Мәлiметтер енгiзу әдiсi арқылы кесте құру

Лабораториялық жұмыс № 1
Мақсаты: Мәлiметтер енгiзу әдiсi арқылы кесте құру
1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз. Пайда болған Microsoft Access терезесiнде Жаңа мәлiметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып қосқышын орнатыңыз. ОК батырмасын басыңыз.
2. Жаңа мәлiметтер базасы файлы (Файл новой базы данных) сұхбат терезесiнде файлға жаңа Қалалар деген ат берiңiз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз.
3. Кестелер тiзiмiнде Мәлiметтер енгiзу әдiсiмен кесте құру (Создание таблицы путем ввода данных) таңбашасын ерекшелеп, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Өрiс 1 (поле 1), Өрiс 2 (поле 2) және т. с. с. стандарттық өрiстерi бар бағандардан тұратын бос кесте пайда болады. Алдымен төрт өрiсi бар кесте құрылады.
4. Өрiс 1 (поле 1) және Өрiс 2 (поле 2) бағандарының бiрiншi жолына сәйкесiнше 1 және Астана деген мәлiметтердi енгiзiңiз. Екiншi жолына - 2 және Алматы. Үшiншi жолына - 3 және Талдықорған.
5. Бағандардың атауларын өзгерту үшiн жанама менюден Баған атауын өзгерту (переименовать столбец) командасын таңдаңыз. Осылайша бiрiншi бағанға Реттiк нөмiрi , екiншiсiне Аты, үшiншiсiне Қаланың коды , төртiншiсiне Тұрғындар саны атауларын енгiзiңiз.
6. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы терезенi жабу батырмасын Х басып, кестенi жабыңыз. Макеттiн өзгерiсiн немесе кесте құрылымын сақтау керек пе? деген сұраққа жауап беру үшiн Иә батырмасын басыңыз. Сонда Сақтау (Сохранить) сұқбат терезесi пайда болады, оған кестенiн Қалалар атауын еңгiзу керек. ОК батырмасын басыңыз.
7. Түйiндi өрiстi қазiр құру керек пе? (Ключевое поле задать сейчас?) деген сұраққа Жоқ (Нет) батырмасын басып жауап берiңiз.
8. Тiзiмдегi Қалалар кестесiн ерекшелеп, мәлiметтер базасы терезесiнiн аспаптар панелiндегi Ашу (Открыть) батырмасынын көмегiмен құрылған кестенi ашуға болады.
9. Microsoft Access программасын жабыңыз.
Лабораториялық жұмыс № 2
Мақсаты: Негiзгi кестелердi құру.
Отырар кiтапханасының басқармасы екi кестеге негiзделген мәлiметтер базасын жасауға тапсырыс бердi. Бiрiншi кесте оқырмандарға арналған, онда кiтапханадан кiтап алған оқырман жайлы мәлiметтер көрсетiледi. Екiншi кесте кiтапханадағы оқулықтарды тiркеуге арналсын.
1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft Access) .
2. Microsoft Access терезесiнде Жаңа мәлiметтер базасы ( новая база данных ) ауыстырып - қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертiңiз.
3. Жаңа мәлiметтер қорының файлы (Файл новой базы данных) терезесiнде \ Менiң құжаттарым (Мои документы) қаптамасын таңдап алып, файлға Отырар кiтапханасы деп ат берiңiз. Файл типi ретiнде Microsoft Access мәлiметтер базасы алынғанын көресiз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа Отырар кiтапханасы мәлiметтер қорының терезесi ашылады.
4. Кестелер панелiн ашыңыз.
5. Конструктор режiмiнде кесте құру белгiсiне екi рет шертсеңiз кесте құрылымын даярлау бланкiсi ашылады.
6. Бiрiншi кесте үшiн төмендегiдей өрiстердi енгiзiңiз:
7. Кiтаптың нөмiрi өрiсi мәтiндiк өрiс екнiне көңiл аударыңыз, өйткенi олардың сандық мағынасы жоқ. Кiтап нөмiрлерiн бiр-бiрiне қосуға, көбейтуге, салыстыруға болмайды.
8. Болашақ Оқулықтар кестесiмен байланыс орнату үшiн түйiндi өрiс беруiмiз қажет. Кiтаптың аты өрiсiн қайталанбайтын өрiс ретiнде таңдап алуыңызға болады. Бiрақ өте үлкен мәлiметтер базасында аттары әр түрлi кiтаптар кездесуi мүмкiн. Сондықтан бiз Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы өрiстерiнiң комбинациясын түйiндi өрiс ретiнде пайдаланамыз. Бланкiнiң жоғарғы бөлiгiндегi өрiстi ерекшелеп алыңыз (Shift) . Тышқанның оң батырмасын шерту арқылы жанама менюдi ашыңыз және одан Түйiндi өрiс (ключевое поле) бөлiмiнiн таңдап алыңыз.
9. Конструктор терезесiн жабыңыз. Терезенi жабу кезiнде кестеге Оқырмандар деп ат берiңiз.
10. 5-9 бөлiмдердегi амалдарды қайталап, оқулықтар кестесiн құрыңыз. Оған төмендегiдей өрiстер енедi:
11. Көлем өрiсiн шертiңiз. Бланкiнiң төменгi бөлiгiнде ондық белгiлер саны 0-ге тең қасиетiн берiңiз.
12. Бұл кестеге түйiндi өрiс енгiзбесе де болады -- берiлген тапсырмада ол талап етiлмейдi.
13. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде құрылған кестелердi кезекпен ашып, оларға он шақты жазбалар енгiзiңiз. Жұмысты аяқтап кестелердi жабыңыз. Mikrosoft Access программасын жабыңыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz