Психологиялық-педагогикалық қолдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мамандық: 6B01101 Педагогика и психология
Оқу деңгейі: Первое высшее сокращенное образование
Курс: 1
Бөлім: қазақ
Ақбай Сабира Айданқызы

Тапсырма №8. Психологиялық-педагогикалық қолдау

Тапсырма сұрақтары
1.Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің міндеттері.
Тұлғаның қалыптасуында негізгі факторлардың бірі - оның интеллектуалдылығы. Тарихи қоғамдағы обьективті талаптар және қоғамның дамуындағы әлеуметтік заңдар тұлғаның қалыптасуын анықтайды. Олай болса адамды толық түсінуге, оның рухани-адамгершілік қасиеттерін, дамуын, жетілуін және индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу қажеттігі туындап отыр.
Психологиялық сүйемелдеу - бұл психологтың кәсіби қызметінің бүкіл жүйесі болып табылады. Ол білім беру мекемелерінде ұйымдастырылатын баланы оқыту, тәрбиелеу және табысты дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай жасауға бағытталған.
Психотехнологиялар - бұл обьектісі нақты тұлғаның психикалық шынайылығы, ал пәні-адам мінез-құлқына әсер ететін бұл психологиялық нақтылықтың кез-келген шектерінің өзгерісі блып табылатын диагностикалық , позициялық-дамытушылық және психотерапиялық процедуралар.
Психологиялық диагностика технология ретінде - бұл психологиялық диагноз қою мақсатында тұлға немесе топ туралы ақпарат жинау сәйкес әдістер көмегімен жүретін, сананың арнайы ұйымдастырылған процесі.
Даму технологиясы баланың индивидуалды мүмкіндіктері мен жас талаптары мен сәйкестікте психикалық процестердің, қасиеттердің және тұлға сапаларының қалыптасуына бағытталған.
Психопрофилактика технологиясы-бұл диагностикалық ортаның психогигиенасын, бала дамуының оптимальды әлеуметтік жағдай жасауға бағытталған, психология-педагогикалық өлшемдер жүйесі. Профилактика-бұл бала дамуында кез-келген жетіспеушілік тудыратын сыртқы себептері, факторлары және шарттарын жою мен байланысты ескерту шаралары. Ол әлі туындамаған мәселені шешуді қарастырады.
Психологиялық ақпараттандыру технологиясы өзінің мазмұны бойынша педагогикалық, оқытушы болып табылады. Пси-хологтың оны қолдану кезіндегі құралдар педагогикалық (әңгіме, лекция,мәселелі жағдайды талдау,іскерлік ойын)және психология-лық(диагностикалық және консультативті әңгіме, сенім телефо-ны және т.б)болуы мүмкін.
Психологиялық кеңес беру технологиясы - бұл эмоционалды жауап қайтару, мағынаны анықтау,бұл мәселені рационали-зациялау және оны шешу нұсқаларын табуға психологиялық жағ-дай тудырудың мақсатты процедурасы (клиенттің мәселесі мен жағдайына шартталған).
Психологиялық коррекция және психотерапия технологиясы - бұл психологиялық - педагогикалық себептерді немесе жетіспеушіліктерді жоюға бағытталған психологиялық немесе психотерапиялық құралдар жүйесі.Оны қолданудың нәтижесі баланың күйіне, іс-әрекетіне, қатынасына және мінез-құлқына позитивті әсер ететін, баланың психикасындағы өзгерістер болып табылады.
Психологиялық қолдау технологиясы - бұл жалпы педагогикалық процестің барлық мүшелерін оптималды әлеуметтік-психологиялық жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында бала тұлғасының толық дамуын және психологиялық денсаулығын сақтау үшін жүзеге асырылатын түрлі технологиялармен ұсынылған өзара шартталған және өзара байланыс әрекеттерінің кешені.
Психологиялық тәжірибеде әдіс - бұл практикалық психологиялық міндеттерді шешетін тәсілдердің жиынтығы. Практикалық психологияда негізгі әдістерді жіктеу екі параметрге негізделген: ауыспалы мағынада (педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық, жеке психологиялық) және кәсіби әрекет бағытында (психологилық сараптама, психокоррекция және т. б).
