Қорғалжын қорығы. Қорықты ұйымдастырудағы мақсат


Қорғалжын қорығы
Қорғалжын қорығы - Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз - Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз) . Жер аумағы 258, 9 мың га (2003) . Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы -41 - 42ºС суық болса, шілдеде температура 38 - 39ºС-қа жетеді. 125 - 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп, т. б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т. б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 - 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т. б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін - қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 - 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 - 15 мыңдай ғана қалды. Халықар. маңызы бар, қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді.
Өсімдіктер әлемі
Қорық флорасы гүлді өсімдіктердің 300 түрін құрайды. Ағаштар жоқ, алайда бұталардың 12 түрі бар. Далада кейде қараған мен тобылғы да кездеседі. Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген екі түсті қызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар.
Жануарлар әлемі
Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән. Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 294 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар. Қорықтың омыртқасыздар фаунасы мүлдем зерттелмеген. Қорықта қоңыздардың 300 түрі тіркелген. Қорғалжын көлдері - балықшылардың жұмағы. Мұнда алтын және бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар тіршілік етеді.
Теңіз-Қорғалжын өзендер жүйесі Орта Азия - Үндістан және Сібір - Шығыс Африка жыл құстары жолының қиылысында орналасқан. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. 1976 жылы қорықтағы су айдындары «Рамсар» тізіміне енгізілген. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан, тырна, савка және тарғақтың әлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені. Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді. Бұл Қазақстандағы сүтқоректі барлық жануарлар түрінің 26 пайызын құрайды.
Қорықты ұйымдастырудағы мақсат
Республикамызда Қорғалжын қорығын ұйымдастырудаға басты мақсаты - қанаттыларды үркітпей, олардың қорын еселеп арттыруға жағдай жасай отырып, осы көлдер иесі болатын аққу, қаз, үйректердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, олардың өміріндегі нелер құпия сырларды ашу. Теңіз көлін жер шары жұртшылығының назарын аударып отырған тамаша құс - қызыл қаздар базарына айналдыру. Бірақ, қорықтың алдына қойған мақсатын толық жүзеге асыру үшін күні бүгінге дейін кедергі болып, шешілмей келе жатқан кейбір проблемалар бар. Олардың ішіндегі ең бастысы - көлдерді сумен қамтамасыз ету мәселесі . Соңғы жылдары Құра және Құланөтпес өзендерінің бойынан 25 - 30 мың гектар шабындық жерді суландыру үшін бірнеше бөгеттерсалынғаны мәлім . Бұл жағдай көктемде Қорғалжын көліне су жеткізбей жүр . Соған сәйкес осы көлдің суы тайыздап, тіпті шалшық сулар кеуіп қалады . Осының салдарынан қызылқаз, аққу сияқты құстардың азайып бара жатқаны байқалады . Бұл қорықты шын мәнінде «құс базарына» айналдыру үшін ондағы су деңгейін бір қалыпта ұстау мәселесін дер кезінде шешкен дұрыс . Ол үшін Құра мен Құланөтпес өзендерінің суының белгілі мөлшерін Қорғалжын көліне жылма жыл жеткізіп.
Сол сияқты қорық қойнауын келешек браконьерлер «жауаш» шабуда . Көктемде су беті мұздан арыла бастасымен - ақ көлде ондап - жүздеп моторлы қайықтың үні естіледі . Осындай транспортпен жабдықталған балықшылар ауларын қанаттылар жаппай ұя салып, жұмыртқалайтын қамыс - құраққа таяу құрады . Сөйтіп, мотор үнімен құстардың тыныштығын бір бұзса, екіншіден, балықшы толарына көптеген қаз, үйрек, қасқалдақтар шырмалып қалады . Бұл жерде мемлекеттік қорықтар ережесінде айтылған негізгі принциптердің бірі - қорғауға алынған алқапта табиғат байлықтарына тіпті қол сұғуға болмайтындығы туралы ережені бұзып отырғандығы туралы ережені бұзып отырғандығын көреміз . Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қорық ұйымдастырып, қорғауға алынған аймақта балық заводының жұмыс істеуі ондағы табиғи байлықтарды қорғаумен тіпті де сиыспайды .
Теңіз-Қорғалжын көлі-тек қана ең үлкен айдын емес, сонымен бірге бүкіл еуроазиялық континенттегі керемет жерлердің бірі. Бұл жерде құс миграциясының екі маңызды жолдары қиылысады-Орта-азия және Сибирь-оңтүстік еуропалық. Азиядағы ірі суда жүзетін құстардың 112 түрі осы қорықты өздерінің тұрғындарына айналдырған, ал ұя салатын құстардың саны 350- ге жетеді. Су қоймаларында жылына екі рет құстар қайту кезінде аялдама жасайды. Жазғы түлеу кезінде мұнда Қазақстанның солтүстігі мен орталығынан, Сибирьдің батысы мен шығысынан құстар жиналады. Мұнда көбіне торғайлар, олардың үштен екісі бес тұқымдасқа жатады: сандуғаш, сиырқұйрық, құнақ, қаратамақ және сарыторғайлар. Түрлерінің саны бойынша тағы төрт отрядқа бөлінеді: шалшықшы, сүйек тұмсықтылар, жыртқыш және шағалалар.
Ежелгі Теңіз көлі . . . Оның аралдарында ұялайтын құстары да ежелгі-керемет қызғылт қоқиқаздар біздің табиғатымыздың ең әдемі құстары болуы мүмкін. Бұл жер қоқиқаздардың ең көп мекендейтін жері. Олар Теңіз-Қорғалжын көлін Тетис теңізі басып жатқан палеоген дәуірінде ұя сала бастаған. Маусымында қоқиқаздардың саны алпыс мыңға жетеді. Теңіз көлі 15-16 миллион құстардың қоректік қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Жалпы алғанда, ұшып-қону жолы жағынан Теңіз-Қорғалжын көліне тең келетін көл жоқ.
Көл және жағалауды мекендеушілерден де басқа қорықта шөл дала жануарлары да қызықты. Қызыл кітапқа ақбас тырна және тарғақ құс сияқты дала жануарлары енген. Қорғалжын қорығының аймағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстардың 22 түрі анықталған: жалбағай, қарабай, қара тырна, сұңқылдақ аққу, қарашақаз, жорға дуадақ және т. б. Олардың 16 түрі қызыл кітапқа, ал бір түрі /ақтырна/ -Дүниежүзілік Қызыл кітапқа енген. Түлкілер мен жабайы қабандар, қояндар және құлақты кірпішешен - шөлді аймақтардың тұрақты тұрғындары. Әлсін -әлсін қорық аймағына Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сибирьден сілеусін, елік, бұлан сияқты орман аңдары келіп тұрады.
Анықтамасы бойынша қорық - назар салып бақылау және зерттеу құралы. Оны ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап онда ҚР ҒА зоология институты мен ҚАЗМУ мамандары ғылыми жұмыстар жүргізуде. «Қорғалжын қорығының құстары» атты монография -осы бір қызық аймақтың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі. Осыдан басқа мұнда үлкен ағартушылық жұмыстары да жүргізілуде.
Баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында 1968 жылы құрылған Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстан Республикасының қазіргі қорықтарының арасындағы ең үлкені болып табылады. Аталмыш табиғат қорғау аумағы құстардың жаһандық миграция бағытының түйіскен жерінде орналасқан көптеген көлдер аумағы болып есептеледі.
Бұл Қазақстандағы және бүкіл Азиядағы жыл құстарының маңызды сулы-батпақты жері болып табылады.
БҰҰДБ қорықтың биологиялық әр түрлілігі бірегей екенін атап көрсеткен. Ол флораның 374 түрі мен су және құрғақ жануарларының 1400 түрін қамтиды. Қорықтағы құстардың 333 түрі бар. оның 126 түрі аталмыш аумақта ұялайды. Теңіз бен Қорғалжын көлдерінің құстарының сулы-батпақты кешенінің 112 түрі бар. ол Қазақстандағы белгілі 130 түрдің 87 пайызын құрайды.
Қорытынды
Қорық аумағында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің 60 түрі бар, деп атап көрсетілген баспасөз баянында. Тіркеу мәліметтеріне сүйенсек, қорықтың көлдерінде әлемдегі бұйра бірқазанның 20 пайызы және тағы бір сирек кездесетін түр ақбас үйректің 10 - 20 пайызы шоғырланған. Сондықтан 1974 жылы Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты жерлері Рамсар конвенциясына сәйкес, әлемдік маңыздылығы бар сулы-батпақты жерлер қатарына жатқызылған. 2000 жылы Теңіз көлі әлемнің нағыз бірегей көлдері кіретін "Тірі көлдер" халықаралық желісіне қосылды.
2007 жылы аталмыш табиғат қорғау аумағының қорықтық көлдері "Әлемнің басты орнитологиялық аумақтары" тізіміне қосылған. Ал қазіргі уақытта Қорғалжын қорығының ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұра конвенциясының аясына ену мәселесі қарастырылуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz