Сүрлем дақылдарды өсыруде қойылатын талаптар


Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Сүрлем дақылдардың өсіп даму циклі
- Сүрлем дақылдарды өсыруде қойылатын талаптар
- Сүрлем дақылдардың өсіру технологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Елімізде, оның ішінде Қазақстанда азық-түлік программасын орындауда жүгерінің адамға да, малға да азықтық қасиеті орынды бағаланып отыр. Сондай-ақ өнеркәсіпте бағалы шикізат есебінде әр түрлі мақсаттарға пайдаланылуы біздің республикамызда жүгеріні кең көлемде өсіру қажеттігі мен мүмкіншіліктерін айқындады.
Республикамызда тың және тыңайған жерлердің игерілуі қуатты егіншілігі мен мал шаруашылығы дамыған ірі шаруашылықтар құруға негіз болды. Ауыл шаруашылығының интенсивті дамуы мал шаруашылығы үшін қажетті құнарлы да мол мал азығын дайындауды қажет етті. Осындай бірден-бір дақыл жүгері болып табылады.
Қазіргі уақытта жыл сайын республиканың барлық аймақтарында ол - сүрлем үшін 2, 8 миллион гектарға, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында - дәндік жүгері есебінде 140 мың гектарға өсіріліп келеді.
Оңтүстікте дәндік, сүрлемдік жүгеріден тұрақты мол өнім алынып жүр. Ал, солтүстік аудандарда жылы кезең қысқа болатындықтан, жүгерінің бапталу, өсу мерзімі 95-100 күннен аспайды. Сондықтан, мұнда жүгерінің ерте пісетін бұдаң және сортты тұқымдары сүрлем үшін егіледі.
Ол гектарына 150-300 центнерге дейін сүрлемдік көк балауса береді. Солтүстік аудандардағы азықтық сапасы жөнінен жоғары мұндай өнімді басқа дақылдардың бір де біреуі бере алмайды.
Елімізде пайдаланылатын егістік жерлердің көлемі жылдан жылға тұрақталып келеді. Осыған байланысты астық дақылдарының өнімін молайту, оның сапасын жақсартудың басты шарты - әр түрлі тыңайтқыштарды тиімді қолдану болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан өңірінде жүгері негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Өнімділігі жағынан барлық далалық алқаптарда егілетін дақылдардан дәнге өсірген жағдайда да, көк балауса өсіру мақсатында да ең жоғары сапалы мал азықтық өлшем бірлігінің жиынтығын алуға болады. Ғылыми негізделген өсіру технологиясын өз дәрежесінде уақытылы, сапалы жүргізген жағдайда дәндік жүгеріден 100-120 ц/га, ал сүрлемдік жүгеріден 800-1000 ц/га көк балауса жинауға болатынын тәжірибе арқауы және озық өндірістік технологияның үлгісі дәлелдеп отыр.
Кез келген дақылдан мол өнім қалыптастыру үшін міндетті түрде нақты топырақ климаттық жағдайларға бейімделген ауыспалы егістік ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Сонымен қатар өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған өсіру технологиясын жасап оны міндетті түрде уақтылы қолдану барысында ғана жоғары сапалы мол өнім алуға септігін тигізеді. Мұндағы басты назарда үстайтын негізгі жағдайлар өсіру технологиясының элементтерін толық негізде ұстап отыру болып табылады.
Негізгі бөлім
Республикамыздағы егін шаруашылығында малазықтық дақылдар 2, 7 млн. га. жерде орналасқан, яғни барлық егіс аумағының 16%-ын алып жатыр. Қазақстанда малдар қорада тұратын кезеңде және жазда үстемелеп азықтандыруға алатын мал азығы үшін жыртылатын жерлерде малазықтық дақылдар өсіріледі, оларды негізгі топтарға бөлуге болады:
1. Сүрлем дақылдар.
2. Көпжылдық бұршақ тұқымдастар.
3. Көпжылдық астық тұқымдастар.
4. Біржылдық бұршақ тұқымдастар.
5. Біржылдық астық тұқымдастар.
6. Малазықтық тамыржемістілер.
7. Малазықтық бақша дақылдар.
8. Жемазықты дақылдар.
Одан басқа аз тараған және дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктер тобын көрсетуге болады, бірақ та олар қазірше маңызды өндірістік рөл атқармайды. Қазақстанда негізгі сүрлем дақыл ретінде жүгері, күнбағыс, ақ жүгері және судан шөбін өсіреді. Дақылдардың негізгі өсіру мақсаты - сүрлем алу және жаздың екінші жартысында (тамыз-қыркүйек басында) жасыл балаусамен үстеме азықтандыру.
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұны және жазғы уақытта жасыл балауса мал азығына өсіріледі. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер құрамындағы сіңімді протеиннің жоғары мөлшерімен сипатталады: олардан алынған мал азығында жинау технологиясы сақталған жағдайда 1 а. ө-ге 180-250 г сіңімді протеин келеді. Бұл дақылдар тобы мал азығын өндіруде энергетиканың көзі ретінде ғана, малдар рационын ақуызбен алмастырылмайтын аминқышқылдар мен толықтыру үшін де маңызды. Бұршақ тұқымдас шөптер ретінде республикамызда жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, қызыл беде өсіріледі.
Көпжылдық астық тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, көк балауса дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын негізгі дақылдар еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, шалғындық бетеге және т. б.
Біржылдық шөптер пішен, пішендеме, жем азық дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдар жасыл конвейердің маңызды шикізат көзі болып табылады. Қазақстанда өсірілетін негізгі біржылдық шөптерге судан шөбі, итқонақ, қонақтары, малазықтық шай жүгері, сұлы, арпа, сиыржоңышқа, асбұршақ, ноғатық т. б. жатады.
Малазықтық тамыржемістілер күзгі-қысқы мерзімде шырынды диетикалық және дәруменді мал азығын дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдардан біздің елімізде қант қызылшасы, малазықтық сәбіз.
Тұқымнан өніп, көктеп шыққанна дәнніңпісіп детілуіне дейінгі мерзімді өсімдіктердің вегетациялық кезеңі деп атайды.
Дәнді масақты дақылдар өсімдіктері вегетациялық кезеңде бірнеше фенологиялық өсу және дамусатыларынан өтеді. Олар:
- тұқымның бөртуі және өнуі
- көктеу
- түптену
- түтік шығару
- масақтану(шашақ бас шығару)
- гүлдену
- пісу(сүттеніп, қамырланып және толық пісуі)
Өсу және даму фенологиялық сатыларда өсімдіктерде сыртқы байқалады.
Тұқымның бөртуі және өнуі
Топыраққа сіңірілген тұқым өну үшін алдымен бөртеді. Бөртуге негізінен ылғал, жылу және ауа қажет. Дәннің құрамындағы ақуыз, май, байланысты олардың бөртуіне әр түрлі мөлшерде ылғал қажет. Мысалы, бидай тұқымының бөртуі үшін оның құрғақ ауа салмағының 56%-ына тең ылғал қажет, ал асбұршақ тұқымының бөртуіне 50% ылғал қажет, ал дәнінде ақуызы көп асбұршаққа бұдан екі-үш есе артық ылғал керек. Дәннің өнуіне қажетті температура да екі топтағы астық дақылдары үшін әр түрлі.
Бірінші топтағы астық дақылдары дәндерінің өнуіне ең кемінде температура1-3°С болуы тиіс, жүгері үшін бұл көрсеткіш 7-8°С, күріште 11-12°С-қа тең. Бірінші топтағы астық дақылдары дәндерінің көктеуі үшін ең қолайлы температура 6-12°С, ал екінші топтағы дақылдар үшін 18-22°С болып табылады.
Жеткілікті мөлшерде ылғал, қолайлы температура болса, бөрткен дәннен алдымен тұқым тамыршалары, одан кейін ұрықтың сабағы өседі.
ТүптенуҰрық сабағының ұшында оны бүлінуден сақтайтын жұқа мөлдір қынап (колеоптиль) болады. Жер бетіне шыққаннан кейін, күн сәулесінен колеоптиль жарылып, оның ішінен бірінші жасыл жапырақ пайда болады. Мұны өсімдіктің көктеу сатысы дейді.
Топырақтың 2-3 см тереңдігінде түптену түйіні пайда болып, одан жанама сабақ пен екінші тамыр тараған шақ түптену сатысы деп аталады. Түптену дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне, себілген тұқым сапасына, топырақтағы ылғалдың мөлшеріне, себілу тереңдігне байланысты әр түрлі болады. Түптену сатысы әр сорттың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты 12-30 күнге созылады.
Түтік шығаруТүптенуден 10-15 күн өткен соң, түтік шығару сатысы басталады. Оны топырақтың беткі қабатынан 5 см биіктікте бірінші сабақ буынының пайда болуы арқылы анықтауға болады. Өсімдіктің қарқынды өсуінің арқасында оның буын аралықтары ұзара бастайды. Дәнді дақылдарда 5-6 буын аралық, ал жүгеріде ол 15-ке дейін жетуі мүмкін.
МасақтануМасақтану сатысының басталуы сабақтың жоғарғы жапырақ қынабынан гүл шоғырының жартысының шығуына сәйкес келеді. Тары тәріздес дәнді дақылдарда бұл саты шашақ бас шығару деп аталады. Бұс сатыда өсімдіктер топырақта ылғалдың, қоректік заттардың, жылудың және жарықтың мол болуын қажет етеді.
ГүлденуКөптеген дәнді дақылдар масақтанған соң бірнеше күннен кейін гүлдейді, содан кейін тозаңданады. Олар екіге бөлінеді: өздігінен тозаңданатындар - бидай, арпа, тары, күріш айқас тозаңданатындар - қарабидай, жүгері, қонақ жүгері. Бидай, арпа, сұлы, қарабидай дақылдарының жақсы гүлденуіне 15-20°С қолайлы болса, ал жүгері, тары, қонақ жүгері, күріш дақылдары үшін бұл көрсеткіш 20-25°С тең.
Дәннің толысуы және пісуіДәннің пісіп-жетілуі көптеген жағдайда, оның ішінде ауа райына, топырақтың гранулометриялық құрамына және басқаларға байланысты. Дәннің пісіп-жетілуін үш кезеңге бөледі: Сүттеніп пісу кезеңінде дән жұмсақ, түсі жасыл, іші сүттәрізді қоймалжың затқа толы, дәннің ылғалдылығы 50% болады; Қамырланып пісу - дәннің эндоспермасы балауызданады, оған тырнақпен із қалдыруға болады, дәннің ылғалдылығы 30%-ға дейін; Толық пісу кезінде дән эндоспермасы қатты, оны бөлгенде іші ұн тәріздес немесе шыны түсті. Дәннің ылғалдылығы ауа райына байланысты 14-22% аралығында болады.
Сүрлемнің 1-3 кластарына салынатын өсімдік түрлеріне байланысты жоғары талаптар қойылады: протеин 14-8%-тен, жалпы құрғақ заттардың үлесі 30-12%-тен, каротин 60-30 мг/кг-нан, жалпы қышқыддағы сүт қышқылының үлесі 40-50%-тен төмен, ал жалпы құрғақ заттағы күлдің үлесі 10-17%-тен, РН мөлшері 3, 8-4, 5-тан, май қышқылы 0, 1-0, 3-тен артық болмауға тиіс. Жақсы сүрлемге жемістердің сүйкімді иісі, ашытылған көкөністердің иістері тән.
1-3 класты сүрлем алу үшін жоғары сапалы шикізат болғаны жөн, өсімдіктер жеңіл сүрленетін болуға тиіс, жеткілікті мөлшерде қант болуы керек, басқаша айтқанда сүрлену процесівде қажетгі мөлщерде сүт қышқылы түзілуге тиіс, ал ол сутегі иондарының концентрациясын қолайлы мөлшерге-РН 4, 0-4, 2-қа жеткізеді.
Мал азықтық дақылдарды жинау мен сүрлемге салудың технологиялық үрдістеріне төмендегідей негізгі талаптар қойылады: ұзын сабақты дақылдардың шабу биіктігі 12 см, пгөптесіндерде 5-7 см; массаның ұсақталып кесілуі өсімдіктердің ыжадцылшына байланысты - 70% және одан төмен болғавда бөліктердің ұзыңдығы 30 мм-ге дейін, 71-75% болғанда-40 мм-ге дейін, 75% жөне одан жоғарыда-50 мм-ге дейін және жүгерінің қамырланып пісу кезеңіңце-15 мм-ге дейін реттеледі.
Күн сайын салынатын тығыздалған сүрлем қабатының қалыңцығы 0, 8 м-ден төмен болмауға тиіс, сыйымдылықты толтыруға кететін уақыт 3-5 төуліктен аспағаны жөн, қоймаға салынған сүрлемдік массаның температурасы 37°С-дан асырылмайды, тығыздалған шикізаттың көлемдік массасы (тығыздығы) жасыл балаусаның ылғаддылығы 70% жөне одан төмен болғанда-650-700 кг/м 3 , ылғалдылығы 70% -тен жоғары болғавда - 700-800 кг/м 3 ,
Өсіру агротехникасы. Сосновский аю балдырғанын ферма жанындағы ауыспалы егісте өсіреді. Оған жақсы алғы дақылдар отамалы және астық дақылдары болып есептеледі.
Топырақ дайындау жұмысы күзде зябь жыртудан басталады. Сол кезде танапқа әр гектарына 40-60 тоннадай органикалық тыңайтқыш және толық минерал тыңайтқышын (N 60 P 60 K 60 ) сіңіреді. Үш-төрт жылдан кейін танапқа органикалық тыңайтқыш (30-50 т/га) қайталап беріледі. Жыл сайын танапты көктемде бірінші қопсыту (культивация) кезінде және бірінші орып алғаннан кейін минерал тыңайтқышымен (N 30 P 30-45 K 60 ) үстеп қоректендіру өте тиімді.
Мысалы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында суармалы жерде өсірген аю балдырғанының 1000-1200 ц/га өнімімен топырақтан 750-900 кг/га қоректік зат, оның ішінде-280-340 кг азот, 100-120-фосфор, 370-440 кг калий алынады. Осынша қоректік заттың жыл сайын топыраққа қайтарымы болмаса өнім төмендеп кетеді.
Себу алдында танапты жақсылап тегістеу, өсіп шыққан арамшөптерді жою, топырақты қопсыту және басқа да жұмыстар жүргізіледі. Дұрыс жүргізілмеген агротехникалық жұмыстар аю балдырғанын біргелкі себуін қиындатады.
Себу тереңдігі 1, 5-2, 0 см. Одан тереңірек себілген тұқымның өнгіштігі төмендеп кетеді. Тұқымды себер алдында және сепкеннен кейін танапты міндетті түрде тығыздайды. Себуге жаңа жинап дайындаған тұқымды пайдаланған дұрыс. Өйткені өткен жылғы тұқымның өнгіштігі төмен болады. Егер осы тұқымдарды пайдаланған жағдайда оның мөлшерін 20-30% көбейтеді.
Себу әдісі- кеңқатарлап. Тұқым себуді (60-70 см), көкөніс (СОН-2, 8) немесе басқа да сепкіштермен жүргізеді.
Кеңқатарлап сепкенде себу мөлшері-8-10 кг/га, шаршылы- ұялап сепкенде 6-8 кг/га. Аю балдырғанының өсімдігінің әр шаршы метрге келетін тығыздығы оның келешекте өнімін айқындайтын бірден-бір маңызды көрсеткіші. Егер ол сирек себілген жағдайда 2-3 жылдары гүлдейді де әрі қарай өнімін төмендетеді. Тығыз себілген жағдайда оның гүлденуі 8-10 жылға дейін созылып жоғары өнімі сақталып, оны ұзақ пайдалануға болады. Сондықтан шаршылы-ұялап сепкенде әр ұяда 10-12 өсімдік болуы шарт. Ал ол үшін әр ұяға 20-30 тұқымдай түсуі керек. Ол үшін әр гектарға 15-20 кг тұқым себіледі. Кейбір аймақтарда кеңқатарлап сепкенде де әр гектарға себетін тұқым мөлшерін 22-25 кг дейін көтереді.
Танапты күтіп-баптау жұмысына үлкен көңіл бөлінуі тиісті. Көктемде топырақ өңдеуге дайын болған кезде оны көлденеңінен жеңіл тырмамен тырмалайды. Арамшөптер қаптап өсіп кеткен жағдайда гербицид шашқан пайдалы. Қатараралығы айқындалып өсімдіктің 1-2 негізгі жапырағы пайда болғаннан бастап қатараралығын қопсыту-яғни культивациялау жұмыстары басталады. Оны 6-8 см тереңдікте жүргізеді. Екінші қопсыту 10-12 см тереңдікте жүргізіледі. Қопсыту жұмысының негізгі мақсаты арамшөптерді жою. Сондықтан культиватордың жұмыс органдары соған сәйкестеніп таңдалуы тиісті. Үшінші рет культивация жүргізгенде суаратын арықтар дайындалып суару жұмыстары басталады. Жауындатып суғарған кезде арықтар тартылмайды.
Қазақстанның жағдайында аю балдырғанын үш реттен артық культивациялауға болмайды. Өйткені өсімдіктің жапырақтары өсіп қатараралығы көрінбей кетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz