Топырақ құрамында азотты тыңайтқыштар
Кіріспе
Қазақстан жері көлемі жағынан ТМД бойынша екінші орын
алады.Республиканың жері батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтай
тауына дейін 2000 км-ге,солтүстігінде орманды далалы Батыс Сібір жазығынан
оңтүстігінде Орта Азия шөліне дейін 1600 км-ге созылып жатыр.Үлкен
материктің ортасында мұхиттардан өте қашықта орналасқандықтан климаты
құрғақ және қатаң континентік болып келеді. Жерінің үлкендігіне байланысты
терреториясында биік таулар болғандықтан климаты, топырағы, жер бедері
аулан түрлі болады. Кең далалары бар,майда төмпешіктері, жалпақ жоталары,
биік қарлы таулары да бар. Осыған байланысты республика территориясы
әртүрлі аймақтарға бөлінген. Әр аймақтың топырағына, климатына байланысты
өзіне лайықты, тиімді егіншілік жүйелері бар.
Республикамыздың ғылыми мекемелерінің ұйғарымымен Қазақстан
территориясы төрт егіншілік жүйесі анықтаған, қазір бұлар шаруашылықтарға
енгізілуде.
Көбінесе жаздық бидай өсірілетін Солтүстік, Батыс, Орталық және Шығыс
Қазақстанда қолданылатын егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі.
Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан облыстарының тәлімі
жерлерінде күздік бидай, көп жылдық шөп егілетін топырақ қорғайтын
егіншілік жүйесі қолданылады. Егіншіліктің бұл жүйесі Тянь – Шань тауының
етегінде шөл аймақпен шекарасында орналасқан алқаптарда енгізілген. Бұл
жерлерде жауын – шашын өте тапшы болып келеді ( жылына 200-220мм) дәнді –
парлы үш – төрт танапты ауыспалы егістер қолданылады. Пардан кейін күздік
бидай себіледі,сосын бір – екі жыл арпа егіледі. Топырақтағы құмдауыт болып
келетін алқаптарында арнайы бес танапты топырақ қорғайтын ауыспалы егістер
қолданылады. Көптеген шаруашылықтың тәжірибесі егіншіліктің бұл жүйесі өте
тиімді екенін көрсетіп отыр. Мысалы, Қаскелең астық совхозы егіншіліктің
топырақ қорғайтын жүйесін, осындай арнаулы ауыспалы егістер қолданғаннан
бері мемлекеттегі үздік совхоздар қатарына енген болатын.
Тыңайтқыш туралы ұғым. Тыңайтқыш қолдану жүйесі.
Өсiмдiктiң химиялық құрамы. Макро және микроэлементтер, өсімдік
қоректенуіндегі маңызы. Өсімдік денесіне қоректік заттардын сіңірілу
процессіне сыртқы шарттардын әсері. Өсімдіктін өсіп-өну кезендері бойынша
қоректік элементтерін сіңіру заңдылығы. Өсімдік (көзқарастық, химиялық)
диагностикасы. Топырақтын ерітіңдісі мен қатты фазасының құрамы, өсімдік
қоректенуі үшін маңызы. Топырақтын биологиялық, физикалық, химиялық және
физикалы-химиялық сiңiру қабiлетi түрлерiнің өсiмдiк үшiн маңызы және
тыңайтқыштардың топырақпен әрекеттесуiндегi рөлi. Қазақстан республикасы
топырақтарының агрохимиялық сипаттамасы.
Топырақ құрамында азотты тыңайтқыштардын өзгерістері. Азотты
тыңайтқыштардын тиімділігін көтеру жолдары. Фосфор тыңайтқыштарының
жiктелуi. Фосфорлы тыңайтқыштардын топырақпен әрекеттесуi. Фосфорлы
тыңайтқыштардын тиімділігін көтеру жолдары. Калий тыңайтқыштары өндіріс
технологиясы, құрамы, қасиеттері.
Микротыңайтқыштар. Қазақстанда микроэлементтерді тиімді қолдану
шарттары.
Кешенді тыңайтқыштар. Кешенді тыңайтқыштар туралы ұғым және олардын
жіктелуі. Кешенді тыңайтқыштардын әсер ету заңдылықтары.
Органикалық тыңайтқыштар. Органикалық тыңайтқыштардын негізгі түрлерi.
Төсенiштi көн, химиялық құрамы және оның жануар түріне, азық мөлшері мен
сапасына байланысты қасиеттері. Топырақты органикалық затпен байытудағы
жасыл тыңайтқыштын маңызы. Сабанның тыңайтқыш ретінде қолданылуы.
Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Тыңайтқыш енгізудін негізгі әдістері,
тәсілдері мен уақыты. Тыңайтқыш мөлшерін анықтау үшін қолданылатын негізгі
әдістер. Тыңайтқыш қолданудын экономикалық тиімділігінін негізгі
көрсеткіштері. Тыңайтқышпен қоршаған ортанын ластануына қарсы жүргізілетін
шаралар.
Егіншілік жүйелері
Егіншілік жүйесі дегеніміз ауылшаруашылығынын ғылыми тұрғыдан жүргізу
деген сөз. Егіншілік жүйесі жайында түсінік агрономия ғылымы мен бірге
пайда болды. Егіншілік жүйесінің маңызы жөнінде Ресейдің тұңғыш оқымысты-
агрономы болып есептелетін А. Т. Болотов(1738-1833) өзінің Танаптарды
бөлу жөнінде деген еңбегінде жазды. А. Т. Болотов бұл еңбегінде шаруашылық
территориясын дұрыс ұйымдастыру, барлық дақылдарды ауыспалы егістерге себу
керек екенін дәлелдеуге тырысты.
Егіншілік жүйесіне ғылыми тұрғыдан түсінік берген профессор А. В.
Советов (1826-1901) болды. Біздің елімізде минералды тыңайтқыштардың аз
өндірілетін еске ала отырып XX ғасырдың басқы кезінде. В. Р. Вильямс бұл
егіншілік жүйесі азды-көпті өзгерілген түрде әлі күнге дейін көптеген
аймақтарда қолданылып келеді.
Қазіргі кезде егіншілік жүйесі деп жерді тиімді пайдалануға,
топырақ құнарлғын көтеріп, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары және
тұрақты өнім алу мақсатына бағытталған агротехникалық, иелиоративтіак,
ұымдастыру жұмыстарының өзара байланысқан кешенді шараларын айтамыз.
Ғылым мен техника дамуына байланысты егін жүйесінің міндеттері
күрделілене түседі. Қоғам дамыған сайын өндірістік қатынастар өзгереді,
ғылым дамыған сайын топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру
әдістері өзгереді, егіс мөлшері, танап көлемі, себілетін дақылдар түрлері
өзгереді, сонымен қатар жалпы егіншілік жұйесі де өзгереді.
Жалпы адамзат бұрынғы заманда қолданған және қазіргі заманда
қолданып жүрген егіншілік жүйелері интенсивтілік дәрежесіне байланысты
қарапайым, экстенсивті және интенсивті болып негізінен үш топқа бөлінеді.
Егіншіліктің қарапайым жүйесі топырақтың тек табиғи құнарлығын
пайдалануға негізделеген. Бұл егіншіліктің алғашқы кезеңіне тән ерекшелік.
Бұл ерте заманда жерге жеке меншіктік бола қоймаған кезде қолданылған
егіншіліктің карапайм жүйесі болып табылады. Ерте кезде адамдар орманды
алқаптарды егін салу үшін ағаштарды кесіп, не өртеп егістік алаң
дайындаған. Осылай орманнан тазартылған жерлерге 3-5 жыл дәңді дақыл
егілген. Танаптардан арам шөптер көбеіп, топырақтың құнарлығы азайып, өнім
төмендей бастағанда, бұл жерді тастап, егіс үшін орманнан жаңа жер
дайыңдаған.
Ғылым жетістіктеріне сүйене отырып құрылған егіншілік жүйесі барлық
қажетті өнімді жеткілікті мөлшерде өсірумен қатар жыл сайын топырақ
құнарлығының арта түсуін, алынатын өнімнің арзан болуын қамтамасыз етуі
тиіс. Егіншіліктің ұсынылған жүесі оның эканомикалық тиімділігі
дәлелденгенде ғана шаруашылыққа енгізілді. Әр аймақтың табиғи-эканомикалық
жағдайына қарап оған тиімді егіншілік жүйесі қолданылады. Жыртылатын жердің
жартысынан астамы астық дақылдарды алып жатады. Топырақ құнарлығы
тыңайтқыштар қолдану, көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер себу арқылы
көтерілді Далалық аймақтарда жауын-шашын аз болғандықтан дәнді-парлы
егіншілік жүйесі жиі кездеседі. Кей жағдайда далалық аймақта отамалы
дақылдар да егіледі, бұл жағдайда егіншілік жүйесі дәнді-парлы-отамалы деп
алып жатады. Далалық аймақта жердің көбісін дәнді-мақсаты дақылдар алып
жатады. Топырақтың құнарлығы тыңайтқыштар қолдану, жерді дұрыстап өңдеу
арқылы, пардың көмегімен көтеріледі Суармалы жерлерде дәнді және отамалы
дақылдар енгізілгді. Аңыздық, аралық дақылдар егілгендіктен көп жағдайда
дақылдар орналастырылған жер көлемі жыртылатын жер көлемінен асып кетеді.
Суармалы жерде таза пар болмайды. Жердің құнарлығы оны өңдеу,тыңайтқыштарды
қолдану, дақылдардың орнын ғылыми жүйемен аустыру арқылы жақсартылып
отырады.
Батыс Сібірде, Қазақстанның солтүстігінде орналасқан құрғақ
далалардағы милиондаған гектар тың жерлерді игергеннен кеін, 4-5 жыл өткен
соң бұл байтақ аймақтарда жел эрозиясы басталады. Осы эрозияның кесірінен
топырақ құнарлығы күрт төмндеп кететіні белгілі. Топырақты бұл аппатан
сақтап қалу үшін егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі қолданылады.
Егіншіліктің бұл жүйесі жайында кейінгі тарауда толығырақ айтылады.
Егіншілік жүйесін ғылыми негізде құру үшін төмендегідей бөлімдерден тұратын
шаралар қолдану керек: шаруашылқ терреториясын дұрыс ұйымдастыру (қай жерге
егін себу керек, қай жерде шабындық болады, танапты қорғайтын орман
алқаптары қайда орналастырылады т.б.), егілетін дақылдардың көлемін дұрыс
анықтау, шаруашылықтың мамандарландыруын ескере отырып ауыспалы егіс құру,
жер өндеу жұмысые сәтті жоспарлау, ауспалы егістер бойынша тыңайтқыштарды
қолдану жүйесін жасау, арам шөптермен, дақылдардын ауруларымен,
зиянкестермен күресу жүйесін құру, тұқым ауыстыру жүйесін белгілеу, бұл
жұмыстардың бәрін орындауға керекті машиналармен, құралдармен шаруашылықты
толық қамтымасыз ету. Айтылған шаралар жүйесінің әрқайсысының маңызы
аймақтың ауа-райына, топырағына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Топырағының құнарлығы төмен аймақтарда тыңайтқышты дүрыс беру жүйесінің
маңызы басқа шаралардан жоғары болуы мүмкін. Сол сияқты әртүрлі эрозия
күшті болатын жерлерде топырақты бұл аппаттан қорағау жүйесі, жауын-шашын
аз болатын аймақтарда жерді суару, ылғалды жинау, сақтау шараларының маңызы
басқа шаралардан басымдау болады.
Егіншіліктің ғылыми негіздері.
Өсімдіктің өсіп-дамуына керекті факторлар және олармен үздіксіз
қамтамасыз етудің қажеттілігі. Ауыл шаруашылық дақылдарының бұл факторларға
қоятын талаптары, топырақтың рөлі. Өсімдік тіршілігі факторларының тепе-
теңдігі және бірін- бірімен алмастыруға болмайтындығы туралы заң. Минимум,
оптимум, максимум заңы. Өсімдік тіршілігіне қажет факторлар жиынтығының
бірлесіп әсер ету заңы. Қайтарма заңы. Аталған заңдарды құрғақ, суармалы
және тәлімі егіншіліктерде жоғары және сапалы өнім алу үшін нақтылы қолдану
жолдары.
Топырақтың ылғал режимі және оны реттеу. Республика егіншілік
аймақтарының сумен қамтамасыз етілуі деңгейі және оны бағалау өлшемдері.
Өндіріс жағдайындағы судың шығын бөлу жолдары. Өсімдік тамыры қабатындағы
су теңгерімі. Суды пайдаланудың жиынтық мөлшері және оны пайдалану
коэффициенті, олардың агроландшафтық сипаты және іс жүзінде пайдалану.
Ауа режимі және оны реттеу. Топырақ пен атмосфера арасындағы газ алмасудың
агротехникалық маңызы. Газ алмасу факторлары. Топырақтың ауа режимін
жақсарту әдістері. Топырақтың ау және ылғал режимдерінің өзара
байланыстылығы.
Жылу режимі және оны реттеу. Мәдени өсімдіктердің жылуға қоятын
талаптары. Жылу көздері. Топырақтың жылулық қасиеттері мен құрама
бөліктері. Олардың топырақ құрылысына, гранулометриялық құрамына, жер
бедеріне және агроландшафтың басқа көрсеткіштеріне байланыстылығы.
Топырақтың тоңдануы мен жібуі. Жер бедері әр түрлі бөлімдерінің жылу
режимі. Егіншілікте топырақтың және жер бетіне жақын ауаның жылу режимін
реттеу тәсілдері.
Арамшөптер және олармен күрес. Арамшөптер және ластаушылар туралы
түсінік, олардың келтіретін зияндары. Арамшөптердің биологиялық
ерекшеліктері: олардың тұқымдық өсімталдығы, тұқымдары мен жемістерінің
территорияда әр түрлі тәсілдер арқылы тез таралуы, тұқымдардың биологиялық
қасиеттері (өсіп-өну қаблетін сақтауы, тіршілігінің ұзақтығы), вегетативтік
жолмен көбею қаблеттілігінің жоғарлығы, сыртқы орта жағдайларына
экологиялық төзімділігі. Арамшөптерді қырып-жою шаралары. Арамшөптерді
механикалық әдіспен құрту (тамырсабақтыларды механикалық жолмен жою,
кептіру, үсіту, әлсірету, тұншықтыру,егістіктердегі арамшөптерді жою).
Арамшөптермен күрестің химиялық шаралары. Гербицидтердің арамшөптерге
әсерінің механизмі, оларды жіктеу, қолдану тәсілдері, мерзімі, мөлшері және
оларды қолданудың тиімділігін анықтайтын жағдайлар.
Ауыспалы егіс. Ауыспалы егіс, егіс көлемінің құрылымы, монодақыл,
ауыстырылмайтын, қайталап егілетін дақылдар, пайдаланылатын жерлер туралы
түсініктер. Ауыспалы егістердің даму тарихы. Қазақстанның әр түрлі
аймақтары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлі топтары мен парлардың
алғы дақыл ретіндегі маңызы мен сипаттамалары. Парларды жіктеу,олар туралы
осы күнгі көзқарастар. Дақылдар топтары мен парлардың арақатынасы және
өндірісте пайдалануы бойынша ауыспалы егістерді жіктеу. Қазақстанның әр
түрлі егіншілік аймағында (далалық, қуаңшыл-далалық аймақтарда, суармалы
және тәлімі егіншілік аудандарында) ауыспалы егістерді құрастырудың
агроэкологиялық принциптері(бейімділігі, ұрық алмастыруы, экономикалық және
экологиялық сәйкестігі, кезеңділігі). Далалық, жемшөптік және арнайы
ауыспалы егістердің негізгі буындары, Парлар мен дақылдарды жолақтап
орналастыратын топырақ қорғау ауыспалы егістіктері, қолданылатын аудандары,
құрастыру принциптері.
Топырақ өңдеу. Топырақты механикалық өңдеу және оның мақсаттары.
Топырақты қорғау, энергия және ылғал қорын жинау, арамшөптен тазалау.
Қазақстандағы аймақтық егіншілік жүйесін әрі қарай жеңілдірудің және жерді
тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары. Топырақ өңдеуде жүретін
технологиялық операциялар (аудару, қопсыту, майдалау (ұсату), араластыру,
тығыздау, тегістеу т.б.) және оларды қолданудың ғылыми негіздері.
Топырақтың физико-механикалық (технологиялық) қасиеттері, олардың өңдеу
сапасына тигізетін әсері. Топырақтың оңтайлы және тепе-теңдік тығыздығы.
Топырақ өңдеу әдістері: тырмалау, тығыздау, сыдыра жырту,
культивациялау, шлейфтеу, малалау, түптеу және басқалары. Топырақты негізгі
өңдеу әдістері- жырту, аудармай қопсыту, жазықтабан сыдыра тілгіштермен
терең қопсыту. Топырақты арнайы өңдеу әдістері- ін-жыра жасап жырту,
топырақты терең қопсытқышпен, ойық қайырмалы соқамен өңдеу, саңылаулау,
фрезерлеу, плантажды және мелиоративтік жырту. Топырақ өңдеу жүйелері және
оларды жіктеу. Жаздық дақылдар үшін бір жылдық жаппай егілетін, отамалы
дақылдардан және көп жылдық шөптерден кейін суарылмайтын, тәлімі және
суармалы егіншілік жағдайларында қолданылатын топырақты негізгі өңдеу
жүйелері.
Судігер жырту және оның теориялық негіздері. Сүдігерді жартылай
өңделген пар ретінде дайындау. Қазақстанның әртүрлі егіншілік аймақтарында
пар өңдеудің ерекшеліктері. Пар өңдеу технологиясының кемшіліктері және
оларды жою.
Егін себу жұмыстары және одан кейін топырақ өңдеу, (тығыздау, егінді
көктегенге және көктегеннен кейінгі тырмалау, отамалы дақылдардың
қатараралығын өңдеу, шоқ жасау, түптеу және басқалары), оның мақсаты.
Топырақ өңдеуді минималдау және оның теориялық негіздері, оны нақтылы
түрде іске асыру жолдары.
Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қолданылатын егіншілік
жүйелерінің ерекшеліктері.
Солтүстік, Батыс, Орталық және Шығыс Қазақстанда жауын – шашын онша көп
жаумайды, күшті жел жиі болып тұрады, соның әсерінен топырақ эрозияға
ұшырайды. Сондықтан егіншілік жүйесі топырақты эрозиядан қорғауға,
мүмкіндігінше көбірек ылғал жинауға бейімделген. Сонымен қатар тұзы мол
сортаң топырақтардың құнарлығын көтеруге, арам шөптерді жоюға арналған
шараларда жүргізіледі. Бұл аймақта көбіне дәнді – парлы ауыспалы егістер
және жетілдірілген дәнді – парлы отамалы ауыспалы егістер енгізеді.
Республикамыздың солтүстігінде орналасқан жауын – шашын молырақ
далалық,орманды – далалық аймақтарда төрт – бес танапты дәнді – парлы
ауыспалы егіс қолданылады, бұл ауыспалы егістерде пардан кейін дәнді
масақты дақылдар үш – бес рет егіледі. Кейде алты – жеті танапты дәнді –
парлы – отамалы ауыспалы егістер қолданылады. Бұл ауыспалы егістерде
көбінесе пар бір танапты,дәнді масақты дақылдар бес – алты танапты,
сүрлемге арналған жүгері бір танапты алып жатады.
Топырақтағы жеңіл, құмдауыт болып келетін алқаптарға топырақтыэрозиядан
қорғау үшін арнаулы ауыспалы егістер қолданылады. Бұл ауыспалы егістердің
ерекшелігі тнаптардың бәрі көлденңі 50 – 100 метр болып келетін жолақтарға
бөлінеді. Сол жолақтарға көп жылдық шөптер мен дәнді дақылдар кезектесіп
отырғызылады. Бұл жағдайда егістік жердің 50% көп жылдық шөптердің, 40%
масақты дақылдардың, 10%пардың еншісіне тиеді.
Техникалық, көкөністік, жемдік дақылдар егетін Қазақстанның
оңтүстігінде,оңтүстік – шығысында жатқан суармалы егін жүйісі. Бұл аймақта
мақта,қант қызылшасы, темекі сияқты құнды техникалық дақылдар өсіріледі.
Мақта Оңтүстік Қазақстанның облысының оңтүстігінде орналасқан бірнеше
аудандар да, қант қызылшасы Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарында,
темекі Алматы облысының екі облысында өсіріледі. Бұл құнды техникалық
дақылдардың ең құнарлы жерге бөлінеді. Бөлінген жерлердің құнарлығын
қалпына келтіріп тұру үшін бұл дақылдар бар ауыспалы егістердің құрамын
міндетті түрде көп жылдық шөп – жоңышқа өсіріледі. Жоңышқа жердің
құнарлылығын қалпына келтіріп қана қоймайды,сонымен қатар жаз бойы бірнеше
рет орылып, мал сүйсініп жейтін құнарлы, белокқа бай шөп береді. Көкөніс
үлкен қалаларға жақын орналасқан әдейілеп мамандандырылған шаруашылықтарда
өсіріледі. Талдықорған, Алматы, Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында
суармалы жерде жоғары өнім беретін дақылдар жүгері өсіріледі. Бұл суармалы
жерде өсірілетін дақылдардың бәріне сумен қатар жоғары өнім алу мақсатымен
көптеген тыңайтқыштар беріледі, зиянкестерді құртатын әртүрлі химиялық
заттар қолданылады. Яғни бұл аймақта егіншіліктің интенсивті жүйесі орын
тепкен. Қазақстанның оңтүстік – шығысындағы таулы ауданының дәндік, жемдік
дақылдар егілетін топырақты су эрозиясынан қорғауға арналған егіншілік
жүйесі.Бұл аймақтың егіншілік жерлері көбіне жауын – шашын бұл аймақта көп
жауады. Осы себептен су эрозиясы жиі болып тұрады, Су эрозиясына қарсы
қолданылатын жер өңдейтін шаралар мен қатар бұл аймақта дақылдарды қияға
көлдженең орналасқан жолақтарға егудің маңызы зор. Дәнді – парлы және
дәнді – парлы – отамалы ауыспалы егістер мұнда кең тараған.Дәнді – шөпті
ауыспалы егістер де кездесіп тұрады. Ең басты дақыл – күздік бидай болып
есептелед.Тауда қыс жұмсақ болғандықтан күздік бидай жақсы қыстап
шығады,мол өнім береді. Жауын – шашын мол болғандықтан бұл аймақта таза
пардың орнына көбіне екпелі пар қолданылады. Парға арналған танаптарға
әдетте күзде қара бидай егіледі.Қара бидай жаздың басында шөпке шауып
алынады. Отамалы дақылдардан сүрлем үшін жүгері өсіріледі.
Тұқымның өсуi, тамыр жүйесiнiң жетiлуi, тамырдың сору
қабiлеттiлiктерi, органикалық заттардың бұзылуы, микроорганизмдердiң өмiр
сүруi көп жағдайда топырақтың температурасына байланысты болады.
Ол мынадай анықтамалармен сипатталады:
1. Топырақтың үстiңгi температурасы: орташа (тәулiктiк, он күндiк, айлық,
жылдық), максималды, минималды, амплитуда;
2. Жыртылатын қабат тереңдiгiндегi температура (0-20см), метр 3м. 20см (320
см), келтiрiлген тереңдiктердегi амплитуда.
Әр дақылдың өзiнде тұқымның өсу температурасының төменгi, қалыпты және
жоғары температурасы болады. Күздiк дәндi дақылдар (күздiк арпа, бидай),
жаздық дақылдар (қара және жаздық бидай, арпа, сұлы, қара құмық) үшiн
минималды температураға 1-50, оптимумды 20-250, максималды 30-350
мөлшерiнде болады. Жүгерiде 8-10, 25-30 және 35-40 мөлшерiнде.
Температураның көтерiлуi тамыр алуды жеделдетедi де, оның есесiне тым
жоғары температура (500) тұқымның күйiп кетуiне әкелiп соғуы мүмкiн. Ал
төмен температура тұқымның өсуiн, өскiндердiң шығуын және олардың өсу
жылдамдығын тежейдi.
Тамырдың өсуi 0 мен 400 толық тоқталады.
Жылу. Өсiмдiктердiң өсiп-дамуына белгiлi мөлшерде жылу керек.
Маңызды физиологиялық процестер фотосинтез, тыныс алу, транспирацияның
қарқынды жүруi өсiмдiк пен қоршаған ауаның температурасына байланысты.
Температураның белгiлi мөлшерге дейiн жоғарылауы аталған процестердiң жүру
пәрмендiлiгiн арттырады, бiрақ одан әрi көбейгенде өсiмдiктiң әдеттегi
тiршiлiгi бұзылады: синтез әлсiрейдi, тыныстану күшейедi, берiк емес
қоспалар ыдырайды. Ал температура одан әрi жоғарыласа, зат алмасуының
орнына келмейтiн бұзылу процестерi күшейiп, нәтижесiнде өсiмдiктiң опат
болуына әкелiп соғады. Көпшiлiк дақылдардың өсiп-дамуының оңтайлы
температурасы 25-300С. Бұл процестiң тежелуi температура 300С асқанда
байқала бастайды да, ол 50-520С жеткенде, өсiмдiк өз тiршiлiгiн тоқтатады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбiр түрiне тән оның тұқымдарының
өнуiнiң минимальды (ең төменгi) және тұқым тез уақытта өнетiн оптимальды
(оңтайлы) температурасы болады.
Осы көрсеткiштердi басшылыққа ала отырып, әртүрлi дақылдардың ареалын
(таралу өрiсiн), өсiмдiк шаруашылығының елiмiздегi аудандастырылуын
жоспарлауға болады.
Бұдан кейiнгi өсiмдiктiң өсу кезеңдерiнде де температура үлкен роль
атқарады: өсiмдiк тамырының дамуына, өнiм беретiн органдарының қалыптасуына
т.б.
Өсiмдiк онтогенезiнде топырақта болып жататын процестер температурамен
байланысты болады. Мысалы, минералды заттардың ерiгiштiгi мен судың
тұтқырлығы. 40С-та судың тұтқырлығы соншалықты көбейiп, су өсiмдiкке ену
қабiлеттiгiн жоғалтады. Өсiмдiкте және топырақтағы жүретiн барлық химиялық
реакциялар температураға байланысты. Топырақ ерiтiндiсiндегi оттегi мен
көмiрқышқыл газының ерiгiштiгi, осы газдардың топырақ бөлшектерiнiң бетiне
адсорбциялануы, топырақ пен атмосфера арасындағы газалмасу процесiнiң
жылдамдығы, судың өсiмдiк тамырына ену қарқыны, транспирация мөлшерi
температураға байланысты болып келедi.
Топырақ микроорганизмдерiнiң тiршiлiгi де оның температурасымен
байланысты. Өсiмдiк қоректенуiне қатысты микроорганизмдердiң көпшiлiгi
үшiн оңтайлы жылулық 20-300С арасында болып келедi. Шамамен осындай
температура түйнек бактериялары үшiн де қолайлы.
Температураның өсiмдiк пен микроорганизмдердiң тiршiлiгiне тiкелей
әсерiнен басқа топырақтың су-ауалық және қоректiк жүргiлерiне де әртүрлi
әсерi болып отырады.
Өсiмдiк зиянкестерiнiң көпшiлiгi, олардың көбеюi, таралуы топырақта
болады. Қар жамылғысының арқасында топырақ температурасы қыс айларында -
40С төмен түспейдi. Осындай жағдайдың әсерiнен көп зиянкестердiң
жұмыртқалары, личинкалары топырақ құрамына қыстап шыға бередi. Бiрақ кейбiр
қар аз жауатын суық айларда топырақ температурасы – 200С дейiн төмендейдi,
ал қар болмаған айларда одан да төмен (-220С) төмендеуi мүмкiн.
Зиянкес жәндiктердiң жойылуы төменгi температураның әсерiнен, олардың
денелерiнде мұз пайда болып ауыр физиологиялық өзгерiстерге әкеп соғады.
Жәндiктер жоғары температуралар әсерiнен әлсiрейдi. Өте жоғары
температурада, жәндiктердiң биохимиялық процесi бұзылып, көптеген жәндiктер
жойылады.
Көптеген жәндiктердiң өсiп-жетiлуi 30-320С температурада нашарлайды, ал
≥450 температурада толық жойылады.
Топырақ жылуының көздерi. Күннiң сәулелi энергиясы (қуаты)-жылудың
негiзгi көзi болып табылады. Органикалық заттардың (көң, өсiмдiк қалдықтары
ж.б.) ыдырау барысында пайда болатын жылуды көкөнiс шаруашылығында кеңiнен
пайдаланады. Жылудың тағы бiр аздау көзi-микроорганизмдердiң тiршiлiгi
кезiнде бөлiнiп шығатын жылу. Жылудың басқа көздерiнiң (жердiң iшкi жылуы,
элементтердiң радиоактивтiк ыдырау нәтижесiнде пайда болатын жылу және
басқалары) егiн шаруашылығында болмашы ғана маңызы бар.
Топыраққа түсетiн күннiң жылу қуатының нақтылы мөлшерi жердiң
географиялық ендiгiне, жыл, тәулiк мерзiмiне, атмосфераның хал-жайына
(бұлтты, ашық т.б.), баурайдың бетқарасына, күн сәулесiнiң жер бетiне түсу
бұрышына, өсiмдiк жамылғысының түрiне және топырақтың қасиеттерiне
байланысты болады.
Топырақтың жылу қасиеттерi. Жылу қуатын сiңiру және кескiнiнде тасымалдау
процестерiнiң жиынтығын топырақтың жылу қасиеттерi дейдi. Оларға
жататындар: жылу сiңiру (қайтару) қабiлетi, жылу сиымдылығы және жылу
өткiзгiштiгi.
Топырақтың жылу сiңiруi (қайтаруы) деп топырақ бетiне түскен күн
радиациясының белгiлi бiр бөлiгiн сiңiру (қайтару) қабiлетiн айтады. Оның
мөлшерi альбедомен (А)-жер бетiне жеткен жалпы күн радиациясының одан
қайтарылған (дарымаған), пайызбен көрсетiлген қысқатолқынды (1 м) мөлшерi.
Альбедо топырақтың көптеген қасиеттерiне, атап айтқанда топырақтың түрiне,
ондағы органикалық заттардың мөлшерi мен сапасына, грануметрлiк құрамына,
құрылымына, топырақ бетiнiң жағдайына, ылғалдылығына, агроландшафттың
өсiмдiк және қар жамылғысына байланысты болып келедi.
Бұл қабiлетiне сәйкес топырақтарды салқын және жылы деп бөлуге болады.
Күңгiрт топырақтар ашық түстiлерге қарағанда жылы, құрылымы жақсы топырақ
құрылымы нашар топыраққа қарағанда жылы болып келедi. Мысал ретiнде мына
мәлiметтердi келтiруге болады: құрғақ қаратопырақ -14%, ылғалды-8-9, құрғақ
құбатопырақ (сұртопырақ)-25-30%, ылғалды-10-12, құрғақ биiк шөп-32%,
ылғалды шөп-22; сәуле суға тiк түскенде 2% ғана қайтарылады, 100 бұрышпен
түскенде-34, 20 бұрышпен түскенде 78% қайтарылады.
Топырақтың жылу сиымдылығы дегенiмiз оның жылу қуатын сiңiру қасиетi.
Бұл қасиет 1г немесе 1 см3 топырақты 10 С жылытуға кететiн жылу мөлшерiмен
анықталады. Осыған байланысты бiрiншiсiн салмақтық, екiншiсiн көлемдiк жылу
сиымдылығы дейдi.
Жылу сиымдылығы топырақтың минералогиялық (минералдық) және
грануметрлiк құрамына, органикалық заттың мөлшерiне, топырақтың бiтiмi мен
құрылымына және ылғалдығына байланысты болады. Ең жоғары жылу сиымдылығы
суға тән. Егер судың салмақтық жылу сиымдылығын 1тең деп алсақ, кварц
құмында ол 0,196, саз балшықта-0,233, торфта-0,477 болады. Ең аз жылу
сиымдылық ауада болады-0,000306.
Судың жылу сиымдылығы топырақтың басқа минералдық және органикалық
құрастырушыларынан жоғары болғандықтан ылғалды топырақтың температурасын
көтеру үшiн көп жылу керек. Ылғалды топырақ оның құрғақ түрiмен
салыстырғанда баяу жылыйды және суыйды. Сазды топырақтың ылғалды түрiнде
жылу сиымдылығының құмдақ топырақпен салыстырғанда жоғары болуына
байланысты көктемде баяу жылыйды, ал күзгi күнi ылғалы жеткiлiктi болған
кезде баяу суып, құмдақ топырақтан жылырақ болады. Сонымен, суғару және
өңдеудiң көмегiмен топырақтың ылғалдылығын, қуыстылығын өзгертiп, оның
температурасына белгiлi мөлшерде әсер етуге болады.
Жылу өткiзгiштiгi-топырақтың жылу өткiзу қабiлетi. Ол 1 с iшiнде 1см2
және қалыңдығы 1 см топырақ қабатынан өткен жылудың калория мөлшерiмен
есептеледi.
Жылу өткiзгiштiгi топырақтың өте маңызды қасиетi. Одан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz