Kомпьютерді бөлшектеу және жинақтау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Kомпьютерді бөлшектеу және жинақтау

Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары:

  • Қоректендіру блогы;
  • Микропроцессор;
  • Кулер;
  • Опетаривті жад;
  • Аналық тақша;
  • Бейне карта;
  • Желілік карта;
  • Қатқыл диск;
  • СD-DVD диск жетек.

Қоректендіру блогы - кернеуі, жиілігі, қуаты белгілі электр энергиясымен компьютерді жасақтайтын құрылғы. Әдетте, компьютерлер 5 немесе 12 вольттық төменгі кернеуді пайдаланады. Қоректендіру блогтарының айырмашылықтары олардың қуаттылығында және кернеуді тұрақтандыруында. Қуаттылығы 150 ваттан 320 ваттқа дейін.

Процессор, дәлірек айтсақ микропроцессор - дербес компьютердің басты микросхемасы. Компьютердегі барлық программалардың командаларын осы микропроцессор орындайды. Микропроцессорды компьютердің «миы» десе де болады. Микропроцессор аналық платаның орта тұсында орналасады. Жұмыс кезінде қатты қызатындықтан оны салқындату үшін бетіне кішкене желдеткіш орналастырылады.

Желдеткіш (кулер) - ж елдеткіш процессорды салқындату үшін қызмет етеді. Желдеткіш жұмыс істеу үшін оны аналық тақшаға қосу қажет.

Аналық плата - дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық платада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна - басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы - чипсет басқарып отырады. Чипсет - процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы.

Оперативті жад (ОЖҚ) - процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді cақтауға арналған негізгі жад. Оперативті жадты осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады. Оперативті жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек. Компьютерді ажыратқанда - оперативті жадтағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда - барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін оперативті жадқа қайта жүктейді.

Компьютердегі бағдарламалар мен деректерді ұзақ уақытқа сақтау үшін қатқыл диск немесе винчестер қолданылады. Компьютерді өшіргенде қатқыл дискідегі ақпарат ешқайда жоғалмайды. Қатқыл диск бір емес, сырты магнитпен қоршалған айналмалы бірнеше дискілерден тұрады. Қатқыл дискінің басты параметрі ретінде оның ақпарат сыйымдылығын айтуға болады. Қатқыл дискідегі ақпарат гигабайтпен (1 гигабайт = 1024 мегабайт) өлшенеді. Қазіргі қатқыл дисклерде 80-160 гигабайтқа дейін ақпарат сыйғызуға болады.

Видеоадаптер (графикалық карта, видеокарта) - процессордан немесе оперативті жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы. Аналық тақша қосқыштарының біріне орнатылады.

Желілік карта (немесе жергілікті желіні байланыстыру картасы, желілік адаптер) - бір ғимаратта немесе бөлмеде орналасқан компьютерлерді өзара байланыстыру үшін қолданылады.

Компакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін CD-ROM дискжетегі қолданылады. CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі - оқу жылдамдығы. Оқу жылдамдығының өлшем бірлігі ретінде 80-жылдары музыкалық компакт дискілердің (аудиодискілер) оқу жылдамдығы ретінде белгіленген өлшем бірліктер қолданылады. Қазіргі заманғы CD-ROM дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х - 52х.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа тақырып ДЭЕМ-ның құрылғыларын бөлшектеу және жинау жұмыстарын лабораториялық симуляторда жасап жаттығамыз.

Лабораториялық жұмыстың орындалу реті:

Жұмысты орындау алдымен ДК-дің ішкі құрылғыларын жинастырудан басталады.

1. Жүйелік блоктың бос қорапшасына ең алдымен токпен қоректендіруші құрылғысы орналастырылады:

2. Жүйелік блоктың ең негізгі құрылғысы болып табылатын аналық тақшаны құрастыру. Ол үшін:

Микропроцессор;

Кулер;

Опетаривті жад орналастырылады.

3. Аналық тақшаны жүйелік блок қорапшасына салып, орналастырып болғаннан кейін карталық адаптерлерді орналастыруға кірісеміз:

Бейне карта;

Желілік карта;

Дыбыстық карта.

4. Қатты магниттік дискті орнату:

5. Сыртқы жад тасымалдаушы құрылғыларды орнату:

6. Ішкі құрылғыларды бір-бірімен байланыстыру шиналарын орналастыру:

7. Сыртқы құрылғыларды арнайы порттар арқылы жүйелік блок қондырғысымен байланыстыру:

8. Құрастырылған дербес компьютер көрінісі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютердің құраушы бөліктерін іздеу
Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
VBSCRIPT программалау технологиясы көмегімен Web сайт құру
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Менеджменттің қалыптасуы
Геометриялық интерпретация
Жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар
Басқарудың ұйымдық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz