Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидалары


Мамандық: 6B01101 Педагогика и психология
Оқу деңгейі:
Первое высшее сокращенное образование
Курс: 1
Бөлім: қазақ
Ақбай Сабира Айданқызы
Тапсырма №1. Тапсырма тақырыбы
Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидалары
1. Cұрақ. Инклюзивті білім берудегеніміз не?
Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді - немесе енгізілген білім беру - яғни, жалпы білім беретін мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізіне балаларды кез келген кемсітушілікті болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Төртіншіден мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы. Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан - ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субьективті талдап бала дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында -тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай (жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері
- Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады;
- Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
- Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы;
- Барлық адам бір-біріне қажет;
- Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;
- Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;
- Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;
- Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндетері:
- инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен механизмдерін жетілдіру;
- инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру) ;
- білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау;
- «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;
- инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Инклюзивті білім беруді дамыту принциптері:
- инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану;
- білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту;
- еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы;
- білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы;
- кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет;
- мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «тасымалдаушы проблема» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктерін әлеуметтік ықпал;
- денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзете-дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы.
2-сұрақ: ЕБҚ ететін білім алушыларды бағалау және қолдау үлгілерінің қандай түрлерін білесіз?
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастау-
ыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін
арнайы жағдайлар жасалады . Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында
қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында
келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу
үлгерімі) ;
3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын
таңдау;
5) оқыту формасын таңдау;
6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;
7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
8) арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың,
логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың,
тифлопедагогтың) ;
9) педагог-ассистентің көмегі;
10) әлеуметтік - педагогикалық көмек.
ерекше білім беру қажеттіліктердің әрқайсысының сипаты:
Оқытудың нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың
оқу үлгерімін) . Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі
көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет:
- оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылған
кезде;
- оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда.
мұндай ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру пмпк
ұсынысы негізінде жүзеге асырылады: «жеке амал және баланың оқу
үлгерімін бағалаудың вариативтілігі». егер оқушылар (ебҚ 2 және3 топ ба-
лалары) үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту ту-
ралы шешім қабылдаса, онда дәл сол мектеп кеңесі баланың оқу үлгерімін
бағалаудың нұсқауларын және жеке тәсілдерін ұсынады.
ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту кезінде кез келген нәтиже оң бо-
лып саналады. Оқушының жетістіктерін бағалау акценті жеке бағдарлама
шеңберінде қойылады.
бағалау тәсілдері (рәсімдері) мен бақылау материалдарын өзгерту
ықтималдылығы 2-кестеде көрсетілген.
Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері мен бақылау
материалдарын өзгерту.
Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану. Бұл білім беру қажеттілігін анықтау, ең алдымен, мұғалімнің және мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарымен жүзеге асырылады, алайда баланы арнайы немесе баламалы әдістерді қолдану арқылы оқыту қажеттілігін пмпк ұсынуы мүмкін. Мұғалім арнайы және баламалы әдістерді ұштастыра отырып, барлық сынып үшін оқытудың қарапайым әдістерін қолдану арқылы ебҚ бар балаларды оқытуды жүзеге асырады. Оқыту формасы немесе жай тәсілдерді қолдану оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімделіп алынады. Көбінесе мұғалім бүкіл сыныпқа қолданатын тапсырмаларды және де оны балаға беру тәсілдерін бейімдеу талап етіледі.
Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға
ұсыну тәсілдері.
1. Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдерінің нұсқаулары уақыт аралығында тапсырмалар саны азаяды.
2. Оқу тапсырмалары қысқартылады
3. Оқу, жазу үшін мәтін қысқартылады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz