Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты халықаралық құқықтық құжаттар


Мамандық: 6B01101 Педагогика и психология
Оқу деңгейі:
Первое высшее сокращенное образование
Курс: 1
Бөлім: қазақ
Рахмет Мәдина Мұратқызы
Тапсырма №3. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты халықаралық құқықтық құжаттар. ҚР Білім туралы Заңы.
Тапсырма сұрақтары
1. Инклюзивті білім беру бойынша Халықаралық құқықтық актілерді түрлі көздерде іздеу.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы көп уақыт бойы халықаралық қауымдастықтың назарында болып келді. Қазіргі уақытта көтеріліп отырған жалпы проблемаға байланысты біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Адам құқығы туралы декларация, Мүгедектердің құқығы туралы декларация, Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығы туралы декларация, Бала құқығы туралы конвенция, Мүгедектердің мүмкіндігі мен ережелерін сақтаудағы
тең құқығын сақтаудың стандартты ережелері түріндегі бірқатар нормативтік құжаттар жасақталған.
1989 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблеяда Бала құқығы туралы конфенция қабылданып, баланың мүмкіндігін әлемдік деңгейде сақтай білу, оны дамытудың қажеттілігі қабылданды. Конвенцияның негізгі мақсаты - максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау. Конвенцияның ережелері маңызды төрт талап негізінде (өмір сүруге қабілеттілік, даму, қорғау, қоғамдағы белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету) қарастырылды. Конвенцияның 23-ші бабында «мүмкіндігі шектеулі баланың өмір сүруіне жағдай жасау» туралы мәселелер көтеріледі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы, кәсіби еңбекке дайындығы, оларға медициналық көмек көрсету, денсаулығын нығайтудағы қажеттіліктердің қанағаттандырылуы туралы баса айтылады.
Саламандық декларацияда (1994) «инклюзия» - бұл білім беруді дамытудағы басты бағыт деп есептеген. Инклюзивті білім беру жүйесінің ерекшелігі әрбір баланың қажеттілігі мен мүмкіндігіне қарай бейімделуге міндетті, бірақ жалпы білім беру мектептерде біріктіріп оқытумен қатар кейбір балалар арнайы мекемелерде білім алады. Жоғарыда аталған халықаралық құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде тоқсаныншы жылдары білім беру жүйесінде «инклюзия», «инклюзивті білім беру», «инклюзивті амал» бағыттары дами бастады.
Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекшеқажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994) .
2002 жылғы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзете қолдау туралы» заңы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, еңбек және кәсіби даярлығына байланысты проблемаларды шешуде тиімді жүйені құруға бағытталған қолдау көрсетудің әдістері мен формасын анықтайды. Заңда мүмкіндігі шектеулі баланың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етудің арнайы жағдаяттары қарастырылған:
жалпы кешенді медициналық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік тексеріс пен кәсіби диагностика жасау, оңалтудың жеке бағдарламасын құрастыру, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызмет көрсету мен кәсіби еңбекке үйрету жолдарымен туғаннан бастап кәмелет жасқа келгенше көмек көрсетіледі;
мүміндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі мен Республика бойынша балалардың даму мониторингісін құру; арнайы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызмет көрсету мекемелерінің дамуы;
мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға кіріктіру;
мүмкіндігі шектеулі баланың отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;
мекемені ғылыми және ұйымдастырушылық-әдістемемен, кадрлармен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді Мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты мәселелерді шешу жолдары айқын көрініс тапты. Олар төмендегідей:Арнайы білім беру ұйымдарын, түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерін, арнайы балабақша және мектеп, ата-аналарға кеңес беру
пунктерін сақтай және кеңейте отырып ерте жастан түзете-педагогикалық
қолдау көрсету. Білім беру жүйесінде білім алуға мүмкіндігі жоқ, үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және жеке бағдарлама құрастыру.
Мұғалімдердің қазіргі таңдағы жаңа технологиялық құралдармен жұмыс жасау біліктілігін арттыруда және жаңа білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігін дамытуда қайта даярлану мен арнайы курстардан өткізу. Балабақша және жалпы білім беру мекелерінде мүмкіндігі шектеулі әр балаға «тосқауылсыз» жағдай мен ортаны құру.
Халықаралық құжаттар:
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
Бала құқықтары туралы Конвенция (НьюЙорк, 20 қараша 1989 ж. )
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция (Нью-Йорк, 13 желтоқсан, 2006 жыл)
Балалардың өмір сүруі, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік декларация
Заңға қосымша актілер:
• Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 13 қарашадағы № 398-V ҚРЗ
• Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
• "2016-2017 Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы"
Әдістемелік нұсқау
• «Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу
жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгеріс және
толықтыру енгізу туралы
• «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343
Заңы 5 тарау 19 баптан тұрады. Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған. Бұл 5 тарау, 19 баптан тұрады.
2. Ақпаратты талдау.
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудегі нормативтік-құқықтық базасы:
1989 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблеяда Бала құқығы туралы конфенция қабылданды.
1989 ж “Бала құқықтары туралы Конвенция”
1993 ж Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер”
1994 ж білім алуда ерекшеқажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация”.
2002 жылғы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзете қолдау туралы» заңы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 26 қарашадағы «Стационарлық емдік-профилактикалық, оңалту және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтетін мүгедек балаларға арналған оқыту, мүгедек балаларды үйде оқытуда оқыту-тәрбелеуді ұйымдастыруға ата-аналарға жәрдемдесу тәртібін реттеу туралы қағидаларды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 974 бұйрығы.
Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz