Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидалары

Сұрақтар:
1. Инклюзивті білім беру дегеніміз не?
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім
беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар
немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім
алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және
психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте қазіргі таңда
әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір
талабы болып табылады. Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі
оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде
еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді
қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту
сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы
мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп
сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз
алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі
сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі
болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек.
Үшіншіден білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Төртіншіден мұндай
сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім
көлемінің аздығы. Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан –
ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субьективті
талдап бала дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді.

Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда өзімді қосқанда ал, ағылшын
тілінен аударғанда араластырамын деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі
балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына,
дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру
жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқытып-үйретудің бір формасы.

Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім
беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті
оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге
әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы
жеңілдетілген оқыту жүйесі. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты
балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін
алады) , жартылай (жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал
екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы
бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу
үшін біріктіріледі. Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның,
сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы
бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары
көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға
баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс
бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім
беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген
баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен
мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту
негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық
адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың
ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы
жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір
бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық
қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды
оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін
қалыптастырады. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу
орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне
қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық
балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім
алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру
балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ
берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен
сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше
қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді
ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік
алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу
және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай
балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға
балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы
қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай
қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.

Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері

• Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен
жетістіктермен анықталады;

• Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;

• Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы;

• Барлық адам бір-біріне қажет;

• Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;

• Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;

• Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай
алатын әрекетін жүзеге асыру;

• Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Әртүрлі елдерден түзету педагогика саласындағы жетістік талдауы пайымдау
негіз береді, бұл арнайы білім беруде компьютерлік технологияның рольі
шегінен шығуда. Компьютерлік технологияны дамытуда терең және кешенді
ауытқуы бар балалар үшін өзара іс-қимылды қабілетті қамтамасыз ету мен
қоршаған ортамен қатынас, бірегейлі құралдар болып табылатындығын
мойындаған. Компьютерлік технология арқасында мүмкіндіктер пайда болды:
• Баланы оқыту қызметін ынталандыру жағдайында басқа құралдармен мүмкін
емес:
• Тек қана осы технология базасында ғана мүмкін, жаңа жолға шығу жолын
оқытуды құру;
• Технология әзірлеуде оқыту мен дамыту арасындағы арақатынасты анықтау;
• Дәстүрлі оқыту мен түзетулер міндетін шешуге тиімді әдісінен аса мәнді
болып табылдады;
• Сапалы жеке оқытудағы жаңа әдістерді әзірлеу;
Оқу үрдісіндегі компьютерді қолдану міндеттері:
• Оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамсыз ету;
• Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету;
• Кең таралағн білім көздерінен ақпаратты іздестіру;
• Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру;
• Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру;
Компьютер білім беру саласында түрлі қызметтер атқарады;
1. Оқыту пәні ретінде;
2. Педагогикалық меңгеру жүйесінің компаненті (сыңары) ретінде;
3. Білім беру мекемелерін басқару сыңары ретінде;
4. Ғылыми –педагогикалық қызмет ретінде;
Оқыту құралдары ретінде компьютермен жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі: топпен,
жеке, сыныппен. Демек кез-келген оқыту , тек білім беруден басқа түзете-
дамыту жұмыстары болатын көрнекті - тәжірибелік сиқырлы іс-әркет, ол
виртуалыдық іс-әрекет деңгейіндегі компьютермен жұмыс істеу. Жоғарыда атап
өткендей мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыта оқытудың негізіг
жүйесі инклюзивті білім берудің практикалық адымы неғұрлым ерте ғылыми
теориямен өзіндік үндестігін тапса, онда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларға деген оң көзқарас оңалар еді. Сондай-ақ инклюзивті білім берудің
инновациялық жолдарын оның ішінде компютерлік технология, интерактивті
тақта сияқты білім беруге қажетті жаңа ақпараттық технологиямен қаматамсыз
етілсе, келешекте мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесінде
ешқандай кедергілер болмақ емес.

ЕБҚ ететін білім алушыларды бағалау және қолдау үлгілерінің қандай түрлерін
білесіз? Олардың айырмашылығы неде?

Күнделікті мәселелер, өмірдің тауқыметі, қоғамның өзгеру деңгейлерінің
жылдам алмасуы бізден жоғары белсенділікпен қатар алға ұмтылуды,
ізденімпаздықты және де үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі
аласапыран әлеуметтік дамуында, құндылықтар мен әлеуметтік нормалардың
өзгеріп , отбасында ата-ана, ата-әжеден берілетін тәрбиенің ықпалы азайған
заманда балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдаудың маңызы
уақыт өте келе сұранымды қажет ететіні белгілі. Педагог пен баланың қарым-
қатынасындағы ұстанымдар мен парадигмалар да өзгереді: оқушы мен оқытушы
орнына, адам мен адам парадигмасы қалыптаса бастады. Балаларды
психологиялық-педагогикалық қолдау бұл – баламен кеңесе отырып оның
қызығушылықтарын , белгілі бір мақсаттарға жетуде алға қойған ұмтылыстары
мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсетіп, оның адами қасиеттері мен
құндылықтарын сақтай отыра , оқу мен оқытуда өз бетінше қол жеткізуіне,
өзін-өзі тәрбиелеп, жақын араласатын дос табуына көмектесу болып
табылады.
Ендігі кезекте ерекше балалардың ата-аналарына психолог тарапынан
берілетін келесі психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы  психологиялық
кеңескті алып қарасақ:
1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық
іс — әрекетпен айналысып отырса.
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны
салыстырмаңыз.
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке
басының ой-пікірімен санасыңыз.
8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға
үйретіңіз.
11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге
балаңызға көмек көрсетіңіз.
12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз
қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар
құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен
қамтамасыз етіңіз.
15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз
болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.
Ерекше балаларға ата-аналар тарапынан психикалық зорлық көрсеткені де бала
денсаулығына зор ықпалын тигізеді. Психикалық зорлық көрсетпеу туралы ата-
аналарға психологиялық кеңес беру , оларды күнделікті өмірге тарту ата-
анаға түсіндіретін де ,  ұйым мен отбасының  бірлескен қарым-қатынасын
жүзеге асыратын да педагог мамандар, яғни сіз бен біз.
Бала – бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық және
психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму үстіндегі организм. Әр
бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына қарамастан,
өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі
көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін. Бала үшін отбасы – бұл,
оның дене бітімінің, психикасының, мінезқұлқының және интеллектісінің жақсы
қалыптасып, дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайтын орта. Әлеуметтік институт
ретінде, отбасының бала өмірі мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды
қамтамасыз ете алмауы, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың пайда
болуына әкелетін басты факторлардың бірі болып саналады. Жалпы әлемдік
тәжірибедегі инклюзивті білім беру ерекше қажеттіліктері бар балаларды
оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту ұстанымын жүзеге асыруға негізделген.
Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады: -
мүмкіндіктері шектеулі балалар; - мигранттардың, оралмандардың,
босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; - қоғамда
әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді
балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік экономикалық және
әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар). Қазіргі
қазақстандық білім беру жүйесінде қолдаудың әр түрлі модельдері әзірленіп,
оның инфрақұрылымдары қалыптастырылуда.
Инклюзивті білім беру көп қырлы үдеріс, ол білім беру жүйесіндегі
барлық құрамдастардың қосылуын талап етеді. Өткізілген мониторингтік
зерттеудің нәтижелері бойынша республика аймақтарында, жалпы, ерекше білім
беруді қажет ететін балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосуда оң динамика
орын алып отырғаны туралы қорытынды жасауға болады. Инклюзивті білім
берудің кеңінен етек жайып, дамуындағы бетбұрыстары инклюзивті білім беруді
іске асырып отырған білім беру ұйымдары секілді үдеріс қатысушыларының
синхрондық жұмысындағы және олардың қызметін аудан, қала, облыс деңгейінде
үйлестірудегі қажеттіліктерді көрсетті. Жалпы, Қазақстан бойынша инклюзивті
білім берудің орын алып отырған үлгілеріне, сонымен қатар Инклюзивті білім
берудің ресурстық орталықтарындағы және эксперименттік алаңшалардағы
қызметке жүргізілген талдау республикамыздағы инклюзивті білім берудің
келешектегі дамуы үшін білім басқармаларының қызметіндегі жүйелілік және
мақсатқа бағынушылық, елде инклюзивті білім берудің жергілікті енгізілуіне
және дамуына ықпалын тигізетін ресурстық орталықтардың құрылуы, оларды
ақпараттық, ғылыми-педагогикалық, материалды-техникалық және өзге
ресурстарын үйлестіру және интеграциялау (кіріктіру); − ерекше білімділік
қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беру үдерісіне қарқынды қосылуын
қамтамасыз ететін механизмдерді жетілдіру, жалпы білім беру ұйымдарында
инклюзивті білім беру кабинеттерін құру және қолдау, ерекше білімділік
қажеттіліктері бар, үйде білім алатын балаларды жалпы білім беру үдерісіне
қосудағы тәжірибені инклюзивті білім берудің бір үлгісі ретінде зерделеу,
инклюзивті білім берудегі терминологияны жетілдіру жолдарында оқытудағы
жақсы нәтижелер берері анық. Инклюзивті білім беруді дамыту үшін, жалпы
білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының, мемлекеттік басқару
органдарының және қоғамның басқа да әлеуметтік институттарының жүйелі және
өзара байланысты жұмысындағы қажеттілік бар. Одан басқа, инклюзивті білім
берудің дамуындағы маңызды кезең ретінде Ресурстық орталықтардың қызметін
инклюзивті білім беру үдерісіне қолдау көрсету және елдегі білім беру
ұйымдарында инклюзивті білім берудің тиімді үлгілерін таратуда кеңейту
шығады.
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік
тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Ерекше оқытуды қажет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беруді енгізу
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидалары
Инклюзивті оқыту
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Инклюзивті білім берудің мәні мен құрылымы
Қазақстанның барлық мектептерінде инклюзивті білім беруді енгізу
Пәндер