Мәлiметтер енгiзу әдiсi арқылы кесте құру. Кестеаралық байланыстарды құру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Лабораториялық жұмыс

Мақсаты: Мәлiметтер енгiзу әдiсi арқылы кесте құру.

1.Microsoft Access программасын iске қосыңыз. Пайда болған Microsoft
Access терезесiнде Жаңа мәлiметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып
қосқышын орнатыңыз. ОК батырмасын басыңыз.
2.Жаңа мәлiметтер базасы файлы (Файл новой базы данных) сұхбат
терезесiнде файлға жаңа Қалалар деген ат берiңiз. Құру (Создать) батырмасын
басыңыз.
3. Кестелер тiзiмiнде Мәлiметтер енгiзу әдiсiмен кесте құру (Создание
таблицы путем ввода данных) таңбашасын ерекшелеп, тышқанның сол жақ
батырмасын басыңыз. Өрiс 1 (поле 1), Өрiс 2 (поле 2) және т.с.с.
стандарттық өрiстерi бар бағандардан тұратын бос кесте пайда болады.
Алдымен төрт өрiсi бар кесте құрылады.
4. Өрiс 1 (поле 1) және Өрiс 2 (поле 2) бағандарының бiрiншi жолына
сәйкесiнше 1 және Астана деген мәлiметтердi енгiзiңiз. Екiншi жолына – 2
және Алматы. Үшiншi жолына – 3 және Талдықорған.
5. Бағандардың атауларын өзгерту үшiн жанама менюден Баған атауын
өзгерту (переименовать столбец) командасын таңдаңыз. Осылайша бiрiншi
бағанға Реттiк нөмiрi, екiншiсiне Аты, үшiншiсiне Қаланың коды,
төртiншiсiне Тұрғындар саны атауларын енгiзiңiз.
6. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы терезенi жабу батырмасын Х басып, кестенi
жабыңыз. Макеттiн өзгерiсiн немесе кесте құрылымын сақтау керек пе? деген
сұраққа жауап беру үшiн Иә батырмасын басыңыз. Сонда Сақтау (Сохранить)
сұқбат терезесi пайда болады, оған кестенiн Қалалар атауын еңгiзу керек. ОК
батырмасын басыңыз.
7. Түйiндi өрiстi қазiр құру керек пе? (Ключевое поле задать сейчас?)
деген сұраққа Жоқ (Нет) батырмасын басып жауап берiңiз.
8. Тiзiмдегi Қалалар кестесiн ерекшелеп, мәлiметтер базасы терезесiнiн
аспаптар панелiндегi Ашу (Открыть) батырмасынын көмегiмен құрылған кестенi
ашуға болады.
9. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Лабораториялық жұмыс
Мақсаты: Негiзгi кестелердi құру.

Отырар кiтапханасының басқармасы екi кестеге негiзделген мәлiметтер
базасын жасауға тапсырыс бердi. Бiрiншi кесте оқырмандарға арналған, онда
кiтапханадан кiтап алған оқырман жайлы мәлiметтер көрсетiледi. Екiншi кесте
кiтапханадағы оқулықтарды тiркеуге арналсын.
1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft
Access).
2. Microsoft Access терезесiнде Жаңа мәлiметтер базасы ( новая база данных
)
ауыстырып – қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертiңiз.
3. Жаңа мәлiметтер базасының файлы (Файл новой базы данных)терезесiнде
\Менiң құжаттарым (Мои документы) қаптамасын таңдап алып, файлға Отырар
кiтапханасы деп ат берiңiз. Файл типi ретiнде Microsoft Access мәлiметтер
базасы алынғанын көресiз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа Отырар
кiтапханасы мәлiметтер базасының терезесi ашылады.
4. Кестелер панелiн ашыңыз.
5. Конструктор режiмiнде кесте құру белгiсiне екi рет шертсеңiз кесте
құрылымын даярлау бланкiсi ашылады.
6. Бiрiншi кесте үшiн төмендегiдей өрiстердi енгiзiңiз:

өрiс атауы
өрiс типi
-оқырманның аты-жөнi мәтiндiк
-кiтаптың аты
мәтiндiк
-кiтаптың авторы
мәтiндiк
-кiтаптың нөмiрi
мәтiндiк
-кiтап алған уақыты
мерзiм\уақыты
-бағасы
қаржылық

7. Кiтаптың нөмiрi өрiсi мәтiндiк өрiс екнiне көңiл аударыңыз, өйткенi
олардың сандық мағынасы жоқ. Кiтап нөмiрлерiн бiр-бiрiне қосуға,
көбейтуге, салыстыруға болмайды.
8. Болашақ Оқулықтар кестесiмен байланыс орнату үшiн түйiндi өрiс беруiмiз
қажет. Кiтаптың аты өрiсiн қайталанбайтын өрiс ретiнде таңдап алуыңызға
болады. Бiрақ өте үлкен мәлiметтер базасында аттары әр түрлi кiтаптар
кездесуi мүмкiн. Сондықтан бiз Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы
өрiстерiнiң комбинациясын түйiндi өрiс ретiнде пайдаланамыз. Бланкiнiң
жоғарғы бөлiгiндегi өрiстi ерекшелеп алыңыз (Shift). Тышқанның оң
батырмасын шерту арқылы жанама менюдi ашыңыз және одан Түйiндi өрiс
(ключевое поле) бөлiмiнiн таңдап алыңыз.
9. Конструктор терезесiн жабыңыз. Терезенi жабу кезiнде кестеге Оқырмандар
деп ат берiңiз.
10. 5-9 бөлiмдердегi амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесiн құрыңыз. Оған
төмендегiдей өрiстер енедi:

өрiс атауы өрiс
типi
- кiтаптың аты
мәтiндiк
-кiтаптың авторы мәтiндiк

-баспасы
мәтiндiк
-шыққан жылы
мерзiм\уақыты
-кiтаптың нөмiрi
мәтiндiк
-көлемi
сандық
-бағасы
қаржылық

11. Көлем өрiсiн шертiңiз. Бланкiнiң төменгi бөлiгiнде ондық белгiлер саны
0-ге тең қасиетiн берiңiз.
12. Бұл кестеге түйiндi өрiс енгiзбесе де болады -- берiлген тапсырмада ол
талап етiлмейдi.
13. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде құрылған кестелердi
кезекпен ашып, оларға он шақты жазбалар енгiзiңiз. Жұмысты аяқтап
кестелердi жабыңыз. Mikrosoft Access программасын жабыңыз.

Лабораториялық жұмыс
Мақсаты: Кестеаралық байланыстарды құру.

1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.
2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу
данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар
кiтапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.
3. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде Кестелер (Таблицы)
панелiн ашыңыз. Онда бұрын құрылған Оқырмандар және Оқулықтар
кестелерiнiң таңбашалары барына көзiңiздi жеткiзiңiз.
4. Аспаптар панелiнен Мәлiметтер схемасы (Схема данных) батырмасын
iздестiрiңiз. Егер қиындықтар болса, меню жолындағы команданы табыңыз:
Сервис Мәлiметтер схемасы (Схема данных). Мәлiметтер схемасы терезесiн
ашу үшiн, осы тәсiлдердiң кез-келгенiн қолданыңыз. Осы терезенiң
ашылуымен қатар бiр уақытта Кестелердi қосу (Добавление таблицы) сұхбат
терезесi ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құратын кесте
таңдауға болады.
5. Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар
кестелерiн таңдаңыз -- Мәлiметтер схемасы терезесiнде осы кестелердiң
өрiс тiзiмдерi ашылады.
6. SHIFT пернесiн басып тұрып Оқырмандар кестесiнен екi өрiстi ерекшелеңiз:
Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы.
7. Осы өрiстердi Оқулықтар кестесiнiң өрiс тiзiмiне әкелiңiз. Тышқан
батырмасын жiберген сәтте, Байланысты өзгерту(Изменение связей) сухбат
терезесi шұғыл түрде ашылады.
8. Байланысты өзгерту(Изменение связей) терезесiнiң оң жақ панелiнен
байланысқа қосылатын Оқырмандар кестесiнен Кiтаптың аты және Кiтаптың
авторы өрiстерiн таңдаңыз.
9. Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесiн жауып, Мәлiметтер
схемасы (Схема данных) терезесiнен пайда болған байланысты көрiңiз.
Байланыс сызығын тышқанның сол жақ батырмасын шертiп ерекшелеп алуға
болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге
және редакциялауға мүмкiндiк беретiн жанама меню ашылады.
10. Мәлiметтер схемасы терезесiн жабыңыз программасын жабыңыз.

Лабораториялық жұмыс
Мақсаты: Таңдамаға сұранысты құру.

Бұл жұмыста көлемi 500 беттен, бағасы 150 теңгеден аспайтын
кiтаптарды iрiктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.
1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.
2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу
данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар
кiтапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.
3. Отырар кiтапханасы : мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запросы)
панелiн ашыңыз. Конструктор режiмiнде сұранысты құру (Создание запросов
в режиме конструктора) белгiсiн екi рет шертiңiз, сонда үлгi бойынша
сұраныс бланкiсi ашылады.
4. Кесте қосу терезесiнде Оқулықтар кестесiн таңдап, Қосу (Добавить)
батырмасын шертiңiз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесiн жабыңыз.
5. Оқулықтар кестесiнiң өрiстер тiзiмiнен қорытынды кестеге енгiзiлетiн
Кiтаптың аты, Кiтаптың авторы, Көлемi, Бағасы өрiстерiн таңдаңыздар.
Таңдауды өрiс атауларын екi рет шерту арқылы жүргiзiңiз.
6. Көлем өрiсi үшiн сұрыптау шартын берiңiз.Сол өрiстiң Сұрыптау шарты
(Условие отбора) жолына мына шартты енгiзiңiз: 500. Сонда кестеден
көлемi 500-ден аспайтын кiтаптар iрiктелiп алынады.
7. Бағасы өрiсiне сұрыптау шартын берiңiз. Сәйкес жолға 150 өрнегiн
енгiзiңiз. Ендi кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана
iрiктелiп алынады.
8. Үлгi бойынша сұраныс бланкiсiн жабыңыз. Сұранысты жабу кезiнде оған
Кiтаптарды таңдау деген ат берiңiз.
9. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде жаңа құрылған
сұранысты ашыңыз да, қорытынды кестенi қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы
№8.2. зертханалық жұмыста Оқулықтар кестесiне енгiзiлген жазбаларға
тәуелдi. Егер ешбiр басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған
қорытынды кестеде бiрде-бiр мәлiметтер болмаса, онда негiзгi
кестелерде оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкiндiк беретiн
мәлiметтермен толтырыңыздар.
10. Зерттеу аяқталған соң ашық объектiлердiң барлығын жауып, Microsft
Access программасын жабыңыз.

Лабораториялық жұмыс
Мақсаты: Параметрлi сұраныс құру.

Сұрыптау шарты қалай жұмыс iстейтiнiн бiз жоғарыда қарастырдық, бiрақ
оның өзiндiк кемшiлiктерi бар. Мәлiметтер базасын қолданушы жобалаушы
дайындаған сұраныстармен жұмыс iстейдi. Мысалы, егер жобалаушы бағасы 150
теңгеден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ресторан мәзірі» деректер базасында жобалау
Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері
Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері
MS Access ортасында мәліметтер қорын құру
Деректер базасы
MS Ассеss ортасында мәліметтер қорын құру
MICROSOFT ACCESS БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ
Электрондық кестелерді пайдалану
Деректер қорын басқару жүйесі
Кесте
Пәндер