Шетелде инклюзивті білім берудің дамуы. ҚР инклюзияның даму жолдары


Мамандық: 6B01101 Педагогика и психология
Оқу деңгейі:
Первое высшее сокращенное образование
Курс: 1
Бөлім: қазақ
Рахмет Мәдина Мұратқызы
Тапсырма №2. Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихы.Тапсырма сұрақтары
- Шетелде инклюзивті білім беруді дамыту.
Инклюзвті білім беру үмкіндігі шектеулі балаларды оқыту ХХ ғ аяғында дамыды.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Білім беру саласында мәселені шешудің екі негізгі жолы айқындалды: бір жолдан АҚШ өтті, екінші жолдан Еуропа өтті. 1970 жылдан бастап әлемнің бірқатар елдерінде, мүгедектердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты, нормативті актілер пакетін құрастыру және ендіру жүргізіліп келеді.
Көптеген мамандардың пікірлері бойынша, Италия қалған дүние жүзіне инклюзивті білім берудің зертханасына айналды. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, осы елдегі арнайы мектептер мен сыныптардың оқушыларының көпшілік бөлігі, жалпы білім беру жүйесіне интеграцияланды.
1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған Заң қабылданды:
- Сыныптағы балалардың ең көп саны - 20;
- Дамуында ерекшеліктері бар балалардың сыныптағы ең көп саны - 2;
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша арнайы іс-шаралар, сыныптағы сабақтың мазмұнына «енгізілген»;
- Арнайы бағдарламалар бойынша оқитын сыныптар қысқартылады;
- Арнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалімдерімен командаға бірігеді;
- Педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық оқушыларымен өзара әрекетке түседі.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық балалардың 99%-ы жалпы білім беретін мектепте оқиды. Оларға «қолдау мұғалімі» (тьютор) көмек көрсетеді. Қарапайым сыныпта қолдау мұғалімінен арнайы көмек алу үшін, бала дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу ата-аналардың келісімімен бір жылға жүзеге асырылады, бұл мерзім аяқталғаннан кейін, арнайы көмекті ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады.
Арнайы педагогтар мен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ресми арақатынасы - 1:4, бірақ шынына келген бұл 1:2 болады. Италия үшін сыныпта көзі көрмейтін (соқыр) немесе құлағы естімейтін (саңырау) баланың болуы қалыпты тәжірибе болып саналады, сыныптағы қалған барлық балалар Брайль әліппесін немесе ым-ишара тілін үйренеді. 1992 жылы шыққан Италияның жаңа заңы, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруді ғана емес, сонымен бірге академиялық пәндер бойынша сапалы оқытуды басты орынға қояды. Осы Заңға сәйкес, барлық балалар жалпы білім беретін мектепке қабылдануы керек және оларға сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуы керек. Аталған Заңға сәйкес, 16 мыңға жуық балалар арнайы (коррекциялық) мектептен жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды және 10 мыңға жуық оқушы әдеттегі университеттерге қабылданды,
1997 жылы Италияда дискриминация туралы Заң қабылданды, содан кейін ерекше қажеттіліктері бар 160 мың бала жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылды, олардың мыңға жуығының дамуында ауытқуы бар.
2003 жылы Италияның білім министрлігі мектептердің барлық директорларына жұмыстан үздіксіз тренингке қатысуды міндеттейді, бұл тренингке қатысу өмірге инклюзивті білім берудің ұлттық саясатын жетілдіру үшін қажет болады. Мұнда жалпы білім беретін мектептің барлық мұғалімдеріне, жылына 40 сағат боп белгіленген біліктілікті арттыру курсынан өту міндеттелді.
Итальяндық тұғырдың ерекшелігі ретінде, жалпы білім беретін мектептің мүмкіндігі шектеулі балаларды диагностикалау және емдеу бойынша параллельді жұмыс жүргізетін медициналық және әлеуметтік мекеме мамандарымен тығыз өзара әрекеттің болуы алынады (дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкер, мейірбикелер, логопедтер, функционалды және физикалық терапевтер және т. б. ) . Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды жалпы білім беретін ортаға интеграциялау үдерісін дамыту, Италияда өз шешімін талап ететін мәселелермен қатар жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептің көпшілік мұғалімдері интеграцияны теріске шығармайды, бірақ оны сынып өміріне ендіруде бірқатар қиындықтары болады. Олар мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытудың жауапкершілігін қолдаушы мұғалімге (тьютор) жүктеуді ұсынады. Бұдан басқа, мұғалімдер тьютордың сыныптан осындай балалармен жұмыс істегенін қалайды.
Италияда білім беруді интеграциялау мәселесі бірнеше себептермен байланысты:
- Интеграция үдерісі мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың мұқтаждықтарын қажетті зерттеуді жүргізусіз, қажетті мамандардың болуын анықтаусыз басталды;
- Инклюзивті білім беру мәслесі бойынша жалпы білім беретін мектептің мұғалімдерін оқыту шектелді және жеткіліксіз болды. Аталған тақырыпнама бойынша 1 айдың ішінде арнайы сабақтар (курс), оң нәтиже бермеді, көпшілік мұғалімдер мұндай оқытудан мүлдем өтпеді, соған сәйкес жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқыту міндетін қоймайды, себебі олардың интеграцияға дайындығы жеткіліксіз деңгейде болады;
- Жоғары сыныптарда жұмыс істейтін қолдаушы мұғалімдердің көпшілігінің арнайы (дефектологиялық) дайындығы жоқ;
- Сынып мұғалімі мен қолдаушы мұғалімнің (тьютор) ынтымақтастығы көп жағдайда қиындау жағдайда болады: қолдаушы мұғалім және жалпы білім беруші мұғалім өз іс-әрекетінің аймақтарын анықтай алмады және өздерінің міндеттерін бір-біріне жүктеді;
- Жалпы білім беру үдерісіне ақыл-ойында ауыр ауытқуы бар балалар енгізілді, бұл өз кезегінде балаларды бірлесіп оқытуда және олардың қарым-қатынасын ұйымдастыруда бірқатар заңды қиындықтарға әкелді. Көпшілік мамандар мұндай балалар үшін арнайы сыныптардың ашылуы туралы пікірлерін білдірді. Алайда, Италияда бұл ұсыныс түбегейлі қабылданбады, себебі ол арнайы білім берудің жеке жүйесінің «қайта туындауына» алып келеді, ол бұл елде «абыройды төмендететін» және оқытуда ешқандай пайда әкелмейтін құбылыс ретінде қабылданады. Нәтижесінде, айқын интеллектуалды ауытқулары бар балалар жай оқытылмайды;
Орта мектептің жоғары сыныптарында білім беру үдерісіне қатысушылардың тарапынан инклюзивті білім беруге жағымсыз қатынас. Дені сау балалардың ата-аналары көп жағдайда, әдеттегі сыныпта ауытқуы бар оқушылардың болуына қарсы шығады.
Осылайша, Италиядағы интеграцияны осы мәселенің кең мағынасында қол жеткізілген мақсаты деп санауға болады. Алайда, осы мәселе бойынша жүйелі орталықтанған мәліметтердің жетіспеушілігінен, білім беру интеграциясы үдерісінің нәтижесі туралы мәлімет өте аз.
- ҚР инклюзияның даму жолдары.
Елбасы Н. Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, « . . . мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары) . Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады.
Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген. Республикада 2375 бала үшін 166 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, бұл анықталған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 14%-ын құрайды. Бұдан басқа, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39 арнайы балабақша мен жалпы мақсаттағы балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда 5879 баланы құрайды. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтарында, түзету кабинеттерінде (бұдан әрі − ППТК) түзетупедагогикалық қолдау көрсету көзделген. Республиканың жұмыс істеп тұрған 129 ППТК-де негізінен мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет көрсетіледі. Даму мүмкіндіктері шектеулі 43811 баланың 15244-і мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына қолдан келгенше жағдай жасайтын болады. Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медицина-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте жастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Сондықтан мемлекеттік Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бұл бағдарламада инклюзивті білім жүйесін дамытудың мына мәселері көрсетілген: 2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді; 2020 жылға қарай білім беру ұйымдарында мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады; мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалды (педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) ; үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.
Осылайша, Қазақстан Республикасында 2020 жылға қарай инклюзивті білім жүйесі енгізеледі; инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан 70%-ға ұлғаяды; мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жеткізуді» жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан - 20%; инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% құрайтын болады. Бүгінгі таңда елімізде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар саны 138, 5 мыңды құрайды. Ол жалпы бала санының 2, 8% құрайды. Оның ішінде 44 мың 773 мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар.
Инклюзивті білім беруді даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата-анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп-интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz