Малдағы туу патологиялары


Жоспар
- Кіріспе
3-4
- Әдеби шолу
5-7
- Негізгі бөлім
8-31
- Туу патологиялары
- Шудың кешеуілдеуі немесе тоқтауы
14
- Патологиялық процесс аумағының анатомо-топографиялық деректері
14
- Шудың кешеуілдеуі немесе тоқтауының этиологоиясы
15
- Шудың кешеуілдеуі немесе тоқтауының өту ағымы
16
- Шудың кешеуілдеуі немесе тоқтауының диагнозы және болжау
17-18
- Консервативті емдеу
19-20
- Ауру жануарлардың қорғаныс күштерін ынталандыру әдістері
21-23
- Шудың кешеуілдеуін немесе түспеуін емдеудің оперативтік әдістері:
24-27
- Алдын - алу шаралары
28-30
- Қорытынды
31
- Пайдаланылған әдебиеттер
- Тіркеме
33-35
- Кіріспе
Ветеринарияның міндеті - мал шаруашылығының ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау. Ауыл шаруашылығының алдында тұрған басты тапсырма - халықты өндірістік және ауылшаруашылық шикізатпен, оның әлеуметтік жағдайының деңгейін ары қарай жоғарлатуды қамтамасыз ететін өндірістің дамуы мен мал шаруашылығының барлық салаларының жан-жақты динамикалық дамуына қол жеткізу болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық саласының бастымақсаты - ауыл шаруашылық өндірісін дамыту, мал санын арттыру, халқымыздыауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету, бәсекелестікке төтеп беретінжетістіктерге жету болып табылады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда жеткілікті азықты жинау, малды күтіп-бағу, өсіру және азықтандыру, қарапайым да, тиімді енгізу үлкен рөл атқарады. Үлкен жетістіктерге жету үшін көптеген жұмыс атқарылуы қажет. Олардыңбірі дені сау мал өсіру және малды аурулардан қорғау. Бұл талаптарветеринар мамандарымен қадағаланады. Мал шаруашылығын дамыту, оныңөнімділігін арттыру және малдың денсаулығын сақтаудың бірден бір кепілі-күнделікті қадағалау мен жоспарлы түрде мал басын арттыру немесе шаруашылықжағдайында белгілі бір ережелерді жоспарлы түрде орындау.
Әр малдың басынан өндірілетін өнімнің шығу көрсеткішін ұлғайту және табынның өзіндік өніп - өсу дәрежесін жоғарылату, малдың басын сақтап қалуға нақтылы кірісу нәтижесінде ауыл шаруашылығының деңгейін көтеру қажет. Сонымен қатар мал шаруашылығына қажетті дәрілік заттар мен дәрумендерді қажетті жерге тез арада жеткізуді кеңейту және малдәрігерлік кызмет көрсетуді жақсарту керек.
Халық шаруашылығының экономикасында ірі қара шаруашылығы маңызды орын алады, себебі болашақта малдың тұқымдық құрамын және өсіп - өндіру технологиясын жақсартудың өзіндік үлесі зор. Жекелеген шаруашылықтарда малдың жалпы басының өсуіне және ірі қара шаруашылықтарының ары қарай дамуына сиыр малында кездесетін жатыр аурулары кедергі келтіріп келеді. Бұл аурулардан келетін экономикалық шығын, мал шаруашылығында кездесетін көптеген жұқпалы емес аурулардан кем түспейді.
Ірі қара мал табынын өсіру ең күрделі және көп еңбекті қажет ететін процестердің бірі болып табылады. Сүт және ет өндірісінің өсуінің маңызды факторы бұзаулардың 100 басына шығуының артуы болып табылады. Еліміздегі шаруашылықтарда бұзаудың шығуы төмен, бұл бірқатар себептерге байланысты. Ең алдымен, бұл жануарларды дұрыс асырмау және пайдалану, сондай - ақ толық емес және жеткіліксіз азықтандыру. Бірақ басты себеп мамандардың мал дәрігерлік қызметінің төмен деңгейі болып табылады. Бұл шаруашылықтың көптеген аурулары бойынша, атап айтқанда, гинекологиялық жайсыздығын тудырады.
Шаруашылықтағы гинекологиялық аурулардын таралуын болдырмау малдың жалпы жағдайынан басқа оның көбею, өсіп-өну органдарының физиологиясы мен анатомиясы, патологиясы жөнінен терең білімі болмай мұндай табыстарға қол жеткізу мүмкін емес. Гинекологиялық аурулар малдың қысыр қалуының бірден-бір себебі болып табылады.
Аналық малды бағып-күтудің ережелерін дұрыс сақтап, оны ғылыми тұрғыдан азықтандырып, организмдегі болатын физиологиялық-биологиялық процестерді дұрыс пайдаланып отырса, озық тәжіребие көрсеткендей әрбір 100 сиыр мен құнажыннан жыл сайын 100 аса бұзау және жоғары сапалы өнім алуға болады. Бағып күтудің ережелерін сақтамай, жануарлардың рационың дұрыс құрмай, мал тұқымын асылдандыру мақсатында оның физиологиялық-биологиялық мүмкіндіктерін бағаламай қалай болса, солай малды пайдаланса, төменде келтірілген гинекологиялық ауруларға мал басының шалдығуы мүмкін. Гинекологиялық аурулардың салдарынан мал бедеулікке ұшырауы әбден ықтимал. Ал, бедеулік мал басының көбеюіне кері фактор болып табылады. Міне осыдан шаруашылыққа гинекологиялық аурулардың тигізер экономикалық залалын баса айтуға болады.
Шарушылық өркендеп, мал тұқымын асылдандыру ісі күшейген сайын ауыл шаруашылық малдардың бедеулігімен күресу туралы мәселе өзінен-өзі туды. Сондықтан гинекология ғылымы, яғни аналық малдың буаз емес кезінде, туар кезінде және туғаннан кейін жыныс системасының аурулары туралы ғылым керек болған.
- Әдеби шолу
Шудың тоқтап қалуы сиыррларда кездесетін ең негізгі буаздық патологияларының бірі болып табылады. Әлемдік ғылым мен практикада сиырлардың шуының кешігуі немесе тоқтауы мәселесін шешуде белгілі бір табыстарға қол жеткізілді. Осы патологияның этиологиясы мен патогенезінің көптеген аспектілері зерттелді, оны емдеудің және ерте алдын алудың жаңа әдістері мен құралдары әзірленді және өндіріске енгізілуде (Иванников a., 1997; Алексеев А. П., 2003; Попов И. А., 2006; Зубова Т. В., 2008; Долженков Ю. А., 2010; Михалев В. И., 2011; Risco С. А., 2003; Drillich М., 2006; LeBlanc S. J., 2008) . [9]
Шудың кешеуілдеуі мен фетоплаценталық жетіспеушіліктің өзара байланысын анықтау (Нежданов А. Г., 1998; Авдеенко B. C., 1998; Дашукаева К. Г., 1997; Власов С. А., 2000) фетоплаценталық кешеннің қызметін түзететін құралдарды профилактикалық қолданудың тиімділігін зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Осыған байланысты биологиялық белсенді заттар кешені, оның ішінде полиқанықпаған май қышқылдары бар табиғи текті экологиялық таза препараттарды зерттеу перспективалы болып табылады. [2]
А. П. Николаев төлдеудің басталу процессінің негізгі себебін түсіндіру үшін нейрогуморальдық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша төлдеу актісі ацетилхолиннің әрекетінен жатыр жүйке элементтерінің тітіркенуінен болады. Буазыдылқ соңына таман ацетилхолин және өзге биологиялық белсенді тітіркендіруші заттардың (хемо-, баро-, механорецепторлар) туындалуы күшейеді, олар жатыр жиырылуын тудырады. Туу механизмі төлдің туындалуы, оның жетілуі барысында плацента арқылы анасының организміне көп мөлшерде кортикооидтар бөледі. Соңғылары плацентаның аналық бөлігінің ерекше жасушаларын сары денелердің гормоналдық қызметін доғаратын простогландиндер бөлуге итермелейді. Яғни, толғаққа қажетті жағдайлар туындалады. [2]
А. П. Студенцовтың пікірінше жетілген төл мен аналығы арасындағы күрделі де өзара байланысты қайшылықтар әсерінен рецепторлық аппарат арқылы миға хабар жетіп отырады. Жануарлар төлдеуі көбіне түнде өтетіні белгілі, осы кезде ми қатпарынан жатырдың рецепторларына арнайы байланыстық белгілер жіберіледі. [1]
Бізге белгілі ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ мал бедеулігінің алдын алуда ең алдымен бедеулікке әкелетін факторларды және бедеулік түрлерін анықтап алған дұрыс деп есептейміз. Бүгінгі таңда теориялық және тәжрибелік тұрғыдан алғанда профессор А. П. Студенцовтың мал бедеулігі туралы ілімі негізге алынады. Профессор А. П. Студенцов бедеулікке байланысты төмендегі ұғымдарды ұсынады және ол туралы жақсы мәлімет бере білген :
1. Төлшеңдік-малдың үнемі тұқым беру қаблеті.
2. Бедеулік-өсіп-өну қызметінің бұзылуы.
3. Аналық малдың төлшеңдігі-бір буаздық кезіндегі аналық жатырындағы дамып, туған төл саны.
Бедеулік - дегеніміз малдың уақытша ұрықтанбай, төл бере алмай қалуы, бағып - күтудің нашарлығынан, жыныс мүшелерінің ауру салдарынан туындайтын күрделі биологиялық құбылыс.
Қысыр қалу - дегеніміз экономикалық тұрғыдан алғанда келесі есеп беру жыл басындағы аналық мал басына шаққандағы алынған төл басының саны. Мысалы есептегі 100 бас сиырдың 80 басы тірі өміршең төл берсе, 20 пайызы қысыр қалды деп есептеледі.
А. Ю. Тарасевич бедеуліктің төменгі себептерін анықтаған:
1. Экстрогениталдық - малдың жасының ұлғайуы, эндокриндік безінің қызметінің бұзылуы, жүйке және сүт безі қызметінің бұзылуы, инвазиялық және індетті аурулар.
2. Интрогениталды-аналық безінің күлдіреуігі, персистенттік сары дене, эндометриттер, анофродезия, нимф омания, ұрықтану және зиготаның теліну кезіндегі жатыр қызметінің бұзылуы.
3. Экзогендік-алиментарлық факторлар- моционның болмауы, күн сәулесінің жетіспеуінен туындайды. Ұрғашы малдың жыныс мүшелерінің аурулары көбінесе бедеулікке алып келіп соқтырады. Н. И. Полянцев, Н. Г. Гасанов, (1988) зерттеулері бойынша көбею мүшелерінің ауруларының тіркелуі бедеу сиырларда 30-51% және құнажындарда13-28% кездескен. И. А. Бочаровтың (1966) зерттеуі бойынша жыныс мүшелерінің аурулары бедеуліктің басты себебі емес деп көрсетіп, тек 6-10%-дан аспайды деп зерттеген. А. И. Сергиенконың (1978) зерттеуі бойынша шаруашылықтағы сиырлармен құнажындардың бедеулігінің 17, 4- 19, 5% -ғана гинекологиялық аурулардан болған деп көрсетеді. [8]
М. А. Багманов (1997) сиырлардың эндометриттерін емдеуге және алдын алу үшін «хориофаг» - ерекшілікті бактериофағы бар плацентаның экстрактын ұсынды. Оны сиырға параректалды шұңқырлардың борпылдақ клетчаткасына екі жақтан жартылай дозасын 0, 1 мл 1 кг тірі салмағына есеппен 5-6 рет арасына 48 сағат салып егеді. Антигистаминді қан сарысуын сиыр төлдеу және төлдеуен кейін 50 мл мөлшерде тері астына екі рет егу төлдеуден кейінгі иммунодеффициттің алдын алуға әкеледі (Т. Ж. Әбдірахманов) . В. В. Мосин бойынша блокаданы антимикробтік заттармен қолдану жақсы нәтиже береді (А. Г. Шехватов) . [1]
А. А. Мұханбетқалиева. Т. Ж. Әбдірахманов (2005) алғаш рет эндометрит шалдыққан сиырлардың жатырындағы кейбір микроорганизмдердің Saussurea Salsa экстрактысына сезімталдылғын зерттеген. Saussurea Salsa экстрактының терапевтикалық тиімділігі эксперименталды жолмен дәлелденіп, сиырдың туудан кейінгі іріңді-катаралды эндометриті кезінде қолдану үлгісін әзірленді. Saussurea Salsa экстрактысы сиыр ағзасының иммундық күйіне және өзіндік емес резистентілігіне оңтайлы әсер ететіндігі анықталынды. Сонымен сиырдың төлдеуден кейінгі іріңді-катаралды эндометритін шаруашылық жағдайында емдеуге арналған жиынтықты терапия: Saussurea Salsa экстрактысы 1%-дық спирт ерітіндісі түрінде Эсмарх кружкасын қолданып жатыр ішіне 500 мл көлемінде күніне бір рет енгізу, В. В. Мосин бойынша блокада, екі инъекция тривитамин, синестрол инъекциясы және глюкоза мен кальций хлоридін күре тамырға жіберу. Экстрактысының бір күндік терапиялық дозасы 0, 08 мг 1 кг малдың тірі салмағына құрайды. Препаратты енгізгеннен кейін[1]
Т. Ж. Әбдірахмановтың (2002) мәліметтері бойынша сиырлардың іріңді-катаральды эндометриті кезінде кешенді этиопатогенетикалық терапияда антигистаминді қан сары суын, окситоцин, фуразолидон таяқшаларын және бициллин-5 бірге қолдану жатыр микрофолорасына бактерицидті әсер етеді, 100% сиырлардың аурудан айығуына әкеледі, емдеу мерзімін, сервис-кезеңін қысқартады, ұрықтануын жоғарлатадыйін оның жақсы сіңірілуі үшін тік ішек арқылы жатырға массаж жасайды. [1]
Г. А. Кононов (1977 жыл) жатырдың субинволюциясы жүктілік кезінде жатырдың созылу нәтижесінде жиі пайда болатынын көрсетеді. Мұндай жағдай ұрықтың және іштөл қабығының суларында, бір қойлы жануарлардың көп ұрығында және іштөлтердің қайта дамуы кезінде байқалады. Сондай - ақ, ауыр босанғаннан, ізін ұстағаннан кейін және ағзаның жалпы әлсіздігі әртүрлі себептерге байланысты жиі байқалады. [1]
Д. Д. Д. Логвинов (1975 жыл) жатырдың субинволюциясының пайда болуы желінсау аясында мүмкін деп санайды, нәтижесінде жатыр мен сүт безінің арасындағы рефлекторлық байланыс бұзылады, сондай - ақ, егер оған бұзауды қаптау мүмкіндігі болмаса, ана инстинктінің босанатынмен жеткіліксіз пайда болуы нәтижесінде. [1]
- Негізгі бөлім
3. 1 Туу патологиялары
Әлсіз күшенулер мен толғақтар
Әлсіз күшенулер қысқа уақыттылықпен және жатыр бұлшық етінің жиырылуы белсенділігінің, ал әлсіз толғақтар құрсақ пресінің әлсіздігімен сипатталады.
Аномалияның түріне және пайда болу уақытына байланысты әдетте әлсіз күшенулер мен толғақтардың екі түрін ажыратады, бірінші әлсіз күшенулер жатыр мойыны ашылуынан басталып, әлсіз толғақтармен өтеді; екінші әлсіз күшенулер мен толғақтар қалыпты немесе көбіне күшті түрде жатыр және құрсақ пресінің жиырылуынан кейін туу кезінде пайда болады.
Бірінші әлсіз күшенулер мен толғақтар әдетте малды буаз кезінде ұстауында қате жіберушілігінен, атап айтқанда жалпы немесе сапалы жағынан ашығуынан, ұстау кезінде серуеннің болмауынан немесе жеткіліксіздігінен, көп төлділікте, іштөл қабықтарының шеменінде болады, кейде олар жатыр бұлшық етінің туа біткен аномалиялары салдарынанда дамиды.
Бұл көрініс көбіне сиырларда, ешкілерде және мегежіндерде көктем - жаз мезгілдерінде байқалады.
Екінші әлсіз күшенулер мен толғақтардың біріншіден айырмасы ол күшейген нәтижесіз толғақтардан (туу жолдарының өтелмеуінде, тым үлкен төлде, төлдің дұрыс орналаспауында) кейін бұлшық еттер жалығуы салдарынан дамиды.
Клиникалық белгілері. Бірінші әлсіз күшенілер мен толғақтарда туу алдындағы белгілерінің байқалуына байланысты туу актісінің барлық фазалары созылады және клиникалық жағынан әлсіз өтеді. Екінші әлсіз күшенулер мен толғақтарда туу актісінің динамикасы іштөл шығу мезгілінде бұзылады.
Егер, дәрігерлік жәрдем болмаса, онда бірінші және әсіресе, екінші әлсіз күшенулер мен толғақтар малдың тынышталуымен, жатыр және құрсақ пресі жиырылуының толық тоқталуымен аяқталады. Іштөл өледі, шіруге, мацерацияға, кейде мумификацияға ұшырайды.
Көмек. Ірі малдарда іштөлді шығып тұрған бөлшектерінен абайлап тартып шығару. Бірінші әлсіз күшенулер мен толғақтарда жатыр бұлшық етін жиыртуға тырысу қажет. Ол үшін туу жолдарына енгізген қолмен жатырға оның кілегей қабығын сипау арқылы массаж жеткілікті. Ұсақ малдарға жатыр қозуы үшін малдың құрсақ қабырғасынан массаж жасау жақсы нәтиже береді. Кейде жатыр ішіне әлсіз дезинфицирлейтін сұйықтарды құю жақсы нәтиже береді. Дәрілердің ішінен күре тамырға окситоцинді немесе питуитринді малдың 100 кг тірі салмағына шаққанда 8-10 ӨБ енгізеді. 200-400 мл 20-дық глюкоза ерітіндісін жіберу орынды.
Мегежіндерде 100 кг тірі салмағына шаққанда 0, 8-1 мл эстрофанның, немесе 2, 5-3 мл маммофизинның инъекциясын бұлшық етке егу жақсы нәтиже береді.
Күшті күшенулер мен толғақтар
Жатырдың немесе құрсақ пресінің арасына өте қысқа үзілістер салып немесе үзіліссіз өтетін жиырылуын күшті күшенулер мен толғақтар деп атайды. Себептері: кейбір дәрілік заттарды (қастауыш және оның препараттары) беру; іштөл жағдайының және дене мүшелерінің бұрыс орналасуы.
Ағымы. Егер, жатырдың жиырылуы өте алмайтын қарсылық кездестірсе (іштөлдің бұрыс орналасуы, жатыр мойынының өсіп кетуі) ұзақ уақыттан соң бұлшық еттер босаңсиды, толғақтар тоқталады. Төл ұзақ уақыт оттегі жетіспеушілігінен (жатыр тамырларының қысылуы) өледі. Кейде жатыр жыртылады.
Күшті толғақтар іштөлдің орналасуы және дене мүшесінің дұрыс жағдайында жатырдың түсіп кетуіне әкелуі мүмкін.
Диагноз. Туу актісі өтуінің ерекшеліктеріне және толғақтың түріне қарап қояды.
Емі. Симптоматикалық жиі малды 10-15 минут жүргізгеннен кейін кейде оның сауыры көтеріңкі болған жағдайда, жамбас сүйегіне жатырдың қысымы азайюына орай өздігінен тынышталады.
Сиырларға 1%-дық новокаин ерітіндісі мен 15-20 мл мөлшерде сакралдық анестезия, В. В. Мосин бойынша новокаиндық блокада, алкоголдық наркоз жақсы әсер етеді. Биелерге новокаиндық терапиядан басқа күре тамырға 200-300 мл 10%-дық хлоралгидратты қолдануға болады.
Сарпайдың және қынаптың тарылуы
Сарпайдың тарлығы . Бұндай жағдай жарадан, абсцесстен және қатты қабыну үрдiстерден немесе әдеттегі жамбас туу жері болып толық ауыспауынан байқалады. Көбінесе бірінші тума жас малда, кейде бұрын туып жүрген ересек малда да кездеседі.
Себебі - мал бұрын қиналып туып қынабы немесе сарпай арасы жыртылып тыртық болып бітуіне пайда болуы мүмкін.
Клиникалық белгілері . Іштөлдің бір немесе екі аяғы, кейде іштөл /қағанақ/ көпіршігі сарпайдан шығып тұрады. Бір уақытта іштөлдің үлкен мүшелері сарпай аралық қабырғасына тіреліп оны томпайтады. Кей жағдайда сарпайдың тарлығы соншама болғандықтан малдардың жыныс саңылауына тек 2-3 саусақ сияды.
Әдетте іштөл көрсеткен қарсылығынан күшенулер күшейеді де аралық үзіледі.
Емі . Ең алдымен туу актісін тездетумен бірге аралықтың үзілмеуін қадағалау қажет. Ол келесі шаралармен орындалады:
1) сарпайды стерилді майлы заттармен немесе сабынды ерітінділермен майлау;
2) 1-2 кісінің күшімен іштөлді тарту, сонымен бірге аралықты жоғарыдан қолмен қысымды азайту үшін ұстау.
Егер, аралықтың үзілу белгілері айқын болса, онда оны жыртық жара болмау үшін сызығы бойынша кеседі. Туу актісі аяқталғасын аралықтың кілегей қабығына және терісіне тігіс салады.
Қынаптың тарлығы - бұрынғы қабынулар мен жарақаттар, қабырғаларының жабысып өсуі, ойықжаралану барысында дәнекер ұлпалы дәнекерленімдер дамуына орай оның тыртықталып тарылуынан болады. Бірінші тума жас малда туу актісі кейде туа біткен немесе жүре пайда болған қыздық плеваның гипертрофиясынан кешеуілдейді.
Туу үрдiсін созатын себептерді қолмен зерттеп анықтауға болады.
Емі . Гипертрофияға ұшыраған қыздық плеваны жоғары жағынан скальпельмен кеседі. Дәнекерленімдер мен жалғамдарды қайшымен кеседі, қан ағуын болдырмау үшін айырады. Егер іштөл кептелсе оны алдыңғы бөліктері арқылы тартып шығаруға тырысады.
Жатыр мойнының спазмасы және жолының тарлығы
Жатыр мойны жолының тарлығы - көбіне тыртықты тартылулар, туындылар, даму ақаулары, созылмалы цервициттер салдарынан байқалады.
Клиникалық белгілері. Күшті күшенулер мен толғақтар жатыр мойыны тарлығына күдік туғызады. Мәселені қынаптық зерттеу арқылы шешуге болады, осы кезде жатыр бұралуын, әлсіз немесе уақытынан бұрын байқалатын күшенулерді жоққа шығару керек. Қынап арқылы, қарау арқылы тыртық түріндегі жатыр мойны өзгерістерін анқтауға болады, кейде жатыр мойыны жолының мүлдем жабысып қалуы орын ала алады.
Диагноз - туу үрдiсiне қарап қояды.
Болжау . Егер тарылу мойын бөлігімен шектелсе төлдеу аздап жатыр мойны жыртылуымен аяқталуы мүмкін. Көбіне қынаптың толығымен түсуі байқалып жатады, жатыр мойнының толығымен бітелуі жатыр жыртылуына әкеле алады.
Емі. Консервативтік және оперативтік емдер қолданылады. Консервативтік емге жатырдың мойнын ыстық (45 0 С) ерітінділермен, буламалармен сулау жатады. Мойнын ашуды С. Г. Исаев бойынша пресакралды анестезия, сакралды анестезия немесе А. Д. Ноздрачев бойынша блокада, жақпамайлар қолдануы (мысалы, Extract. Belladonnae 1, 0; Adipis suilli 3, 0-4, 0) арқылы орындауға болады.
Жатыр мойнын шектеп ашу кезінде және оның жолына іштөлдің келген бөліктерін шығару барысында оны күштеп шығарып алуға болады. Осы кезде енесінің өміріне төнетін қауіпті ескерген жөн, ондай жағдайлар туа қалса кесарь тілігін жасаған жақсы. Тыртықты тартылулар кезінде мойнын кеңейтуді радикалды әдіске жатқызу керек.
Жатырдың бұралуы
Жатыр мойынының жиырылуы . Кей жағдайда жыныс аппараты патологиялық үрдiстерінің бұрыс көріністері байқалады: неғұрлым жатыр қатты жиырылса, соғұрлым оның мойын жолы тығыз жабылады. Осының нәтижесінен туу актісі бұзылады.
Жатыр мойынының жиырылуын көп жағдайда әлсіз күшену деп санайды.
Емі . Акушерлік көмекті көрсетуін тоқтата тұрып, малға тыныштық береді. А. Д. Ноздрачев бойынша анестезия жасау жақсы нәтиже береді.
Жатырдың жыртылуы . Жатыр мойыны толық ашылмай қалғанда, іштөл теріс келіп, дене мүшелері қайырылып қалып, мал өздігінен туа алмай қатты күшенгенде /қарқынды толғақ/ жатыр қабырғасы, жатыр мойны жыртылуы мүмкін. Кейде тек кілегей қабығы мен ішкі етті қабығы ғана жыртылып сыртқы қабықтары аман қалады /жатырдың жартылай жыртылуы/, ал енді жатыр қабырғасының барлық қабаттары жыртылып іштөл қағанақ қабықтарымен құрсақ қуысына түсіп кеткенде /жатырдың толық жыртылуы/ малдың жағдайы өте ауыр, оған көмек көрсету де қиын болады.
Туа алмай жатқан малға көмек көрсетемін деп іштөлді күшпен тартып суырып алғанда жатыр мойыны жыртылып кетуі мүмкін, немесе кептеліп қалған төлді жатыр ішіне қарай клюкамен итергенде байқаусызда тайып кетіп жатырды тесіп кетуі мүмкін.
Клиникалық белгілері . Жатыр мойыны жыртылса сыртқы жыныс органдарынан қан ағуы байқалады, ал жатырдың өзі жыртылса малдың қансырағанын анықтау қиын, қан құрсақ қуысына кетеді, немесе жатыр ішіне жиналады. Малдың күшенуі бірден тоқтайды, тамыр соғу әлсіз, көрінетін кілегей қабықтары бозарып қаны қашып тұрады. Жатырдың бүтіндігін ірі малдың тік ішегіне қол салып анықтауға әрекет жасайды.
Диагноз - туу әғымына қарап қояды.
Болжау - күмәндi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz