Тыңайтқыш туралы ұғым. Тыңайтқыш қолдану жүйесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстанда мақта, қызылша, картоп, көкөніс, бақ, мал шаруашылықтары, сондай-ақ топыраққа тыңайтқыш себу процестері жақсы механикаландырылған. Ауыл шаруашылық техникасы қолданылу мақсаттарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Энергетика, көлік және тиеуіш машиналарына түрлі тракторлар, тіркемелер, тиеуіштер, майқұйғыштар, жүккөтергіштер, жылу және электр моторлары жатады. Тракторлар тарту күшіне қарай түрлі кластарға бөлінеді. Олар жалпы және арнайы жұмыстарға арналған дөңғалақты және жыланбауырлы болып келеді. Павлодар трактор зауытында ДТ-75Т “Қазақстан” (класы 30 кН) тракторы шығарылады. Оған түрлі аспалы және жартылай аспалы құралдар жегіледі. Мұндай трактор көмегімен жер жырту, тырмалау, қопсыту, тұқым себу, қар тоқтату, суландыру жұмыстары атқарылады. Петропавлда шығарылатын қуаты 1 кВт агрегат шағын электр стансасы ретінде мал қораға, шопан үйіне, мал шаруашылығы мен егін ш-ның түрлі қызметтеріне жарық беру үшін қолданылады. Топырақ өңдеу, тыңайтқыш себу, егістік зиянкестерін жою мақсатында қолданылатын машиналар да топырақ өңдейтін аспалы және жартылай аспалы соқалар, қопсытқыштар, тісті, инетісті және делегейлі тырмалар, тығыздағыштар, тыңайтқыш сепкіштер, көң, сұйық тыңайтқыш шашқыштар; сұйық және түйіршікті улы қоспаларды бүріккіштер және тозаңдатқыштар, дән улағыштар, фумигаторлар, аэрозоль шашқыштар; қар тоқтатқыштар жатады. Қазақстанның ауыл шаруашылық машина жасау кәсіпорындарында (Астана, Қарағанды, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Атбасар, Өскемен т. б. қалаларда осы топқа жататын 57 түрлі күрделі және қарапайым ауыл шаруашылық техникасы шығарылады. Дәнді дақылдарды себуге, өсіруге, жинауға, өнімдерін баптауға арналған машиналар тобына: сепкіштер, қатар аралығын өңдейтін культиваторлар, астық орғыштар, астық комбайндары, сабан жинағыштар, дән тазартқыштар, кептіргіштер, астық тиегіштер жатады. Республикада бұл топқа жататын 17 түрлі машина, құралдар шығарылады. Мал азығын дайындайтын машиналарға шөп орғыштар, жемшөп жинайтын комбайндар, шөп орғыш-ұсақтағыштар, шөп орғыш-жаныштауыштар, шөп тырмалары, ысырмалар, дестелегіштер, жинағыш-престер, жинағыш-шөмелегіштер, мая салғыштар, мая тасығыштар, сүрлем комбайндары, үйінді шөпті кептіргіштер жатады. Қазақстанда бұлардың 12 түрі шығарылады. Техникалық дақылдар өсіруге, жинауға арналған машиналарға арнайы жұмысқа бейімделген сепкіштер, отырғызғыштар, қарық жасағыштар, қатар аралық культиваторлар, мақта, картоп, томат жинайтын комбайндар, көкөніс жинағыштар жатады. Республика заводтарында олардың 7 түрі шығарылады. Бау-бақшада, жүзімдікте қолданылатын машиналарға соқалар, жинағыштар, жүзім жинағыштар, темекі жапырағын жинағыш сілкуіштер жатады. Мал шаруашылығына арналған машиналарға мал фермаларында, жеке шаруашылықтарда қолданылатын сүт, ет, жүн т. б. өнімдер өңдеуді механикаландыратын машиналар мен жабдықтар, атап айтқанда мал азығын араластыратын, тиейтін, үлестіретін машиналар, азық шанақтары, мал суғаратын жабдықтар, сауын қондырғылары, сүт тоңазытатын аппарат, сүт сепараторы, қой қырқу, жүн өңдеу агрегаттары, қаракөл елтірісін өңдейтін жабдықтар, инкубаторлар, жылумен, сумен қамтамасыз ететін жабдықтар (сорғы, құдық қазатын және су тартатын қондырғылар, жылу генераторы мен жылытқыш аспаптар) жатады. Суландыру машиналары канал қазуға, егіс суғаруға, ашық және жабық дренаж жасауға, жаңа жер игеруге арналған. Олардың қатарына экскаватор, бульдозер, скрепер, грейдер сияқты машиналар, механизмдер, сондай-ақ арық қазатын, тазалайтын, қарықша жасайтын, жер тегістейтін, тас жинайтын және ұсақтайтын, егін суғаратын қондырғылар мен жабдықтар, жаңбырлатқыштар жатады. Суландыру машиналарының кейбір түрлері Кентауда (экскаватор), Қызылордада (грейдер т. б. ), Түркістанда (сорғы станәиясы) шығарылады. Орман шаруашылығында қолданылатын машиналарға орман соқалары плугтар мен фрезалар, орман культиваторлары, ор қазатын, алаң жасайтын, ағаш және бұта тамырларын қопаратын, кесетін, ағаш отырғызатын, ағаш тұқымдарын себетін, топырақтың беткі қабатын сыдыратын, өрт сөндіретін (мотопомпа т. б. ) қондырғылар мен жабдықтар жатады.

Тыңайтқыш туралы ұғым. Тыңайтқыш қолдану жүйесі.

Өсiмдiктiң химиялық құрамы. Макро және микроэлементтер, өсімдік қоректенуіндегі маңызы. Өсімдік денесіне қоректік заттардын сіңірілу процессіне сыртқы шарттардын әсері. Өсімдіктін өсіп-өну кезендері бойынша қоректік элементтерін сіңіру заңдылығы. Өсімдік (көзқарастық, химиялық) диагностикасы. Топырақтын ерітіңдісі мен қатты фазасының құрамы, өсімдік қоректенуі үшін маңызы. Топырақтын биологиялық, физикалық, химиялық және физикалы-химиялық сiңiру қабiлетi түрлерiнің өсiмдiк үшiн маңызы және тыңайтқыштардың топырақпен әрекеттесуiндегi рөлi. Қазақстан республикасы топырақтарының агрохимиялық сипаттамасы.

Топырақ құрамында азотты тыңайтқыштардын өзгерістері. Азотты тыңайтқыштардын тиімділігін көтеру жолдары. Фосфор тыңайтқыштарының жiктелуi. Фосфорлы тыңайтқыштардын топырақпен әрекеттесуi. Фосфорлы тыңайтқыштардын тиімділігін көтеру жолдары. Калий тыңайтқыштары өндіріс технологиясы, құрамы, қасиеттері.

Микротыңайтқыштар. Қазақстанда микроэлементтерді тиімді қолдану шарттары.

Кешенді тыңайтқыштар. Кешенді тыңайтқыштар туралы ұғым және олардын жіктелуі. Кешенді тыңайтқыштардын әсер ету заңдылықтары.

Органикалық тыңайтқыштар. Органикалық тыңайтқыштардын негізгі түрлерi. Төсенiштi көн, химиялық құрамы және оның жануар түріне, азық мөлшері мен сапасына байланысты қасиеттері. Топырақты органикалық затпен байытудағы жасыл тыңайтқыштын маңызы. Сабанның тыңайтқыш ретінде қолданылуы.

Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Тыңайтқыш енгізудін негізгі әдістері, тәсілдері мен уақыты. Тыңайтқыш мөлшерін анықтау үшін қолданылатын негізгі әдістер. Тыңайтқыш қолданудын экономикалық тиімділігінін негізгі көрсеткіштері. Тыңайтқышпен қоршаған ортанын ластануына қарсы жүргізілетін шаралар.

Ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтғыш енгізуде: негізгі енгізу, егу үстінде және үстеп қоректендіру деп аталатын үш әдісі бар. Негізгі енгізу әдісі де тыңайтқыш сүдігер көтерілген немесе көктемде жыртылған жерлерге, сондай - ақ топырақты тұқым себер алдында өңдеу кезеңінде сіңіріледі. Ол үшін минералды және органикалық тыңайтқыш немесе органикалық - минералды қоспалар топырақты өңдеу алдында егістікке біркелкі етіліп бөлінеді.
Минералды тыңайтқышты енгізу үшін өнеркәсібіміз жүк көтергіштің 4 т тіркемелі 1 - РМГ - 4, жүк көтергіштігі 6 т РМС - 6, жүк көтергіштігі 10 т РУМ - 8, автомобилъді КСА - 3 деп аталатын үйлестірілген кузовты ортадан тепкіш себелеуіштер шығарады. Бұл машиналардың тыңайтқышты кузовтан себелеуіш дискіге шығаратын ілгерілмелі жылдамдықты агрегаты бар синхронды конвейер жетегі болады. Себелеуіш дискілер гидрожетек арқылы айналады. Бұл машина конструкциясын оңайлатады. РМС - 6 себелеуіші тау беткейлеріне тыңайтқыш енгізудің қол еңбегін механикаландыруға мүмкіндік береді.
Егу үстінде минералды тыңайтқыш енгізуге құлама сеялкалар мен отырғызғыштар қолданылады. Тыңайтқыш тұққыммен бірге сол қатарға, ұяға немесе әр түрлі қатарға енгізіле береді. Кейбірде тыңайтқыш енгізілетін қатар тұқым себілетін қатардан 1, 5 - 2 см қашықтықта да болады.
Минералды тыңайтқышты ұсақтау, араластыру және тиеу үшін нығыздалып қалған тыңайтқышты ұсақтап, араластвратын ИСУ - 4 ұсақтап - араластырғыш, СЗУ - 20 араластырғыш - тиеуіш, автомобильге тіркелетін ЗСА - 40сеялка тиеуіші кең тараған. Самолеттерге, вертолеттерге тыңайтқыш тракторға тіркелетін ПБ - 35, ПФ - 0, 5 ИФ - 0, 75 тиеуіштерімен тіркеледі. Бұл тиеуіштер сол үшін арнайы тетіктермен жабдықталған.
ИСУ - 4 минералды тыңайтқышты ұсақтап - араластырғыш түрлі тыңайтқышты ұсақтап - араластырғыш түрлі тыңайтқышты енгізер алдында араластыруға, тыңайтқышты шашумен бір мезгілде шаруашылық жолымен табылған немесе жатып қалған завод тыңайтқыштары мен әкті ұсақтауға арналған. Машина МТС - 80/82 және Т - 40М тракторының агрегатында жұмыс істеуге есептелінген. Өнімділігі сағатына 2 - 4 т.
C:\Users\Нурасыл\Desktop\1.jpg Ұсақтап - араластырғыш рамадан (1) кеңіткіші бар (8) бункерден (6), ұнтақтау апаратынан (9), бұр конвейерінен (7), жетек механизімінен тұрады. Тыңайтқыш себу нормасы шамамен 40 - 2000кг/га, сидерат себу нормасы 8 - 150кг/га. Агрегат жүрісінің жұмыс істеу жылдамдығы 6 - 12 км/сағ. 1 - РМГ - 4 минералды тыңайтқыш себелеуші - бір осьті, жартылай аспалы машина. Ол минералды тыңайтқыш пен әк материалдарын топырақ бетіне себуге арналған. МТЗ - тракторының барлық өзгертілген түрлерімен агрегатталады

Тыңайтқыш шашу технологиясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жағдайында жобаланатын ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыштар қолдану жүйесін жетілдіру
Топырақ құрамында азотты тыңайтқыштар
Нысанның табиғи-климаттық және шаруашылықтық жағдайлары
Мақтаарал ауданы Арай ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
Малазықтық ауыспалы егіс дақылдарының тыңайту жүйесі
Топырақтың өсімдіктің қоректенуіне байланысты ерекшеліктері
Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары
Ауылшаруашылық дақылдардың топырақ түйініне қарай тыңайтқышты қолдану
Интербелсенді оқыту технологиясын ашып көрсету
Органикалық тыңайтқыш түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz