Жаңа уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия

Жаңа Уакыт бас кезіндегі мәдени-әлеумеггік ахуал. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі негізгі рухани бағдарлар. Эксперименталдық жаратылыстанудың пайда болуы. Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы. Эпистемологиялық идеалдың қалыптасуы. Жаңа рационалдықтың қалыптасуы. Ғылым философиялық рефлексиялар предметі ретінде. Батыс адамының дүниені рационалдық игерудің перспективаларын айқындауы. Жаңа Уақыт философиясы дүниетанымдық ұстанымдарының батыс адамының мәдени іс-әрекеттегі субъективтілігін демонстрациялаудың принципті жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға әсері. 18 ғ. екінші жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысындагы неміс мәдениетінің ерекшелігі. Философиядағы Коперникандық төңкеріс.
Метафизикалық сауалдардың болмай қоймайтындыгы. Канттық трансценденталдық философия таным теориясы ретінде. Канттың пайым мен зерде туралы ілімі. Кант диалектика туралы. Моральдық еріктің Канттық этикасы борыш этикасы ретінде. Категориялық императив шешім қабылдау үшін идеалды стандарт және азаматтық қоғам негіздемесі ретінде. Канттың құқық философиясы жанжалдарды әділ реттеудің тұғырнамасы ретінде. Адам құқықтары туралы мәселе жайындағы философиялық рефлексия.

Жаңа дәуір философиясы XVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл -философиядан бөілініп шыққан жаратылыстану ғылымдарының қалыптасу және даму кезеңі. Физика, химия, астрономия, математика, механика дербес ғылымдарға айналды. Сондықтан танымның жалпы әдісін анықтау, жаратылыстану ғылымдарының мәліметтері мен табыстарын түсіндіру және жалпылау мәселесі туындайды. Мұның өзі жаңа дәуір философиясына жаңа міндеттер жүктейді.
Жаңа дәуір философиясыныңі негізгі мәселесі - таным теориясы, барлық ғылымдарға қажетті ғылыми таным әдістерін жасау.
Егер жеке нақты ғылымдар табиғат заңдарын ашса, ал философия барлық ғылымдарға ортақ ойлаудың заңдылықтарын анықтауы тиіс.
Осы мәселемен Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Г.В.Лейбниц айналысқан. Олар мүмкіндігі жоғары ойлау заңдылықтарын іздестірген. Бірақ адам ақылы нақты өмірде кейбір қате идеялармен, ұғымдармен тұманданған, көмескіленген. Осы тұманнан идолдан (Ф.Бэкон) босаған, тазартылған таза ақыл ғана құбылыстың мәнін аша алады. Яғни, таза ақылды табу керек. Сонымен қатар, ыңғайлы, пәрменді таным әдістерін ойластыру да өте қажет.
Жаңа дәуір философиясына тән бірнеше маңызды ұстанымдар бар:
1) Ғылымның діннен толық ажыратылуы. Сенімнің ақылмен, ғылымның дінмен бірігуі мүмкін емес.
2) Ғылымның адамзаттың маңызды іс - әрекеті дәрежесіне көтерілуі. Тек ғылым ғана адамзатты байытады, қайғы мен қасіреттен босатады, қоғамды дамудың жаңа сатысына көтереді, қоғамдық прогресті қамтамасыз етеді.
3) Ғылымның дамуы мен адамның табиғатты игеруі барлық ғылымдарға ортақ негізгі әдістерді анықтаған жағдайда ғана мүмкін болады.
Таным теориясы жаңа дәуірде өзекті мәселеге айналды.
Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшынның көрнекті философы және мемлекет қайраткері. Англиядағы жоғары мемлекеттік лауазым лорд-канцлер болған. Философияда оның ғылым және оның әдісі туралы ілімі ықпалды, атақты болды. Бэкон өзінің философиялық зерттеулерінің мақсатын ғылымдарды түбегейлі қалпына келтіру деп анықтап, сол уақыттағы ғылыми білімдерді жан - жақты өзгертуге бет бұрды. Бэкон білімді қайта құрудың, қажеттілігін екі себеппен түсіндіреді.
Біріншіден, адам танымының тарихын талдау ғылымның қоғамдағы орнының маңыздылығын және қажеттілігін көрсетеді. Ғылыми білімдердің көмегімен адам өз өмірін жеңілдетуге мүмкіндік алады. Бұдан былайда ғылым адамға пайда келтіруі қажет, өйткені оның ең басты міндеті - адамзатты аштықтан, кедейліктен, аурулардан азат ету.
Екіншіден, ғылым осы уақытқа дейін негізгі міндеттерін анда-санда, аракідік, кездейсоқ орындап келді. Ғалымдар көп уақыттарын практикалық іс - әрекеттен тым алыс, жалаң пікір таластарға жұмсады. Мұндай жағдайдың бірнеше себептері бар. Ең бастысы, ғалымдар адамның танымдық қабілеттерін зерттемеді. Сондықтан олар таным процесінің іс жүзінде қалай іске асатынын білмеді, бақыламады.
Танымдық іс - әрекеттің тетіктерін білмегендіктен, оны жақсартатын оңтайлы құралдарды да таба алмады.
Үшінші себеп, ғалымдар өз білімдерін дамытудың бағыттарын білмеді.
Бэкон өзі көрсеткен кемшіліктерді жеңудің жолын ұсынды. Оның ойынша, таным процесі екі кезеңнен тұрады: 1) сезімнің тануы; 2) ақылдың пікірі. Сезіммен табиғатты тануға болмайды, олар тіпті өтірік ақпар беруі де мүмкін. Заттардың сапалары, дыбыс, түр, дәм, иіс, жылу, суық адамдардың сыртқы заттарды қабылдауларының түрі болып табылады. Ал ақыл сезімнің мәліметтерінен тез арылады және өзіндік рең береді. Осы өзіндік реңді Бэкон идол, елес деп атаған.
Ф.Бэкон идол, яғни, пұттарды немесе елестерді өзгелердің пікіріне сын көзбен қарамай, қабылдаудан, адамның табиғи мүмкіндіктерінен, жеке адамның кемшіліктерінен, тілдің шикілігінен, дәйексіздігінен туындайтын қателіктер деп анықтады.
Таным процесін осындай елестерден тазарту үшін арнайы ойлап табылған және жақсы ұйымдастырылған тәжірибені пайдалану қажет. Оның мағынасы - табиғи заттарды іс - әрекетте байқау, не нәрсенің себеп, не нәрсенің салдар екенін түсіну.
Сезім туралы ілімі және білімді алудың жолдарын көрсету арқылы Бэкон жаңа эмпиризмнің негізін қалады.
Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм - бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім деп мойындау.
Бэкон ақылдың негізгі құралы ретінде индукцияны пайдаланды, яғни көптеген жеке құбылыстарды анықтап, жинақтап, қорытындылады. Танымның негізгі әдісі индукция дей отырып, Ф.Бэкон танымдық іс - әрекеттің нақты жолдарын анықтады. Бұлар - өрмекшінің жолы, құмырсқаның жолы, араның жолы.
Өрмекшінің жолы білімді таза ақылдың күшімен, рационалдық жолмен алу. Бұл әдіс нақты фактілер мен практикалық тәжірибенің ролін төмендетеді.
Құмырсқа жолы - білімді барлық мәліметтерді пайдалану арқылы алу. Бұл жағдайда зерттеу нысаны туралы барлық мәліметтер жинақталады, оның ішінде керектісі, керексізі де, маңыздысы, маңызды емесі де болады. Ғалым көптеген нақтылықтардың арғы жағында не жатқанын көрмей қалуы да мүмкін.
Бэконның пікірінше, оңтайлы таным әдісі араның жолы. Бұл жағдайда зерттеуші өрмекші, құмырсқа жолдарының жақсы жақтарын қабылдап, кемшіліктерінен арылуға тырысады. Яғни нақтылы мәліметтерді жинастырумен қатар оның артында не тұрғанын да білуге ұмтылады. Сөйтіп, танымның негізгі жолы құбылыс пен заттардың мәніне рационалдық әдіспен үңілетін индукцияға негізделген эмпиризм болып табылады. Эмпириктер, эксперименталді жаратылыстануды ғылымның ғылымы деп есептеді. Эмпириктердің негізгі ұраны - Ф.Бэконның Білім - күш деген тезисі.
Рене Декарт (1596-1650) - көрнекті француз философы және математигі, жаңа европалық рационализмнің негізін қалаушы. Жастайынан ақиқат білімді өтірік білімнен ажыратуға күш салды. Өзінің алдына қойған мақсатын орындауға бағытталған ережелерді ойлап тапты. Оның өзінің сөзі бойынша, философияның жарты бөлігі мынадай ойларға сүйенді:
1. Ақиқатты іздестіру барысында тек ақылды басшылыққа алу керек. Еш қандай беделге, дәстүрге, кітапқа, сезімге сенуге болмайды.
2. Сондықтан бұрынғы барлық білімдер мен икемділіктерді ығыстырып, олардың орнына жаңадан табылған немесе бұрынғы, бірақ ақылмен ойластырылған, тексерілген білімдерді қою қажет.
3. Ақиқатқа тек қана ақылдың күшімен, оның дұрыс пайдаланумен ғана жетуге болады.
Осы қағидалардан - ақ Декарттың таным туралы ілімінің Ф.Бэкон ілімінен түбегейлі айырмашылығын көруге болады. Өйткені, білімнің негізі, ақиқаттың қайнар көзі - адам ақылы деп Декарт рационализмді жақтады.
Декарт білім алуға оңтайлы әдіс ұсынған. Оның төрт маңызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Антика мәдениетіндегі философия
Христиан, араб-мұсылман мәдениеті
Будда философиясы
Араб - мұсылман дәстүрлі мәдениеті
Діни мәтіндерін қазақша аудару және түсіндіру
Философия (лекциялар)
Мұсылман Ренессансы, түрік халықтарының мәдениеті
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Ортағасырлық философияның ерекшелігі
Пәндер