Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-мұражайының құрамындағы ескерткіштер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

«Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-мұражайының

құрамындағы ескерткіштер

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған ғимараттардың бірі Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген Ахмет Ясауи сәулет ғимараты.

Ғимарат әлемге аты мәшһұр қолбасшы Әмір-Темір көрегеннің пәрменімен салынған.

Алтын Орда ханы Тоқтамыс Түркістанды сан мәрте шауып, кесенені бірнеше рет тонауға салады. Ұлық әулиені «жебеушім» деп құрметтеген Әмір-Темір 1390-95 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы - Сарай Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің кұрметіне Ахмет Ясауидің ескі мазарының орнына жаңа зор мемориалды ескерткіш орнатуды ұйғарды. 1396 жылдың қыркүйек айында алып құрылысты салуға бұйрық береді.

Көреген әмірші құрылысты жүргізуді Мәулен Убайдулла Садырға жүктеді. Кесенені салу жедел қолға алынып сол заманғы деңгейден қарағанда, аса қарқынды жүргізілді. Жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Темір тікелей өзі қатысып негізгі өлшемдерін анықтаған.

ХIVғ. соңы мен XV ғ. бас кезінде тарихи жағдайларға қарамастан Әмірдің бұйрығы бойынша құрылыс тоқтамайды. Бірақ 1405 жылдың 20-шы ақпанында қазіргі Отырар ауданының Темір станциясы маңында Әмір Темір қайтыс болады да, құрылыс тоқтап қалады.

Қазіргі кезде "Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы қарамағына 114 тарихи-мәдени ескерткіштер кіреді. Қорықтың жалпы ауданы 562. 9 га.

Бұл Азиядағы теңдесі жоқ сәулет ғимараты болып есептеледі. Қазіргі кесене тұрған орында мұсылманның атақты әулиелерінің бірегейі, Сұлтан-ул-Ғарифин (Алланы танығандардың патшасы, яғни әулиелердің патшасы) Шайқы Ахмет Ясауи жерленген. Ол 1166-67 жылдардың бірі нде дүние салды. Алғашқыда әулиенің қабіріне XII ғасырдың өзінде-ақ халық шағын кесене орнатады. Кейіннен бұл жер әлемдегі ең бай зираттардың бірі ретіңде мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Қазақ елінің негізін қалаған бірнеше хан, би-сұлтандар, қолбасшылар мен батыр-баһадүрлер өз өтініштері бойынша осы кесенеге жерленген.

Ахмет Ясауи кесенесі аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оның ені 46, 5 ұзындығы 65м. Ғимараттың орасан зор порталы және бірнеше күмбезі бар. Кесене түрлі мақсатқа арналған 35 бөлмеден тұрады. Темірдің кезінде бас порталдың барлық құрылымы бітпеген, тек нұсқасы ғана болған. Оның құрылысын Хижра бойынша 1000-шы жылы Бұхарды билеген Абдолла хан II жалғастырады, бірақ ол да құрылысты бітіре алмайды. Осы кезде бас арканың ұшы түйістіріліп, түпкі қабырға және осы қабырғадан жоғарғы үлкен ойық салынды. II Абдолла хан заманындағы құрылыс жұмыстарына арналған ағаш діңгектер бүгінге дейін сақталған.

ХVІ-ХІХ ғасырлар аралығында «Әзірет Сұлтан» кесенесі Қазақ хандарының Ақ Ордасы қызметін атқарды. XIX ғ. Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен қорғаңдар салынып, мавзолей қамалға айналдырылған. Мұнан кейінгі ғасырларда Түркістан билеушілері өз кезеңіне сәйкес кесене құрылысын аяқталуына тырысқанымен ешқайсысы да белгілі бір нәтижеге келе алмаған.

Алып құрылыс халқымыздың тарихы мен негізін, тілі мен дінін, дәстүрі мен мәдениетін зерттеп зерделеуде баға жетпес құнды дерек болып табылады.

.

Рабия Сұлтан Бегім кесенесі. XV ғасырдың тарихи-сәулет ескерткіші. Ол Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-шығыс беткейінен 60м. қашықтықта орналасқан. Кесененің қасбеті сүйір ұшты биік арка түрінде жасалған. Орталық бөлігі цилиндр тәрізді биік барабанға орнатылған, күмбезбен жабылған. Әуелгі кезде құрылыс ғимараты негізінен 5 бөлмеден тұрған. Ескерткіш біздің уақытқа дейін өте қатты қиратылып кеткен қалпында жеткен. 1980-ші жылдардың бас кезінде толығымен қайта қалпына келтірілді. Алғаш ескерткішке зерттеу жұмыстарын жүргізген 1954 жылы К. А. Шакурин болды. 1989 жылы "Әзірет Сұлтан" қорық музейі құрамына енгізілді.

Рабия Сұлтан Бегімнің құлпытасында: «Бұл құдіретті Әмір-Темір Көрегеннің ұлы, азапты ажалдан қаза тапқан, құдіретті ұлы сұлтан Ұлықбек Гураганның қызы, ақсүйек, Құдай кешіріп, рақымшылық жасаған, ізгі жанды Рабия Сұлтан Бегімнің тыныштық тауып жатқан жері» деген сөздер жазылған. Рабия Ұлықбектің қызы, 1451 жылы Әбілхайыр ханға ұзатылған, Көшкінші және Сүйінші ханның анасы, Әбілхайыр хан қайтыс болған соң 16 жыл Түркістанда өмір сүреді. Арнайы салынған кесенеде өзі және төрт немересімен қоса жерленген.

Есім хан бейіті Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-батыс мұнарасынан 12 м. қашықтықта орналасқан. Ортағасырлық архитектуралық ескерткіш. Есім хан орта ғасырдағы Қазақ елінің ірі саяси қайратқері. Қазақ елінің жадында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген өжет рухтың символындай болған өшпес белгісін қалдырған батыр-баһадүр. 1628 жылы қайтыс болған. «Есім ханның бейіті» деп жергілікті ақсақалдардың айтуымен, тарихи мағлұматтардың сәйкес келуіне байланысты анықталған. Бейіттің жоғары бөлігі толығымен қиратылып тек, төменгі мүрдеханасының орны ғана сақталған. Алғаш рет 1958 жылы зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 1980 жылдары ешқандай сызбалардың сақталуына байланысты жартылай қиратылған қалпында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

.

Қорған қақпасы ХVШ-ХІХ ғасырлардағы Түркістан қаласындағы архитектуралық ескерткіштің бірі. 19

80-ші жылдары толығымен қайта қалпына келтірілген. Қақпа қала қорғанының шығыс бетінде кейінгі ортағасырлық құрылыс мәнерінде салынған, оның өзі ежелгі порталды құрылыс. Екі жағында мұнарасы бар. Мұнараға айналма басқыштар арқылы шығады. Сол арқылы қорған дуалымен жағалай жүруге болады. Қорған дуалы тәрізді қақпаның да жоғары бөлігінде оқ атқыш көздер мен жеті дуал қарастырылған. Қақпаның өзі екі жақтаулы ағаш есіктен тұрады. Бұл қақпа әулиенің кесенесіне кіретін негізгі қақпалардың бірі болып саналады. Қақпадан кірген кісі ескі Түркістан көшесі арқылы кесенеге барады.

Қорған дуалы ХVІ-ХІХ ғасырлардан қалған құнды архитектуралық ескерткіш. Ахмет Ясауи кесенесінің шығыс жақ бөлігін қоршай орналасқан. 1980-ші жылдары қайта қалпына келтірілген. Қорған дуалы қыш кесектен тұрғызылған. Биіктігі 10 м. Оңтүстік шығыс және солтүстік шығыс бөлігінде мұнараларымен қоса 150 метрдей қорған дуалын 1998-99 жылдары Түркістан өңірінің шеберлері жөндеуден өткізді.

Алғашқы зерттеу жұмыстары барысында дуал арасында тас атқыштардың (3-10см. ) оқтары табылған. Қорған дуалы қала тарихынан құнды мағлұмат беретін тарихи-архитектуралық ескерткіш ретінде "Әзірет-Сұлтан" тарихи-мәдени қорық-мұражайы құрамына 1989 жылдан бастап алынды.

Белгісіз мазар XVI ғасырдың тарихи құнды архитектуралық ескерткіштерінің бірі. Ол Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-батыс беткейінен 30 м. қашықтықта орналасқан. Бейіттің жоғары бөлігі қандай болғандығы белгісіз, толығымен қиратылған тек төменгі мүрдеханасы жақсы сақталып қалған. Бейітте 7 үлкен және бір жас баланың мәйіті жерленгендігі және зерттеулер нәтижесінде бұл Түркістан қаласында өмір сүрген беделді кісінің жанұялық бейіті екендігі анықталды. Бұл бейітке байланысты ешқандай жазба деректері табылмағандықтан "белгісіз мазар" деп аталды.

.

Шілдехана ХІІ-ХІV ғасырлардың архитектуралық ескерткіші. Ол Ахмет Яеауи кесенесінің солтүстік-батыс беткейінен 15 м. қашықтықта орналасқан. Кезінде толығымен бұзылған діни-архитектуралық құрылыс. 1980 жылдары қайта қалпына келтіріледі. Құрылыс тік төрт бұрышты болып жартылай жер-астынан салынған. ХІІ-ХІV ғасырларда діни әдет-ғұрыптарды орындау үшін арнайы салынған. «Шілдехана» сөзінің түбірі парсының «чеһел» яғни қырық деген сөзінен шығады.

Мұхаммед с. ғ. с. пайғамбар: «Кімде-кім ықыласпен 40 күн Алла разылығы үшін зікір айтып таң атырса, Алла тағала оның жүрегінен тіліне қарай даналықтың бұлағын ағызады» деген өсиет қалдырған. Осы себепті «шілдехана» даналыққа ұмтылған ар ілімі жолындағы Ясауи мұрагерлерінің қырық күн жатып зікір салатын мінәжат орны.

Сегіз қырлы бейіт ХІV-ХVІ ғасырлардағы архитектуралық ескерткіш. Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-шығыс мұнарасынан 40 м. қашықтықта орналасқан. Қазіргі күні бұзылып-қиратылған тарихи орын. Кесенеге өте жақын орналасуы мен негізгі қас бетінің солтүстік шығыс беткейге қаратылуы бейіттің ертеректе, яғни XIV ғасырға дейін салынғандығын көрсетеді. Бірақ ол жердегі қазба жұмыстары кезінде табылған заттардың көпшілігі XVI ғасырға тән. "Сегіз қырлы" деп аталуы оның ішкі құрылысында бірдей сегіз ойық қарастырылған. Зерттеу барысында жазуы өшкен үш құлпытас бейіт ішінде сақталғандығы анықталды.

Қылует жер асты мешіті "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының құрамына кіретін ортағасырлық ескерткіштердің бірі. ХІІ-ХХ ғасырдың 40 - жылдарына дейін мұсылмандардың Жаратушыға құлшылық ететін орны болып келген жартылай жер асты мешіті. А. Ясауи кесенесінен оңтүстік батысқа қарай 120 м. жерде орналасқан. 18 бөлмеден тұратын жер асты мешіті ғимаратына кіру үшін 7-есік қарастырылған. Екеуі солтүстіктен, бесеуі батыс тұстан. Ал қазіргі қалпына келтірілген жер асты мешітінде екі есік бар. Оңтүстікте негізгі есік және батыстан шаруашылық қызметке арналған есік.

Құрылысты салу барысында адам өмір сүруі үшін және діни әдет ғұрыптарды орындауға қажетті нәрсенің барлығы қарастырылған. Мұнда жер астындағы Қожа Ахмет Иасауи салдырған бір аудандық "Ғар" бөлмесіне қоса "Мешіт" бөлмесі, "Жамағатхана" залы, қызметкерлерге арналған "Худжра" бөлмелері, vыстық су дайындайтын, жуынатын, дәрет алатын бөлме ескерілген.

"Қылует" мешітінің 1942 жылғы архитектор А. Д. Шмидт жасаған макеті бойынша қабырға іздері зерттелді. Ескерткішті зерттеу барысында жер асты "Қылует" мешіті бөлмелерінің бірнеше кезеңде тұрғызылғаны белгілі болды.

«Қылует» мешітінде Ясауи ілімін жалғастырушылар дөңгеленіп алқа-қотан отырып, Алланы еске алып, жария зікір салып отырған. Мешіт ішінде Мұхаммед пайғамбар кезінен осы уақытка дейін өзгермей жеткен зікір салу мәтіні жазылған. Мешіт құрылысы 1942 жылы бұзылып кірпіштер май зауытын салуға жүмсалған. Тек төменгі қабаты ғана қалып қойған. 1972-1973 жылдардағы және 1979 жылдардағы Е. А. Смағұлов жүргізген археологиялық зертеу жұмыстары нәтижесінде ХV-ХVІ ғ. ғ. тән "Қылует" мешітінің орны анықталып, қайта салынып, қалпына келтірілді.

