Жануарлар бруцеллезі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
К і р і с п е

Ел басының Қазақстан Республикасы халқына жасаған жолдауында және
ауылды көтеру мәселесіне байланысты мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан
халқының оның ішінде ауылдық жағдайын жақсарту мәселесі айрықша атап
көрсетілген.
Бұл мақсаттарды табысты атқару үшін, ең алдымен ауылшаруашылығындағы
мал басын көбейтіп, одан алынатын өнімдерді (ет, сүт, жүн, жұмыртқа т.б)
мейлінше көбірек өндіру қажет. Бірақта аталған проблемаларды жүзеге асыру
оңай шаруа емес екені белгілі өйткені басқаны айтпағанда мына малдардың
арасында кездесіп, өлім-жетімге және де басқа қыруар шығынға әкеліп
соқтыратынәртүрлі жұқпалы аурулар үлкен бөгет болып келеді Бұрыннанда
әсіресе соңғы жылдары төрт түлік малдардың арасында жұқпалы бруцеллез ауруы
өте қауіпті малдан малға және малдан адамдарға жұғатын індет болғандықтан,
бұл ауруға шалдыққан малдар арнайы нұсқаулар бойынша арнайы малдәрігерлік
санитарлық тәртіпті сақтай отырып көзі жойылады Қазақстанда малдардың
бруцеллез ауруының эпизоотологиясы, шығу көздері, аурудың белгілері,
қоздырғышның биологиясы, ауруданықтап балау жолдары мен алдын алу шаралары
жөнінде бірқатар ғылыми тәжірибелік жұмыстар атқарылғаны белгілі. Соған
қарамастан бұл ауру малдәрігерлік ғылымы мен өндірістің әлі де болса толық
шешімін таппаған мәселеге айналып отыр.
Бруцеллез зооантропоноздық ауру болғандықтан, ол біздің елімізде үлкен
әлеуметтік – экономикалық мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда
бруцеллезбен ауыратын адамдар мен жануарлар саны бұрынғы
одақ және ТМД елдерімен салыстырғанда алғашқы орындардың бірін алып отыр.
Бруцеллез нозеареалы әр қилы, шаруашылықтың экономикалық, табиғи
географиялық жағдайына, халықтың тұрмысы және арнайы ветеринариялық
шаралардың жүргізілу деңгейіне байланысты болып келеді
Адамдардың негізгі бруцеллез жұқтыру көзі жануарлар болып табылатын
балғандықтан, бруцеллезбен күресу шаралары өте жоғары дәрежеде және тиімді
болуы керек. Республика аумағында ауыл шаруашылық малдар арасындағы
бруцеллез індетінің таралуы әлі күнге дейін әр жылы әр түрлі дәрежеде,
көбіне бруцеллезге қарсы арнайы шаралардың орындалуына да байланысты болып
келеді.
Бруцеллез қазіргі кезде адамдар мен жануарлардың өте күрделі ауруы екендігі
дәлелденіп, оны жою үлкен экономикалық және әлеуметтік мәселеге айналып
отыр. Бруцеллезбен күрес шараларының тиімді болу үшін, олар міндетті түрде
Ғылымның жетістіктеріне негізделуі қажет. Бүгінгі таңда індетті ауруларға
қарсы белсенді иммундеу заттарын ойластырудың екі жолыбар Олардын бірi -
тірі, ал екіншісі — экологиялық жағынан қауiп төндірмейтін өлі вакцина
қолдану
Бруцеллезбен күрес шараларының тиімдіболуы ең бірінші бұл індетті дер
кезінде әрі нақты балауға да байланысты. Осы күнге дейін қолданып келген
бруцеллезді дифференциалды балау, дауалау әдістері әлі де
қанағаттандарарлық дәрежеде емес өйткені соңғы уақытта кең таралған мал
өсіру технолгиясы (жекелеген шаруа қожалықтары, жеке меншік үлесіндегі
малдар) бруцеллезді балау, дауалау және онымен күрес шараларын сәйкесінше,
өзгеше жүргізуді қажет етеді. Соңғы бесжылдықта жыл сайын Қазақстанда
бруцеллезге шалдыққан адамдар саны 3000-нан кем емес, эпидемиологиялық
жағдай әсіресе республикамыздың оңтүстік аймағында күрделі болып отыр. Бұл
фактілер ветеринария және медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік
жүктейді. Қазіргі кезде ветеринария тәжірибесінде қолданылып жүрген мал
бруцеллезіне қарсы шаралар жүйесі шаруашылықтарды бруцеллез індетінен
толықтай сауықтыруды қамтамасыз ете алмай отыр. Айтылғандарды ескере отырып
жүргізілген, осы ғылыми зерттеу жұмыстарында Оңтүстік Қазақстан облысындағы
жануарлар бруцеллезін дифференциалдық балау, дауалау және оған қарсы
жүргізілетін арнайы шараларды жетілдіру мен нәтижелерін өндіріске енгізу
мәселелері алға койылады.

1. Әдебиетке шолу

Конопаткин А.А-ның 1984 мәліметіне сүйенсек бруцеллез brucellosis-
аналықтардың іш тастауымен, шу түспеуімен, эндометриттермен, еркектерінің
жиірек симптомсыз өтетін орхиттарымен сипатталатын малдардың созылмалы
ауруы.
Бруцеллез жер шарының көптеген елдерінде таралған, бірақ сирек
кездесетін Африка, Орталық және Оңтустік Америкада. Азия мен Европаның кей
елдерінде.
Қоздырғыш. Brucello тусының 6 турі бар: 9 биоварианты бар Br.abortus,
Br.melitensiz-3, Br.suis-4, Br. Neotomac, Br. Ovis және Br. Canis. Барлық
бруцеллалар полиморфты, 0,6-1,5*0,5-0,7 мкм. Микробтар қозғалмайды,
анименді бояулармен жақсы боялады, грам-теріс. Кейбір штамдар капсула
түзеді.
Бруцеллалардың физикалық жэне химиялық факторларға төзімділігі жоғары
емес. 60 С-да 30 минутта70 С-да 5-10 минутта, 90-100 С-та бірден өледі.
Ашылған және салқын сутте, қаймақта микроб 4-7 кунге дейін сақталады,
киімде – 14 кун, ірімшік,май, тұздалган теріде – 67 кун, тұздалған етте – 3
айға дейін сақталады. Топырақта, суда, ірі азықта – 4 айға дейін
өміршендігін сақтайалады. Шіріген материалда микроб тез жойыла бастайды.
Тіке тускен кун саулесі 3-4 сағатта, креомин, фенол, формацильдегид (1%)
ерітінділері бір сағатта, 5%-к жана сөндірілген әк – 2 сағатта өлтіреді.
Індеттік ерекшілктері. (Сайдулдин Т. 1999) мәліметі бойынша бұл аурудың
табиғи ошағы болмайды.
Инфекция қыздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады,
әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қаупті. Ондай
жануарлар марана мен, шумен, тастанды жолмен және жыныс жолдарынан аққан
сорамен ауру қыздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады.Қыздурышы микроб
сонымен қатар сутпен, шәуетпен, нәжіспен және жесеппен бірге бөлінеді.
Сиырдың жемінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сакаталып, оқтын-
оқтын сутпен бөлініп тұрады.
Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде каратиндеу
ережелерін сақтамағанда, ауру және сау малдарды бірге жайганда, бір суаттан
суарганда, бір жолмен айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын мал қараға ит
пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар бруцеллезге шолдыққан малдардың
шуымен не тастанды төлемін жанаскан жағдайда микроб тасымалдаушыға
айналады.
Індеттің жаңа ошақтарында бейім жануарлардың 60%-ке дейін инфекцияға
шалдығу мумкін. Бас кезінде буаз мал ішінара, ал кейін жаппай іш тастауы
мумкін. 2-3 жыл өткен соң аборт байкалмайды, ал шеттен мал косканда
індеттену өршіп, жаңа әкелінген және бұрын аурған малдарды қоса қамтып,
тастау қайтадан қаулауы мумкін. Малды аралстыру індетті өршетіп, оның жаңа
ошақтарын қалыптастырады.
Малды өсіргенде, бағып куткенде ветеринарлық- санитарлық талаптарды
дұрыс орындамау, сотының нәтижесінде жануарлардың ауруға төзімділігінің
нашарлауы, уақытылы шумен тастанды төлді жинамау, көңді тазаламау,
дезинфекцияны ретті турде жасамау бруцеллездің шығуына жағдай тудырады.
И.А. Тарасовтың (1937) мәліметі бойынша Br. Melitensis – жоғары
вирусенттіштамының 50 мың бруцелласының 10-ы қойларда тек лимфа туіндерінің
аймақтық инфекциялануын тудырды, ал 100 мың доза-генерализденген
инфекциялануын тудырды. Бұдан мынадай қорытынды жасалды: салыстармалы түрде
қойлар бруцеллез инфекциясына төзімді және олардың кілегеі қабығы мен тері
арқылы зарарлануы үшін бруцеллалардың көп мөлшері керек.
Елеміздің әр түрлі мекемелерінде бруцеллалардың вируленті штаммдарын
титрлеген кезде Br.melitensis штаммынын конъюктиваішілік және тері астына
егіп жұктырудағы салыстырмалы шамамен орташа көрсеткішінің 25 тен 100 мың
микроб денесі екенін анықтады (М.М. Иванов, Е.С. Орлов) Бұл жағдайда
белгілі уақыттан кеін қанда спецификалық антидене тудыратын, аз уакытты
бактериена және жануар ағзасының бөлек органдары мен ұлпаларына
қоздырғыштың енуін тудыратын бруцелла дозасы айтылған.
Қайдағы сияқты сиырда да Br. Abortus-қа төзімділік бар. Бұл жануар үшін
орташа зарарлану дозасы көздің кілегейлі қабығына ендірілген 10 нан 100
млн. Микробды денеге жетеді. (М.М. Иванов,Е.С. Орлов және басқалары).
Қолдан зарарлаған кезде қыздыргыш дозасымен инкубациялық кезеңнің ұзақтығы
анықталады. Бірақ ол үшін группадағы жануарлардың массасы мен жасы бірдей
болулары керек.
Латентті микроблоздың қалпы, яғни ағзада қоздырғыш тіршілік ете тұра,
ана органдарын зарарламауы, адам мен жануарлардың әртүрлі инфекциялық
ауруларының біліну қалпы екенін естен шығармау қажет.
(А.Зильбер, 1958), А.Триленко (1956),Плане (Plomet, 1971) және басқа
авторлар көрсетуінше, инфекция көзі болып қалыпты бұзалау кезіндегі
бруцелла бөлетін сиырлар да жатады.
Бұдан шығатын қорытынды, бруцелла инфекциясының ең кішкене аз деген
көзінің өзі қауіпті, себебі бұл ошақтан жануар анасына әлсін-әлсін ең
минимальды дозасының енуінің өзі инфекция активизациясына және клиникалық
бруцеллезге әкеліп соғуы мүмкін. (Трипенко А.,1976)

2. Негізгі бөлім
2.1 Жануарлар бруцеллезінің таралу тарихы.

Қазіргі кезде бруцеллез деп аталып жүрген жануарлар ауруы Англияда XIX
ғасырдың басында ақ белгілі болған. Бұл ауру онда кеңінен таралып
жануарларға тән белп бойынша "жаппай ш тастау" деп аталган. Оның
этиологиясы көп уақыт бойына белгісіз болып келген. 1876 жылы Франк іш
тастаған сиырлардан патологиялық жадығаттар алып, cay аналықтардың жыныс
жолдарына енгізу арқылы іш тастау шақырып осындай жолмен аурудың
жұкпалылығын анықтады. Аздаған уақыттан соң Ленерг (1878) және Броурер
(1880) бұл аурудың жұқпалылығын растады.
Ауру жұқпалы іш тастау атына ие болды. Бірақ аурудың қоздырғышы тек
1896 жылы дат зерттеушісі Банг Стрибольт ауру сиырлардан, соңынан Банг
бацилласы деп аталып кеткен, микроб тауып алған кезден бастап белгілі
болды.
19 ғасырдың аяғында Жерорта теңізінің жағалауларында және аралдарында,
соның ішінде, Мальта аралында қызба ауруына адамдардың көп шалдыққаны
байқалды, оны мальталық, гидралтарлық, криттік неаполитандық немесе жай
жерорта теңіздік деп атаған. Мальта аралы ағылшындарға қараған, бұл аралда
үлкен горнизон болған Ауру жергілікті тұрғындар арасында көптеп таралған
соң, одан ағылшын горнизонының әскер де аман қалған жок
Қазіргі таңда бруцеллез індеті барлық әлемде тіркелген десек те болады.
Біріккен сараптама комитетінің АБФБДҰ-ң бруцеллез мәліметтеріне сүйенсек
(алтыншы баяндама, 1986 ж), ауылшаруашылық малдарының бруцеллезі дамыған
капиталистік АҚШ, Франция, Канада, Австралия, Италия, Испания, Нидерланды
елдерінде де таралған. Қазіргі уақытта жануарлар бруцеллез Жерорта теңізі
кауызында. I Азия (Туркия, Иран), Азияның оңтүстік-шығысында (есіресе
Үндістанда Лаоста), Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада (Мексика,
Бразилия Чили, Парагвай, Гватемала Колумбия) кеңінен етек алған. ТМД
бойынша эпизоотологиялық және экономикалық жағынан ірі қара малының
бруцеллезі ең маңыздысы, содан кейін үсақ мүйізді мал, солтүстік бұғылар
және шошқалар болып табылады Эпидемиологиялық тұрғыдан адамдарға 91,2-100
пайыз бір-бірімен тығыз байланысты болғаннан кейін ең қауіптісі қой-ешкі
бруцеллезі болып саналады Баска жануарлардан қара мал, шошкалар бугыпар,
түйелер) бруцеппездін адамдарға жұғу қаупі эпидемиологиялық сараптама
бойынша өте төменгі дәрежеде В.оvіѕ қоздырушысынан зарарланған адамдар еш
жағдайда тіркелмеген. ТМД елдерінде бруцеллездің эпизоотикалық және
эпидемиология жағдайына Қырғыстан мен Қазақстан аса кауiп тендіріп түр.
Бруцеллезді жою Закавказье, Орта Азия РФ-ң солтүстік Кавказ, Поволжья
елдерінде де мәселе болып отыр. Осы айтылған елді-мекендерде адамдардың
бруцеллез ауруымен ауруы өте жоғары көрсеткіштер көрсетіп отыр, себебі
олардын басым көпшлiгі шаруашылығымен айналысуымен байланыстырылады.
Эпидемиология көрсеткіштер мәліметіне сүйенсек негізінен адамдардың
бруцеллезен ауруы қайта өңдеу кешендерінде, қойларды күтіп-бағу, жолдан
ұрықтандыру, қырқын кезі, қораны тазала уақыттарында тіркелген.
Қазақстанда алғаш рет ірі қара малының бруцеллезбен ауруы 1930 жылы
Петропавл және Щучинск аудандарына қарасты жеке шаруашылықтан Петропавл мал
дәрігерлік зертханасында анықталған. Осы жылы Семей облысының Тас-бұлақ
Совхозының мал дәрігері Тавель қойдың бруцеллезін аңғарған. Қазақстанда
бруцеллез жөнінде 1933 жылға дейін іс жүзінде ғылыми-зерттеу жұмысы
жүргізілген жоқ десе де болады. Тек кейбір ғылыми қызметкерлер ғана
өздерінің ықыласымен бруцеллезді анықтау тәсілдерін білу мақсатында азды-
көпті зерттеулер жүргізді. Академик С.Н Вышелесскийдің басшылығымен 1933
жылдың бас кезінде Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты мал
дәрігерлігінің бруцеллезді анықтау жөніндегі жұмыс ұйымдастырылды. Онан
кейінгі жерде осы институт жанынан бруцеллезді, сондай ақ тағы басқа да
жұқпалы ауруларды анықтау тәсілдерін игеру жөніндегі мал дәрігерлік
мамандар даярланды.
Бруцеллездің жалпы алғанда жеткілікті зерттелмеуі, оның республикада
барған сайын тарап, экономикалық үлкен зиян келтіруі, аурудың малдан адамға
жұғұының жиілей түсуі, Қазақстанда барлығы істі үйлестіріп отыратын және
кеңес беретін орталық болып табылатын ғылыми мекеме құруды талап етті.
Міне, осыған орай Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты
жанындағы ipi кара ауруларын зерттейтін зертхананы қайта құру негізінде
1937 жылдың бас кезінде бруцеллезді зерттейтін арнайы зертхана құрылды, бұл
зертхана індет жаппай тарап кеткен шаруашылықтар мен аудандарда облыстарда
осы індет бойынша эпизотиялық, эпидемиологиялық жағдайды анықтауға індетті
анықтау тәсілдері іздестіруге және оны жетілдіре беруге, шет аймақтардағы
зертханалардың қызметкерлерін даярлап шығаруға, олардың мамандығын арттыра
беруге, бруцеллезге қарсы шараларды жүзеге асыру ісіне ғылыми-әдістемелік
басшылық етіп отыруға, малды індеттен алдын-ала сақтандырып, ауырғандарын
емдеу, ауру малды іріктеп бөлек шығару, вакцина егу тәсілдерін әзірлеп,
сыннан еткізуге, облыстык мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу станциялары мен мал
дәрігерлік зертханалық жұмысына басшылық етуге міндетті болды.
Бруцеллездің жаппай таралуы және адамдардың бұл ауруға шалдығуының
жиілеп кетуі медицина мамандарының да назарын аудара бастады. Сондықтан
біраз кейінірек Қазақ санитарлық бактериологиялық институты жанынан
бруцеллез бөлімі ашылды.
Бруцеллез жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары бірте-бірте қанат жайды.
Бұл жұмысқа зоотехникалық-мал дәрігерлік институттың эпизоотология және
микробиология кафедралары (М.И. Иванов, П.А. Буланов) қатыса бастады.
Өлкелік патология институтында (Г.Н.Удинцев) бруцеллезді зерттеу
жөнінде бөлім ашылды. Қазақ ССР Ғылым академиясының Зоология институтында
академик И.Г.Галузо, Көз аурулары институтында - профессор В.П. Рощин және
доцент В.М. Киселева, Медицина институтында патология кафедрасында
профессор П.Очкур, эпидемиология кафедрасында профессор Г.Н.Удинцев жұмысты
кең көлемде жүргізді. Орта Азияның обаға қарсы күрес жүргізетін
институтында бруцеллезді зерттеу жөнінде бөлім ашылды. Мал дәрігерлігі және
медицина мамандары жұмысты кешенді түрде және тығыз байланыс жасай отырып
жүргізді. Республикамыздың жекелеген облыстарында бруцеллезге қарсы күрес
жөніндегі шараларды жузеге асыру ісіне ықпал жасап отыру үшін және бұл
аурудан өту барысының ерекшеліктерін зерттеу үшін облыстың мал дәрігерлік
ғылыми-зерттеу станцияларында тиісті жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстарға
Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының бруцеллезді зерттеу
жөніндегі лабораториясы басшылық етті. Мұндай жұмыстар Орал, Гурьев,
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Целиноград облыстық
станцияларында жүргізіліп келді.
Қазақстанда бруцеллезді зерттеу іcіне К.П Студенцов, И.Г.Гапузо, В.Г.
Уваров, В.К. Антонов, Г.Н. Удинцев, В.П. Рощин, Н.Д.Беклемишев, П.П. Очкур,
И.К., Каракулов, М.И. Иванов, П.А. Буланов, ПА Карасев, М.И. Солоницин,
П.И. Островидов, И.Л. Жалобовский, А.А.Пальгов, М.М. Ременцова, Б.Р
Узбекова, ФИ, Усманова, В.М. Киселева, К.Т. Мирошниченко, 3.И. Парамонова,
Н.В. Сафронов, В.С. Чичибабин, Н. Иванов, В.Б. Бельченко, А.Э. Султанов,
К.И. Мыскасов, В.И. Белобаб, В.Б. Тен, Р.Ж. Сейдахметова, ША Барамова, Э.
Эбутәлiп және басқа ғалым-мамандар зор үлес қосып, республикадағы,
облыстардағы немесе тікелей шаруашылықтардағы мал дәрігерлік қызметке
басшылық етті, көптеген нақтылы мәселелерді шешуге қатысты. Республикада
қазіргі кезде осы ауруды зерттеу женіндеп еліміздегі жетекші орталықтардың
бірі болып отыр, бұған институт ғалымдардың еңбектерінде, отандық және шет
елде арнаулы журналдарда жарияланған бруцеллездің әр алуан мәселелері
жөніндегі монографиялар, этаптар, нұсқау-лар, жүздеген ғылыми еңбектер
дәлел бола алады.
Республика аумағында таралған бруцеллез індеті әр жылы, әртүрлі дәрежеде,
біркелкі күйде емес және бруцеллезге қарсы шаралардың орын алуына да
байланысты болып келді. Бруцеллез індетінің таралуына әсер ету және
жүргізілетін шаралар нәтижесіне қол жеткізу үшін ең негізгі көзі болып
шаруашылықтың технологиясы мен мәдениетіне, тұратын орнының ұзақтығына
(табиғат жағдайына байланысты), ветеринариялық-санитариялық шаралардың
жоғарғы дәреже орындалуына, сондай-ақ мамандармен материалды-техникалық
заттар мал туратын орын, техникалық және ветеринарлық жабдықтармен
қамтылуына көңіл бөлу керек.

2. Этиологиясы

Ауруды Brucella туыстығына жататын өте майда микробтар қоздырады.
Brucella тұқымына 6 түр кіреді:
Br.melitensis- Қазақстанда жиі кездеседі
Br.abertus
Br. bovis
Br.suis
Br.cauris
Br.neotomae
Шар тәрізді, грам -, эндотоксин бөліп шығарады, S-форма түзеді,
сыртқы ортаға кең төзімді. Адамға ең зардаптысы Br.melitensis .
Бруцеллезге 60 – тан артық үй және жабайы жануарлар түрлері бейім.
Сиып, қой, ешкі, шошқа, солтүстік бұғысы ауруға тез шалдығады. Жануарлар
организмінен қоздырушы шумен, шаранмен, тастанды төлмен, жыныс жолдарынан
аққан сорамен, сүтпен, шәуетпен және несеппен бірге бөлінеді.

2.3 Эпидемиологиясы

Бруцеллалар организмге алиментарлы, тері және кілегейлі кабыктар
арқылы еніп, лимфалық түйіндерге өтеді. Түйінде кабыну-гиперплазиялық
өзгерістер туындайды. Микроб макрофагтармен қапталып, организмге ерекше
антиденелер өндіреді, аллергиялық тұрғыдан қайта құрылады.
Қапталған бруцеллалар вакуольдерге қамалады. Алайда фагоцитоз көбінесе
аяқталмайды, яғни лизосома вакуольмен бірігіп, микроб Т-лимфоциттермен
танылып, жойылып кетпейді. Вакуоль қабырғасы ыдырап, бруцелла қамаудан
босанып, макрофаг цитоплизмасында тіршіліriн жалғастырады. Бұл құбылыс
бруцелла кабығының лизосома ферменттері әсеріне төзімділігімен
түсіндіріледі.
Бруцеллалар әсерінен 3-4 апта ішінде мүшелер мен өрмелерде
бруцеллездлік гранулемалар қалыптасып, сырқаттық процесс организмде жайылып
таралға, яғни генералданған сипат алады. Бұл продуктивтік кабыну
түйіншектерінің құрамында эпителиоид торшалар, гистиоциттер, бірен-саран
көп ядролы алып торшалар және олардың шоғырларын қоршаган лимфоциттер
болады. Бруцеллалар буаз малдың жатырын мекендеп, оны қабындырады,
плацентаның аналық және шараны бөліктерінің әдеттегі байланыс бұзылып,
шараны өледі, іш тасталады. Жатырда грануляциялық өрменің өсуі шудың түсуін
қиындатады. Буаз малдың аллантоис сұйығында, плацента мен хорионыңда
бруцелланың жатырда қарқынды өсіп-өнуіне қажет көмірсу – эритритол мол
болатыны байкалган.
Ауру жұғудың алғашқы күндерінен бастап, сондай-ак іш тасталғаннан
кейін, кейде буаздық кезінде де бактериемия болып, коздырушы организмді
шарлайды, нәтижесінде организмде жайыла таралған инфекции аралған
инфекциялық процесс туындайды. Процесс морфологиясы көптеген мүшелердегі
морфологиясы кеrrеген мүшелердегі торшалар инфильтраттары түріндегі
ретикулоэндотелиялық реакциямен, инфекциялык-аллергиялық васкулитпен және
қылтамырлар қабырғаларының өткізгіштік деігейінің артуымен сипатталады.
Комплементпен байланған антиген антидене иммундық кешенінің тамырлар
қабырғаларына шөгуі қан айналымында байқалатын ақаулардың негізгі себебі.
Аурудың алғашқы сатысында дененің қызуы көтеріліп, тері астындағы
лимфалық түйіндер ұлғаяды. Бруцелездің басты белгісі - буаздықтың екінші
жартысында байқалатын іш тастау, іш тастаудан кейінгі асқынулар (шудың
түспеуі, катарлы немесе катарлы-ірінді эндометрит, интерстицийлік немесе
ірінді желін-сау). Жекеленген жануарларда буындар, олардың кілегейлі
калтасы, тарамыстар қынабы қабынады. Еркек малдарда көбінесе ені, еннің
косалқысы қабынады. Іш тастаған жануарлар қанында агглютиндер титрі күрт
көтеріліп, 1:2500 және оданда жоғары деңгейге жетуі мүмкін.

2.4 Патогенезі

Бруцеллалар ағзаға тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді, сосын
макрофактормен ұсталып, сол жерде көбейеді де, лимфа ағынымен регионарлық
лимфа түйіндеріне енеді. Содан соң қан тамырлар арқылы бүкіл ағзаға
жайылады. Патогенезінде инфекцияның дамуы бес фазадан өтеді:
1. лимфогенді фаза
2. гематогенді фаза
3. көп ошақты себу жайылу фазасы
4. экзоошақты себу фазасы
5. метомффоз фазасы
Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы организмнің индивидуальды
ерекшелігіне байланысты, кіру жеріне, түріне қоздырғыш дозасына және
зақымдану шартына байланысты.

3. Патоморфологиялық өзгерістер.

Ауруға недәуір тән сырқаттық процесс буаз малдардың жатыры мен шуында
байқалады. Іш тастаудан көп бұрын хорион мен карункулдардың домбығуымен
басталатын бұл процесс, өрши келе өте зілді іріңді катарлы, недәуір жиі
өліге ұшырап-ойылымданып қабыну сипатын алады да, малды іш тастауға
әкеледі. Мүше ұлғаяды, болбырайды, оның қалыңдаған кілегейлі қабығы мен
хорионның арасында фибрин немесе қиқымды зат араласқан сұрғылт лайсаң
экссудат жиналады. Тым ұлғайған карункулдар нүкте және жолақ қанталайды.
Хорионның бүрлі бөлігі қалындайды, домбығады, нүкте қанталаулармен
зақымданады, лассарғыш жабысқақ шөгіндімен бүркеледі.
Буаз және іш тастаған сиырлардың желіні интерстицийлік қабынып, мүшені
плазмоциттер, бірен-саран нейтрофильдер мен эозинофильдер араласқан
полиморфты торшалар шоғырлары кеулейді. Бруцеллездік мастит сирегірек
паренхималық түрде болады да, альвеолалардың эпителиоциттері нәруызды,
майлану дистрофияларына ұшырайды, орнынан сыдырылып түседі. Организмдегі
иммунологиялық реакция бәсеңдегенде желіндегі өзгерістердің қарқыны
төмендеп, сырқаттық процестің беті кайтады.
Бауырда купферлік торшалар көбейеді, гистиоциттер мен лимфоциттерден
тұратын гранулемалар пайда болады. Ауру зілдірек өткенде, әсіресе іш
тасталғаннан кейінгі алғашқы кезеңде гранулемалар эпителиоидтық торшалардан
тұрады, процесс асқынганда оның орта жері өледі, ал ауру тұншыққанда
талшықты дәнекер өрмеге айналады. Өзгерістер лимфалық түйіндерде әрдайым
байкалады.ар гиперплазия, фолликулдардың реактивтік орталығынын ұлғаюы,
плазмоциттердің көбеюі, трабекулалардын домолимфоциттермен, гистиоциттермен
кеуленуі, мес торшалар түйіршіктерінің жойылуы, ұсақ тамырлар
қабырғаларының мукоидтық ісінуі, фибриноидтық өлігe ұшырауы, эпителиоид
және алып торшалардан құрылған гранулемалар түрлерінде болады. Бұл
өзгерістер сырқаттық процесс асқынғанда және организмде жайыла таралғанда
айқынырақ болады да, бруцеллезге иммунологиялық реакциялардың ең жоғарғы
көрсеткіштеріне сай келеді. Жатыр мен желінге өңірлік лимфалық түйіндер
(шаттың тереңіндегі, желін үстіндегі) әрдайым зақымданады.
Миндалиналар мен талақтағы өзгерістер осы сипатта болады. Тек оларда
эпителиоидторшалық түйіншектер сирек кездеседі. Өкпеде, жүректе, бүйректе
және қаңқа бұлшық еттерінде лимфоциттер мен гистиоциттердің шоғырлары
байқалады. Олардың деңгейі инфекциялық процестің жітілігі мен зілділігіне
тәуелді. Жіті бруцеллез кезінде бүйрекүсті және ұйқы бездерінде
бруцеллездік гранулемалар болады.
Ipi қара малдың ми мен жұлыны, олардың қабықтары, шеткей жүйке жүйесі
қабынуы мүмкін. Іш тасталған шаранада сепсистік процеске тән өзгерістер
байқалады. Терінің шелiсi мен қаңқа бұлшық еттерінің дәнекер өрмесін қанды-
серозды экссудат кеулейді, кіндік жуандайды, іріңдейді. Құрсақ және көкірек
қуыстары бет перделері домбығады, ошақты қызарады, нүкте қанталайды,
фибринмен бүркеледі. Ұлтабар мен ішек катарлы қабынып, олардың кілегейлі
қабыгы кызарады, ісінеді, қанталайды. Талақ пен лимфалық түйіндер ісінеді,
қанталайды. Бауырда ұсақ сарғыш қызыл өлі ошақтар, өкпеде көптеген ұсақ
қабыну ошақтары байқалады. Бұқалар ені көбінесе іріндеп-оліге ұшырап
қабынып, тым ұлғаяды, нығызанады, оны кабыктары бір-бірімен және терінін
шелісімен тұтасады. Енде грек жаңғағындай, кейде одан көлемдірек абсцестер
мен құрғақ сарғыш түсті өлі ошақтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой бруцеллезі
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Бруцеллиоз
Бруцеллезді балаудың жедел әдісі
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар
Ветеринария тәжірибесінде қолданылып жүрген мал бруцеллезіне қарсы шаралар жүйесі
Бруцеллез балау әдістері
Бруцеллезді балау әдістері
Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Пәндер