Арттерапия - психикалық қысымды түсіру, тынышталу, босаңсу мақсатында қолданылатын эмоциялық күйге өзгеріс орнатуға ықпал ету құралы. Бұл үшін кәсіби суретші болудың қажеті жоқ, қолға қаламсап немесе қарындаш алып, қағаз бетіне бірнеше сызбалар жасасаңыз болғаны. Өнер терапиясы ішкі қысым мен уайымдауларды қағаз бетіне бейнелеуді мақсат етеді, мұның барлығы жас ерекшелігіне, жынысына, ауру түріне немесе сезімдер мен уайымдауларға тәуелсіз жүргізіледі.
Психологиялық қолдау технологиясы-бұл жалпы педагогикалық процестің барлық мүшелерін оптималды әлеуметтік-психологиялық жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында бала тұлғасының толық дамуын және психологиялық денсаулығын сақтау үшін жүзеге асырылатын түрлі технологиялармен ұсынылған өзара шартталған және өзара байланыс әрекеттерінің кешені.
Педагог-психолог қолданатын инновациялық технологиялар мен әдістердің жіктелуі.
Психологиялық
Әлеуметтік-педагогикалық
Педагогикалық
Психодиагностикалық әдістер.
Қабілеттер мен ақыл-ой тестісі, жекелік сауалнамалар, жетістіктер тесті, жобалық тестер, сурет тесттері социояметрия.
Психологиялық кеңес беру әдістері:
Эмпатикалық таңдау, интерпрестация, идентификация, фасилитация, болжам жасау.
Психокоррекциялық әдістер:
Психогимнастика, ойындық коррекция, ойын терапиясы, арттерапия, диагностикалық үйретуші, эксперимент, әлеуметтік психологиялық тренингг, міез-құлық тренингі.
Психотерапиялық әдістері:
Суггертия, өзіндік ұмтылу, рационализация, психоанализ, топ-тық терапия, мінез-құлықтық терапия.
Әлеуметтік тәрбие әдістері:
Әрекетке қатынасу және мотивтендіру әдісі, репродукциялау әдісі, қорытындылау әдісі, бірлескен әрекет пен бірлескен шығармашылық әдісі.
Әлеуметтік-педагогикалық әсер ету әдістері:
Санаға, сезімге, мінез-құлыққа.
Әлеуметтік-педагогикалық өзара әрекетті ұйымдастыру әдістері:
Мақсатты жоспарлау әдістері, жалпы бағытталу әдістері, іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, қарым-қатынас әдістері, бағалау әдістері, өзіндік жүзеге асыру әдістері.
Ұйымдастырушылық әдіс:
педагогикалық эксперимент.
Педагогикалық әрекет әдістері:
Педагогикалық бақылау шынайы эксперимент.
Оқыту әдістері:
Сөздік (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу, дискуссия, лекция), көрнекілік (иллюстрация, демонстрасия, кітаппен жұмыс), тәжірибелік (жаттығу, лабороториялық және тәжірибелік жұмыстар, диагностикалық ойындар, шығармашылық тапсырмалар және мәселелік жағдаят)
Тәрбиелік әдістер:
Жағымды үлгі, сендіру, үйрету, жазалау, жаттығу, перспектива, ойын, сенім, жетістікті үйрету, өз-өзін тәрбиелеу.
Интеллект - құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты. Сөйлеумен тығыз байланысқан ойлау ми қызметінің нәтижесі. Ал интеллектуалды ойлау - сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мәнісіне түсіне білуден жақсы байқалады.

2.Мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау.
Ұжым - қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдаструдың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдай болуы қажет. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Ұжым мәселесімен Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, В.А.Сухомлинский, М.Жұмабаев, Ж.Қоянбаев, Т.С. Сабыров т.б. зерттерді.
Ұжымның пайда болу генезисі-қоғамдық өмірдің заңдылықтарымен тығыз байланысты қалыптасқанына көз жеткіземіз. Ұжымның қажеттілігі екі түсінікті аңғартады: бірі - кез келген ұжымдық бірлестіктер; оған жұмысшылар, еңбеккелер, әкімшілік, мектеп, оқу орындары және басқа мекемелердегі адамдар; екіншісі - белгілі бір жоғарғы жетістіктерге жетуді басты мақсат еткен арнайы топтар. Олардың басты мақсаттары - бірлік, ынтымақтастық және мүдделік ерекшеліктері болмақ. Мектеп ұжымының ерекшелігі - ұжым мүшелері, яғни оқушыларға педагогтар мен жұртшылықтың алдын-ала жоспарланған, алдына белгілі бір мақсат қойып, жас ұрпақтың жан-жақты дамып, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасауға бағытталған тәлім-тәрбие жүйесі.
Педагогикалық ұжымның оқушылардың ата-аналармен жүргізілген жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған орынды
Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік,көсемдік сөз сақтауы өкпе, реніш , ыңғайсыздыққа негіз болады. "Міндетті","қажетті"деген үзілді-кесілді сөздерден соң ата-ананың ақыл-кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады.
Ата-аналардың көпшілігі өз міндеттерін жақсы түсінеді, бірақ тәрбие тәжірибесінде өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керектілігін білу де маңызды.
Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдауға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, білімі жоқ ата-аналардың өзі бала тәрбиесіне терең түсіністікпен және жауапкершілікпен қарайды.
Үшінші ереже. Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп. Сынып жетекшісі-ресми тұлға. Ол өз қызметі аясында көп жағдайда қаласа да, қаламаса да отбасының өзгелерден "жасыратын" құпия сырларына куә болуы мүмкін. Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата-аналар одан көмек күтіп сеніп сыр айтады, ақылдасады. Сондықтан отбасы қандай болса да ата-аналар қандай тәрбиеші болса да мұғалім барынша әдепті болуы тиіс. Ол отбасы туралы барлық білімін ата-аналардың тәрбие ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға жұмсауы керек.
Т өртінші ереже. Тәрбие мәселелерін шешуге өмірге құштар, көтеріңкі көңіл күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымы қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену. Тәрбиеленушінің мінезін қалыптастыру қиындықсыз, қайшылықсыз және оқыс оқиғасыз іске аспайды.
Егер осының бәрі даму заңдылығы түрінде қабылданса онда қиындық, қайшылық және күтпеген нәтиже педагогты әбіржітпеуі тиіс.
Мектептің педагогикалық ұжымы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері
Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Тәрбие мақсаты, балалар ұжымын қалыптастыру мәселесі отандық педагогика ғылымында педагогикалық ұжымның екі орнықты моделін іздеумен бірге қарас-тырылды. Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалын біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. Н. К. Крупская, С. Т. Шацкая, А. С. Макаренко және т.б. ''Тәрбиешілер ұжымы болуы керек'', - деп жазды. А. С. Макаренко - тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде және біртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбие процесі болуы мүмкін емес''.
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті. Тәжірибе алмасу сол мектептің жұмысын көшіріп алу емес, қайта оның қызметінің идеялары мен концепция-ларын бағалау болмақ.
Соңғы жылдары педагогикалық ұжымның дамуы мен қызметінің ішкі механизмін ашуға
арналған Н. С. Дежиннова, В. А. Кераковский, Л. И. Новикова, Р. Х. Жакуров және т.б. еңбектер
жарияланды. Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік
бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән.
Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі.. Кез келген ұжым сияқты мектептің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Инклюзивті білім беруде балалардың педагогикалық - психологиялық жағдайлары
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Ерекше білім алуында қажеттілігі бар балаларды сипаттау, салыстыру
Мүмкіндігі шектелген балалардың құқығы туралы
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ МЕКТЕПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚБІЛІМДІК ІС-ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ
Психологиялық - педагогикалық қолдаудың теориялық негіздері
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Пәндер