АЛТЫН ОРДА ӘДЕБИ ЖӘДІГЕРІ - РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУ ҮЛГІЛЕРІ
ӘОЖ 818.992.71
АЛТЫН ОРДА ӘДЕБИ ЖӘДІГЕРІ - РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУ ҮЛГІЛЕРІ
Сапарбек ЕРГӨБЕК*
Түйіндеме
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғ. басында қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым өкілдері кезең әдебиетіне мол жеміс берген, дәстүр қалыптастырған қаламгерлер болды. Олар қазақ әдебиетін тақырыптық, жанрлық және көркемдік тұрғыдан байытуға мол үлес қосты. Бүгінгі таңда олардың мұрасын діни-ағартушылық әдебиет, қиссалық әдебиет секілді атап жатады. Өкілдерін шайыр, нәзирашыл ақын, діни ақын атайды. Мақалада түркітанудағы кітаби әдебиеттің қайнар бастауы алтынордалық әдебиетте жатқандығы сөз болады.
Кілт сөздер: түркі өркениеті, алтынордалық әдебиет, кітаби әдебиет, кітаби ақын, дәстүрлі жазба әдебиеті
Summary
The representatives of the religious educational tendency of Kazakh literature of the second part of XIX century and beginning of XX century wrote a lot of labor and formed a new tradition. They made their contribution on developing thematic and genre sphere of Kazakh literature. Nowadays we name their heritage as "religious educational literature" and as "Qissaiq literature". The representatives are called as "shair", "naziraic bard" or "religious bard". The article considers the literature of Golden Horde as a cradle of "Kitabic literature" in Turkology.
Key words: Turkish civilization, the literature of Golden Horde, Kitabic literature, kitabic bard, traditional written literature.
Қазақ әдебиетінің тарихында кітаби ақындық және оның басты шығармашылық дәстүрі - нәзирагөйлік Алтын Орда дәуірінде ұлы Ұлыстың мемлекеттік рухани қазығы ретінде мұсылман дінін берік бекіту, ұлыстың түрік жұртының ислами өркениетін қалыптастыру мүддесімен қабыса келіп туындады. Кітабилықтың кейінгі кезеңі орыс отарлығына қарсы қолданылатын рухани қару, діни, әдеби, жалпы өркениеттік, бүгінгі тілмен айтқанда, діни ағартушылық қозғалыс ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында қайта туып өркен жайды. Сондықтан да олар жырлаған басты тақырып дін болды. Ал кітаби ақындардың өзге тақырыптарға баруы: Мың бір түн, Кәлилә мен Димнә, Тотынама, Шаһнама желілерін дербес нәзиралық туындылар етіп жырлауы діни тақырыптың өскен, өркен жайған, әдеби үдеріс ретінде даму көрінісі деуге болады. Өйткені олар жырлаған әр туындыда дерлік діни, діни-гуманистік, діни-фәлсафалық сарын шығарманың ішкі өзегіндегі тіні, арқауы болып өріліп жатады. Бұл бұрынғы діни фәлсафалық-сопылық, кейінгі діни ағартушылық болар.
Кітаби ақындар жырлаған діни қисса немесе хикаялардың түп негізі олар білім алған мектеп, медреселерде оқулық материалы ретінде пайдаланылғанарап, парсы тілдеріндегі діни шығармалар болғаны анық. Сонымен қатар олар Алтын Орда дәуіріндегі жазба діни шығармаларды да оқып өскені және олардың мәтіндерін нәзиралық дәстүр аясында қайта жырлап отырғаны аңғарылады. Себебі олар алдымен түрки, шағатай аталған ескі тілімізді, сол тілдегі әдебиетті оқып өсті. Сол секілдідіни оқу мен әдебиеттің негізгі тілдері саналатын арап, парсы тілдерін жетік меңгерді.
Қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы ғылымында айтылып жүрген Алтын Орда әдеби ескерткіштерінің де басым бөлігі діни шығармалар. Мысалы, Қисса Жүсіп, Қисасу-л-әнбия, Жұмжұма, Нахжу-л-фарадис секілді шығармалар. Осылардың ішінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ діни, нәзиралық қисса, хикаяларының көпшілігіне өзек болған туынды Насыр-Ад-Дин қазы Бурханаддинұлының Қисасу-л-әнбия атты еңбегі.
Рабғузи қиссаларындағы туындысының түрлі нұсқалары мен олардың ерекшелігі мен жариялануы жөнінде Ильминскийдің, Мелиоранскийдің, Маловтың, Остроумовтың, Катановтың, өзбек зерттеушісі Айбектің зерттеу еңбектерін атап өту қажет. Н.И. Ильминский 1859 жылы туындының толық тексін алғаш Императорлық Қазан универсиетінің баспаханасынан бастырып шығарады. Ал осы туындының зерттеуіне алғаш жол салғандардың бірі П.М. Мелиоранский Британия музейіндегі ең ескі, толық қолжазбаны қарап шығып, көшіріп алған кейбір үзінділерін елге келген соң, 1897 жылы жариялайды. Ол сөйтіп туындының Британия нұсқасын Москва, Ленинград кітапханаларындағы қолжазбаларымен салыстырып, ғылыми-салыстырмалы зерттеудің негізін қалайды. Мұндай салыстыра тексеріп, өзара ұқсастықтарын көрсету Н.Ф.Катановтың Мұсылман аңыздары мақаласында да көрініс тапқан. Ол Қытайдың Гань-Су-Синь-Цзянь провинциясын аралағанда жергілікті мұсылмандардың айтуынан жазып алған кейбір аңыздарды Құранмен, Рабғузи қиссаларымен салыстыра тексереді.
Қазақ әдебиеті тарихы ғылымында ғалым Б. Кенжебаев Алтын Орда дәуірі әдеби ескерткіштерін қазақ халқының рухани мұрасы ретінде көтерген кезеңде дәуір әдебиетіне қатысты басы ашылмаған мәселелер мен қиындықтар мол болатын. Кеңес одағының құрамындағы кейбір түркі кеңестік республикалар ғалымдары Алтын Орда әдеби жәдігерлерін тек өздерінің ғана төл мұрасы ретінде қарастырса, кейбір қазақ ғалымдары бұл рухани мұраны қазақ сөз өнерінің тарихына қатысы жоқ дүниедей қарады. Мәселен, 1950 жылы М. Айбектің алғысөзімен шыққан Өзбек әдебиетінің антологиясында Рабғузи қиссалары әдеби мұра ретінде өзбек әдебиетінің тарихында біржақты қарастырылса, С.Қасымовтың зерттеуінде Мухаббатнаманың өлең құрылысын талдауы сәтті шыққанмен, тілдік қасиеті мен ерекшелігін, тарихи жағдай тәрізді объективті мәселелер ескерілмей, таза өзбек халқының әдеби мұрасы деп біржақты тұжырым жасалады.
Қазақ әдебиеті тарихы ғылымында Алтын Орда әдеби ескерткіштерінің қарастырыла бастауы профессор Б.Кенжебаевтың есімімен байланысты. 1914 жылғы Қазан баспасынан алынған әдеби мұра алғаш рет профессор Б. Кенжебаевтың жетекшілігімен 1967 жылы шыққан Ертедегі әдебиет нұсқалары атты хрестоматияға енгізіледі де, ол сол кездегі ғылымдағы елеулі жаңалыққа, бетбұрысқа айналады. Бұл ретте тілші ғалымдар Ғ. Айдаров, Д. Құрышжанов, Н. Томановтар 1971 жылы жариялаған Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі деген оқулықта тілдік-лингвистикалық жағынан зерттелініп, ескерткіштің жазылу тарихы мен көшірмелері туралы бірқатар мәліметтер беріледі. Ғалым Б.Кенжебаевтың 1973 жылы шыққан Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері атты зерттеу еңбегінде дәуір әдебиетінің жәдігерлері қазақ әдебиетінің тарихына қатысты талданады, зерделенеді.
Б.Кенжебаевтың шәкірті Рабғузи қиссаларындағы әдеби ескерткішін жан-жақты қарастырған ғалым А.Қыраубаева болды. Оның бұл туындыны зерттей бастаған тұсында Рабғузи қиссалары әдеби сипаты сөз арасында, шолу ретінде ғана айтылғаны болмаса, әлі толық назар аударылмаған еді. Бұл ретте профессор Б.Кенжебаевтың 1968 жылы Жұлдыз журналының №7 санында жарияланған Рабғузи қиссаларындағы мақаласы А. Қыраубаева зерттеулерінің негізгі бастамасы болды. Әдеби-танымдық мәні зор бұл мақалада ескерткіштің сюжеті, құрылысы, басты ерекшеліктері мен кейбір жеке әңгімелері талданды.
Ғалым А.Қыраубаева әдеби ескерткішті заманауи көзқараспен ғылыми тану- талдаудың методологиялық жағынан дұрыс жолға қойылмауын былай түсіндіреді: біріншіден, танымал түрколог ғалымдардың ескерткіштің мән-мағынасын ашу, тарихи-әдебиеттік жайын зерттеу туралы ескертпелері біраз уақыт бойы кеңестік әдебиеттану ғылымы тарапынан ескерусіз қалды; екіншіден, талай қоғамдық, тілдік өзгерістерге ұшырап, сан ғасырларды асып жеткен әдеби мұраға өз уақыты, ортасы тұрғысынан қаралмады; үшіншіден, қазіргі уақыт биігі мен идеологиясы тұрғысынан қарау дұрыс емес. Сол себепті де әр дәуір ескерткішін өзін тудырған қоғамдық-әлеуметтік құрылыспен, жағдаймен байланыстыра зерттегенде ғана оның сан-салалы сипаттары, ішкі ерекшеліктері ашылатыны ескерілмеді. Рабғузи қиссалары тәрізді көне жәдігерге ғана емес, кеңестік кезеңде халықтық көркем туындыларға, тарихи әдебиет пен ұлттық өнердің, рухани мәдениеттің өзге салаларына, тіл мәселесіне үлкен қатер туғызғаны акад. С.Қирабаевтың Әдебиет пен өнер - ұлттық идеологияның маңызды саласы мақаласында жан-жақты талданып көрсетіледі. Коммунистік идеология ерте замандарда жасалған халықтық көркем туындылардың өзін партиялық, таптық тұрғыдан түсіндіруге тырысқанын, соның нәтижесінде ұлттық әдеби мұрамыздың көп бөлігі ескішіл, феодалдық, кертартпа, ұлтшылдық идеологияны жақтайды деген айыппен қолданыстан шығып қалғанын, сөйтіп саясаттан тыс жасалған халық әдебиеті үлгілерінің өзі саясатқа бұра талданғанын айтады. Мұның нәтижесі белгілі. Халық қаһармандары таптық тұрғыдан қарастырылып, көптеген эпостың басты кейіпкерлері бірі бай баласы, бірі хан қызы деп шеттетілсе, тазша, жетім бала туралы ертегілер мен тегі кедей деп айтылатын Қамбар батырдан басқа қаһармандардан ауыз әдебиет айырылып қала жаздағаны әдебиет тарихынан мәлім. Мұндай біржақты көзқарас әдебиеттің өзге салаларын бағалауда да өріс алды.
Сондықтан да әдеби мұраға тек бір ғана көзқарас, пайым-талдаумен келу қажеттілігін ұстанған кеңестік ғылымда көп уақыт бойы Рабғузи қиссалары тәрізді мұралардың шеттетілуі, ескішілдік деп танылуы қалыпты жағдай болатын. Осындай кездің өзінде ғалымның орта ғасырлық мұраға өзіндік тың көзқараспен баруы батылдық, орныққан ғылыми принцип көрінісі еді дейміз. А. Қыраубаеваның мұндай принципті ұстануына, ең алдымен, ұстазы Б. Кенжебаевтың тікелей әсері болды десек, арғы-бергі белгілі шығыстанушы ғалымдардың ғылыми тұжырымдары да оның ойын бекіте түскен. Мәселен, белгілі әдебиеттанушы Н.М. Маллаевтың Рабғузи қиссаларының тематикасы, идеялық бағыты негізінен діни сипатта болғанмен, жазушының жеке дүниауи әңгімелері мен өлеңдері көркем әдебиеттің дамуына игі ықпал етті. Рабғузидың шығармашылық қызметінде діни-мистикалық аңыз бен дүниауи өмір шындығы қатар беріле отырып, осы екі көзқарас өзара белгілі дәрежеде күресіп жатқаны байқалады деп келетін мәнді пікірінің А. Қыраубаева зерттеуінің методологиялық негізі болды [1, 27 б.].
Уақыт бедері атты зерттеуінде А. Қыраубаева 1924 жылы Бакуде шыққан В.В. Бартольдтің Место прикаспийских областей в историй мусульманского мира еңбегін, 1925 жылы баспа бетін көрген А.К. Дживгеловтің Начало Итальянского Возрождения, 1932 жылы Ленинградта шыққан А.Ю. Якубовскийдің Феодализм на Востоке. - Столица Золотой Орды Сарай Берке тәрізді көптеген көне кітаптарды негізге алады. Алтын Орда дәуірінің тарихи-ғылыми сипаттамасын нақтылауға мән берген А.Қыраубаева сол кезеңнің әдеби мұрасы Рабғузи қиссаларына терең аналитикалық талдау жүргізеді. Сол дәуірдегі әдебиеттің даму өрісіне, қарастырар туындының жанрлық табиғатына, дәстүр және жалғастық мәселелеріне, зерттелу тарихына назар салады. Аударма-нәзиралық шығармалардың жазылу себептері мен әлеуметтік астарына мән береді.
Ғалым танымында аударма-нәзиралық шығармалардың дүниеге келу сыры мен шығармашылық табиғаты өткенге ден қою, уақыттың көкейтесті мәселелеріне қажетті жауапты өткен ойшылдар мен ұлылардың туындыларынан іздеу, табу, қайта жарату болып табылады. Шығыс әдебиетіндегі нәзира деп аталатын бұл дәстүр жөнінде кезінде ұлы жазушы-академик М. Әуезов ғылыми тұжырымын білдірген. Онда ол мұндай шығармаларды жалаң аударма деп танымай, сол белгілі бір оқиғалар жүйесін қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу есепті [2, 150 б.], - деп баға берген. Қалай дегенде де, нәзира аударма емес, бұрыннан танымал сюжетті кейінгі ақынның өз уақытының өткір мәселесімен байланыстырып жырлауы. Бұған Фирдоусидің Шахнамасын қазақ тілінде қайта жаңғырта жырлаған Тұрмағамбет Ізтілеуовтің шығармашылығы дәлел бола алады. Шахнамадай шығарманың табиғатын, ішкі ерекшеліктерін еркін меңгеру үшін парсы, түркі тілдерімен қатар, осы тілдерге күшті ықпал жасаған араб тілін де жетік білуі, Иран мен Тұранның арғы-бергі тарихын, мәдениетін, дәстүрін жақсы меңгеруі тиіс. Демек, нәзира өнері - ақыннан үлкен дайындықты, ақындық дарынды талап ететін ерекше шығармашылық, әдеби құбылыс.
А. Қыраубаева XIII-XIV ғасырда бұл әдеби үрдістің даму жайына, әл-Фараби ден қойған Қайта өрлеудің ғылым-білімдегі жаңалықтары мен өнердегі көркемдік ізденістерінің әлем мәдениетіне таралуы, бір-біріне ықпал жасауы, әсер етуіне, түркі әдебиетіндегі айқын белгілері ретінде Әли, Құтба, Сәйф Сараи туындыларында көне араб-парсы әдеби үлгілерінің заман талабына лайықталып, қайта жырлауына ден қояды.
Ғалым XIII-XIV ғасырлардағы нәзиралық шығармаларды аударма-нәзира деп атауды қолайлы көреді. А. Қыраубаева Рабғузи қиссаларының жанрлық сипатын бір дәуір әдебиетінің жинағы, хрестоматиясы, әр түрлі жанрдағы шығармалар қамтылған, өз дәуірі әдебиетінің негізгі ерекшеліктерін аңғартатын құнды мұра деп таниды [3, 18 6.].
Ғалым А.Қыраубайқызының айтуынша: ... ХІХ-ХХ ғасырдың басында Қазан, Тәшкент қалаларынан сан рет қайталанып басылып шығып, ел арасына кеңінен танымал болған шығарма [4, 160-б]. Ал ғалым Ә.Наджип: Одним из ценных памятников тюркоязычной литературы и языка, созданный в Средней Азии в начале ХІҮ века, является Кысас-и Рабгузи, обычно называемое по содержанию Кысас-аль Анбия (Сказания о пророках), - деп туындыны түркі тілі мен әдебиетінің тарихынан мол мағұлмат беретін аса бағалы әрі тілдік, әрі әдеби ескерткіш ретінде көрсетеді. Еңбектің қолжазба және баспада басылған кітаби үлгілерінің Еділ бойында, Оралда, Орта Азияда өте кең тараған шығарма екенін айтады. Сонымен бірге еңбектің көптеп қайта басылып отырғанын және оны ең алғаш рет Н.И.Ильминскийдің Императорлық Қазан университетінің баспаханасынан кітаптың толық мәтінін бастырып шығарғанын айта отырып, еңбектің Ресей Ғылым Академиясының шығыстану институтының Санкт-Петербург бөлімшесі кітапханасында сақталған және Лондон көшірмелерінің өте құнды екендігін атап айтады [5, 128-б].
Шығарма кеңес дәуірінің өзінде-ақ қазақ тілі мен әдебиеті тарихына арналған пәндерде оқытыла бастады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нысанына айналды. Ғалым Б.Кенжебаев оның қазақ әдебиетіне қатыстылығы жөнінде ғылыми еңбектер жазды. Ғалымның шәкірті А.Қыраубаева ескерткішті жеке ғылыми-зерттеу нысаны ретінде алып ізденіс жұмыстарын жүргізді. Кандидаттық диссертациясын қорғады. Ғасырлар мұрасы атты зерттеу еңбектерін берді. Ғалымның кейінгі шыққан үш томдық зерттеу еңбектерінде де Қисас-ул әнбия үлкен орын алады. Кеңес дәуірінде тіл, әдебиет тарихына қатысты еңбектерде, хрестоматиялық жинақтарда жарияланып келген туынды кейінгі кезде қазіргі қазақ тілінде жеке кітап болып басыла бастады. Рабғузи. Қисса-сул-әнбийя-й. Адам-Атадан Мұхаммед ғалайһи-уәссәләмға дейін. Қазақ тіліне аударған Роза Мұқанова. - Алматы: Санат, 2001. -248 бет [6]; Рабғузи Насреддин. Қисас-ул әнбия. Араб тілінен аударған Әшім Әріпбайұлы. - Астана: Фолиант, 2008, -552 бет [7] - секілді басылымдар бүгінгі оқырман қауымға жақсы таныс. Бұл басылымдар көне жәдігердің қайта жаңғырып, өз орнын қайта тауып айналымға енуін көрсетеді.
Алғашқы нұсқа шағын алғысөзбен берілген. Онда бұл еңбектің 1903 жылы Қазанда Кәримовтар баспасында басылған. Нұсқадан қазіргі қазақ тіліне аударылғаны сөз болады. Көлемі де ғалым Ә.Наджиптің Жазба ескерткіш үлкен қағазды (форматты) әр бетте 23 жолдан берілген 555 беттен тұрады [5, 126-б] дегеніндей емес, шағындау. Соған қарағанда, 1903 жылы басылып шыққан нұсқаның өзі көлемі тұрғысынан шағындау болғаны көрінеді. Шығарма Жеті қат көктің сипаты, Жеті қат жердің сипаты, періштелер, жындар және адамдар жайында секілді кейінгі нұсқада жоқ шағын тараушалармен бассталады. Бұл тақырыптағы шығармаларда әдетте Мұхаммет Пайғамбар оқиғаларының соңына оның ұрпақтары, әсіресе жастай опат болған Хасан, Хусейін оқиғалары қоса беріліп отырған. Ал мына нұсқа тек Мұхаммет Пайғамбар оқиғаларымен аяқталады. Алғысөзде Қисасу-л-әнбияда жетпіс екі пайғамбардың өмір тарихы сөз болады. Бірақ бұл кітапқа тек жиырма төрт пайғамбар оқиғасы енгенін айтады. Сондай-ақ кітапты шығарушылар Мәтржам дамолла, Ғабдулғұлам хазірет, Шарифиддин молла кітапқа жазған алғысөздерінде: Қисас-ул-әнбия кітабы Рабғузи жазбаларынан тәржімаланып отыр. Кітапқа енбей қалған пайғамбарлар тарихын біз Қазы тәпсірі мен Жәлелин тәпсіріне мұражағат (сүйеніп) бұ екі тәпсірде болмағанын Нәзһәтул мүжәліс кітабынан алып Һарот уа марут қиссасын және Дәуіт ғалейһи уәссәләм қиссасымен моғол тілінен тәржімалап, мүмкіндігімізше толықтыруға еңбек еттік, - деуі көп жайдан хабар береді [6, 3-б]. Тағы бір айта кететін жағдай Насреддин Рабғузидің өз еңбегіне жазған алғысөзі кейінгі екі басылымға енбеген. Себебі алғашқы басылымға кітап бастырушылар тарапынан алғысөз жазылғаны айтылды. Оның үстіне бұл еңбекті ғылыми жабдықтауды ниет етпей тек мәтінін бүгінгі қазақ оқырманына жеткізуді мұрат тұтқан, мәдениет министрлігі тарапынан шығарылған еңбек.
Екінші нұсқа Сырдария кітапханасы деген айдармен жарияланған еңбектер қатарында Қызылорда облысының әкімдігінің тарапынан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті Ғылыми Кеңесі ұсынысымен шығарылған. Ең бірінші айтылуға тиіс мәселе нұсқаның толымдылығы. Ғалым Ә.Наджип айтқан деңгейге пара-пар бес жүз елу екі бет көлемде шыққан. Он беттік көлемдегі ғылыми алғысөзбен берілген. Онда шығарма, оның авторы және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz