Компьютерлік технологияның бағыттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс 14.
Компьютерлік технологияның бағыттары.
Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі - білім беру процесін ақпараттандыру. Қазіргі таңда бұл процесс адамзат өркениеті дамуының қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру, әсіресе, оны өнер саласы мамандарының іс-әрекетіне ендіру - қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, өнер саласында жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп, жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Осы процестің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда.
Ақпарат термині латынның Informatio - түсіндіру мазмұндама деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп, түсіндіру деген мағынаны білдіреді. Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін қолданылады. Ақпаратты қандай да бір мәліметтердің жиынтығы деп түсінуге болмайды. Ақпарат белгілі бір мәселелерді шешуге қажетті, ұғынықты және белгілі бір дәрежедегі бағалылығы танылған білім болып табылады. Қазақ Ұлттық энциклопедиясында: ақпарат (информация, лат. Informatio - түсіндіру, баяндау, хабардар ету); істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру және т.б. түсінік беріледі. Ақпарат - мәтін, сурет, кесте, графика, сан, әуен, дыбыс, иіс, аралас түрде беріледі. Мысалы: кітапта ақпарат мәтін, сан; халықтың өсімі, сирек кездесетін жануарлардың азаюы кесте; шаруашылықтың дамуы график, диаграмма; жаңа ән дыбыс, әуен түрінде берілетінін түсіндіре отырып, түрлі деректемелер келтіруге болады, мысалы, электрондық оқулықтардағы бейне материалдар.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Технологиялық білім термині жиырмасыншы ғасырдың 40-50 жылдары пайда болды. Бұл термин тұрмыстық құрал - жабдықтарға (үнтаспа, телевизор және т.б.), сол сияқты оқу процесінде техникалық құрал - жабдықтарға байланысты қолданылып келген. 50-60 жылдары Технологиялық білім термині бағдарлама оқыту идеясын тарату мақсатында педагогикалық процесте әдіс - тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған.
Кейінгі жылдары педагогикалық технология түсінігінің жаңа даму кезеңі жүріп жатыр. Педагогикалық технология мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерінің біріккен жүйесі арқылы іске асатын, ақпаратты білім беру нәтижесі және рефлексия негізінде білім алуға бағытталған, бір үлгідегі педагогикалық жүйе деген түсінікті береді. Педагогикалық жүйе құрылымы: оқу және тәрбиелеу мақсатында нақты жүйелі дидактикалық, педагогикалық зерттеу жүргізу; студент меңгеруге тиісті ақпарат мазмұнын толықтыра отырып, жүйелеу; қажетті дидактикалық, техникалық оқу құралдарын кешенді қолдану және оны дұрыс қолдануын қадағалап отыру; тәрбиелеу және диагностикалық оқыту жүйесін дамыту; оқушыға жоғары деңгейде сапалы білім беруге кепілдеме беру мәселелерін қарастырады.
Болашақ өнер мамандарының әдіснамалық мәдениет негізін құрайтын жүйе құраушы компоненттерді меңгеруі, оған осының негізінде педагогикалық технологияның жобалау принциптеріне сәйкес жасаған технологиясын жобалауға мүмкіндік береді. Технология сатылары, соның ішінде білім беру технологиясы, педагогикалық технология, оқыту технологиясы болашақ өнер мамандарын оқытудың технологиясын жобалауда негізге алынатын принциптерді (оқу ақпаратының іргелі және практикалық-бағдарлық сипаты мен вербалды емес құралдардың оңтайлы байланысын қамтамасыздандыратын шарттарды анықтау; студенттердің компьютерлік технологиядан даярлық деңгейін бағалау барысында, проблемалылық әдісті біртіндеп жоғарылату арқылы студенттердің оқу әрекетінде репродуктивтік және шығармашылық әдістерінің үйлесімділігін қамтамасыздандыру; материалдық базаның оқытушылар біліктілігінің мүмкіндіктерін бағалаудың, оқу процесін дидактикалық тұрғыда қамтамасыздандыру арқылы ақпараттық технологияны бірізділікте ендіру; оқыту формасы мен оқу процесін ұйымдастырудың мазмұнына және жетекші әдіске тепе-теңдігі бақылау, рейтингі жүйесін пайдалану - студенттердің дербес жұмысын белсендендіру) саралап көрсетуде септігін тигізді.
Ғылыми зерттеулерге жасаған талдау (В.А.Сластенин, Н.В.Кузьмина, И.Я.Лернер, В.И.Орлов және т.б.) оқыту компоненттерінің құрамы әртүрлі болатынын көрсетеді. Солардың ішінде біз В.И.Орловтың көзқарасына көбірек тоқталамыз. Ол оқуды үш компоненттің өзара байланысы ретінде қарастыруды ұсынады: оқытушы - мазмұнды оқу ақпараты - оқушылар. Сонымен бірге мазмұнды оқу ақпаратын оқу процесінің маңызды элементі ретінде қарастырады. Мазмұнды оқу ақпараты танымдағы сезімдік және логикалық бастау күшінің бірлігіне байланысты ұдайы тұтастықта болады. Оның жетекші бағыттары: перцептивтілік, ауызша, перцептивті-логикалық болып саналады деп түсіндіреді. Біз осы ой-тұжырымды қолдай отырып, өнер мамандарын даярлауда іргелілік пен практикалық-бағдарлық сипат қажет. Бұл өнер мамандарының әдіснамалық мәдениетін қалыптастыруда негіз болып саналады деп ой түйіндейміз.
Педагогика ғылымында оқыту әдістеріне берілген жіктемелерді (М.И.Махмұтов, А.В.Коржуев және т.б.) негізге ала отырып біз, репродуктивтік және шығармашылық әдістердің оқу әрекетіндегі байланысын анықтаймыз және әрбір оқу сатысындағы оқудың мақсатына, оқыту ақпаратының түрлері мен деңгейлеріне сәйкес келетін әдістерге, мәселен, оқытудың проблемалық әдісі мен жобалау әдісіне тоқталамыз. Олардың атқаратын міндеттеріне мазмұндық сипаттама береміз.
Проблемалық әдіс те жобалау әдісі сияқты студенттерді логикалық ой-әрекетіне бағыттайды, өздігінен білімін жетілдіруге ынталандырады, ал бұл болса әдіснамалық өте маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Әдетте, әдіснаманың ғылыми деңгейін белгілі бір ғылымының әдістері мен принциптерінің және білімдерінің жиынтығы құрайды. Болашақ өнер маманын жеке пәндер бойынша даярлауда әдіснамалық білімнің бұл деңгейі студенттердің ғылыми-жаратылыстану, жалпы техникалық, технологиялық, көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттер әдіснамасы туралы көзқарасын қалыптастыруда байқалады.
Студенттердің ғылыми деңгейіндегі әдіснамалық білімінің өзегін технологиялық іс-әрекет әдіснамасы құрайды. Оны біз, ұғымдық аппаратты қалыптастырудағы принциптер мен әдістер жүйесі ретінде анықтаймыз.
Ақпараттық технология ұғымы Ресейде жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдықтарында ақпараттың қалыптасу процесінде пайда болды. Ақпараттық технологияның басты мақсаты - адамның ақпараттық технологияға талдау беруі үшін ақпаратты жасауы және соның негізінде белгілі бір әрекетті жасауда шешім қабылдауы. Ақпараттық технологияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін компьютермен оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық технологияларды меңгеруге дайындау мәселесі
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
Орта мектепте біріктірілген сабактарда компьютерлік технологияларды пайдалану
Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері
Компьютерлік ақпараттық технологиялар
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Білім беруді ақпараттандыру қоғам дамуының факторы ретінде
Пәндер