Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский ұжым туралы. И. П. Ивановтың Коммунар әдісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
1.Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский ұжым туралы.
2.Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.
3.И.П.Ивановтың "Коммунар әдісі"
4. Даму кезендерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері

Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәсел есі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.
Ұжым теориясына Н.К.Крупская,А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Щацкий, В.А.Сухомлинский, т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.
Н.К.Крупская, А.С.Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді.
Н.К.Крупская 1926 жылы "Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы" атты еңбегінде: "Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету", -деп атап көрсетті.
Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С.Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. А.С.Макаренко ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.
А.С.Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардық жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.
Балаларда ұжымда біріктірудің негізгі көзі - ортаң мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.
Ұжымдьщ іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әр түрлі қатынастар жүйесін туғызады. Адамның кеңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.
А.С.Макаренконыөойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір үясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.
А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:
:: ұжым алдындағы айқын мақсат;
:: ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
:: ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;
:: өз арасында міндеттер белгілеуі;
:: белгіленген міндеттерді орындауы;
:: қатаң тәртіптің болуы;
:: өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы.
В. А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде "Коллективтің құдіретті күші", т.б. баяндалды.
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр.
Қорыта айтқанда, ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.
2. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою бала-ларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріндегі мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
:: Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
:: Ұжым іс-әрекетінің дамуы.
:: Жеке адам арасындағы қарым-қатынас, іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы.
:: Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды өр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде қатар ықпал жасау принципі қолданылып, тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады.
Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудық арқасында ұжым-дық, гуманистік қатынастар дамып, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір -бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым одан әрі дамытып, кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе теріске шығарады. Демек, ұжымдықталқылау, бағалау жариялылық, әрекеттілігі - қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау. Осыған орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірдегі әр түрлі іс-әрекетке жеке тұлғаны ынталандыру, қызықтыру. А.С.Макаренко: "Егер балалар алдында қуанышты, қызыңты, істер бол-маса, онда олар өмір сүре алмайды. Адам өмірін шын ынталандыру - ертеңгі қуанышты сезіну".
Жақын перспектива: жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, мұражай және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар.
Орта перспектива: балалар лагеріне бару, жылсайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу.
Қашың перспектива -ұжымның немесе жеке адамның ұзақ мерзімге созылатын бір істі орындауға талаптануы. Қашық перспектива: келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе кәсіптік оқу орындарына түсу.Қоғам адамдары кашьщ перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.
Әрбір мұғалімнің міндеті - перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалану, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің тәрбиелік маңызы зор. Дәстүр -бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардық қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер. А. С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітіп, нығайтып, оны толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжым өміріндегі дәстүрдің түрлері: мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
3. А.С. Макаренко идеясын И.П.Ивановтың "Коммунар әдісі" дамытты. Коммунар әдісінің мәні - ұжым өмірін айқын, бейнелі ұйымдастыру. Онда барлық іс-әрекет ізгілік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдістері: ұжымдьщ жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттерді ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру. Бұл әдістер И. Л. Ивановтың "Коллектившілерді тәрбиелеу" атты еңбегінде жазылған.
Ұжымдық шығармашылық іс мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
1-кезенде ұжымның атқаратын жұмыстары әңгімеден басталып, шешуге тиісті мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар қойылады. іс жобасы жасалады.
2-кезеңде ұжымдық іс жоспарланып, жалпы жиналыста талқыланады. Әр ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.
3-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс анықталады және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, жұмыс басталады.
4-кезеқде ұжымдық шығармашылық іс өткізіліп, дайындық қорытындысы шығарылады. Мұны барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл іске қатысушылар үшін ең бастысы -- сергектік, өзі үшін, қабілетінше, жолдастарына және адамдарға қуаныш әкелуге сенімділік.
5-кезенде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып, қорытындысы шығарылады. Ұжым: "Қандай жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде?" "Не істелмеді? Неліктен?" "Келешекке нені ұсынамыз?"- деген сұрақтарға жауап алады.
6-кезенде ұжымдық іске қорытынды жасалғаннан кейінгі жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру, келешектегі іс-әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
4. Даму кезендерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудық мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн. Мұндай психологиялық күш -болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі.
Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттілігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда сынып жетекшісінің ұйымдастыру жұмысы қажет. Міндеттері: оның болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, ңиялын ояту, өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашаң үміт дүниесін айңын, бейнелі, әсем суреттей білуі, балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және қызықты еткісі келетініне сендіруі, орынды талап қою, балалардың мүмкіндігіне сай жұмыстар беру, оның ұжымға және жеке тұлғаға қажеттілігін дәлелдеуі.
Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне қатынасуына байланысты. Ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдардық өмірмен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы - ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы. Бұл іс мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады. Өзіне-өзі қызмет істеуге оқушылар шамасына сай қатынасады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс болмауын қадағалау керек.
Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылды.
Іс-әрекеті - бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен жұмыс істеуі және даму процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас - бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Педагогикалық ұжымның міндеті - жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтіндей етіп орнату.
Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:
:: сергектік, ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.
:: балалар арасында баңталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтык, бөлектенушіліктің болмауы.
:: басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге дайын тұру.
Гуманистік қатынас - ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды дамытудық құралы.
Ужымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесіндеі жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Шет тілдер факультеті

Баяндама
Тақырыбы: Топтағы психологиялық ахуал қалыптастыру жолдары

Орындаған: 2-курс студенті Рымбекқызы Н.
Тобы: КА-23
Тексерген: Мусина В.Т.

Қарағанды 2018
1.Ұжым дегеніміз не?
2. Тәрбиенің ойластырылған жүйесі.
3. Әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыруға қандай жағдайлар керек?

1.Ұжым дегеніміз не? Ұжым (Коллектив - лат. бәрін бірге жинау) деген мағына береді. Ұжымның аса маңызды қасиеттері - бағытталу (оқу, еңбек және т. б.) мен ұйымшылдығы болып табылады. Ұжымның қалыптасуы үшін мыналар қажет: Айқын белгіленген ережелер мен талаптар. Балалар ұжымы мәселелерімен шұғылданушы Т.Е. Конникова өзінің Мектепте оқушылар ұжымын ұйымдастыру деп аталатын еңбегінде ұйымға (балалар ұжымына) келіп түскен баланы бірден әрі даяр әрі қатаң тәртіп қарсы алғаны дұрыс дейді. Бірақ бұл тәртіп бірлесіп тіршілік ететін балалардың мінез-құлқына лайық аяда болуы тиіс екендігін атап көрсетеді. Балаларды неғұрлым қатаң әрі сенімді тәртіп аясына алған сайын, балалар ұжымын ұйымдастырудың алғашқы кезеңі соғұрлым жеңіл өтеді. Жұмыс нәтижелері де күткендегідей болады.
2.Тәрбиенің ойластырылған жүйесі. Тәрбие жүйесі бұл процесті ұйымдастыру жұмыстарының, оларға тән мазмұн мен әдістеменің бір арнаға құйылуын қажет етеді. Балалар ұжымы бекітіп, ұсынған үлкендердің талаптары. Дәстүрлер. Тәртіптің негізі не? Тәртіп негізі, А. С. Макаренко пікірі бойынша, мынадай формулаға саяды: Адамға қайткенде көбірек талап қоюға болады және оны қайткенде көбірек құрметтей аламыз. Талап - ұжым тәртібінің қажетті элементі. Егер сіз балалар ұжымына келіп жұмыс істей бастасаңыз, ешқандай пікір таласын тудырмаңыз, істі өзіңіздің жеке талаптарыңызды қоюдан бастаңыз. Бірақ сынып жетекшісі ұжым талаптарымен байланысы жоқ, дөрекі, ақылға қонбайтын, күлкілі талаптар қойып жүрмеуі тиіс. Алғашқы кезеңде талаптар логикасы заң болуы шарт. А. С. Макаренко былай дейді: Шынайы, ашық, көз жеткізілген, отты да, мықты, шешімді талаптарсыз ұжым тәрбиелеу ісіне кірсуге болмайды, кімде кім мұны екі ұшты қадаммен, жағынып көндіру сипатында жүргізетін болса, сөз жоқ, қателікке ұрынады. Әлеуметтік-психологиялық климат деген не? Психологиялық климат немесе микроклимат бір жерде өсімдік көтерілмей қурап жатса, бір жерде өркендеп, гүлдеп жататын жағдайын еске түсіреді. Адам бір ұжымда өзінің жағдайына қанағаттанатынын сезінсе, екінші бір ұжымда керісінше құлдырап кетуі ықтимал. Психологиялық климат тәрбие ұжымының берік психологиялық жай-күйі болып табылады. Ол әр түрлі қызмет саласында әр түрлі деңгейде қалыптасады және түрліше реттеледі. Әлеуметтік-психологиялық климатқа тән ерекшеліктер: - бұл адамдар өмірі мен тіршілігінің бір қыры; - ол әр ұжымда әр түрлі; - ұжым мүшелеріне тигізетін әсері де әр кімге әр қалай; - климат жағдайы балалардың психологиялық көңіл күйіне ықпал етеді. Әлеуметтік-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал-әсері қандай? Тұлғаның көңіл күйі, оның жұмысқа, тіршілік қарекеттеріне қабілеті ұжымда орнаған әлеуметтік-психологиялық климатқа байланысты. Көңілді, қуанышты балалар тобының ортасына түскен индивид (жеке тұлға) те бұған дейін көңілсіз болса, енді еріксіз құшуақ сезімдерге бөленеді.
Психологтар адамның көңіл күйі көтеріңкі болса өмірге құштарлығы артатынын, ой және дене қызметі күшейетінін практикада дәлелдеген. Әлеуметтік-психологиялық климат тұлғаға ұжымда қалыптасқан тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас нормалары арқылы әсер етеді. Қай жерде жолдастық ынтымақтастық пен өзара көмек, бірін-бірі құрметтеу дәстүрі қалыптасса, сол жерде тәбиеленуші өзін жақсы сезінеді, достарымен кездескенде қуанып, бірге өткізген уақытына қанағаттанғандық сезімде болады. Ал қай жерде ұжым бірлігі формальді түрде ғана көрініп, өзара қарым-қатынас дұрыс болмаса, тұлға эмоциональдық қысымды сезінеді: өзін бөлектенгендей көріп, адамдық қарым-қатынаста жылылықты аңсайды, егер жасырын не айқын қайшылықтар орын алса, стрестік жағдайға түседі.
Әлеуметтік-психологиялық климат тұлғаның интеллектуальдық, эмоциональдық қырларына, ерік-жігеріне жан-жақты әсер етеді. Егер климат оңды болса, ол тұлғаның белсенділігін арттырып, жұмыс қабілетін көтереді. Керісінше жағдайда белсенділік тонусы төмендейді. Психологиялық климаттың мазмұндық сипаты тәрбиеленушінің ұжымда өзін қалай сезінетініне (көңіл күйіне, қанағаттануына, психологиялық тұрғыдан қолайлылыққа) байланысты болады. Балалардың көңіл күйлері еңбекке (оқуға), ұжымның өзге мүшелеріне, тұлға аралық және жалпы өзара қарым-қатынасқа көшкен кезде әлеуметтік-психологиялық климат орнайды. Психологиялық климаттың мазмұндық сипаты ұжым мүшелері арасындағы қарым-қатынастың сипатын көрсетеді. Өз кезегінде бұл қарым-қатынастар адам санасынан көрініс тауып, оның көңіл күйіне, сезімдеріне әсер етеді.
3.Әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыруға қандай жағдайлар керек?
1. Әлеуметтік-психологиялық климатты реттеудің қуатты құралы ұйымдастыру-басқару жағдайлары болып табылады. Ғылыми зерттеулерде әлеуметтік-психологиялық климат пәндік-практикалық қарым-қатынастар нәтижесі ретінде қарастырылады. Ол нәтиже бірлескен қызмет барысында жинақталады. Бұл және тиімділік шарты да. Ұжымның бірлесіп жүргізетін қызметі барысында тәрбиеленушілердің өзара тығыз байланысқа түсіп, психологиялық тұрғыдан бір-бірін толықтыруы олардың арасында оңды қарым-қатынастар қалыптасуына, әлеуметтік-психологиялық климаттың жақсаруына жағдай туғызады. Психологиялық қарым-қатынас бір аданың екінші адаммен тікелей байланысқа түсетін, бірлескен қоғамдық еңбек қызметі жасалатын, бір адам екінші адамға ықпал ететін жерде туындайды.
2. Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптастыруда адам қызметіне жасалатын жалпы мәдени жағдайлар (өндірістік және тұрмыстық интерьер) маңызды рөл атқарады. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты нақты жағдайларға тәкелей байланысты (тұрмыстық, өндірістік жағдайлар, техникалық жарақтану деңгейі, өндірістің қалыпты жұмыс жүргізуі, техникалық қауіпсіздік, гигиена мәселесі, еңбекті ғылыми ұйымдастыру дәрежесі).
3. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты сынып жетекшісіне тән жеке тұлғалық қасиеттерге және тәрбиеленушілерге, ұжымда қалыптасқан дәстүрлерге байланысты болады.
4. Әлеуметтік-психологиялық климат динамикасы ұжымдағы әлеуметтік даму кезеңділігіне (деңгейіне) байланысты. Оны дамыту жөнінде сынып жетекшісіне қойылатын талаптар бір жағынан әлеуметтік-психологиялық климатта жүретін өзгерістерді бағалаудың критерийі де болып табылады. Белгілі бір ережелерді орындауға байланысты қатаң талаптардың болмауы тәрбиеленушілер тарапынан оған салғырт қараушылықты тудырып, соған лайық психологиялық атмосфера қалыптастырады: кей кездері инерция бойынша өзге де ресми өкімдер мансұқ етіледі. Ал бұл психологиялық климаттың өзгеруіне әкеліп соғады.
5. Кез келген адам өзінің әлеуметтік топқа енуі, бірлесіп атқарылатын жұмыстарға қатысуы арқылы ұжым тіршілігіндегі көптеген салаларға, соның ішінде әлеуметтік-психологиялық климатқа әсер етеді. К. Маркс, Ф. Энгельс индивидтердің өз талап-тілектері мен оны қанағаттандыру тәсілдері арқылы өзара қарым-қатынасқа түсуі, араласуы олардың рухани, адамгершілік тұрғысындағы психологиялық даму факторы болып табылатынын жазған. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді дейді халық даналығы. Тәрбиесіз, мінез-құлық мәдениеті төмен балалар ұжымға зиянды ықпал етеді. Эгоизмге, карьеризмге, яғни менмендікке, шенқұмарлыққа жақын тұратын олар қызғаншақ болады, мейрімсіз, әдепсіз келеді. Ондайлармен қатысу өзге балалардың көңіл-күйін бұзады. Мұндай индивидтер ұжымда қайшылықты жәйттердің тууына сбебеп болып жүреді.
6. Балалар көңіл-күйінің жекелеген нышандарынан құралатын топтық, ұжымдық немесе бұқаралық көңіл-күй үлкен импульстік күшке ие. Ол өзгелер арасына да тез тарап, жұртты өз ауқымына жылдам баурап алады. Көрнекті психолог П. П. Блонский бұл туралы былай деп жазған: Еліктеуші жан иесі ретінде адам түрлі сезімдерді жұқтыруға бейім тұрады, яғни өз жақындарының эмоциональдық мимикаларын өзіне тез қабылдап алады. Еліктеу, жұқтыру, ұю, көз жеткізу жолдары арқылы ұжымда әр түрлі көңіл-күй айналаға тарайды, олар санада көрініс табу арқылы ұжымның психологиялық ахуалын құрайды. Көңіл-күй адамдарды әр түрлі іс-әрекетке бастайтын елеулі күштердің бірі. Ол әр қалай әсер етеді, ұжымда да соған орай әр қилы із қалдырады. Жолдастармен жақсы қарым-қатынас жақсы көңіл-күй бастауы. Еңбек жағдайының нашарлығы адамдардың көңіл-күйіне кері әсер етеді. Әкімшіліктің назар аудармауы, санитарлық-гигиеналық жағдайдың талапқа сай келмеуі жұмысқа (оқуға) деген ынта-ықыласты төмендетеді.
7. Психологиялық климатқа сынып жетекшісінің тұлғалық ерекшелігі мен оның басқару стилі ерекше әсер етеді. В. Н. Литвинов пікірі бойынша ұжымдағы психологиялық климат деңгейін айқындаушы фактор жетекшінің жеке тұлғалық қасиеттері және балалардың тәртібі. Адамгершілік тұрғысындағы психологиялық климатқа әсер етуші фактор - сынып жетекшінің жұмыс стилі, қолданатын әдістері және оның өз беделі. Жетекшінің үлгілі моральдық қасиеттері, педагогикалық әдебі, айрықша ұйымдастыру қабілеті, жоғары біліктілігі - оңды климат қалыптастырудағы ең басты факторлар. Жетекшінің рухани байлығы мен моральдық тазалығы үлкен бедел негізі болып табылады. Ол әрбір ұжым мүшесінің мінез-құлқына, қызметіне пәрменді ықпал ететін нәрсе. Мұндай жетекшінің кезінде ұжымда оңды климат тұрақты сипат алып, вертикальды да, горизонтальды да қарым-қатынас үшін оңтайлы жағдайлар жасалады. Жұмыс нәтижелі жүреді. Қайшылықтарға, қызғаныш пен көре алмаушылық секілді залалды көріністерге орын қалмайды. Ұжым психологиялық климатын қалыптастыруға қажетті жетекшінің неғұрлым маңызды тұлғалық қасиеттері: объективтілік, әділдік, принциптілік, адалдық, сабырлылық, салмақтылық және оптимизм. Психологиялық климат қалыптастыруда оңтайлы басқару стилі демократиялық стиль болып табылады. Т. Шебутани зерттеулері бойынша авторитарлық стиль ұжымда қолайлы климат жасай алмайды.
8. Ұжым атқарған жұмыстарға, оның әрбір мүшесіне тән іс-ірекеттерге сынып жетекшісі тарапынан берілген баға әсері айрықша болады. Бұл олардың жалпы жағдайы мен көңіл-күйлеріне күшті ықпал етеді. Жалпы, жетекші бағасы әлеуметтік-психологиялық климатты басқарудың пәрменді құралы ретінде қарауға болады. Ұжымға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжым-тәрбиеқұралы
Ұжымның даму кезеңдері
Оқушылар ұжымы
Қазіргі мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдары. Оқушылар ұжымын қалыптастыру
Ұжымның даму кезеңдері олардың бір-бірімен сабақтастығы
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызы құралы
Оқушылар ұжымы туралы түсінік
Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуы
Ұжымның даму перспективалары
Пәндер