СОЙЫЛҒАН МАЛ ӨЛЕКСЕСІНЕ ЖАСАЛҒАН ПРОТОКОЛ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
СОЙЫЛҒАН МАЛ ӨЛЕКСЕСІНЕ ЖАСАЛҒАН
ПРОТОКОЛ № 1

Түрі: қой малы, жынысы: қой, тұқымы: арқар меринос тұқымды.
Жасы: 1 жастағы тоқты, түсі: ақ түсті, ерекше белгілері: құлақтарының біреуі қарлығаш тәрізді кесілген, екінші құлағы ойық кесілген.
Жеке № 91133566, мал иесі: Майланов Руслан Бекарысұлы.
Өлген күні, айы: мал 25 шілдеде өлген.
Союшы: мал дәрігері Ақылбеков Қуаныш Асхатұлы.
Өлексені союға қатысқандар: фельдшер Амантаев Мұрат Сәкенұлы мен санитар Асхатов Бекболат Алтайұлы қатысты.

1. Малдың ауруы мен өлімі туралы мәліметтер

Тоқты 25 шілдеде ауырған. Ешқандай ем қолданылмаған. Ауру тоқты шарбақтың ішінде, сол күні өлген. Малдың тірі кезінде секіртпеге болжамды диагноз қойылған.

2. Өлексенің жалпы сипаттамасы

1. Өлексенің сыртқы түрі: өлексе қампиып ісінген. Оң жағымен жатыр. Оның танауынан қанды көбік аққан. Көзінің, ауызы мен танауының кілегейлі қабықтары көгеріп кеткен.
2. Дене құрылысы: өте қонды.
3. Қондылығы: өте жақсы, қонды.
4. Өлексе белгілері: өлексе суық. Жылдам ыдырап, шіріген иіс шыға-рады.
5. Тері мен тері астындағы шелісі: кеудеде, арқада, құрсақтың төменгі жағында қанды-серозды жалқаяқтар мен қанталаулар кеулейді.
6. Көзге көрінетін кілегей қабықтар мен табиғи тесіктердің жағдайы: көзінің, ауызы мен танауының кілегейлі қабықтары көгеріп кеткен. Табиғи тесіктерінен көбіктенген, қызғылт түсті бөлінділер шығады.
7. Бұлшық еттері мен сіңірлері: бұлшық ет ұлпасы өзгеріске ұшыра-маған.
8. Сүйектері мен буындары: өзгере қоймаған.
9. Сыртқы сөл бездері мен тамырлары: өліеттенген ошақтар бар. Лимфа түйіндері ісіңген, сұр немесе сұрғылт-қызғылт түсті, қанталаған.

3. Қуыстар мен мүшелерді зерттеу

10. Ауыз қуысы: ешқандай өзгеріс жоқ.
11. Тілі: көзге көрінер өзгеріс жоқ.
12. Жұтқыншағы: дифтериялық қабынуға ұшыраған.
13. Өңеші: көзге көрінер өзгеріс жоқ.
14. Таңау қуысы: таңаудың кілегейлі қабықтары көгеріп кетеді.
15. Көкірек қуысы: 20-25 мл қызғылт түсті су жиналған.
16. Өкпесі, бронхалары, бездері: өкпе қанмен кернеліп домбыққан. Кеңірдек пен бронхалардың кілегей қабықтарында көптеген нүктелі қанталаулар көрінеді.
17. Жүрегі және оның тамырлары: жүрек етінде дистрофия байқалады, оның сыртқы және ішкі қабаттарында нүктелі қанталаулар көрінеді. Қалташалары сұйықтыққа толы.
18. Құрсақ қуысы:
а) ішіндегі заты: 50 мл қызғылт түсті сұйықтыққа толы;
б) ішкі құрылымдардың жағдайы: антомиялық тұрғыдан дұрыс;
в) көк шандыры: керемет, жұмсақ, тегіс, жылтыр, көкшіл-қызғылт түсті.
19. Көк еті: еш өзгеріссіз.
20. Қарыны: алдыңғы қарыншақтары азыққа толған.
21. Ащы ішегі мен оның бездері. Ащы ішектің кілегейлі қабықтары ісініп қанталаған, қабырғалары жуандап домбыққан.
22. Тоқ ішегі мен оның бездері: көзге көрінер өзгеріс жоқ.
23. Бауыры мен бездері: бауыр қанға толған, оның ұлпасында дистрофия байқалады, сонымен қатар көлемі әртүрлі сарғыштау өліетті ошақтар кездеседі. Бауыр жанындағы сөл бездері сулы-қанталап қабынған.
24. Ұйқы безі: сұрғылт-қызғылт түсті, бірдей нүктеленген қанталау бар.
25. Талағы: біраз ұлғайған, жұмсақтау, тілінген жерден ұлпа қырынды-сы жеңіл алынады.
26. Бүйректері, несеп жолдары, бездері: бүйрек күңгірт-қызыл түсті, жұмсарған, үстіңгі және астыңғы қабаттарының шекарасы байқалмайды.
27. Қуығы, несеп шығаратын түтігі: кілегей қабаты қызғылт-сұрлау түсті, қуығы түссіз, сабанның түсіндей несепке шамалы толған.
28. Жыныс мүшелері: еш өзгеріс жоқ.
29. Желіні мен бездері: көзге көрінер өзгеріс жоқ.
30. Миы: ми мен оның қабықтарының тамырлары қанмен кернелген.
31. Жұлыны: көзге көрінер өзгеріс жоқ.
32. Ерекше қоспалар: іріңді, қан аралас сұйықтар.

4. Патологиялық - анатомиялық диагноз

1. Катаральды-геморрагиялық, некротикалық (эрозиялы-жаралы) тақия қарын мен ащы ішектің қабынуы, қабырғаларынан су ағады.
2. Серозды және серозды-геморрагиялық сұйықтық және бастың, мойын, құрсақтың тері асты мен бұлшық ет ұлпасының эмфиземасы.
3. Бүйрек маңы және шажырқай лимфа түйіндерінің серозды және серозды-геморрагиялық қабынуы.
4. Серозды-фибринді плеврит, перитонит және перикардит.
5. Жіті веналық гиперемия, бауырдың, бүйрек пен миокардтың дәнді және вакуольды дистрофиясы.
6. Бауырдағы ошақты (нодулярды және нодозды) өліеттенуі.
7. Көкбауырдың аздап үлкеюі.
8. Тақия қарын, ащы ішектің, трахеяның, бронхының, эндокард пен эпикардтың кілегейлі қабығына қанның құйылуы.
9. Өлексенің тез шіруі және шамадан тыс қампиюы.

5. Алдын ала қойылған патологиялық - анатомиялық қорытынды

Патологиялық - анатомиялық тексеру нәтижесінде өлген тоқтыға брадзот деген диагноз қойылды.

6. Лабороториялық зерттеулер нәтижелері

Ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитетінің Республикалық ветеринарлық зертхана ШЖҚ РМК Семей өңірлік филиалына әкелінген ұлтабар мен ащы ішек бөлшектерін, құрсақ ішіндегі қанды суды, бауырдың, бүйректің және талақтың кесектерін, қан, шажырқай бездерін және жілікті сүйекті 28 шілдеде зерттеуден өткізді. Экспертизаның номері 325, Лабораторияның мекен-жайы: А. Сәтпаев көшесі, 201.
а) гистологиялық: ағзалардың микроскопиялық көріністері брадзотқа сәйкес келеді;
б) бактерологиялық: әкелінген патологиялық материалдан жұғынды жасалып, Грам және Муромцев әдісімен бояды, қоректік ортада (Кит-Тароци, қанды-глюкоды агарда) өсірді. Өсіндіде Cl. Septicum және Cl. Oedematiens бактериялары табылды. Олардан таза өсіндісін алып, лабораториялық жануарларға жұқтырды, бейтараптандыру реакциясын қояды;
в) химиялық - токсикологиялық: зерттеулер кезінде у қорғасынға тән улы заттар жоқ. Бұл у қорғасынмен уланғанды жоққа шығарады.

7. Мал өлімінің соңғы қорытындылауы

Өлексені союға, көруге қатысқандардың қолы:

1. Мал дәрігері Ақылбеков Қуаныш Асхатұлы ___________
2. Фельдшер Амантаев Мұрат Сәкенұлы ___________
3. Санитар Асхатов Бекболат Алтайұлы ___________
4. Мал иесі Майланов Руслан Бекарысұлы ___________

2Анықталған ауруды талдау
Қойдың брадзоты (секіртпе, лат. Hopber bratsot - ілезде өтетін оба) - қойдың денесін улап, ұлтабар мен он екі елі ішектің катаральды - қанараласа қабынуымен сипатталатын, жіті өтетін, жұқпайтын инфекциялық ауру. Аурудың туындауы жыл маусымына тәуелді емес. Дегенмен, көбінесе ересек қойлар көктем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа обасы туралы
Ауруды балау
Құтырық
Шошқа обасы
Індеттану және жұқпалы аурулар
Малдардың жұқпалы аурулары туралы есеп
Байзақ ауданның топалаң жағдайларына талдау
Эхинококкоз сойыс өнімдерін ВСС және санитариялық бағалау
Лептоспирозды зертханалық балау әдістері
Тірі ағзалардың өзара теріс және оң қарым – қатынас
Пәндер