ОЖ орнату. ДК драйверлердің бар болуын анықтау. ДК өнімділігін арттыру. Локальды желі ұйымдастыру. Белсенді құрал жабдықсыз желі құру. Коммутатор негізінде желі ұйымдастыру. DNS негізгі функциялары


ОЖ орнату. ДК драйверлердің бар болуын анықтау. ДК өнімділігін арттыру. Локальды желі ұйымдастыру. Белсенді құрал жабдықсыз желі құру. Коммутатор негізінде желі ұйымдастыру. DNS негізгі функциялары.
Лекция жоспары:
- Драйверлерді орнату әдістерін оқып үйрену.
- Дербес компьютердің өнімділігін толығымен және жеке программалардың көмегімен арттыру бойынша программаларды қолдану.
- Желі құру үшін ДК дайындау. ДК байланыстыру. Желіні баптау. Желіні тексеру. Компьютерді коммутаторға қосу. Желіні баптау.
- Электронды пошталарды ұйымдастыру жұмыстары.
Операциялық жүйелер
ОЖ-компьютерді қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Қазіргі компьютерде пайдаланылатын программалардың бәрі программалық қамтамассыз ету (ПҚ-software) деп аталады. ПҚ-ны құрайтын программаларды үш топқа бөлуге болады: жүйелікПҚ, программалау жүйесі, қолданбалы ПҚ. Бұлардың алғашқы екеуін кейде базалық ПҚ деп атайды. Жүйелік ПҚ ядросы ОЖ болып табылады.
ОЖ компьютердің техникалық жабдықтарымен тығыз байланысты ПҚ бөлігі. ОЖ негізгі міндеттері:
1) компьютер ресурстарын: процессорлық уақытты, ішкі жадты, файлдарды, сыртқы құрылғыларды басқару;
2) пайдаланушымен диалогты ұйымдастыру.
ОЖ-ның резиденттік бөлігі (ОЖ ядросы) компьютердің жедел жады бөлімінде тұрақты орын алады.
Операциялық жүйелердің түрлері
Бірміндетті
Көпміндетті
Бір адам пайдаланатын
Бірнеше адам пайдаланатын
Командалық интерфейс
Графикалық көптерезелі интерфейс
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздерінің басталу уақыты 1981 жылы MS(PC) -DOS операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын. MS-DOS операциялық жүйесі тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған болатын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатын еді.
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланатын негізгі интерфэйс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарды. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден астам командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және жұмыс істеуге өз септігін тигізді.
Компьютерге Windows 7 ОЖ орнату
Операционды жүйені орнатпас бұрын, шағын ғана дайындық жұмыстарын өткізу қажет. Операционды жүйені орнатайын деген бөлімнен барлық маңызды ақпаратты көшіріп алған дұрыс. Өйткені, бұл бөлім форматталу үрдісінен өтеді. Бұл ақпараттың жойылуына әкеледі. Әдетте, бұл C:\ бөлімі. Сондықтан, барлық маңызды ақпараттарды қатқыл дисктің басқа (мысалы, D:\) бөліміне немесе басқа компьютерге көшіріп алған жөн. Ақпаратты DVD дискілерге де көшіріп, жазып алуға болады. Сіз C:\ бөліміндегі ақпараттың жойылуын қаламайсыз ғой. Әлі де мына маңызды заттарды есте сақтаған жөн. Windows 7-ні орнатпас бұрын, осы операционды жүйеге арналған барлық қосымша драйверлер мен бағдарламаларды сақтап алу керек. Windows 7 дистрибутивінде сіздің желілік құрылғыңызбен немесе Wi-Fi модеммен жұмыс істейтін драйверлер болмауы мүмкін. Егер оларды көшіріп алмасаңыз, операционды жүйені орнатқаннан кейін Интернетке шыға алмайсыз. Көңіл түсіретін жайт, рас емес пе? Сондықтан, бұларды алдын ала жазып алған дұрыс. Өзіңізге маңызды ақпаратты дискілерге немесе басқа компьютерге көшіріп болған соң, ОЖ орнатудың келесі қадамдарына өте беруіңізге болады.
Windows 7-ні орнату үрдісін мынадай бөлімдерге бөлуге болады:
- Windows 7 дистрибутиві бар дискті дайындау;
- Дисктен жүктелу;
- Windows 7-ні орнату;
- Дистрибутиві бар дискті дайындау.
1. Windows 7 дистрибутиві бар дискті дайындау Егер сізде Windows 7 дистрибутиві бар дискі болса, бұл қадамға көңіл бөлмеңіз. Егер дискі болмаса, оны жазып алуға тура келеді (немесе дүкеннен сатып ала аласыз) . Егер операционды жүйені Интернеттен жазып алуға бел бусаңыз, Windows 7-нің таза MSDN нұсқаларын таңдаған жөн. Бұндай нұсқаларды қолдансаңыз, кейін сізде келеңсіз жайттар туындамайды. Сіз компьютерді немесе ноутбукті туындаған келеңсіз мәселелерді шешуге емес, шұғыл шаруаларыңызды реттеуге пайдаланасыз ғой. Компьютеріңізге ОЖ-нің таза MSDN нұсқаларын орнатсаңыз, біршама уақыт үнемдейтініңіз айдан анық. Енді операционды жүйені дискіге көшіруді бастайық .
Windows 7-ні дискіге көшіруге керекті заттар:
- . iso форматындағы Windows 7 операционды жүйенің көшірмесі;
- Ashampoo Burning Studio бағдарламасының көмегімен ақпараттарды дискіге көшіре аласыз. Бұл бағдарламанының тегін нұсқаларын ғаламтор желісінен оп-оңай тауып ала аласыз;
- Таза DVD-диск;
- Біріншіден, жоғарыда айтылған Ashampoo Burning Studio бағдарламасын көшіріп алып, компьютерге орнатқаннан кейін іске қосамыз:
10-сурет- Ashampoo Burning Studio терезесі
«Создать/записать образ диска» мәзірінде «Записать CD/DVD/Blue-ray диск из образа диска» деген тармақты таңдаймыз. «Обзор» пернесін басып,
Windows 7-нің орналасқан жерін көрсетеміз:
11-сурет- Ashampoo Burning Studio терезесі
«Далее» пернесін шертеміз. DVD құрылғысына таза дискті салып, «Записать DVD» таңдаймыз.
12-сурет- Ashampoo Burning Studio терезесі
Бірнеше минут күтеміз:
13-сурет- Ashampoo Burning Studio терезесі
Міне дискі де дайын:
14-сурет- Ashampoo Burning Studio терезесі
Осы дискіні компьютерге немесе ноутбукқа саламыз. 2. Дискіден жүктелу DVD-дискіден жүктелу үшін біріншіден, BIOS баптауларына кіреміз. Қарапайым тілмен айтқанда, BIOS - компьютер немесе ноутбуктың маңызды параметрлерінің баптаулар мәзірі. Маңызды параметрлердің ішіне «құрылғыны жүктеуді анықтау тәртібі» де жатады. Бізді дәл осы параметр қызықтырып отыр. Компьютерді немесе ноутбукті қосқаннан кейін алдын ала белгіленген пернені басу керек. Жүктелу кезінде BIOS-ке кіру үшін қандай пернені басу керек туралы мағлұмат экранның астында жазылып тұрады. Көп жағдайда бұл F2, Del, Esc т. б. BIOS мәзіріне кіру туралы ақпарат ноутбуктың нұсқаулар кітапшасында да жазылады. Кейде сол кітапшаға қараған дұрыс та шығар. BIOS мәзіріне кіргеннен кейін құрылғыларды жүктеу тәртібін табу керек. Әдетте, осы баптаулар BOOT терезесінде орналасады, дегенмен, олар BIOS мәзірінің басқа жерінде де орналасуы мүмкін. Жүктеу тәртібін ауыстыру үшін әдетте, F5/F6 немесе бағыт көрсетуші пернелер қолданылады. Жүктеу тәртібінің өзгертілуі жайлы ақпарат BIOS мәзірінде де болуы тиіс. Өзіңіздің CD/DVD құрылғыңызды жүктелу тізімінің бірінші сатысына қойып, барлық өзгерістерді сақтайсыз да, BIOS мәзірінен шығасыз. Бұны жүзеге асыру үшін Save and Exit Setup деген тармақ қолданылады. Баптаулар сақталып болғаннан кейін компьютер не болмаса нетбук қайта жүктеледі. 3. Windows 7-ні орнату; Міне, Windows 7-ні орнату үрдісіне де жетіп қалдық. Дискі жүктелген соң, мынадай бейне шығуы керек:
15-сурет- Ashampoo Burning Studio терезесі
Пернетақтадағы кез келген пернеге шерту керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz