Ыстық және салқын сусындар дайындау технологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Орындаған: ТПП-301П

Кравченко Кристина

Практикалық жұмыс

Ыстық және салқын сусындар дайындау технологиясы

Шай мен кофе, жеміс шырындары мен квас - негізінен, алкогольсіз сусындар. Олардың кең тарап, кең тұтылуының сыры - сүйкімді дәмінен, жұмсақ стимуляторлық әсерінен. Қазір ауыз суына хлордың қосылуы салдарынан бұл сусындардың дәмдік сапасы өз деңгейінде емес. Алайда хлорсыз, бактериялық жолмен өңделген, терең артезиан құдықтарынан алынған, мөлдір, таза күйінде дүкендерде сатылатын (бұлақ суы) ауыз суынан дайындалатын шай, кофе өте дәмді келеді.

Шай (Tea) - шай тұқым - дасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі болып саналады. Оның жапырағынан шай дайындалады. Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Олар: Қытай шайы (екі түр тармағы (қытай және жапон) бар) Оңтүстік - Шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, 3 м бұта, ассам шайы (бірнеше түр тармағы (ассам, лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань т. б. ) бар) Үндістанның Ассам ормандарында өсетін, биіктігі 10 - 15 мертлік ағаш. Бұл екі шайдың табиғи гибриді цейлон шайы деп аталады. Оның да екі түрі бар. Олар жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріліп, өнім алынады. ТМД елдерінде Әзербайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі мен Грузия жерлерінде қытай шайының негізінде шайдың бірнеше сұрыптары өсіріледі. Шай ағашы 100 жылдай өмір сүріп, 70 жылдай өнім береді.
Шайдың басты құндылықтары Тамақтану саласының белгілі ғалымы американдық Алиса Чейз өзінің кең тараған «Денсаулық тамағы» атты кі - табында шай мен кофені «ауруға душар ететін және адам денесінің өмірлік маңызды құрылымын бұза - тын» улы сусындар тобына жатқызғанымен, көптеген ға - лымдар шай мен кофе туралы басқаша пікірде. Бұл сусындарды жақсы көретіндер оның өте пайдалы, тіпті шипалық қасиеттерінің бар екендігіне кәміл сенімді.

  1. Сүт қатқан шай. Оны әзірлеу үшін 2/3 литр мөлшерде қою шай тұнбасы мен 1/3 литр мөлшерде сүт қажет. шай тұнбасы қосылады. Бұл шай ішек - қарын жолдары ауыратын адамдарға өте пайдалы. 2. Қытай шайы. Бір кесе қайнатылған суға бір шай қасық көк шай қажет. Жылытылған ыдысқа, құрғақ шай салынады, үстіне ыстық су құйылып, 3 минут өткен соң алдын - ала жылытылған фарфор ыдысқа аударып құяды. Қытай шайын ыстықтай сораптап ішеді. Оған қант, басқа да тәтті заттар қосылмайды. 3. Жапон шайы. Оны әзірлеуге ½ литр қай - натылған су, 1, 2 шай қасық құрғақ шай қажет. Арнайы ыдысқа салынып ұнтақталған шай алдын - ала жылытылған ыдысқа салынады. Оның үстіне 60 градусқа дейін ысытылған қайнаған су құйып, қою шай дайындалады. Сонда бұл шайдың хош иісі бұрқырайды. 4. Ағылшын шайы. Бір кесеге бір шай қасық шай, оған қоса шайнекке осыншама шай, қайнаған су, сүт, қант қажет. Шайға қайнатылған су қосып, 5 минут ұстайды. Сосын ыстық ыдысқа аударып құяды. Жақсылап жылытылған кесеге сүт құйып (көлемі ¼ деңгейінде) шай тұнбасын қосады.

Кофе - тропиктік кофе ағашының тұқымы (кофе бұршағы немесе дәні), сондай - ақ олардан дайындалатын өзіндік дәмі бар жағымды хош иісті сусын. Кофе дәнінде: клетчатка, азотты заттар, кофеин, қант, май, минералды тұздар бар. Құрамында кофеин мөлшерінің көптігіне байланысты табиғи кофеден жасалған сусындар орталық нерв жүйесін қоздырады және сергітеді. 1 шай қасық ұнтақ кофеде 0, 07 - 0, 1 г кофеин бар. Дені сау және қан қысымы төмен адамдардың еңбек қабілеттілігін арттыруға, жүрек қызметін күшейтуге осы мөлшер жеткілікті. Кофе сондай - ақ, ішкі секреция бездерін де қоздырады. Нерв жүйесі өте сезімтал, жүрегі ауыратын, қан қысымы жоғары, нашар ұйықтайтын адамдарға тым қою кофе ішуге болмайды

Кофе түрлері мен қайнатудың әдістері

Кофені кофеқайнатқышта қайнатады. Кофе қайнатудың әртүрлі әдісі бар. Қай әдіспен дайындаса да, ұзақ қайнатуға болмайды, өйткені дәмі нашарлайды.

Варшава кофесі . Қайнатылған қою қара кофені сүзгіден өткізіп, оған сүт пен қант қосып тағы қайнатады, сусындық беті қаймақтанбау үшін дастарқанға қояр алдында ыстық кофені жайлап шайқайды. 1 стақан сусынға 1/3 стақан қара кофе, 2/3 стақан сүт, 1 шай қасық құмшекер керек.

Қаймақ қосылған кофе . Қара кофені қант қосып қайнатып, стақанға құяды. Әр стақанға 1 шай қасық қант ұнтағы мен көпіршітілген 1 ас қасық қаймақ қосады.

Балмұздақ қосқан кофе . Қайнатқан қара кофені тұндырып, оған құмшекер қосып суытады. Дастарқанға қоярда бокалға (фужерге) 50 г майлы балмұздақ салып, үстіне суытылған кофе құяды.

Шығыс кофесі (рецептердің біреуі) «Түрке» деп аталатын кофе қайнататын арнайы кастрюльге су құйып, құмшекер қосып қайнатады. Қайнаған суға майдаланып ұнтақталған кофені салады; кофе қайнап, көтеріле бастағанда «түркені» оттан алады да, көбігі басылған соң тағы бір рет қайнатады. «Түркені» ішіндегі кофесімен (сүзгіден өткізбей-ақ) дастарқанға қояды. Сосын кофе тұнғаннан кейін (тез тұндыру үшін кастрюльге 1 шай қасық суытылған қайнаған су құюға болады) кеселерге құйып ұсынады. Кішілеу кесеге (50-55 г су сиятын) : 1 шай қасық кофе, әркім өз қалауынша құмшекер қосады.

Қуырылған, ұнтақталған өсімдік дәндерінен (мысалы, арпа, емен жаңғағы, каштан жемісі) дайындалатын жасанды кофелер де сатылады. Дайындау жолдарына қарай жасанды кофелер табиғи кофе қосылған және табиғи кофе қосылмаған болып үлкен 2 топқа бөлінеді.

Шуағын жайған жаз мезгілінің аптап күндерінде шөлімізді бастыратын таптырмас шешім - салқын сусындар. Ыстығымызды басатын керемет салқын сусындарды дүкен сөрелерінен сатып алғанша, үйден істеуге әбден болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сусындар түрлері
Жармаларды пісіруге дайындау
Мейрамхана түрлеріне анықтама
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің қантты кондитер өнімдерінен айырмашылығы - құрамында ұнның болуы
Кафе «Cайранда»
Қоғамдық тамақтанудағы қызмет көрсету және өндірісті ұйымдастыру
Банкет-коктейль, тағайындалуы, дайындық, банкетті өткізу ерекшелігі
Ыстық цех сорпалар бөлімі
Ыдыстарды таңдау, танертеңгі, түскі және кешкі асқа үстелді алдын-ала сервировкалау әдістерін үйрену, майлықтарды орау
Жұмыс орны бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz