Өңірлік саясат: теориялық принциптер, механизмдер және Қазақстандағы іске асыру мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Эссе

Тақырыбы: Өңірлік саясатты жүзеге асыру

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын өңірлік саясаттың қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта өңірлік саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.
Өңірлік саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар. Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, өңірлік саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады. Өңірдің дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтіқ жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-тендігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, өңірлердің дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады.

Өңірлік саясат өңірлердің теңгерімделген дамуына, экономикалық өсу орталықтарында еңбек және қаржы ресурстарын аумақтық шоғырландыруды ынталандыруға, тұратын жеріне қарамастан, жұмыспен қамтуды және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Ұлттық деңгейде Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе сияқты ірі агломерацияларда экономикалық өсу орталықтары бар макроөңірлер қалыптастырылуда. Өңірлік деңгейде обылыс орталықтары мен Семей және Түркістан қалалары, перспективалық үлкен және шағын қалалар, тірек ауылдар мен шекара маңындағы аумақтар өсу нүктелері ретінде айқындалды. Басқарылатын көшірілулерді жүргізу үшін инвестицияларды тарту, инновацияларды, жайлы қалалық ортаны дамыту, ішкі көші-қонды басқару бөлігінде агломерацияларды дамытуға аса көңіл бөлінеді. Үлкен және шағын қалаларды дамытуда экономиканы әртараптандыру және қолдау көрсету жөніндегі шараларға екпін жасалған.

Сонымен бірге Қазақстан халықтың орналасу тығыздығы төмен болуымен және урбандалудың орташа деңгейімен сипатталады, бұл әлеуметтік қызметтерді көрсету және инфрақұрылымды салу құнын ұлғайтады.

Өңірлердің әлеуметтік және экономикалық дамуында сәйкессіздік негізгі проблема болып қалуда. Ең көп үлес Алматы қаласына, ең аз үлес Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Өңірлердегі халықтың жан басына шаққандағы ең жоғары Атырау облысының мәндері ең төменгісінен Оңтүстік Қазақстан облысынан 7 есе ерекшеленеді.

Өңірдің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары жаратылыстану, нақты, техникалық ғылымдар саласында, қара металлургия жəне металлургиялық үрдістер, геологтық барлау жəне кен өндіру технологиялары саласында іргелі жəне қолданбалы зерттеулер, сонымен қатар дəрілік препараттарды (оның ішінде өсімдік шикізат негізінде), əр түрлі ауруларды диагностикалау жəне емдеу əдістерін əзірлеу саласында зерттеулер жүргізуде.

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерге жүргізілген орталықсыздандыру нәтижесінде тиісті штат саны бар функциялардың басым бөлігі кезең-кезеңімен жергілікті деңгейге берілді, ауылдық округтер әкімдіктерінің аппараттары құрылды. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін арттырды. Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық (селолық) округтерде оларды аудандардың (қалалардың) мәслихаттарында сайлау арқылы әкімдердің сайлауы өткізілді. Мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі енгізілуде, жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджет көздері кеңейтілді.

Көпшілік функциялардың жергілікті деңгейге берілуіне байланысты өңірлерді институционалдық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етуді нығайту талап етіледі. Бюджетаралық қатынастар, субвенцияларды бөлу және алып қою жүйесі өңірлерді өзін-өзі ұйымдастыруға және ішкі ресурстарды дамытуға, экспорттық әлеуетті және салық салынатын базаны өсіруге, инвестициялар тартуға жеткіліксіз деңгейде ынталандырады. Бұл ретте жоспарлау шешімдер қабылдау кезінде жергілікті жерлердегі мүмкіндіктер мен шектеулер туралы толық хабардар болмау жағдайларында «жоғарыдан төменге» қағидаты бойынша орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жаңа индустриалды-инновациялық саясат: мәні, бағыттары және іске асыру мәселелері
Қазақстандағы бала құқықтарын қорғау: ұлттық саясат, заңнамалық негіз және іске асыру мәселелері
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіпті мемлекеттік реттеу: теориялық негіздер, индустриялық саясат және іске асыру мәселелері
2007-2009 жылдарға арналған Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру: салалар, кластерлер және өңірлік саясат
Қазақстандағы гендерлік саясат пен әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру
Қазақстандағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қазіргі кезеңдегі іске асыру мәселелері
Рухани жаңғыру бағдарламасын өңірлерде іске асыру: жобалар, механизмдер және нәтижелер
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1928): көшу, іске асыру және экономикалық өзгерістер
Жергілікті жердегі муниципалдық әлеуметтік саясат: теориялық негіздер, ШҚО-дағы іске асыру және жетілдіру жолдары
Кәсіпорындағы ақша ағымдарын жоспарлаудың теориялық негіздері мен іске асыру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz