Кәсіпкер деген кім. .


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпкер - өз ісін құра отырып, тәуекелге бас тігуге және эксперимент жасауға әзір, өз өмірін өзгерткісі келетін және көп және қажырлы түрде еңбек етуге даяр адам.
Ол үшін белгілі бір білімі мен дағдылары болып, жеке тұлғалық сипаттамалар мен жоғары мотивацияға ие болуы қажет.
Бұл тізімдегі ең қарапайым нәрсе - білім, оны өмір сүру мен еңбек ету барысында әдебиеттерден, оқулықтардан және өзге де ақпарат көздерінен алуға болады. Білімнің көлемін арттырып отыруға болады және арттырып отыру қажет те. Оқы, оқы және оқы!
• Дағдылар - бұл алған біліміңді практикада қолдана білу. Сіз қайсыбір іспен неғұрлым жиі айналысып отыратын болсаңыз, сол істі Сіз барған сайын жақсы атқара беретін боласыз. Дағдылар практикалық қызмет барысында қалыптасады.
• Жеке тұлғалық сипаттамалар - бұл адамға индивидуум ретінде тән болып келетін, оны өзге адамнан ерекше етіп тұратын қасиеттер. Бұл бізге бизнесте себін тигізіп немесе керісінше, табысты болуға кедергі болатын нәрсе.
• Алайда кәсіпкер үшін ең маңыздысы - мотивация. Өз өмірін өзгерткісі келу, өз ісімен айналысқысы келу, өз күші мен мүмкіншіліктеріне деген ішкі сенімі. Сіз тәуелсіз болуды қалайсыз. Сіз ақша табуды қалайсыз. Сіз отбасыңыз бен жақындарыңызды осыған сендіре аласыз. Сіз өзіңіздің табысқа жететініңізге шын сенімдісіз.
Бизнесті жүргізу адамды білімін арттырып, жетіліп және дамып отыруға міндеттейді.
Кәсіпкер үшін қандай қасиеттер маңызды болып табылады? Төменде солардың үлгілік тізбесі келтірілген.
Кәсіпкердің негізгі қасиеттерінің біріне өз-өзіне және өз күшіне деген сенім жатады.

Адамның сенімі оның мінез-құлқынан да байқалады:
• ол өз ойын өзгелерге жеткізе біледі;
• ол өз сезімі мен эмоцияларын байқата біледі;
• оның өз пікірі бар;
• ол өзгелерге өзгеше пікірді ұстану құқығын ұсынады;
• ол белсенді және бастамашыл;
• ол өз мақсаттарына жетуде табандылық байқатады;
• ол өз бетінше шешім қабылдай алады.
Сізге өзіңіздің кәсіпкерлікке әзірлігіңіз бен қабілетіңізді түсіну үшін бірнеше тұжырым ұсынамыз:
1. Менің ойымша, менің өмірімде барлығы, ең алдымен, менің өзіме байланысты.
2. Сәттілікке қол жеткізу үшін мен тіпті аз мүмкіндікке ие болумен тәуекелге бара аламын.
3. Менің талаптарымның деңгейі өзгелердікінен әрдайым жоғары тұрады.
4. Мен үшін үдеріс емес, істің ақырғы нәтижесі маңызды.
5. Мен өзгелердің пікіріне қарағанда өз пікіріме сүйеніп отыруды артық көремін.
6. Мен қиындықтардан қорықпаймын.
7. Менің өз идеяларым бар.
8. Менің еңбек етуге қабілетім бар және еңбекқормын.
9. Мен адамдармен тіл табыса аламын.
10. Мен өз мақсатыма жетуде қажырлық пен қайсарлық таныта білемін.
«Табысты кәсіпкерлер дегеніміз кімдер?» деген сауалға М. Стори ауқымды түрдегі жауаптар беруде, олардың арасынан мынадай нұсқаларын бөліп атап кеткіміз келеді:
• олардың күнделікті көздеп отыратын арманы бар;

• олардың өнімдеріне немесе қызмет түрлеріне деген шексіз сенімі;

• олар әрдайым бір нәрсе жасауға талпынып отырады;

• олар өнертапқыштар;

• олар шыдамсыз және ашушаң, олардың әрдайым уақыты жетпей жатады;

• олақ қайсарлы және табанды;

• олар пайда көруді мақсат етеді;

• олар табысқа жетуді мақсат етеді, алдын-ала бірнеше жылға арнап жоспар құрады;

• өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін өзгелерден жақсы біледі;

• барлығын қайта бастаудан қорықпайды;

• олар үшін ақша басты немесе жалғыз ғана ынталандырушы мотив болып табылмайды;

• олар барлығын өздері жасайды;

• олар аздаған өзгерістердің мәнін, олардың бизнесте табысқа жетуде тигізетін әсерін түсінеді;

• олар өсуді қалайды;

• тұтынушының басымдылыққа ие рөлін түсінеді;

• үлкен тәуекелге бара жатырмын деп ойламайды;

• олар жинақты;

• олар өздері шын қалайтын нәрсені сұрайды;

• олар нарыққа өте сезімтал болып келеді;

• оларды қорқыту оңай емес;

• олар жалғыздыққа үйренген;

• олар бөлісуге әзір;

• олар кереғар, қиқар және кірпияз.

Табысқа жету факторлары

Табыс - бұл қайсыбір мақсатқа қол жеткізудегі сәттілік, жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін көпшіліктің құрметіне ие болу. Әрбір кәсіпкер өзінің кәсіпкерлік қызметінде табысқа жетуге талпынады. Кәсіпкерлік табысқа бірнеше факторлардың әсерінің арқасында қол жеткізіледі:

• сәттілік немесе жолы болғыштық, «керек уақытта керек жерде болды», «мүмкіндігін жібермейді»;

• сынап көру мен қателіктер жасау әдісімен, түрлі нұсқаларды іріктеу әдісімен белсенді түрде іздену;

• білікті есеп және оңтайлы нұсқаны таңдау;

• өз ресурсын пайдалану: білімін, шеберлігін, дағдылары мен жеке сипаттамаларын;

• жоғары дәрежедегі мотивация, адамның алдына қойып отырған мақсаттарына қол жеткізуге деген ниеті.

Әрине, табысқа жетудің аса маңызды факторына өз-өзін мотивациялау жатады. Адамның дамып отыруға деген ниеті, оны мақсатына жетелейтін ішкі күші. Мотивацияның күші мақсатқа жетудің жылдамдығын белгілейді.
Кәсіпкердің мотивациясы, ең алдымен, оның өзіне байланысты болады. Өз-өзін оптимистік сарында ұстау, ертеңгі күнін көре білу және соған бүгін әсер ете білу - бұл іскер адамның ұлы шеберлігі. Сіздің оптимистік көзқарасыңыз Сіздің қызметіңізге тікелей әсерін тигізіп отырады. Сергек және көңілді болыңыз, стратегиялық тұрғыдан ой қозғауға - келешекті көріп, соны болжап және жоспарлап отыруға тырысыңыз. Позитивтік көзқарас - табысқа жетудің кепілі. Әзіл Сіздің міндетті түрдегі серігіңізге айналуы тиіс. Кез келген келіссөздер немесе сатылымдар егер күлімсіреу, күлкі мен әзіл болса, әрдайым табысты болмақ. Алайда, есіңізде болсын, Сіз күлкілі болмауыңыз керек, Сіз жайдары және көңілді болуға тиіссіз.

Табысқа жету Сізге ғана емес, Сіздің айналаңыздағы адамдарға да байланысты болатынын естен шығармаған жөн. Отбасыңыздың, достарыңыз бен жақындарыңыздың қолдау көрсетуі қанаттандырып және кез келген қиындықтарды жеңу үшін күш бітіреді. Отбасының әл-ауқаты мен берекесі - кәсіпкердің басты мақсаттарының бірі.

Кәсіпкерлік пайда - табыстың ерекше түрі, жеке бизнес саласындағы іскерлік, ерекше шығармашылық белсенділік пен коммерциялық табыс әкелетін жаңа идеяларды, техникалық және ұйымдастырудың жаңа әдістерін жүзеге асырудан айқындалатын жаңашылдық үшін сыйақы.

Пайда қуу кәсіпкерлерді өз капиталын тәуекелге тігіп, қызметкерлерді жалдап және тауарларды өндіру мен қызмет түрлерін ұсыну үшін қажет болатын нәрсенің барлығын сатып алуға мәжбүрлейді. Пайда сонымен қатар үлкен ынталандырушы күш болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БИЗНЕС - ОЙЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Ғалымдардың сипаттамалары бойынша кәсіпкер деген кім
Шағын бизнес
Жанұялық кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік - ойлау психологиясы
Кәсіпкерлік пен бизнес
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Бизнес жоспар. Жоспар кәсіпорынның тиімді қызметінің негізі ретінде
Кәсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары
Кәсіпкерлік саласындағы міндеттемелік-құқықтық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz