Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және ПМПК қорытындысымен оқушының мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мамандық: 6B01101 Педагогика и психология

Оқу деңгейі: Первое высшее сокращенное образование
Курс: 1

Бөлім: қазақ

Рахмет Мәдина Мұратқызы

Тапсырма №10. ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және ПМПК қорытындысымен оқушының мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері.

Тапсырма сұрақтары

1. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау бойынша жұмыс кезеңдерінің сипаттамасы.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау

Ерекшеліктері Қазіргі әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да әлеуметтік-

экономикалық ахуалдары ауыр жағдайдағы отбасылар санының өсуіне байланысты педагогика мен психологияда «өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар» түсінігі жиі қолданыла бастады. Кейінгі жылдары бұл өмірлік

қиын жағдайда жүрген балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау қазіргі күннің көкейтесті мәселелерінің біріне айнала бастағаны да белгілі болды. Бұл мәселенің басты себептерінің бірі өскелең ұрпақтың қалыптасуында айтарлықтай әсері бар, балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін аса маңызды отбасы, білім беру, дем алу уақытын ұйымдастыру, денсаулықты сақтау секілді салаларға әсер еткен соңғы онжылдықтағы әлеуметтік-

экономикалық дағдарыстың зардаптары да болуы мүмкін. Өмірлік

қиын жағдайда жүрген балалар ұғымының мағынасы қөптеген мәселелерді қамтитын күрделі мазмұн болып табылады. Өмірлік қиын жағдайға душар болған балалар қатарына элеуметтік аз қорғалған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-аналарының қамқорлығынан айрылған, мүгедектігі бар және дамуында бұзылыстары бар, оқыс жағдайларға тап болған, зорлық-зомбылық көрген және де бұл қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балал ар жатады. Өмірлік

қиын жағдайда жүрген балалар ұғымына толық түсінік бере отырып, бұл балалардың әлеуметтік-педагогикалық сипаттамасын берудің маңызы бар.

Бала - бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық

және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму үстіндегі

организм. Әрбір бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына да қарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін. И. Г. Кузина «өмірлік қиын жағдай» ұғымын, «адамның өзінің айналасындағылармен әлеуметтік қарым- қатынасы мен қалыпты өмір сүру

дағдыларын объективті түрде бұзатын және субъективті тұрғыдан «күрделі»

деп танылатын, ақырында адамды өз мәселелерін шешу үшін арнайы

әлеуметтік қорғау қызметтерінің көмегі мен қолдауына жүгінуге мәжбүрлейтін жағдайлар» деп қарастырады Н. Г. Осухова болса, бұл ұғымды «сыртқы жағдайлардың немесе іштей өзгерістердің әсерінен баланың өмірге бейімделуі бұзылады да, нәтижесінде ол осыған дейінгі қалыптасқан мінез-

құлық тәсілдері мен модельдері арқылы өзінің күнделікті өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындай күйге жетеді»деп түсіндіреді

Қазіргі заманда өмір сүретін балалар үшін іс-әрекеттің екі саласы бар, және де олар бала тәрбиесіндегі негізгі институттар болып келеді - бұл, отбасы

және білім беру жүйесі. Бала өміріндегі көптеген мәселелер де осы екі

институттың әсеріне көбірек байланысты болып келеді. Бала үшін отбасы

- бұл, оның дене бітімінің, психикасының, мінез-құлқының және интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайтын орта. Әлеуметтік институт ретінде, отбасының бала өмірі мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете алмауы, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың пайда болуына әкелетін басты факторлардың бірі болып саналады. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту

Ұстанымын жүзеге асыруға негізделген. Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады:

- мүмкіндіктері шектеулі балалар;

- мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар;

- қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиын дықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез

-құлықты балалар, әлеуметтік

-экономикалық және әлеуметтік

-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шық қанбалалар)

Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар

- қалыптасқан мән

-жайлардың салдарынан тыныс

-тіршілігі бұзылған және осы мән

-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар; арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы балалар

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008

жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңына сәйкес, өмірлік қиын жағдай -

адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше

еңсере алмайтын, осы Заңда көзделген негіздер бойынша танылған ахуал

Бұл заң бойынша, адам (отбасы) мынадай:

1) жетімдік;

2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;

3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық

мінез-құлық; 3-1 кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы

мүмкіндіктерінің шектелуі;

5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм

функцияларының тұрақты бұзылуы;

6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп

төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

7) және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған

қатыгездік;

8) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар) ;

9) бас бостан дығынан айыру орындарынан босау

2. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағытын анықтау.

Білім беру мекемелеріндегі жеке сүйемелдеудің негізгі кезеңдері. Баланың дамуын сүйемелдеудің бірінші кезеңі ретінде бала туралы ақпаратты жинақтау шығады.

Екінші кезең- алған ақпаратты талдау.

Үшінші кезең- бала, педагог, ата-аналар, мамандар үшін ұсыныстарды

бірлесе түзу: әрбір «қиын» білім алушы, тәрбиеленуші үшін кешенді көмектің жоспарын түзу.

Төртінші кезең- сүйемелдеуге қатысушылардың барлығына бала

қиыншылықтарын шешудегі жолдар мен амалдар туралы кеңес беру.

Бесінші кезең- қиыншылықтарды шешу, яғни сүйемелдеудің әрбір

қатысышуысымен ұсыныстардың орындалуы.

Алтыншы кезең-орындалған ұсыныстардың сүйемелдеудің барлық

қатысушыларымен талдануы(Неге қол жеткізілді? Неге қол жеткізілмеді?

Не себептен?)

Жетінші кезең- бала дамуын талдауды жалғастыру(Келешектер не істейміз?)

Бұл шарттың барлығы шартты, өйткені әрбір баланың өз қиыншылықтары бар және оны шешуде жеке бір көзқарас қажет болады. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы әзірлеген «Психологиялық-педагогикалық консилиум туралы ережесінің» негізінде пси хологиялық-

педагогикалық қолдау бойынша нақты жұмысты білім беру ұйымындағы психологиялық-педагогикалық консилиумның шеңберінде өткізуге ұсыныс беріледі. Қиын өмірлік жағдайға түскен балаларда әлеуметтену мәселелері өте жиі туындайды, оның көріністері ретінде балалардың мектеп алды және мектеп бағдарламасын меңгерудегі тұрақты білінетін қиыншылықтары, тәртіп бұзушылықтары, білім беру мекемесіне барып жүруден бас тартуы шығады. Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін, атап айтсақ:

- дене бітіміндегі даму бұзылыстары (денсаулық мүмкіндіктері шектеулі

балалар),

- психологилық(зорлық-зомбылық құрбандары),

- әлеуметтік(табысы аз отбасылар, жетім балалар, қоныс аударылған балалар және т. б. ) .

Балалардың қолайсыз жағдайда дамуының осы аталған нұсқалардың кез-

келген түрінде нақты немесе оның алдындағы жас кезеңіне сай келетін

функциялардың жетіліп дамымауы, наразылық қылық көрсетумен немесе

шынайы өмірден қол үзуімен көрініс беретіндей назар талап етуде лайықсыз

қажеттілік, оқудағы және дамудағы мотивацияның әлсіз болуы, өз сезімін

білдірудегі қиыншылықтар мен лайықты қарым-қатынас құру дағдыларының

қалыптаспауы байқалады. Бала дамуына кедергі тудыратын себептердің жойылуы балаға бағыттаушы және басқарушы ықпал көрсету түрінде бекітілген талаптардың жүйесін іске асыратын маңызды ересек адамдардың көмегімен ғана жүзеге асыру мүмкін. Сол себептен бұл жұмыста коррециялық-дамытушылық бағдарламаларды жүзеге асыруды ата-ана- бала-

ұстаз өзара байланысты тұтас жүйесінде өткізуге ұсыныс берілуде.

Ата-аналар мен педагогтер жиі жағдайда бала қиыншылықтарының

сипатын түсіне бермейді де, олардың алдына дамуындағы шынайы деңгейге сай келмейтін міндеттерді қояды. Балалар оған лайықсыз мінез-құлықпен және әрекетсінуден бас тартуымен жауап беріп, бұл жағдай оқудағы сәтсіздіктерге жетелейді. Оңай жауап ретінде ересектер қорқытуға, жазалауға кірісіп, онысымен кінәлік сезімін тудырады, ол өз кезегінде болымды нәтижеге жеткізбейді. Оған қоса, ата-аналар мен мұғалімдер баланың «үстінен қарап», оның қиыншылықтарын түсінбейді, жиі жағдайда онымен эмоционалдық қатынасты орнатуға ынтасын білдірмейді. Бала жалғыздық сезіміне түсіп, ересектердің жағынан оның табысына деген тілектестік сезімдерін таппайды. Баланың қиыншылықтарына ересектер жиі теріс қарап, онымен жұмыс жүргізуде тек оның сәтсіздіктерін талдауға негізделеді. Егер баланың оқуы табысты болмаса, ол ересектердің көзінде «жаман» болып шығады, бұл баланың өзін-өзі төмен бағалап, оның қобалжу сезімінің артуына, онысымен бала дезинтеграциясының артуына себепші болады. Осылайша, «шырғалаң шеңбе р» деп аталатын жағдай туындайды: әрекеттіліктің бұзылуы сәтсіздікке жетелейді, сәтсіздік қобалжуды және өзін

-өзі бағалау сезімінің төмендеуін тудырады, бұл бала дамуындағы қолайсыз бағыттың нығаюына ықпалын тигізеді. Білім беру үдерісінің барлық қатысушылары, әдетте, фрустрацияланған, бір-бірін кінәлап, қалыптасқан жағдайда шығатын жолды көрмейді

Дағдарыс жағдайынан шығу бала-ата-аналары (заңды өкіл) және педагог

арасындағы өзара қатынастарды және өзара әрекеттерді барлық қатысушылар бір-бірінің күйіне және мінез-құлығына өзара алғышарт бола алатындай өзара байланысты бірыңғай жүйе көзқарасынан қарастырғанда мүмкін. Осы жүйенің жағдайын өзгерту үшін баламен де, ата-аналармен де, мұғаліммен де, сонымен қатар олардың қатынасқа түсу амалдарымен де бір уақытта жұмыс жүргізу қажет. Әдетте, білім беру мекемесінде бұл жұмысты психолог жүргізеді.

Психологиялық араласудың мақсаты:

- «қолдаушы ортаны» қалыптастырумен бала жағдайын өзгерту және

оның дамуын жалғастыруға ықпалын тигізетін функциялардың қалыптас

уын ұйымдастыру;

- ересектерді баланың жағдайы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың арнайы немесе балама әдістерін қолдану
Бейімделген бағдарламалар
Жалпы білім беру мектептерінде білім беруге ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытудың негізгі шарттары
ПМПК олигофренопедагогының қызметі
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Инклюзивті білім беру
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата - аналары мен мұғалімдердің арасында байланыс орнатудағы қиындықтардың себептері
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz