Адам және шошқа аскаридозы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Адам аскаридозы
Шошқа аскаридозы
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адам мен шошқа аскаридозы
Жұмыр құрттар, нематодтар (Nemathelmіnthes) - төменгі сатыдағы құрттар типі. Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта, биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан оларды космополиттік жануарлар қатарына жатқызады. Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар (Nematoda); құрсақ кірпікшелілер (Gastrotrіcha); киноринхалар (Kіnorhyncha); түкті құрттар (Nematorpha); коловраткалар (Rotatorіa). 27 мыңдай түрі белгілі. Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы - ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді (грек. nematos - жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге (Рlacentonema gіgantіssіma) жетеді. Бұлардың денесінің сырты қалың кутикула қабатымен қапталған. Ұзын, ұршық тәрізді бұлшық еті жиырылғыш келеді әрі қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бұлшық еттен екіншіге өткізеді. Тері-бұлшық ет қапшығы мен ішектің арасындағы дененің алғашқы қуысы (іші сұйық затқа толы) оның жұмырлығын тұрақты түрде сақтайды, денесінің тірегі болып, зат алмасу процесіне қатысады. Ас қорыту жүйесі ұзына бойына созылған тік түтік тәрізді алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз қуысы дененің алдыңғы ұшында орналасқан, ол өңешке ұласады. Зәр шығару жүйесі протонефридиялды (зәрді тері бездері арқылы шығарады). Қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасы мен бірнеше жүйке бағаналары (ұзына бойына созылған) құрайды. Жүйке клеткалары жүйке бағаналарымен байланыса жекелеген ганглияларды құрмай, тек құрсақ жүйке бағанасында құрсақ тізбегін құрай дамыған. Сезім мүшелері нашар дамыған. Дара жыныстылар, арасында гермафродиттер де кездеседі. Жұмыртқалары жатынның ішінде ұрықтанады. Көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі. Жұмыр құрттар - адам, өсімдіктер мен жануарлар организмінде де паразиттік тіршілік етеді.

Негізгі бөлім
2.1 Адам аскаридасы бүкіл әлемде кең тараған және ең зиянды құрттардың бірі. Аналығының ұзындығы 20-40 см, аталығы - 15-25 см. Ересек түрлері адамның ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары нәжіс арқылы ішектен сыртқа шығарылып, суға, топыраққа түседі. Жұмыртқалар тығыз қабықшамен қапталынған, сондықтан ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларына өте берік, төзімді. Тіпті олар 2-4% улы калий немесе натрий ерітіндісіне бір ай уақыт, ал формалиннің ерітіндісінде 4-5 жылға дейін тірі болған.

1-сурет: Адамға аскариданың ену жолы
Балалар острицасы - Enterobius vermicularis - көбінесе балалардың тоқ және ащы ішегінде тіршілік етеді.
Аталығының ұзындығы 2-5 мм, денесінің артқы ұшы спираль тәрізді оратылған, аналығының - 9-12 мм, артқы ұшы біз тәрізді сүйірленген. Ұрықтанған аналық острица иесінің аналь тесігіне өтіп, оның қыртыс аралығына жұмыртқаларын салады. Осы уақытта құрттар белсенді қозғалып, аналь тесігін жыбырлатып қышытады.. Жұмыртқалар сыртқа шығарылып адамға су арқылы, қолын жумай тамақ ішкенде жұғады. Ішекке түскен инвазиялық жұмыртқадан личичнка шығып, осы жерде өсіп, ересек түріне айналады. Острицадан болған ауру энтеробиоз деп аталады.

2-сурет: Балалар острицасы
Аскаридоздың эпидемиялогиялық процесіне сипаттама. эпидемиологиялық бейімділік. ас ретінде жуылмаған жеміс-жидектерді қолдану. санитарлық мәдениеттің төменділігі және қолайсыз, лас ортада өмір сүру. бақтарға тыңайтқыш ретінде нәжісті қолдану аскаридоз анықталған адамдармен эпидемиологиялық байланыста болу. резервуар және инфекция көзі инвазияланған адам аскаридозы берілу жолдары алиментарлы берілу факторлары аскаридоз тұқымдарымен зақымдалған топырақ, жеміс-жидек, су. тұрмыс заттарының қоздырғышпен контаминациялануы гельминттің тұқымдарын шыбындар механикалық түрде тасымалдау. қауіп факторлары санитарлық жағдайы төмен ауыл тұрғындары бау-бақша, жеміс-жидек қойнауы жұмысшылары. аскаридоз тұқымының жоғарғы резистенттілігі (топырақта 10 жыл, суда бір жылға жуық сақталуы) тұқымның өсуіне жаз-күз айларының қолайлы болуы.
Аскаридоз диагностикасындағы лабораториялық критерилері зерттелінетін материал немесе объект нәжіс қақырық науқас (қан) зерттеу әдістері паразиталогиялық нәжістің макроскопиясы байыту, седиментация, Като әдістері арқылы нәжісті микроскопиялық зерттеу қақырықты микроскопиялық зерттеу. рентгенологиялық қанның жалпы анализі диагностика нәтижесінен алынған мәліметтер жынысты бақылау нәжістен ұрықталған тұқымның табылуы личинкаларды анықтау ересек аскаридозды анықтау өкпедегі эозинофильді инфилтратты анықтау.
Этиологиясы ( Ascarіdae ) - жұмырқұрттар класына жататын дара жынысты құрт ; нематод тұқымдасына жатады. Омыртқалы жануарларының ішек тоғышарлары. Ascaridida отряды. Адамның және сүтқоректілердің ішегінде паразиттік тіршілік ететін түрлер жатады: адам аскаридасы - Ascaris lumbricoides, жылқы аскаридасы - Parascaris equorum, шошқа аскаридасы - Ascaris suum т.б. Туғызатын аурулары - аскаридоз.
Патогенезі. Адамға аскариданың жұмыртқасы лас суды ішкенде немесе көкөністі жумай жегенде жұғады. Адам аузына түскен инвазиялық жұмыртқа ішекке өтеді. Алдымен ішектегі сөлдердің әсерінен жұтылған жұмыртқаның қабығы бұзылады да, одан дамып, қалыптасып тұрған личинка шығады. Личинка сол жерде қалып, өсіп, дамуының орнына, енді бүкіл организмді шарлауын бастайды. Бұл микроскопиялық майда личинкалар ішек қабырғасын бұрғылап қан тамырларына түседі. Қанның ағысымен олар бауырға, бүйрекке, содан жүрекке, соңынан өкпеге келіп тоқтайды. Бұл кезде олардың ұзындығы 1 мм шамасында болады. Өкпеде личинкалар қан тамырларын тастап, альвеолдарға, бронхыларға, одан тыныс жолына түсіп, ауызға қарай жылжиды. Осы уақытта личинкалар тамақты (тыныс жолын) жыбырлатып, адамның жөтелу кезінде ауызға тез түседі. Ауыздан сілекей мен ас арқылы личинкалар ішекке келіп, өзінің дамуын аяқтайды. Дайын аспен қоректене отырып, тез өседі де, ересек формасына жетеді. Аскарида личинкасының миграциялық даму циклі иесінің денесінде үш айға созылады. Аскаридалар ұрығы ауызға түсісімен одан өніп көбейіп, қанға араласып, денеде қышыма пайда болады. Содан соң олар өкпеге жетіп, кейде құрғақ жөтел тудырады, арты насырға шапқанда өкпені қабындырып, қан аралас жөтелге ұштасады. Аскаридалардың жас өскіндері өкпедегі жөтелмен шығып, ішке жүтылып, ішекке түседі де, әбден өсіп жетіледі. Ішектегі аскаридалардың көпшілігі асқазанның қорытпауына және әлсіздікке әкеліп ұрындырады. Ішегінде аскаридасы көп балалардың көбіне іші кеуіп жүреді. Кейде аскаридалар демікпе, жиі қысылып қалу немесе ішектің таралу ауруларын туындатады. Баланың қызуы жоғарылаған кезде, олар дәреті арқылы немесе аузы мен мұрнынан да шығады. Кейде олар ауа жібермей, бала қақалып-шашалуы да мүмкін.
Клиникалық белгілері. Тәбеті тартпай, іші ауырып, температурасы жиі көтеріледі, жүрек соғу ритмі бұзылып, уланудың белгілері байқалады. жөтеледі, кеңірдек-өкпе қабынулары, аяқ-қол басында қызарған бөртпе құсады, іші өтеді іші қатады ішектері қатты ауырып түйіледі денесін аллергиялық бөртпелер басып, демігеді.
Диагностикасы. Нәжісте аскарида жұмыртқаларының анықталуы Өкпелік аскаридоз кезеңі : гиперэозинофилия және қақырық микроскопиясы ( аскорид личинкалары анықталады ) Серологиялық әдістер (преципитация реакциясы, тікелей емес гемаглютинация ). Салыстырмалы диагностикасы : Жедел сатысында - жедел аллергозбен, созылмалы сатысында жедел ішек инфекцияларымен, асқазан ішек жолдарының созылмалы ауруларымен жүргізуге болады.
Емі. Аскаридозда қолданылған препараттар : Левамизол ( декарис) -- тәуліктік дозасы 0,5 мгкг Мебендазол ( вермокс ) - тәуліктік дозасы 2,5 мгкг - 3 күн Пирантел 10 мгкг.
Болжам. Аскаридоз кезінде болжамы қолайлы. Өте ауыр кезінде өлім-жетім 3% -дан артпайды.
Диспансерлік бақылау: 2 ай. Ем аяқталғаннан соң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа аскаридозы
Құстардың аскаридасы
БҚО Жәнібек ауданы Борсы ауылының Асқар шаруа қожалығындағы шошқа аскаридозына қарсы ветеринарлық шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және оның экономикасы
Мал шаруашылығында ветериналық - санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Жайылым отын тиімді пайдалану
Ас тұзының қаныққан ерітіндісін қолдана флотациялау әдісі
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Иттің токсокароз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Тауық шешек - дифтерит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Жануарлардың инвазиялық аурулары
Пәндер