"Ғар" бөлмесі. Бұл құрылымы бойынша төрт бұрышты (1, 5 х 1, 5) болып келетін бөлме. Жер астында төрт метр тереңдікте орналасқан. Қабырғалары және күмбезі төрт бұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Бөлменің биіктігі 1, 6 м. Күмбезі «Балхи» тәсілі бойынша қаланып шыққан. Қабырғаларында шам қойылатын ойықтар қарастырылған.

"Қылует" мешітінің Яссы қаласында салынуы көне түркі ақыны Ислам дінін уағыздаушы әулие Қожа Ахмет Ясауидің есімімен тығыз байланысты. Пайғамбар жасы 63-ке толғанда Қ. А. Ясауи Мұхаммед Пайғамбарға көрсеткен құрметі ретінде қалған өмірін жер асты "Қылует" мешітінде өткізеді. «Қылует»-сөзі арабша жалғыз қалу, оңашалану деген сөзден шыққан.

Қ. А. Ясауи жер асты "Қылует" мешітінде отырып, халық арасында "Диуани хикмет" (Даналық кітабы), Мират-ул-қулуб, Пақырнама және т. б. көптеген өзінің еңбектерін жазады. Ақиқатты іздеп табу, адамның өмірінің таза болуы сияқты құбылыстарды Ахмет Ясауи ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасады. Түркі халқы ислам дінін қабылдаған соң, араб-парсы тілдерінде оқу бұқара халыққа көпке дейін ауыр тиіп, түсініксіз болып келді.

Осындай тарихи бетбұрыс кезеңінде Ахмет Ясауидің хикметтері түркі жұртына мұсылманшылықты түсінудегі Құранның аудармасы болды. Диуани хикмет кітабын шағатай тілінде (оғыз-қыпшақ диалектінде) жазды. Әулиенің «Даналық кітабы» атты еңбегі арқылы қарапайым халық ислам әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған хақ ілімінің философиялық ой-пікірлерімен танысты.

.

Шығыс моншасы ортағасырлық тарихи-мәдени сәулет ескерткішінің бірі. Кесененің оңтүстік - батыс бетінен 80 м қашықтықта жартылай жер астына орналасқан 5 күмбезді 9 бөлмелі құрылыс. Археологтардың айтуы бойынша монша 1580-1590жж. Абдулла хан тұсында кесенеге зиярат етіп келуші көпшілік қауымға арналып салынған. Себебі оның ішкі не сыртқы құрылысында ешқандай әшекейлі ою-өрнектер салынбаған. Шығыс моншасы өзінің күрделі конструкциясы мен ерекше архитектуралық құрылымында орта ғасыр шеберлерінің мол тәжірибесі айқын көрінетін ескерткіш.

Моншаның жалпы көлемі 17x15 м. биіктігі 4, 80 м. Кірпіштерінің көлемі түгел біркелкі 25х25х5см. 1975 жылға дейін жергілікті халық монша ретінде пайдаланып келген. 1979 жылдан орта ғасырлық сәулет өнерінің керемет үлгісін болашаққа сақтау мақсатында мұражайға айналдырылды.

Монша жартылай жерасты, бес күмбезді, күйген кірпіштен тұрғызылған. Әр түрлі кезенде, әр түрлі мақсатта пайдаланған тоғыз бөлмеден тұрады: жуыну бөлмесі, ыстық, салқын су бөлмелері, массаж т. б. бөлмелер. Жылыту жүйесінің құрылысы өте шебер жасалған, от жағатын бөлмеден бөлінген ыстық ауа жер асты түтікшелерімен бар бөлмелерді еденнің асты арқылы жылытады.

Моншаға түсу ережелері (XI ғасыр әдеби мұрасынан) :

Балам саған айтам: - моншаға қарныңды толтырып барма, - ол залал, күнде бара берме, - ол зиян . . . Моншаға екі күнде бір рет барған жөн. Қыста да, жазда да денеңді үйрету үшін алдыңғы бөлмеде біраз бол, келесі бөлмеде де аялда, сонан кейін ғана ыстық, бөлмеде масаттануыңа болады. Бірақ оңда да көп отырып қалма.

Моншаның ыстығы тәніңе толық әсер еткен соң оңаша бөлмеге барып жуын, басынды жу.

Моншада тәніңе ыстық-суық суды құя берме, оның да шарқын біл. Оңаша бөлме бос болса бақыттымын деп біл. Өйгкені, ғұламалар бос моншаны «олжаның олжасы» деп есептеген. Шығарда шашыңды құрғат, сулы шашпен тысқа шығу парасатты және құрметті адамдарға лайықсыз. Сулы шашпен тысқа шығып, қадірлі қауымға көріну - әдепсіздік.

Моншада сыра-су ішуден аулақ бол. Бұл өте зиян және денеңңің ісінуі мүмкін . . . деген өсиет сөздер жазылған.

Моншаның құдіреті. Адам тәнінен тердің көптеп бөлінуі арқылы организмде қышқылдану процестері күшейеді, зат алмасуы ұлғаяды, бүйректің жұмысы жеңілдейді. Жылылық пен суықтықтың кезек алмасуы нәтижесінде терідегі дем тесіктері біресе кеңіп біресе тарылып, қан айналымы мен жүрек қызметі жақсарады.

Әскери казарма үйі Қазір Түркістан тарихы мұражайының ғимараты. XIX ғасырдағы архитектуралық ескерткіш. Құрылыс XIX ғасырдың екінші жартысында патшалық Ресейдің әскери гарнизонын нығайту мақсатында салынған. 1900 жылғы Түркістан гарнизонының әскери құрылыстары жоспарында бұл құрылыс № 1-ші Түркістан атқыштар батальонының төменгі сатыдағы әскерилер үйі ретінде белгіленген.

Құрылыс күйдірілген кірпіштен бір қабатты етіп, шатыры түнікеленіп жабылған. Казарма үйі 1989 жылға дейін "Эластик" фабрикасы ретінде пайдаланылды. 1989 жылдан Түркістан қаласының XIX ғ. архитектуралық тарихи құнды ескерткіші ретінде мемлекет қарамағына алынып, жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Мұнда 2000 жылы қаланың 1500 жылдық мерей тойы қарсаңында "Түркістан тарихы" атты мұражай ашылды.

.

Жұма мешіт Түркістан қаласындағы сәулет ескерткіштерінің бірі. Қ. А. Ясауи кесенесінен 160 м жерде, «Қылует» мешітімен қатар орналасқан. Ол бір бөлмелі, солтүстік және солтүстік шығыс жақ қасбеттерімен іргелес жатқан бастырмасы бар құрылыс. Шикі кірпіштен қаланған. Шатыры топырақпен жабылған. Бөлме ішіне ойық тіреуіштің көмегімен қабырғага және орталықта тұрған 8 қырлы діңгекке тірелетін сәндік арқалық көрік береді. Ғимарат XIX ғ. екінші жартысында салынып, жергілікті тұрғындар пайдаланып келген «Жұма мешітінің» орны. «Мешіт» бөлмесі құрылымында төрт бұрышты, қабырғаларының өлшемі 6x6 м. болып келген еңселі құрылыс. Қабырғалары күрделі сылақпен сыланған.

Бөлме және бастырма қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланған, бастырманың ұзындығы 30 м., ені 5 м. Көптеген ағаш бағаналары құрылыстың жалпы шатырын көтеріп тұр, биіктігі 4 м. Төбесі қоңыр түсті. Бастырманың қабырғасында 4 ойық бар, олар сыртқы «Михраб» ролін атқарады. Михраб жасау-жабдықтары сақталмаған. Кезінде Михраб ойықтарында, анар ағашы мен оның гүлдері мен құс суреті болғандығын көнекөз қариялар айтатын. 1982-1998 жылдары «Жүма мешіті» орнында «Археологиялық табыстар» атты мұражай ұйымдастырылған болатын.

Жалпы Түркістан қаласында XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында 60-қа жуық мешіттер болды. Жұма мешіт 2000 ж. қайтадан өңделді, қазіргі уақытта мешіт экспозиясында мұражай қорында сақталынып келген мешіттің заттары бар.

Әулие Құмшық-Ата қылуеті 12 ғасыр.

Әулие Құмшық-Атаның қылуеті орта ғасырлық қала жерінің сыртында, ашық алаңда, Қожа Ахмет Ясауидің жер асты үңгірінен оңтүстікқе қарай 1 шақырым қашықтықта орналасқан. Сопылардың ритуалдарына байланысты культтық құрылыстардың қатарына жатады. Ислам дінінің осы аймаққа келуіне байланысты Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қылуеттердің салына бастауы 9 ғасырда басталған. Әулие Құмшық-Атаның қылуеті ұзын және тар коридордың (10 метрге жуық) басында жасалған құдық тәрізді

Кіре-берісі бар, 2-бөлмелі жер асты құрылысы. Балшықтан жасалған. Тік төртбұрыш пішініндегі күйдірілген кірпіштен қаланған. Ең ұзақтағы соңғы бөлме, қабырға жақтары 2 метрге жуық және биіктіктігі 1, 6 метр төртбұрыш пішінінде, үсті шатырмен жабылған. Осы бөлмеге тиіп тұрған шеңбер пішініндегі бөлменің, диаметрі 2, 5 метр және биіктігі 2 метрге жуық, күмбезбенен жабылған. Бөлмелердің қабырғаларында, майшамдар үшін кішкентай қуыстар жасалған. Коридоры жобада майысқан, негізгі бөлмелер сияқты, күйдірілген кірпіштен қаланған, және арка тәрізді шатырмен жабылған. Сол жабудың ортасында, күн шуақтарымен жарықтандыру үшін, диаметрі 1 метрге жуық және коридордың еніне тап келтірілген, құдық тәрізінде жарық тесігі жасалған. Қылуетке апаратын кіре-берісі өте нашар күйде, құлап жатыр, басқыштың баспалдақтары аңықталмаған. Бүкіл құрылыстың іші сыланбаған.

.

Ескі Түркістан қаласы (Шахрістан) (XIV-XIX ғ. ғ. бірінші ширегі) Ахмет Ясауи кесенесінің салынуына байланысты (XIV) Иасы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен - "Хазіреті Түркістан" деп атала бастады. XVI ғасырдан бастап "Түркістан" атауы қалаға мықтап бекиді. Қазіргі күні қаланың орталық бөлігі - цитаделі және оны қоршаған Шахристаны сақталған. Цитаделінің көлемі - 2, 6 гектар, Шахристаны -23, 5 гектар. Рабадының оңтүстік бөлігі ғана сақталған, көлемі - 50 гектарға жуық. Қаланың цитаделінде археологиялық зерттеулер 1930 жылдардан (М. Е. Массон) бері жүргізіліп келеді. Соңғы жылдардағы зерттеулерді 1981 жылдан бастап Түркістан археологиялық экспедициясы жүргізуде. 1997-1999жж. жүргізілген зерттеулер нәтижесінде қаланың цитаделі мен Шахристаны XV ғасырдың басында қалыптасқандығы анықталды. Екеуі де бекініс қорғанымен қоршалған, цитаделінің екі, Шахристанының төрт қақпасы болғандығы тарихи деректерден белгілі.

Иасы-Күлтөбе қаласы (IV- V ғғ. - ХIVғ. аралығы) Оңтүстік Қазақстан аймағындағы көне қоныстардың бірі. Түркістан қаласының территориясында орналасқан. Күлтөбе ескерткіші, біздің дәуірміздің IV-V ғғ. пайда болған. Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 метрдей жерде орналасқан ортағасырлық қала орны. Иасы Күлтөбе Түркістан қаласы тарихының орта кезі деп есептеледі. Ахмет Ясауи кесенесі осы Иасы Күлтөбе қаласының көне қорымының үстіне салынғандығы бүгінде анықталып отыр. Қазіргі күнге дейін - қаланың орталық негізгі бөлігі -цитаделі ғана сақталған, оның көлемі - 150 х 120м., биіктігі-9м.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ.А.Ясауи кесенесі
Тарих және мәдени мұраға деген құнды қатынас
Республикалық дәрежедегі қорық мұражайлары
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Тарихи ескерткіштер сыр шертеді
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Алаша хан кесенесі
Тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалану арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру жолдары
Тарихи Қалалардың ескерткіштері
Туристік ресурстарды игерудегі шетелдік тәжірибе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz