккокоздан тез сауықтырудан жарыс ұйымдастырылған, бұл кеңес үкіметі
кезінде осы мемлекеттің көптегне облыстарының аталған аурулардан сауығуына
әкелді.
Қой малының ценурозбен ауыруының төмендеуі және сауығуы туралы
статистикалық мәлімет еңбектерінде берілген. Мысалы, Жамбыл облысында
1959 жылы 31851 бас қой ауырып, оның 11862-сі өлген, 1968 жылы ауруға
ұшыраған 24387 бас қойдың 1688-і ғана өлген, ал 1977 жылы ауруға ұшыраған
4827 бас қойдың 169-ы өлімге ұшыраған.
Тақырыптың өзектілігі. Ценуроз - бас миының, кейде жұлынның зақымдалуымен
және олардың қызметiнiң бұзылуымен, қан қысымынан бас сүйектiң
атрофиясының дамуымен жүретiн үй және жабайы күйiс қайыратын малдардың
ауруы.
Қоздырғышы - Multiceps multiceps (ми цепенi) цестодасының Coenurus
cerebralis көпiршiктi балаң құрт сатысы.
      Ценурозбен қой, қозы, iрi қара мал, сирек түйе, шошқа, жылқы,
сайғақ, жайран, архар, сондай-ақ адамдар ауырады.
      Аралалық иелерi - негiзiнен қой, қозы, iрi қара мал және басқа да
күйiс қайыратын жануарлар.
      Ақтық иелерi - ит, өте сирек түлкi, шақал және қасқыр болып
табылады. Аш iшек бөлiмiнде ми цепенiнiң жынысы жетiлген сатысы паразиттiк
тiршiлiк етедi.
Зерттеудің мақсаты. Қойлардың ценурозының таралуын, балауын,
сауықтыру және сақтандыру жолдарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:
- Қой ценурозының таралу деңгейін анықтау;
- Қой ценурозын балау;
- Жануарларды ценуроздан сауықтыру шаралары;
- Жануарларды ценуроздан сақтандыру шаралары.

I. Әдебиетке шолу
К.И. Скрябин [1] біздің елімізде жыл сайын мыңдаған қой малының ми
ауруы-айналшықтан өлуі немесе амалсыздан сойылатынын атап кеткен. Ол осы
аурудың жоюдың қандай экономикалық пайда әкелетінін де атап кеткен.
Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтер, өкінішке орай жүргізіліп
жатырған көптеген шараларға қарамастан қойлардың ценурозбен ауыратынын
көрсетеді және бұл көрсеткіш Қазақстан бойынша жас қойлар ішінде 11-25,4%
орта және ересек жастағы қойлар арасында 28,4% құраған.
Осыған ұқсас мәліметер Тәжікстаннан, Өзбестаннан, Молдавиядан және
Қырғызстаннан, Оренбург облысынан, Краснояр аймағынан т.б. келіп түсуде
Бұрынғы кеңес үкіметінің ғалымдары (Боев С.Н., Кузнецов М.И., Марков
А.А., Шульц Р.С., Никольский С.Н., Е.С. Згардан) қойлардың
гельминтоздарымен күресу бойынша әдістемелік нұсқаулықтарын жасап
шығарған. Бірақ ценуроз және эхинококкоз сияқты гельминтоздарды И.В. Орлов
және Д.К. Поляковтың пікірінше әлі де қой шаруашылықтарынан тазарту қиынға
соғуда. Соған қоса соңғы жылдардың статистикасы көрсеткендей өндірістік
мал шаруашылығы, мал басының шектелген аумақта шамадан тыс шоғырлануы
қойлардың гельминтоздармен зарарлану және ауыру мәселесін толық шешкен
жоқ.
Мысалы Е.С. Згардан, М.В. Караре, Н.А. Мунтян [2] зерттеулері
көрсеткендей жас қойлардың ішінде (1-2 жасар) орташа инвазияану 25%
құрайды, ал үш жас және одан да жоғары жастағы қойларда бұл көрсеткіш 57%
құрайды. Ұқсас мәліметтер басқа да зерттеушілердің мәліметтерінде
кездеседі (Жантуриев; Кузнецов).
Мал айналмасы немесе ценурозы - ауыл шаруашылық малмен жабайы күйісті
жануарлар арасында жиі ұшырасатын өте қауіпті гельминтоз болып табылады
деп санайды. Айналмамен көбінесе қозы, тоқты, кейде ірі қара төлі де
ауырады. Бұл инвазияны ит, қасқыр, кейде түлкілерде тоғышарлық ететін.
Мультицепс мультицепс таспа құртының личинкалық түрі Ценурус церебралис
қоздырады.
К.И.Абуладзе [3] айтуы бойынша ценурус церебралис сырты мөлдір ете
жұқа қабықшамен қоршалған жылауыққа ұксас личинка. Оның ішінде 150-200 мл
көлемінде ценур сұйығы және ақ түйіршік тәріздес, саны кейде 700-ден астам
ұрық сколекстері болады. Бүл сколекстердін төрт сорғышы және басында екі
қатар орналасқан кішкене қармақшалары болады. Ценур личинкалары малдың
миында орналасады. Егер айналмаға шалдыққан малдың басын ит жесе олардың
ішінде Мультицепс мультицепс таспа құрты өсіп жетіледі. Бұл ересек
құрттын, сколексіндегі кармақшалар саны 22-32, күрт денесініқ ұзындығы 40-
145 см, ені 5 мм. Жетілген таспа құрттың соңғы мүше-бөліктері үнемі
үзіліп, нәжіспен бірге сыртқа түсіп отырады.
Қой, ешкі және басқа мал шөппен қоса құрт жұмыртқасын жұтып қойса
ценурозға шалдығады.
Қой айналмасы Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Бұл аурумен
кебінесе екі жасқа дейінгі мал ауырады. Осы аурудан мал шығыны барлық
маусымда да кездеседі. Қозы айналмасы жаздың екінші жартысынан бастап
көбейеді, ал тоқтылар арасында бұл инвазия қыс, көктем және жаз айларында
көп болып, малды өлімге душар етеді.
М.Сабаншиевтің пікірінше [4] мал айналма ауруына жайылымда бағылған
кезде, әсіресе қора маңындағы ит көп жүретін жерлерде шалдығады. Бұған
шопан иттерінің дер кезінде дәріленбей, құрттардан толық арылмауы себеп
болады.
Айналманың ерекше белгілері ценур личинкасының мал миында көп не аз
болуына және мидың қандай бөлігінде орналасуына байланысты. Айналманың
өршуі төрт сатылы.
Бірінші сатысы - малдың таспа күрт жұмыртқасымен зарарлануынан алғашқы
клиникалық белгілері анықталғанға дейін.
Екінші сатысы - алғашқы белгілер кезеңі. Бұл кез құрт онкосферасыньщ
миға жетіп онда әртүрлі қабынулар тудыруына байланысты. Олар үріккіш
келеді, жүріс-тұрысында ерекшеліктер боладьі, есеңгірейді, паралич белгісі
байқалады, кейде қозылар еледі.
Үшінші саты - бұл кезде малда айналманың ешқандай белгілері
білінбейді. Ауру жасырын түрде дамиды. Төртінші сатыда айналманың барлық
белгілері айқын көрінеді. Ауру мал бір орында айналады, кейде алға, артқа
жүріп, шегіншектейді, құлап түседі, от-судан қалады, жүре алмай жатады,
т.с. Айналма ауруы 8-9 ай бойы созылып, ауырған малдың өлуімен аяқталады.
Жанузаков Н.Ж. [5] Мал айналмасы аурудың соңғы сатысындағы ерекше
белгілеріне қарап оңай ажыратылады. Малдың жүрісіне, көздерінің көру
қабілетіне, басын қисайтуына, бас сүйегінің беріктігіне т.с. қарай ценур
жылауығының қай жерде орналасқанын да анықтауға болады. Өсе келе ценур бас
сүйекті тесуі де мүмкін. Сүйектің жұқарған жерін саусақпен басып-барлап
білуге де болады. Сонымен қатар ценурозды аллергиялық әдіспен де анықтауға
болады. Шаруашылық жағдайында осы мақсатта ценур сұйығын мал қүйрығының
жүнсіз қыртысына шприц көмегімен енгізіп 2-3 сағаттан сон, қарайды. Егер
мал ауру болса аллерген егілген жер ісініп қызарады, ісіктің қызуы артады.
Айналманы пысқырық (эстроз), ми сетариозы, ми эхинкоккозы, кейде
мониезиоз, листериоз, кұтыру, ауэски ауруы және т.б. аурулардан ажыратып
отыру керек.
Өлген малдың бас сүйегін жарып миын тексеру арқылы ценуроз дәл
ажыратылады.
Емдегенде малдың айналма басың сүйегін тесіп шприцтің кемегімен
алдымен ценур сұйығын, содан соң ценур қабықшасын түгелдей алып тастаса
ауру мал айығып кетуі мүмкін. Бұл емнің тиімділігі жоғары. Осы мақсатта
трепан аспабы немесе қан алатын инені пайдаланады. Операцияны асептика
және антисептика ережелерін сақтай отырып жүргізеді.
С.Н.Баев., Г.И.Диков [6] ценурозбен ауырған малды дер кезінде отардан
бөліп алып сойысқа тапсырады. Өлген малдың басын ит жемес үшін арнайы
Беккари құдығына тастайды немесе өртеп жібереді.
Шаруашылықтағы барлық иттерді, әсіресе шопан иттерін жыл бойы жоспарлы
түрде әлсін-әлі дегельминтизациялап отырады. Жүргізілген жұмыстар арнаулы
журналға тіркеледі. Бұралқы иттерді жойып отырады.
Иттерді емдеу мақсатында көбінесе фенасал антгельминтигін 0,3 гкг
есебінде азыққа қосып жегізеді. Сонымен катар ит цестодозына қарсы бром-
сутекті ареколин де пайдаланылады. Оны иттердің әр килограмм салмағына
0,004 гкг есебінде 12-14 сағат ашықтырған соң ішкізеді. Дәріні шприцтің
көмегімен иттің аузына құяды немесе азыққа қосып береді.
А.Малов и А.Серков [7] ми ценурозы тұяқты мал мен тұяқты жабайы
жануарлардың ауруы деп аныктайды. Онымен адамның да зарарлануы мүмкін.
Ценуроз, әсіресе, қой арасында кеңінен тараған.
Қоздырғышы жетілген таспа құрттар - мультицепс ит және кейбір ет
қоректілердің ащы ішегін мекендейді. Бұл құрт төрт сорғышты және екі қатар
ілмекшелі бас пен көп мүше бөлікті стробиладан (денесі) тұрады. Оның
ұзындығы 1,5 метрге жетеді. Таспа құрт жыныстық жағынан жетілген түріне 36-
73 күнде айналады. Ит организмінде 6-8 айға дейін тіршілік етеді. Бір ит
күн сайын сыртқа 10 миллионға жуык жұмыртқа бөліп тарата алады. Жұмыртқа
ішінде үш қос ілмешекті онкосфера (ұрық) болады.
Ми ценурозының жылауық, яғни ларвальды түрі екі қабаттан тұрады.
Герминативті қабықша іші мөлдір сұйыққа және жүздеген сколекстерге толы
болады. Мұндай циста ценур жылауығы деп аталады. Оның көлемі әр түрлі
келеді және ол даму сатысына, миға орналасуына және мал түлігіне
байланысты болады.
А.К.Құсайынов., И.А.Нұровтың [8] деректеріне қарағанда ценурлар қой
организмінде 3 айдан соң инвазиялық жағдайға жетеді. Ит не басқа тұрақты
иелері ценурозға шалдыққан малдың басын жегенде олардың ащы ішегінде
мультицепс-мультицепс құрттары өсіп-жетіледі.
Ценуроз Қазақстанның барлық жерінде таралған деп автор жазады. Егер
эхинококкоз оңтүстік және батыс облыстардың қойып көп зарарласа, ценуроз
жағынан жағдай басқаша. Жалпы шаруашылықтық санитарлық-гигиеналық жағдайы
нашар болса ценурозда тез тарайды (мал өлексесін көметін арнаулы шұңқыр-
құдықтардың жоқтығы, мал өлексесін итке тастау, малшылардың шамадан тыс
көп ит ұстауы).
Қазақстанда мультицепс құрты ит арасында барлык, облыста кездеседі.
Бірақ Көкшетау облысы иттерінің 4,8 проценті, Талдықорғаң облысы иттерінің
23,5-25,6 проценті, Орал облысы иттерінің 39,3 проценті ауырғаны жайлы
деректер бар.
Республика бойынша орта есеппен алғанда ценуроз қоздыратын құрттар
малшы иттерінде - 14,7 процент, елді мекен иттерінде - 2,4 және қала
иттерінде 1,5 процент болып келеді.
М.Сабаншиев [9] ауру бірнеше кезең-мен өршиді. Біріншісі - ценуроздың
алғашқы сатысы. Ол ауру жүқаннан кейін 17-20 күнге созылады да клиникалық
белгілері білінбейді. Бүл уақытта паразит ішкі органдар мен қан айналу
жүйесі арқылы миға жетіп, одан әрі өсіп-жетіле береді.
Екіншісі - ценуроздың жіті сатысы. Бұл кезде мал қалтырайды, жүріс-
түрысы бұзылады, ақырында сал болып қалады.
Жіті ценуроз 2-3 күн ішінде өтеді. Малдың біразы қырылады, ал тірі
қалғандарында клиникалық белгілері бірте-бірте өшеді де, жазылып кетеді.
Үшінші сатысында жасырын өтеді, сөйтіп төртінші немесе ценуроздың
қорытынды сатысына (2-4 айдан кейін) ауысады. Бұл кезде ми тканінің бір
бөлігі семіп, нерв жүйесі бұзылады да, ауру малдың жалпы күйі күрт
нашарлайды. Қой арықтап, әбден титықтайды да ақыры өліп калады.
А.Журовец [10] республикада ценурозбен күн сайын орта есеппен 200-дей
қой ауырады деп автор жазады.
Ценуроздан малдың қоңдылығы төмендейді, өлім-жітімге ұшырайды немесе
ауруға шалдыққан мал лажсыз сойылады. Мұның бәрі шаруашылық үшін қыруар
зиян.
Кейбір зерттеулерге қарағанда ценуроз ауруының алғашқы кезеңінде
сойылған бір қойдан орта есеппен 2,6 кг (17 процент) ет пен 0,2 кг (18
процент) май кем алынған. Аурудың төртінші сатысының басында сойылған
қойдан 3,7 кг (0,5 процент) ет пен 1,05 кг (95,5 процент) май кем түседі.
Ауру барысының ақырғы кезеңінде сойылған малдан орта есеппен 7,4 кг (50
процент) ет кем алынады. Мүндай қойдың еті тағам дайындауға жарамайды.
Ондай ет техникалық немесе малға азықтық қажеттерге жүмсалады.
З.К.Қожабеков [11] ауруды анықтау үшін клиникалық белгілеріне, яғни
бір жағына қырындап жүру, шыр айналу, шегіншектеп жүру, қалтырау, сал
болуы, көрмей қалу секілді белгілеріне қарай анықтайды. Бүл ауруды
листериоз ауруынан ажырата білу керек. Қептеген жағдайларда оны
аллергиялық әдіспен де анықтап білуге болады.
Тентек (ценуроз) ауруымен алты айлық қозыдан екі жасқа дейінгі қойлар
ауырады деп жазады. Қоздырғышы - ценур деп аталатын құрт, қан арқылы
койдың миына еніп орналасады. Ценур өте жылдам өсіп, кей уақытта тауықтың
жұмыртқасындай үлкендікке жетеді. Тентек болып, миына зақым келген қой,
айналшықтап жайыла алмайды, салмағы кемиді, жүні азаяды.
В.И.Бондарева [12] ауру асқынған кезде жүріп келе жатып мелшие қалу,
бағытсыз жүріп кету, отардан бөліне қашу, кілт тоқтап артқа шегіну, оқтын-
оқтын басын бір жағына қисайтып алып, бағдарсыз жүріп барып сүріну,
жығылу, басын кегжитіп алып тұра жөнелу, кебіне бағытын жоғалтып бір
орында айнала беру сияқты белгілер байқалады.
Құрттың ұзындығы жарты метрден бір жарым метрге дейін созылады. Оның
тұрақты мекендейтін жері ит пен қасқырдың ішек-қарыны. Ит болмаса қасқыр
жайылымды, суатты езінің нәжісімен бірге сыртқа шыкқан күрттың буындарымен
былғайды. Әрбір буында, қүрттын бірнеше жүз жүмыртқалары болады. Сыртта,
буындар жауын-шашынның, жем мен судың әсерінен шіріп ыдырайды да, мыңдаған
жүмыртқалар босап шығады. Осы арада жайылып жүрген қой, шөппен бірге сол
жұмыртқаларды жұтып жібереді. Қойдын ішінде ол жұмытрқадан жарып шыққан
құрттардың ұрығы ішектің кілегей қабаты арқылы қанға сіңіп, тамырлар
арқылы миға барады да, үш-төрт айда пісіп шыға келеді. Тентектен өлген
қойдың басын, миын, не жүлынын жеген иттін, ішегіне барып орналасқан ұрық-
құрт екі айда ересек таспа құрт болып жетіледі.
А.К.Кузнецов., А.И.Протасов [13] тентек ауруы, тек операция арқылы
ғана емделеді. Мал дәрігері егерде қойды операцияға жатқызбаса, онда ауру
басталысымен ол кой сойылуы керек.
Операция жасалатын қойды мал дәрігері жақсылап тексеріп, ценурдың
мекендеген орнын біліп, теріні жансыздандырады. Онан соң терінің бір
жағынан дөңгелектеп тіліп, сүйек қабығын тілінген жеріне қарама-қарсы
скальпельмен сыдырады. Бастың сүйегін скальпельмен ояды да, ценурдың
ішіндегі суларын шприц арқылы сорып, өзін пинцеттің ұшымен суырып алады.
Жараны тампонмен сорғызып, пеницилин ұнтағын себеді. Сонан соң сүйек
қабығын қайта орнына бекітіп, жараны жабады да, теріге жіп салады. Жараның
жігіне йод ерітіндісін жағып, оны таза дәкемен жуып, шетшетінен коллодий
ерітіндісімен жабыстырып, сыртынан таңғышпен таңып қояды.
Операция жасалынған қойларды басқа қойлардан бөлек таза бөлмеде үстау
керек. Арада 8-10 күн өткен соң терідегі жіпті алып, орнына йод
ерітіндісін жағады.
А.К.Днекешев [14] тентек ауруы жалғыз қойға ғана емес, ешкіге, ірі
қараға, әуелде адам үшін де аса қауіпті. Сондықтан шопандар қауымы мал
дәрігерлерімен бірлесе отырып, тентек ауруымен күрессе бүл ауруды
толығынан жоюға болады.
Шаруашылықтардағы барлық иттер есепке алынып, иесі жоқ қаңғырған иттер
жойылуы керек. Қойшылардың иттері ай сайын бір рет ареколин ерітіндісімен,
қалған айларда феносалмен дегельминтизациядан еткізілуі тиіс. Арам елген
малдың өкпе-бауырын, бас-сирағын, ішек-қарынын өртеп жібереді, немесе
терең қазылған орға көміп тастайды.
В.К.Чубарь [15] өзінің анықтамалығында айналма (ценуроз) жайлы былай
жазады. Қоздырғышы - таспа құрттың личинкасы Мulticeps multiceps. Таспа
құрттың ұзындығы 80см, ол иттің, қасқырдың, түлкінің және шиебөрінің шегін
зақымдайды. Личинкасы - жұқа қабығы бар, үлкендігі бұршақтан тауық
жұмыртқасына дейін жететін іші мөлдір сұйыққа толы көпіршік. Көпіршіктің
ішкі қабығында 100-250 личинка басы болады. Личинка қойдын бас миын
(сирегірек жұлынын) зақымдайды. Ауру оңтүстік аймақтарда көбірек
кездеседі.
Бұлардың да шығу және жұғу жолдары эхинококкоздағыдай. Ит және басқа
да мал личинкамен зақымданған қойдың басын жеп ондағы жынысы өсіп жетілген
таспа құрттың түрін жұқтырады.
М.В.Плахотин [16] ауру жіті және созылмалы түрде етеді. Аурудың
белгілері миға көпіршіктердің жайылуына және оның көлеміне байланысты
анықталады. Аурудың жіті түрі зақымданғаннан кейін бірінші күні білініп
(кебінесе қозыда), мидың ауыр зақымданған белгілерімен өтеді. Ал созылмалы
түрі зақымданғаннан кейін 2-6 айдан соң білінеді. Бұл әсіресе бір жасқа
дейінгі жас малдарда жиі кездесіп, орталық нерв жүйесі қызметінің
бұзылуымен сипатталады. Мұндай жағдайда мал айналшақтай береді. Мал одан
әдетте өліп тынады.
И.И.Магда., Б.З.Иткин и И.И.Воронин малға тірі кезінде диагноз
клиникалық белгілеріне, тері ішіне енгізілген аллергиялық реакцияның
нәтижесіне және көз түбін зерттеу қорытындысына қарай (көру нервісінің
ұштарында тұрып қалған заттарды табу) койылады. Қөз қарашығын зерттеу және
аллергиялық реакция ценуроздың ертеде дамыған стадиясын анықтауға
мүмкіншілік береді. Өлгеннен кейінгі диагноз мида личинканың табылуына
қарай қойылады. Ми семеді, сол сияқты лейкоцитарлы инфильтрат байқалады.
Ценурозды анықтауда қойдың пысқырығын (жалған ми құрт) және мониезиоздың
нервтік түрін айыра білу кажет. Бірінші жағдайда танауынан сілекей аққаны
байқалады, ал екінші жағдайда сұйық нәжісінен оның мөлшерін табады.
Емдегенде қойдың бас сүйекті тесе отырып, көпіршіктерді алып тастайды
(Тарасовтын, әдісі бойынша) немесе бас сүйектің жұмсақ жерін троакармен
немесе қан құйғыш инемен тесіп, сұйықты шприцпен сорғызып алып,
қабыршақтарын ілмекпен тартып алады (Седышеваның және Горюновтың әдістері
бойынша).
Хирургиялық емдеу әдісін (немесе хирургиялық дегельминтиза- циялауды)
ценурозды девастациялау шараларының кешеніне қосу алдына екі мақсат қояды:

1. Ветеринарлық қызметтің қадағалауымен ценурозбен ауыратын мал
басын шоғырландырып оқшаулау, соның арқасында өзара зараланудың
биологиялық тізбегін үзу (ит-қой, қой-ит). Бұл әдістің тиімділігі
еліміздің түрлі географиялық аймақтарында белгіленген. Хирургиялық емдеу
тәсілімен жануарлардың өлімі мен амалсыздан сойылуын тоқтату, сол арқылы
гельминтозға қарсы шаралардың тиімділігін арттырып, насихаттау жұмысын
жүргізу болып табылады. Бұл кезде ценуроздың қоздырғышының биологиясы
туралы білімнің де маңызы зор Қазіргі уақытта ценурозбен аурытаын
жануарларды хирургиялы емдеу тәсілі туралы бірқатар тәжірибе жинақталған.
Ценуроз кезіндегі орталық жүйке жүйесінің ауыруын консервативтік
жолмен емдуге тырысулар қажетті нәтижеге жеткізбеді. Мысалы Р. Тайменов,
А. Реджеков және В. Носовтың жұмыстарында ценурозбен ауыратын қойларды
йодпен ионогальванизациялау кезінде ценуроз сколекстерін тіршілікке
қабілеттілігі зерттелді. Авторлардың зерттеулері бойынша тек тоғыз
сағаттық сеанстың қажетті нәтижеге қол жеткізгенін анықталды және қойдың
зақымданған басын итке берген кезде итке аурудың жұқпағаны анықталды.
Бірақ бұлайша емдеу орындалуы қиын болып келеді және қойдың ағзасына кері
әсерін тигізуі де мүмкін.
Новосергиев облысының ветеринарлық дәрігерлерімен және Оренбург,
Кишинев ауыл шаруашылық институттарының хирургия кафедраларымен бірігіп
жұмыс жасау нәтижесінде қойлардың бас миына ценурозға 2200 операция және
13 операция жасалғаны туралы жазған жиырма жылдық жұмыс нәтижесінде
жинақталған нақты материалдар, басқа да мамандардың тәжірибелік
зерттеулері осы аурудың топикалық балауын жүргізудің кейбір мәліметтерін
нақтылауды, бас миының түрлі бөліктерінің зақымдануы кезіндегі операциялау
техникасы туралы және операциядан кейінгі асқынулардың өту барысы туралы
мәліметтерді толықтырады.

1.1.Орналасуы
Құрттың жынысы жетілген сатысы иттің, кейде қасқырдың, қорқау
қасқырдың және түлкінің ащы ішегін, ал көпіршік ларвоцистасықойдың,
сирегірек ешкінің, бұзаудың, кейбір тағы тұяқтылардың орталық жүйке жүйесі
ұлпаларын (миында және жұлынында) мекендейді.

1.2.Таралуы
Қой айналмасы Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Егер
эхинококкоз оңтүстік және батыс облыстардың қойып көп зарарласа, ценуроз
жағынан жағдай басқаша. Жалпы шаруашылықтық санитарлық-гигиеналық жағдайы
нашар болса ценурозда тез тарайды (мал өлексесін көметін арнаулы шүнқыр-
қүдықтардың жоқтығы, мал өлексесін итке тастау, малшылардың шамадан тыс
көп ит ұстауы).
Қазақстанда мультицепс құрты ит арасында барлык, облыста кездеседі.
Бірақ Көкшетау облысы иттерінің 4,8 проценті, Талдықорғаң облысы иттерінің
23,5-25,6 проценті, Орал облысы иттерінің 39,3 проценті ауырғаны жайлы
деректер бар.

1.3.Қоздырғышы
Жіктелуі:
Топтамасы:
Тап: Cestoda
Тегі: Cyclophyllidea
Тек тармағы: Taeniata
Тұқымдасы: Taeniidae
Туысы: Multiceps

Құрттың ересек сатысы – Multiceps multiceps (Leske, 1780), ұзындығы 40-
60см-ден 1-1,5 м-ге дейін барады, денесі 200-250 бунақтардан құралған.
Көпіршігі – Coenurus cerebralis – іші түссіз сұйыққа толы, ішкі жағынан
бүртік секілді нүктедей жүзден артық сколекстері байқалады. Мида 2-3 ценур
кезеседі, олардың үлкендігі кейде тауық жұмыртқасындай.

1.4.Өсіп-өнуі
Ит ішегін мекендейтін ересек мультицепс құртының әрбір пісіп жетілген
буылтығында мыңдаған жұмыртқалар болады. Күн сайын ондаған бунақтарқұрт
денесінен үзіліп, нәжіспен бірже сыртқы ортаға тарап жатады. Бунақтар
жауын-шашын, жел-су ықпалымен ыдырайды да, ал олардан ажыраған жұмыртқалар
өсімдікке, суға түсіп, мал өрісіне тарайды. Малға айналма дерті гельмінт
жұмыртқасымен былғанған, шөппен, сумен жұғады. Құрт жұмыртқасы мал
асқазанына түсісімен сыртқы қабықтарынан айырылады, одан босап шыққан
онкосфера ішекті тесіп өтіп, қан тамырларына енеді, қан арқылы миға не
жұлынға орналасып, 3 ай ішінде ценурға, яғни ценур көпіршігіне айналады.
Ит өлген немесе сойылған ценуроз қойдың басын кеміріп жеу арқылы
зақымданады. Ит ішегіне түскен балаңқұрт орта есеппен 1,5-2 айда жыныстық
сатысына жетіліп, 6-8 ай, тіпті 1,5-2 жыл өмір сүреді.
1.5.Эпизоотологиялық мәліметтер
Ценуроз Қазақстанның қой өсіретін барлық шаруашылықтарында кездеседі.
Айналмамен көбінесе бір жасқа дейінгі қозылар ауырады. Ал екі жастан асқан
қой бұл дертке сирек шалдығады. Мал шығыны жылдың барлық айларында
тіркеледі. Гельминтоздың малға жұғу мезгілі оларды жайылымға шығару
мерзіміне дәл келеді. Республикамыздың солтүстік аудандарында мал өлімі
жазғытұрым басталып, күздің аяғына дейін жалғасады. Оңтүстікте жас
төлдердің тентекке ұшырауы сәуір-мамыр айларында басталып, шілде-тамызда
көбейе түседі. Ценуроздың клиникалық белгілері қойға оның қоздырғышы
жұққаннан кейін 3-6 ай өткен соң ғана біліне бастайды. Бұл аурудың ең
асқынатын кезі – ерте көктем.
Ценуроздың эпизоотологиясында иттер маңызды міндет атқарады, өйткені
олар сыртқы ортаға таспа құрттың мыңдаған, миллиондаған жұмыртқаларын
шашады. Цестодалардың жұмыртқасы күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде
тірлігін ұзақ уақыт (бір жылға дейін) сақтай алады.
Үнемдік зияны
1. Ауырған малдың шығыны 25-30% дейін болады.
2. Ауырып шыққан мал көпке дейін қоң жинамайды, семірмейді.
3. Диагнозды қоюға, емге, алдын-алу шараларына жұмсалатын қаражат.

1.6.Аурудың өрбуі мен сырт белгілері
Аурудың өрбуі. Ценуроз қоздырғышының мал денесіне тигізер ықпалы, құрт
онкосферасы ащы ішек қабаттарын тесіп өткеннен бастап байқалады.
Патоморфологиялық өзгерістер ащы ішек пен тоқ ішекте, бүйенде айқындала
түседі, бұлардың кілегей қабатынан көптеген нүкте тәріздес қанталауларды
көруге болады. Одан кейін онкосфера қан, сөл (лимфа) жолдары арқылы барлық
дене мүшелеріне таралады. Бас миында алғашқы өзгеріс ауру жұқтырғаннан
кейін 2 тәулік өтісімен анықталған. Ценур көпіршігі орналасқан жер
зақымдалып, қабынады. Көпіршік күнделікті өсіп, ұлғайған сайын орталық
жүйке жүйесінің қызметін бұза бастайды. Бұл гельминтоз өте зардапты дерт,
одан мал өлмей тірі қалуы мүмкін емес.
Сырт белгілері. Ценуроздың клиникалық белгілері мал денесіне енген
балаңқұрттар (онкосфера) санына және оның ми бөлшегіне жайғасқан орнына
байланысты. Осыған орай тентектің клиникалық көріністері аурудың мерзіміне
қарай әртүрлі болады. Ауру сырт белгілеріне қарай төрт сатыға бөлінеді.
Бірінші сатысы немесе алғашқы жасырын кезеңі. Ценуроз жұққан қойда
ещқандай клиникалық белгі байқалмайды, бірақ құрттың организмінде бар
екенін иммунологиялық реакцияны пайдалану арқылы білуге болады.
Екінші сатысы немесе сырт белгілері білінген кезеңі шамамен алғанда мал
залалданғаннан кейін 17-29 күн өткен соң басталады. Мал аз жусап, күйісті
шала қайырады, денесі дірілдейді, тісін қайрайды, елеңдеп, жоқтан өзгеден
үркіп, дүрлігіп, кейде жатқан орнынан атып тұрып, құлақтарынқайшылап,
шошынған қалып танытады. Бұл кезең 2-7 күнге созылады. Қозылар арасында
шығын болуы ықтимал
Үшінші сатысы немесе екінші жасырын кезеңінде малдың күйі кәдімгідей
жақсарады, аталған клиникалық белгілер өзінен-өзі жойылып, білінбей
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диктиокаулез туралы
Күйіс қайыратын жануарлардың хабертиозының балау
Ценуроздың ауруының өрбуі
Тениуколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау
Жылқылардың маңқа ауруы
Етқоректілер эхинококкозын балау
Маңқа қоздырушысы
Жануарларды фасциолезден сақтандыру шаралары
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР. Зерттеудің əдістері мен материалдары
Мұрын маңқасы
Пәндер