Денсаулық сусындары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
__________________________________ _________________кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: ___________________________________ ____________
Орындаған:_________________________ _
Тексерген:_________________________ __
Алматы 2016
Жоспар:
I. Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
II.1. Ұлттық сусындар.
II.2. Денсаулық сусындары.
II.3. Шырын сусындары.
II.4. Салқындатқыш сусындар.
II.5. Кока-Кола сусыны.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Ұлттық сусындар
Дешті Қыпшақ даласында өмір сүрген біздің ата-бабаларымыз жорықта, көшіп-қонуда, сапарда, ыстықта, шаршап-шалдыққанда өзінің шөлін қандыру үшін ұлттық сусындардың талай тамаша түрлерін ойлап тапқан. Сусын ішіп отырып ашық-жарқын әңгіме құрып, талай істің шешімін тапқан, соңына өсиет болар өнегелі сөздер де қалдырған. Қазақтың осы ұлттық сусындарының ішінде кең тарағандары: қымыз, шұбат, айран, боза, көже және тағы да басқалары.
Қымыз. Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамында дәрумендер, майлар, белоктар бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады. Қымыз ас қорытуды жақсартады, қауіпті ісікті болдырмайды.
Бие сүтінен ашытылады. Оның алғашқы ашытқысын қымыздың қоры деп атайды. Кей жерлерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының ашыған сүр жамбасының жұлынды сүйегін не малта салып немесе ашыған тары көженің суын қосып, бөлек ашытады. Сосын сабадағы қорды сарықпай, биенің жылы сүтін саумалдап, жаңғыртып отырады. Жаңа сүт құйған сайын 20-30 минуттан піседі, жаңа сүтпен қорды араластырып, ірімтігін жазады, ашуын басып отырады. Қымызды көп сапырғанда оған таза ауа (оттегі, азон, т.б.) көп сіңеді. Қымыз бір тәулікте ашуы жетіп, сапыруға жарап қалады.
Қымыз тәрізді табиғи құдіретті сусынмен былай да емдейді: қымызды алғашқыда тәулігіне 6 рет 100 грамнан (қатты науқасқа 50 гр.), кейін 250 грамға дейін береді де, ағза қымыз ішуге үйренген соң оның мөлшерін 2-3 литрге дейін көбейтеді. Қымызды тамақтың алдында 1-1,5 сағат бұрын ішеді. Жатар алдында ішпейді. Жоғарыдағы ем сырқатпен әлсіреген, жүдеген, қаны азайған, туберкулезге шалдыққандарға шипалы.
Шұбат. Түйенің сүтін ашытып жасайды, қышқыл дәмді. Оның әзірлеу тәсілі қымыз ашытуға ұқсас. Шұбатты тағам ретінде үнемі ішіп жүретіндер өкпе ауруына өте сирек ұшырайды. Дәрігерлер өкпесі, асқазаны, ішегі ауыратындарға шұбат ішуді ұсынады. Өйткені, шұбат асқазанның секреторлық қызметін жақсартады, қышқылдылығын көтереді, дәрі-дәрмектердің емдік қасиетін арттырады, адамның дертке қарсы күресу қабілетін күшейтеді.
Шұбатты ашыту: жаңа сауылған түйе сүтін сүзеді, 30-35 градусқа дейін салқындатады, сосын емен бөшкеге құяды, өндірістік ашытқы қосады; қоспаны піспекпен 20-30 минут бойы піседі, араластырады, ашуы үшін 3-4 сағат бойы тыныш қояды. Осы мерзім ішінде микрофлора әрекетінен күрделі заттар жай заттарға айналады, қышқылдығы 60-70 градусқа көтеріледі, казейн іріп, тұнбаға түседі, - дейді мамандар. Казейннің ірі түйіршіктері пайда болмауы үшін шұбатты жақсылап тұрып араластырып отыру қажет. Ашыту процесі 20-25 градус жылылықта 10-20 сағатқа созылады.
Айран. Әрі тағам, әрі сусын. Сиырдың, қой мен ешкінің піскен сүтіне мәйек, ашытқы (ескі айран) қосып ұйытады да салқындатып ішеді. Қалмақтар айранды ашытып, көкір (арақ) жасап ішкен.
Боза. Ол - дәнді дақылдардан ашытып жасалатын сусын. Жас бозаның құрамында - 4-6, қорланған бозада 12-15 пайыз спирт болады. Бозаның уытсыз, жай ашытқымен дайындалған түрінің атауы - мақсым боза.
Жалпылама дайындалу тәсілі: бір тәулік бойы суға бөктіріліп қойылған дән жармасының сарысуын төгіп тастайды, қалған тұнбаға белгілі бір мөлшерде май, су құйып, оттың табында жайлап қайнатады, сөйтіп, ботқа жасайды. Оны суытады, тары, арпа тәрізді дәнді дақылдардың бірінен ашытқы әзірлейді. Оны жасау үшін дәнді дақылды қажетті мөлшерде алады да үстіне ыстық су құйып, 3-4 сағат бөктіреді, сүзіп алады, жылы жерге жайып қойып, 3-4 күнде дәндерінің өнгенін күтеді. Кеуіп кетпес үшін үстін жауып қою қажет. Әбден өнген соң ғана келіге салып жаншып, осылай әзірленген уытты тұнбаға мөлшерлеп салады, үстіне суытылған қайнаған су құяды, жарты тәуліктей ашытып қояды да дайын қоспадан керегінше алып, қайнаған салқын суға араластырып, сүзгіден өткізіп алады. Алынған сұйық-сусын боза деп аталады.
Көже. Қазақтың қымыздан басқа кең тараған сусыны - көже. Оны қайнатқан суға бидай салып, ұн сеуіп ашытып жасайды. Үстіне сүт құяды, салқындатып ішеді, ыдысқа құяр алдында араластырады. Сүтке ашыған бидай көже - әрі жұғымды, әрі шөл қандыратын сусын саналады.
Қазақта: Көже - көже көлкілдек, көженің суы мөлтілдек, осы көже болмаса, кетер едік селкілдеп, - деген де сөз айтылады.
Қазақта кеспе көже, құрт көже деген де тамақ атаулары бар. Кеспе көженің кейбір түрлері қолдама көже, бармақ көже, салма көже, сеппелі көже деп те аталады.
Денсаулық сусындары
Сергіткіш сусындар
Оны түрлі жеміс-жидек, олардың жапырақтары мен емдік шөптерден жасап алып ішуге болады. Олардың бірқатары адам ағзасының иммунитетін көтереді. Солардың қарапайым кейбір түрлерін әзірлеу мәзірі:
Алмадан. Жуылған, қабығы аршылмаған 3 алманы теңдей бөледі, тостағанға салып, үстіне 1 литр су құяды. Қызуы төмен отта 10 минут ұстайды. Сосын жылы жерге қояды. 30 минуттан соң оған бал араластырады, шай орнына ішеді. Суыққа қарсы ем, шаршағанды басады, сергітеді.
Қой бүлдіргені жапырағынан. Оны дәріханалардан сатып алуға болады. Оған итошаған, түймедақ шөптері қажет. Олар да осында баршылық. Солардың бәрін бірдей етіп араластырады, стақанға 1 ас қасық қоспаны салады, үстіне қайнаған су құяды. Оны күнделікті шай орнына ішіп жүруге болады. Бұл тұнба қыста көп кездесетін вирустардан қорғайды, ағзаның жылуын ұзақ сақтауына көмектеседі.
Мейіз, жаңғақ, өріктен. 1 ас қасық сүйексіз мейіз, грек жаңғағы, кепкен өрікті ұсақтап турайды. Оған аздаған лимон шырыны мен бал қосады, бәрін бірге араластырады. Егерде көңіл-күй түссе, суық шала бастаса, дайын болған бұл қоспаның 1 ас қасығын күніне 3 реттен ішеді. Оны таңертеңгілік шаймен қосып ішсе, күні бойы адам сергек жүреді, ауыра бермейді.
Итмұрыннан. Құрамында С дәруме-нінің мол қоры бар. Одан шай орнына ішетін сусынды былай дайындайды: 1. бір уыс құрғақ итмұрынның үстіне (дәріханадан алуға болады) жарты литр су құйып, 15 минут қайнатады. Кешке дайындалған тұнба таңға дейін тұрса, тіпті жақсы. Таңертеңгілік оған бал араластырып, шай орнына іше береді.
2. 75 грамм итмұрынның жемісі мен жапырағын 150 грамм бал мен бір литр жүзімнің таза шырынымен араластырып, баяу отта 5 минуттай қыздырады, көбігінен ажыратады. Суытып, сүзіп алады. Бұл сусынды төрт аптадан артық сақтауға болмайды. Осы уақытта үш рет бес минут ысытып, көбігін ажыратып отырады. Қалған кезде суық, қараңғы жерде сақтайды.Дайын болған сусынды 1 стақаннан 2-3 рет тамақ алдында ішеді. Екі аптадан соң бір апта демалып, қайта ішеді. Жүрек әрекеті нашарлағандарға да күш-қуат, сергектік силайды.
Шырын сусындары
Адам күніне 2-2,5 литр су ішуге тиісті. Сонда тәулігіне денесінде жоғалған сұйықтықтың орны толады, - дейді дәрігер мамандар. Және де жеміс-жидекті, оның шырынын да көбірек тұтынған пайдалы. Қыста күніне бір литр шырын ішу қажет. Біз енді шырындардың пайдасына тоқталсақ:
Апельсин шырыны. С дәру-меніне, әр алуан минералдарға, антиоксиданттарға бай. Бұл шырынды күнделікті пайдаланса, асқазан, ауыз және жұтқыншақ рагімен (қатерлі ісік) ауыру ықтималдығы 50 пайызға азаятын көрінеді.
Ананас шырыны. Құрамы бүкіл дәрумендер мен минералды заттардың жиынтығы. Ағзаны жасартатын қасиеті бар. Қуаты төмен ананас шырыны ұйқы безінің жұмысына жағымды әсер етеді, ішек жұмысын жақсартады, пигменттік дақтардың (денедегі) кетуіне ықпал етеді, ағзадан артық сұйықтарды шығарады. Оның құрамындағы бромелайн тамаша табиғи май кетіруші, ол семідіктен арылта алады. Ананас сусынын (шырынын) бүйрек аурулары, баспа кезінде көбірек ішсе-ем.
Алма шырыны. Құрамында темір көп, қан аздығында, ой жұмысымен айналысатындарға ішу ұсынылады, бүйрек тастарын түсіретін де қабілеті бар. Алма шырынындағы пектин ағзаны қалдықтардан тазартушы. Алма шырынын тыныс алу жүйесі, өкпесі, кеңірдегі ауыратындар ішіп жүрсе шипалы. Бұл шырын жүрек - қан тамырлары жүйесін нығайтып, ағзадан несеп қышқылын да шығарады.
Өрік шырыны. Құрамындағы калий жүрек бұлшық етін нығай-тады, ағза тіндерінен артық сұйықтың шығуына жәрдемдеседі. Жүрек-қан тамырлары, бүйрек ауруларының, семіздіктің, қан аздық-тың алдын алуға пайдалы. Өрік шырынындағы фосфор мен магний есте сақтау қабілетін жақсартады, бас миының қан тамырларына оң әсер етіп, жұмысқа қабілеттілікті арттырады.
Шабдалы шырыны. Оны тұрақты түрде ішетін адамның жүрек бұлшық еті нығаяды, жүрек аритмиясынан арыла бастайды, гастрит асқынғанда да ол асқазанды тыныштандыра алады, асқорытуды жақсартады, қан аздығында да шипалы. Қоршаған ортаның жағымсыз жағдайынан да қорғануда шабдалы шырынын ішкен дұрыс.
Қызанақ шырыны. Адам ағзасының иммунитет жүйесін күшейтуге әсері көп А және С дәрумендері бар, құрамында тұздар, микроэлементтер бай. Мұндағы антиоксидаттар тіндердің қартаюын баяулатады.
Мультивитамин шырыны. Бұл сусынның құрамында әр алуан жемістер болғандықтан, қыста, көктемде түрлі инфекцияларға қарсы ағзаның күресу қабілетін арттырады, оны А және С дәрумендерімен байытады. Шаршағанды басады.
Емдік мақсатқа шырындарды таңертең аш қарынға бір стақаннан ішуден бастап, сосын мүмкіндігінше, әрбір 2-2,5 сағат сайын бір стақаннан ішіп, екі ай емге пайдаланады.
Жеміс шырыны - шөлді басатын да құнарлы сусын.
Салқындатқыш сусындар
Квас
Олардың ішінде көп тарағаны - квас. Оны славян халқы өздерінің кейбір ұлттық тағамдарын (окрошка, ботвинья, суық сорпа) жасауға да пайдаланады.
Квас - шөлді қандыратын, адамды сергітетін, жақсы дәмі мен хош иісі бар сусын. Квас - сүт қышқылдығы және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz