Қызметтік иттер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Технология және биоресурстар факультеті
Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Қызметтік иттер

Орындаған: 5В080200 - МШӨӨТ 201- топ студенті
Тексерген: Токсабаева Б.С.

АЛМАТЫ, 2018ж
Жоспар
Кіріспе
1. Иттің таралуы мен түрі
2. Лабрадор
3. Спаниель
4. Овчарка
Қорытынды

Кіріспе
Ит (лат. Canis lupus familiaris) -- үй жануары. Биологиялық жіктеу бойынша, ит - Сүтқоректілер класының Төбеттер тұқымдасының қасқырлар тегіне жататын жыртқыш.
Иттер шамамен б.з.б. 15 - 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі. Қазіргі кезде Ит тұқымына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: шпицетәрізділер бұған терьерлер мен доберман-пинчерлер жатады; тазы иттер мен овчаркалар; Азия, Америка, Австралия құрлығына тән иттер; Оңтүстік жарты шар иттері. Иттерді күнделікті тұрмыста пайдалануына қарай 3 топқа біріктіреді: аңшы иттер, күзет иті және үйде ұсталатын декоративті (сән үшін) иттер. Қолға үйретілген иттерде болатын әр түрлі жұқпалы аурулар (құтыру, саркоптоза, трихофития, т.б.) адамдарға жұғады. Сондықтан оларды үнемі ветеринарға көрсетіп, жыл сайын үйде ұсталатын иттерді құтыруға карсы, ал күшіктерді обаға қарсы ектіріп отыру қажет.
Аңшы иттер -- терісі мен еті үшін ауланатын жануарларды ұстауға баулынған ит тұқымдары. Оларға: тазы, иір құйрық аңшы иттер, іншіл иттер т. б. жатады.
Тазылар аңды қуып жүріп ұстайды. Оларсағатына 90 км шапшаңдықпен жүгіреді.Тазыларды қоян мен түлкіге, ұсақ тұяқтыларға,кейде қасқырға да салады. Кейде ұсақ құстардықалың шөп, бұта арасынан үркітіп, аңшыға
жәрдем береді. Итті ауланатын аң-құсқа қарайтаңдап алған жөн. Оны күшік кезінен үйретіп,баулу керек.Иттің бабы, күйі, сезгіштігі жоғалмау үшін ашық алаңға, бос жерлерге серуен жасағанабзал. Ересек итті тәулігіне екі рет, ал күшікті 2айға дейін 5-6 рет тамақтандыру қажет. Аңшыиттерді таңдап алу үшін шығу тегі белгілі, шежіре куәлігі бар ит тұқымы ұсынылады.
Аңшы иттердің іздеуші иттеріне лабрадор, спаниель, овчаркалар жатады

1. Иттің таралуы мен түрі
Аңшы иттер -- терісі мен еті үшін ауланатын жануарларды ұстауға баулынған ит тұқымдары. Оларға: тазы, иір құйрық аңшы иттер, іншіл иттер т. б. жатады.
Тазылар аңды қуып жүріп ұстайды. Олар сағатына 90 км шапшаңдықпен жүгіреді. Тазыларды қоян мен түлкіге, ұсақ тұяқтыларға, кейде қасқырға да салады. Кейде ұсақ құстарды қалың шөп, бұта арасынан үркітіп, аңшыға жәрдем береді. Итті ауланатын аң-құсқа қарай таңдап алған жөн. Оны күшік кезінен үйретіп, баулу керек.
Иттің бабы, күйі, сезгіштігі жоғалмау үшін ашық алаңға, бос жерлерге серуен жасаған абзал. Ересек итті тәулігіне екі рет, ал күшікті 2 айға дейін 5-6 рет тамақтандыру қажет. Аңшы иттерді таңдап алу үшін шығу тегі белгілі, шежіре куәлігі бар ит тұқымы ұсынылады.
Мезолит дәуірінде қолға үйретілген ит екі түрлі жабайы тұқымнан оңтүстікте шиебөріден, солтүстікте қасқырдан шығып жер бетіне тегіс тараған хайуан дейді қазіргі ғылым. Иттің шығу тегі туралы бір ғана ортақ ит тұқымынан бастау алған және түрлі тұқымдар ұзақ эволюциялық (тарихи дамудың нәтижесі деп қарайтын монофилетикалық және көп негізден шықты дейтін полифилетикалық теориялар бар. Жартас бетіне салынған суреттерді есептемегенде тазыға ұқсас кейіптегі бейнелер Мысыр перғауындарының ескерткіштерінде бейнеленген. Осыдан 3400 жыл бұрынғы деректерде ұзын сирақты тұрықты, тұмсығы үшкіл, құлақтары тік, құйрықтары иректеліп дөңгеленген иттер бейнеленген. Қысқасы олардың сүлбасы тазыға көбірек келіңкірейді (ат пен иттің басқа тұқымдары бұдан көп кейін бейнеленген, яғни кешірек қолға үйретілген). Тазының шыққан жері мекені туралы мәселе аса тартысты болғанымен қазір адамзаттың көбі Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Азияның үстіртті даласы деп түсінеді. Қазіргі кезде тазының таралған аймағында оған жақын тұқымдас деп айтуға келетін екі түрлі ит тұқымы бар: ол Абиссиния иті (бірақ оның 6 азу тісі бар, әрі шиебөріге жақын. Күллі ит тұқымдасының азу тісі 8) және үнділердің дол (колсун) иті. Соңғы тұқым тазы тәрізді аңды үндемей баспалап келіп алады, көп үрмейді, әрі батыл, түсі түлкіге ұқсас. Бірақ олар ну орманды мекендейді, қимылы баяу, аяқтары шомбал. Мысыр перғауындарының итіне ұқсайтын, Судан мен Кордофанда тағылау, кесек бітімді иттерді тазының ең көне "туысқаны" деп долбарланады. Бірақ Ніл дариясы аңғары қолға үйретілген тазының шыққан жері деп саналады. Ол аумақтан Араб түбегіне, ары қарай Кіші Азия мен Парсы жеріне, онан әлемге жаппай таралған делінеді. Осылай таралған иттер бірнеше ондаған ғасырлар барысында жергілікті жердің аумалы-төкпелі ауа райына үйлесіп, түрленіп сұрыпталып отырды.

Еуропаға қарай арийлермен келген тазы тұқымды иттер кеңінен таралып, аңшылық пен күн көрудің негізгі арқауына айналды, солтүстікте Балтық теңізі жағалуына таралды. Ал тазылар бұлардан кейінірекбатыс Африкадан көне Испания (Иберия) жері арқылы кельттерғе, Галлиялықтарға жетіп, солардың атымен аталатын тазы тұқымдары пайда болғандығын Ұрым заманындағы жазбаларында жазылған, онан әрі Ирландия, Шотландияға дейін таралған. Соның айғағы қазіргі әлемдегі көптеген ит тұқымдарының аталған қарт құрлықтан кездесуі. Орта ғасырда тазымен аң аулау, тазыны тарту ету еуропалықтарда үлкен қызығушылыққа ие болған. Әсіресе, ағылшындарда таза қанды тазы иттерді сұрыптау, белгілі мақсаттарға пайдалану кеңінен етек алған.

Ал араб бәдеуилерінің ермегі болған тазылар арабтардың дін тарату жорығы кезеңінде Азияға кеңінен таралған дейді зерттеушілер. Дін таратумен тазы да бірге келді деуінің себебі ислам діні таралған аумақта, дәлірек айтқанда Алтай, Гималай тауларына дейінгі аралықта (батыста Испания жерінедейін) арабытазыға ұқсас иттер ұшырасады. Орта Азияның қатал табиғатына үйлесу үшін тазыларды ғұндардың итінің сипатына ұқсайтын ұзын сабалақ жүнді, салпаң құлақты жергілікті тұқыммен будандастырып, жаңа сұрып - шығыстың салпаң құлақ тазысы дүниеге келді. Оның құйырығы мен шонданайы ұзындау, сабалақ жүнді иттер еді және оның пайда болған және таралған аймағы тарихи кезеңіне қарай бұл тұқымды "турік-татар тазысы" деп атауға болады дейді. Батысқа қарай ығысқан түрік халықтары өзімен бірге салпаң құлақ тазысын ала келіп, оңтүстік орыс даласы мен күңгей шығыс Еуропада тазыға ұқсас жаңа ит тұқымдарының пайда болуына негіз етті...

Ал мұсылман емес халықтарда тазы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неміс овчаркасы
Овчаркалардың биологиялық ерекшелігі
Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Қағидаларын бекіту туралы
Реактивтіліктің түрлері мен дәрежелері: сезімталдылық, резистентті-лік, төзімділік
Жедел іздестіру қызметінде қолданылатын жалпы іс шаралар
Аурудың диагностикасы
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Қалалық вет
Ауруды емдеу жолдары
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Пәндер