Қазақстанның Қызыл кітабы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның Қызыл кітабы

"Қазақстанның Қызыл кітабы" - Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. "Қазақстанның Қызыл кітабының" екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды.
Бірінші басылым
"Қазақстанның Қызыл кітабының" бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы - жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы - сирек кездесетін түрлер деп берілді. "Қазақстанның Қызыл кітабының" жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:
балықтың 4,
қосмекенділердің 1,
бауырымен жорғалаушылардың 8,
құстардың 43,
сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.
Екінші басылым
"Қазақстанның Қызыл кітабының" толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. "Қазақстанның Қызыл кітабының" екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.
Үшінші басылым
"Қазақстанның Қызыл кітабының" үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы "Жануарлар", оның бірінші бөлімі "Омыртқалылар" деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген."Қазақстанның Қызыл кітабының" үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:
1-категория - жойылып бара жатқан;
2-категория - саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
3-категория - сирек кездесетін;
4-категория - ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
5-категория - қалпына келтірілген түрлер деп берілген. "Қазақстанның Қызыл кітабының" үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген"Қазақстанның Қызыл кітабының" әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.

Ақбалық

Ақбалық (лат. Stenodus leucichthus) -- денесінің ұзындығы -- 120 сантиметрге, салмағы -- 14 килограмға дейін баратын ірі балық. Көбінесе Каспий теңізінде кездеседі; ақсаха тұқымдасының өткінші балықтары. Туыстың жаңғыз түрі -- 2 түр тармағы: сылан және Ақ б. (S. leucichthys). Ақбалық ауызы үлкен дақтарсыз. Жақтарында тістері жоқ, ұзындығы 1 м, салмағы 20 кг ұрғашысы еркегінен ірілеу. ТМД-да Каспий теңізі, Еділ және Жайык өзендері кездеседі. Уылдырық шашады. Жыныстық жетілуі 5-7 жылға созылады. Өмірінде 1-2 рет(2-3 жылдан кейін) уылдырық шашуы қыркүйек-қарашада, өсімталдығы әлсіз жабысқақ 250 мың. астам уылдырық. Жыртқыш уылдырық шашу кезінде қоректенбейді. Уылдырық шашқаннан соң ересек балықтар теңізге түседі. Екі айлық шабақтар жыртқыштық өмір сүреді. Қымбат балық. Еділге гидроқұрылыс жұмысы басталғаннан бастап кәсіпшілік маңызын жоғалтқан.[1] Қазақстанда Ақ балықтың тіршілік ету ортасына байланысты Бұқтырма - Зайсан (Ертістің орта және жоғ. ағысы) және Еділ (Каспий т-нің солт. мен Жайық өз. бойы) популяциялары бар. Ақ балықтың дене тұрқы 1 м, салм. 10 - 30 кг-дай. Денесі ұзын, басы сүйір, аузы үлкен, жағында өте майда тістері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы”
Қызыл кітап
Қызыл Кітапқа енген раушангүлділер тұқымдасы
ҚР қызыл кітабы, оның мақсат міндеттері және тірі организмдердің биологиялық алуантүрлілігін сақтаудағы маңызы
Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда экологиялық білім мен тәрбие
Жануарлар дүниесі биосфераның құрамдас бір бөлігі.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енген балықтар
Биоалуантүрлілік туралы түсінік
Қазақстан жабайы фаунасын және өсімдектерін қорғау. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген кемірушілердің түрлері
Пәндер