МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫН ОҚЫТУ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ БӨЛІМ

  • Әңгіме жанры

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫН ОҚЫТУ

  1. Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірбаяны
  2. Мухтар Әуезовтің алғашқы кезеңдегі шығармалары.
  3. Мұхтар Әуезов көркем сөз шебері

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ БӨЛІМ

  • Әңгіме жанры . . . 3-4

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫН ОҚЫТУ

  1. Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірбаяны . . . 5-7
  2. Мухтар Әуезовтің алғашқы кезеңдегі шығармалары . . . 8-13
  3. Мұхтар Әуезов көркем сөз шебері . . . 14-20

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . . . 21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 22

ҚОСЫМША

Мақсаты:

Мұхтар Әуезовтың өмір жолы мен шығармашылығын жан-жақты қарастыра отырып, әдеби туындыларын оқыту барысын зерттеу.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің шығармаларын мақтан тұтуға, әдептілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Міндеті :

Оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау, есте сақтау, ауызекі сөйлеу қабілеттерін, мәтінмен жұмыс істеу арқылы дамыту.

Тақырыптың өзектілігі:

Ал, Әуезов шығармаларының тілі әлі де талай-талай терең зерттеулерді керек етеді. Әуезов тұңғыш туындысы «Еңлік - Кебектен» бастап, жоғарыда аталған және де басқа көптеген әңгімелерінде, повестерінде қысқасы атақты «Абай жолы» эпопеясына дейінгі барша шығармаларында қазақ тілінің тамаша үлгісін танытты. Қазақтың ескіден келе жатқан шешендік сөздерінің не бір асыл үлгілерін, би сөздерінің ұтқыр тапқырлығын, халың тілінің орасан мол байлығымен қоса сұлулығы мен өткірлігін, сыртқы бейне мен ішкі ойды аудырмай түсіретін алғыр шеберлігін, адам көңілінің ыстық-суығын, не бір нәзік лебін жеткізе білетін тал жібектей жіңішке орамдығын әкелді

І. Кіріспе

Әңгіме жанры

Әңгіме , әдебиетте - оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері - қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды

Әңгіме жанры - прозаның шағын түрі. Онда оқиға, кейіпкердің іс‑әрекеті қысқа болып, уақыт жағынан да аз мерзімді қамтиды. Әңгіме жанрының осы қасиеті тыңдаушылардың оны тез игеріп, түсінуіне жағдай жасайды. Алайда, бұл әңгімені жеңіл деп, үстірт оқыту дегендік емес. Керісінше, оқушылар әңгіме жанрынан бастап, көлемді прозалармен танысады. Ендеше, әңгімені мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен прозаның бастауы болатын әңгімені меңгертуге көп көңіл бөлгені жөн. Оқушылардың мәтінді түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде жоспардың атқаратын ролі айталықтай. Мұғалім жоспарды екі жолмен ұсына алады. Жоспарды оқушыларға дайын күйде алдын ала беріп, сол арқылы әңгіменің сюжетін ашып, рет‑ретімен баяндауға жол салуына болады немесе мұғалім мәтін мазмұнын аша отырып, оқушылармен бірлесе жоспар құрады.

Әңгіме, әдебиетте - оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері - қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.

Әңгіме жанрына үлес қосқандар

Осынау қамшының сабындай қысқаша өмір жолдарын өз халқына қызмет етіп, әдебиетке, соның ішінде әңгіме жанрына үлес қосқан қаламгерлер:

М. Әуезов

Б. Майлин

Ж. Аймауытов,

Ғ. Мүсірепов

І. Мұхтар Әуезовтің әңгіме жанрын оқыту

1. 1. Мұхтар Омарханұлы Әуезов

Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957) .

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов құрметіне шығарылған марка

Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейдебольшевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 - 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азияуниверситетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград ( қазіргі Санкт-Петербург ) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған.

Қазақ, әдебиетінде өз алдына бір дәуір болған Әуезов прозасы осылай басталады.

Ол прозаның кейінгі қазақ әдебиетіне айрықша әсер еткен өзіндік сипаты бар. Әуезов прозасының алдымен көзге түсетін қасиеті - биік мәдениеті. Жазушы Европа әдебиетінің дәрежесін еркін меңгерген. Ең озық әдебиеттердің биік мәдениетін өз бойына сіңіріп, реалистік әдісін толық игерген. Ал нағыз ғажабы жазушы орыс және Европа әдебиетінен осынша нәр ала тұра, ешкімге еліктеп, ығында кетпейді. Оның көркемдік құралдары, сөз кестесі, суреттеген өмір құрылыстары, адам бейнелері өзге халыққа ұқсамас қазақы сипатты танытқаны өз алдына, тіпті жас Әуезовтің талант табиғатының өзі шынайы халықтық, ұлттық екені көрініп тұр. Ол бүгінгі әдебиетімізге қазақтың халық творчествосының эпикалық кеңдігін, романтикалық көтеріңкілігін, лирикалық нәзік сазды әуенін ала келді, оның шығармасында халық өнерінің мың сан құбылып, құлпырып тұратын бояу сиқыры мен от екпінді тегеуріні және бар.

Ал, Әуезов шығармаларының тілі әлі де талай-талай терең зерттеулерді керек етеді. Әуезов тұңғыш туындысы «Еңлік - Кебектен» бастап, жоғарыда аталған және де басқа көптеген әңгімелерінде, повестерінде қысқасы атақты «Абай жолы» эпопеясына дейінгі барша шығармаларында қазақ тілінің тамаша үлгісін танытты. Қазақтың ескіден келе жатқан шешендік сөздерінің не бір асыл үлгілерін, би сөздерінің ұтқыр тапқырлығын, халың тілінің орасан мол байлығымен қоса сұлулығы мен өткірлігін, сыртқы бейне мен ішкі ойды аудырмай түсіретін алғыр шеберлігін, адам көңілінің ыстық-суығын, не бір нәзік лебін жеткізе білетін тал жібектей жіңішке орамдығын әкелді. Мұхтар Әуезов шын мәніндегі қазақ тілінің королі болатын. Біз осы кісінің шығармалары арқылы өз тіліміздің бояуы мың құбылған сұлулығын, жыр ырғақты сұлу сазын, таусылмас сөз байлығын, шектелмес суреттеу мүмкіндігін көріп қайран қалдық. Қазақ тілінің, егер шынайы шебердің аузынан шықса, айтып жеткізе алмас сыры, суреттеп нәшін келтіре алмас құбылысы жоқ екенін білдік. Егер фантазиямыздың күші жетсе қазақ әдебиетін Әуезов шығармаларынсыз - дұрысырақ айтқанда - сол шығармалардың тілісіз көзге елестетіп көрелікші. Онда біздің әдебиеттің жалпы үңірейіп қалғаны былай тұрсын, тіл бояуы да кәдімгідей солып қалар еді. Оның үстіне Әуезов тілі - тек оның шығармаларын да ғана емес - бүкіл қазақ прозасының, қала берді, қазақ әдебиетінің қан тамырына тарап кеткен. Өйткені біздің бүгінгі әдеби тілімізді қалыптастыруда одан ірі тұлға болған емес. Сондықтан да Әуезовтен тіпті стилі бөлек жазушылардың өзі осы алып тіл сиқыршысының тәжірибесінен аттап кете алған жоқ. Әуезовтің жазушылық стилінің бір ерекшелігі ол қашан да өз шығармасына ел өміріндегі кесек, ірі оқиғаларына арқау етеді. Және сол оқиғаларды жеріне жеткізе суреттеу арқылы қайталанбас кесек тұлғалар жасайды. Жазушы дәстүрлі махаббат тақырыбына бара қалғанда неше алуан сезімтал, нәзік, сыршыл лириканы құйқылжытып береді. Асқан шеберлікпен сезім сұлулығын жырлайды. Бірақ құштарлыққа мас, сезімге елжіреген шығыс ғашықтары емес, өз бақыттары үшін күреске даяр, асқақ ойлы, өршіл жандардың бейнесін жасайды. Шынында да Мұхтар Әуезовтің жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы шағырмалары, қазақ прозасындағы ғұмырлы үлкен арнаның басы болды. Бұл арна құдіретті реализмді биік романтикамен астастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге халқымыздың рухына тән жыршыл да сыршыл лиризмді адамның ішкі дүниесін үңгіп көрсететін психоанализге жалғастырды. Осы жағдай біздің жас прозамызды екі қатерден, яки екі түрлі бағытқа қиғаш кетіп қалу қаупінен сақтандырды. Шынында да осындай реалистік күшті арна таппасақ, жалаң романтикаға бой ұрып, жасанды схемаға түсіп кету қаупі бар еді. Екінші жағынан халқымызға тән көңіл көркі - көтеріңкі романтикадан балауса, балғын сезімді лирикадан қол үзіп, тек фактіні тере беретін жер бауырлаған алымсыз, қанатсыз натурализмге немесе адамның ішек-қарнын, қыртыс-қыртысын түгел ақтарып, неше түрлі қоқыстарды сыртқа шығаруға ерінбейтін жалған психологизмге ойыстап кету қатері де жоқ емес еді.

М. Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды.

Сол үшін мен курстық жұмыстың тақырыбын тұтарлық «Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың әңгімелерін оқыту»

1. 2. Мухтар Әуезовтің алғашқы кезеңдегі шығармалары.

Заманымыздың ұлы суреткері М. Әуезов - тарихта сирек кездесетін жан-жақты, терең білімді, парасатты, шын мәніндегі асқан талант иесі. Ұлы жазушы М. Әуезовтің көркем мұрасы - біздің төл әдебиетіміз, бүкіл адамзат мәдениетінің жетістігі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған әңгімелері мен повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына енеді.

Қазақ әдебиетінің классигі М. Әуезовтің алғашқы кезеңде /1919-1932/ жазылған шығармаларын қарастырудың ерекше мәні бар. Суреткердің бұл кезеңдегі шығармалары оның іздену, өсу жолынан, әдеби стилі мен творчествосының қалыптасуынан мол хабар береді. 1916-1917 жылдары қолына қалам алған М. Әуезов өз тұсындағы өзгерістерден еш бейтарап қала алмады. Патшалық құрылыстың құлап, елдің ескі отаршыл құрылысқа қарсы атой салуы жас қаламгерді әлеуметтік өмірге араластырды.

«Адамдық негізі - әйел» (1917ж), «Мәдениетке қай кәсіп жуық», «Оқу әдісі», «Ғылым тілі» секілді мақалаларында ол оқу ағартудың, мәдениеттің маңызды мәселелерін көтереді. М. Әуезовтің 1923 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінде қырғыз эпосы «Манас» туралы жасаған баяндамасы ғылыми қауымның назарын аударды.

Жазушының алғашқы кезеңдегі шығармаларының көлемдісі де, көркемі де прозаның әңгіме, повесть жанрларында жазылды. М. Әуезов жиырмасыншы жылдардың бас кезі мен орта шенінде көптеген әңгімелер («Қорғансыздың күні», «Жетім», «Жуандық», «Ескілік көлеңкесінде», «Кім кінәлі», «Барымта» т. б. ) жазып, оларда ескі қазақ ауылының алуан түрлі әлеуметтік шындығын реалистік дәстүрде бейнелейді, қоғам өмірінің, халық тіршілігінің терең қатпарларын, ішкі қайшылықтарын білгірлікпен суреттейді. Өмірдің ақиқат ағысын, типтік құбылыстарын зерттеу - жазушыға қазақ коғамының көкейкесті мәселелерін көтеруге мүмкіндік берді.

Оның тұңғыш күрделі шығармасы «Еңлік-Кебек» драмасы 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде жазылды. Алғашқы әңгімесі «Қорғансздың күні» 1921 жылы жарияланды. Жазушының бірталай әңгімелері 1922-1923 жылдарда «Сана», «Шолпан» журналдарында басылған. Олар: «Кешкі дөң басында», «Түнгі ауыл», «Қысқы күнгі дала», «Қысқы түн», «Сыбанның моласында», «Текшенің бауырында», «Сөніп жану». Ал «Жетім», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» т. б. әңгімелері 1924 жылдардың жемісі. Сонымен қатар 1923 жылы «Бәйбіше тоқал», «Қобыланды батыр», «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген зерттеуі мен «Жердің жаратылысы жайындағы» аудармасы жарияланды.

1925-1928 жылдары Ленинград университетінде оқып жүрген кезде «Қаракөз», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман» 1928 жылы повестерін жазады.

«Қорғансыздың күні» (1921) - М. Әуезовтің алғашқы жарық көрген әңгімесі. Шағын шығармада қоғам бойын жайлаған дерттің бір көрінісі зор көркемдік қуатпен ашылған. Мұнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлықка шыдамай, боранда үсіп өлгені айтылған. Бұл шығармада Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді. «Қорғансыздын күні» өзінің көркемдік бітімі жағынан қазақ әдебиетіне жаңа өрнек енгізді. «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын мағынасындағы европалық прозаның дәрежесіне көтерілді. Осыдан бастап өрбіген қазақтың көркем прозасы . . . уақ жанрда да, повесть, роман сияқты көлемді жанрда да көптеген шығармалар туғызып, көп тілді совет прозасының алдыңғы қатарынан орын алды», - деген С. Мұқановтың пікірінде зор шындық жатыр. Әңгіменің құрылысы шымыр, көркемдік бояулары қанық, оқиғалары мен адам мінездері мейлінше шыншыл. Мұнда М. Әуезовтің кейінгі шығармаларында тереңдеп қалыптасқан ерекшеліктер де көрініс берді. Ең негізгісі «Қорғансыздың күнінде» қазақ прозасында тұңғыш рет өмір ағыстары мен қаһармандар мінезі тұтас бірлікте көрсетілді.

«Қыр суреттері» (1923), «Қыр әңгімелері» (1923), «Жуандық» (1925), «Оқыған азамат» (1923), «Жетім» (1925), «Қаралы сұлу» (1925), «Барымта» (1925) сынды әңгімелерінің тамаша суреті, қазақтың тарихы мен тұрмыс тіршілігінен мағлұмат берерлік шындығы, көркемдік қасиетімен де, жазушы шығармашылығының жарқын беттеріне айналды. Жазушы шығармашылық дарыны шыңдалған кейінгі жылдардағы әңгімелерінде жиырмасыншы жылдары жазған прозалық шығармаларындай көркемдік құдіретіне бас идірер қасиет бере алмаған секілді.

М. Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесінде қозғаған тақырыбында яғни қазақ әйелінің аянышты тағдыры жайына кейін де талай рет оралды. Сөйтіп, «Кім кінәлі?», «Ескілік көлеңкесінде» сияқты шығармаларын жазады. Жалпы М. Әуезовтің әйел жайын толғап, әйел анаға деген құрметін білдіруі алғашқы қаламгерлік қадамынан-ақ байқалады. «Адамдық негізі әйел» атты мақаласы М. Әуезовтің жазушылық жолының негізгі тұғыры болуымен қатар орыс әдебиетіндегі Тургенев әйелдері секілді «Әуезов әйелдері» деп өзіне ғана меншіктей айтылатын кең құлашты, арналы тақырыпқа айналды.

Әйелге деген табынушылық сонау ерте заманда грек әдебиетінде Эсхилдің «Орестеясы», Софоклдың «Антигонасы» арқылы көрінсе, қазақ ауыз әдебиетінде ерлеріне адал серік бола білген Құртқа, Гүлбаршын, Ақжүніс бейнелері арқылы көрінеді. Ал, ХХ ғасырдың бас кезінде Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, С. Торайғыров т. б. әдебиеттегі әйел тақырыбын шығармаларына негізгі өзек етті. М. Әуезов те осы тақырыпты өзінше өрбітті. Жазушы жаңсақтыққа ұрынып, жалған мақтаудан бойын аулақ салған. Кейіпкерлері асқан ақылды, бойына бар қасиетті дарытқандар емес, сыршылдығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленген бойжеткендер. Үй арасы күйбіңінен аспай, көкірегі оянбай қалған, ойы таяз қазақ қыздары тірлігін де айналып өтпеген. Қазақ қыздары басындағы аяушылық тудырарлық ауыр халді суреттей отырып, ескі салттан ұзамай, ойы да шырмалған бойжеткендердің білімсіздігіне де сынмен қарайтын сияқты. Бұл жөнінде Р. Бердібаев «М. Әуезовтің 20 жылдардағы шығармаларындағы негізгі тақырыптың бірі - әйел теңдігі» деп көрсетеді. Сөйтіп, бұл шығармалардың «Сөніп жану», «Кім кінәлі?», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Қаралы сұлу» т. б. жатады деп атап көрсетеді.

«Жетім» әңгімесінде Қасым атты жетім баланың қасіретті балалық шағы, Иса деген жамағайынның қорлығына шыдамай, ауылдан қашып шыққан бетінде, қараңғы түнде, тоғай ішінде өлгені айтылады. Өмірден зәбір көргендердің мұңы мен наласын үлкен әлеуметтік толғақты мәселе ретінде сипаттау сыншыл реализмнін негізгі белгісі еді. Классикалык орыс әдебиетінің дәстүрлі үлгісінен үйренген, көп тағылым алған М. Әуезовтің алғашқы шығармаларын осы рухта бастауы табиғи болып көрінеді.

Енді бір шығармада («Барымта») таптық санасы оянбаған, байлардың алдауына оңай түсіп, тура жолын таба алмаған кедейлер тағдыры сөз болады. Досбол деген байдың сойылын соғып, намысын жыртып жүріп, қайғылы қазаға ұшыраған кедей жігіттер Қалбағай мен Қонқайдың өкінішті тарихы осы жағдайды аңғартады. Жазушы ертеден келе жатқан барымта әдетінің құрбаны болған жазықсыз жандар тағдырын жанашырлықпен суреттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын проза жанрын оқытудың ерекшеліктері
Мұхтар Әуезов шығармаларын интерактивті әдістер арқылы оқыту әдістемесі
Мұхтар Әуезов әңгімелерін орта мектептерде оқыту әдістемесі
Мұхтар Әуезов шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқытылу мәселелері
Әңгіме жанрының ерекшеліктері
Әңгіме жанры туралы түсінік
Мұхтар Әуезов және балалар әдебиеті
Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері
Мұхтар Əуезовтың шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы
Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz