Улану түрлері


Карбаматтардан улану. Карбаматтардан улану: Карбаматтар эритроциттердің осмостык резистенттілігін төмендетіп, каннын формалык элементтерін гемолизге ушыратады. Торшанын биокабыгынын функционалды жагдайын бузып, калии мен неъатрии иондарынын тасымалдануына кері әсерін тигізеді. Осынын нәтежиесінде натрии калии және кальции иондарынын дитиокарбаматтардые дисульфидтік топтарымен байланысып, канда кальции иондары молшері азаяды. Ягни калции мен фосфордын аракатынасын озгертеди. Севин, триаллат секілді карбаматтар ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігін 40% дейн бәсендетеді. Севин, ТМТД әсерінен ммуногенез, пируватдегидрогеназа, сукцинатдегидрогеназа және ксантиноксидаза ферменттерінің белсенділігі төмендеп, курамында мыс бар ферменттердің, церулоплазминнің белогынын белсенділігін жогарлатып жібереді. Нәтежиесінде, нуклеин кышкыл алмасуы және биосинтезі бұзылып, гипергликемия калыптасады. Севин, ТМТД және цинебжануарлардың өсіп өну кызметіне уытты, кері әсерін тигізеді. СЕвин ргашы малдардын хромомсомаларына уытты әсер етеди, буаз малдардын иш тастауына акеп согады. Диметиламин, күкіртсутек, күкіртті көміртек, тиомочевина секілді карбаматтардың метаболиттері, өз кезкгінде иммунды реактивті жүйені, тотыгу тотыксыздану үрдісін өзгертіп, акзат, көмірсу және минералды алмасуды нашарлатады, гормоналды баланс бузылады. Бауыр мен бүйрек кызметіне закым келеди. Клиникалык белгилери-удын молшери және улану дәрежесіне байланысты улану-жіті жітілеу созылмалы. Севинмен ауыр түрде уланган малдар тынышсызданып, сілекей ағу, булшык еттердің дірілі, ентігу, туншыгу секілді белгілер көрсетеди. Карбаматтар акзаттармен кешенді турде байланысып, аллергия, экзема және астма секілді аурулар шакырады. Патантом. өзг-Бауырдын кантамырларында кан толып, бауыр улкейеди, майлы дистрофияланады. Аналык без өліеттеніп өкпе ісінеді тамырларда тромб пб. ТМТД уланган кезде өкпе кабынады, паренхиматозды мүшелерде өлі еттенген ошактар кан куйылулар, кокбауырдың атрофиясы, сүйек кемігінінң аплазиясы байкалады. Балау. Анамнестік мәліметтерге клин. белгілерге, патантом. сою және химтоксикологиялык тексеру. Емдеу. Ен алдымен күдікті пестицидтермен малдардың карым катынасын жою, айетилхолинэстераза ферментінің жүмысын жаксарту үшін булшык етке 0, 5мг/кг молшерде атропин сульфатын егу.
Жануарлардың зығыр күнжарасынан уланудағы токсикология. Малдардың улануының себебі синиль қышқылының түзілуінен туындайды. Күнжараның әр сұрыбындағы мөлшері әр түрлі болады. Бұл зат темп. мен ылғалдылықтың әсерінен гидролизге тез ұшырайды. Доңыздардың улануының бірнеше жағдайы тіркелген. Клиникалық көріністер мен өтуі уланудың негізгі себебі синиль қышқылы екендігін көрсетті. Клиникалық белгілері: Ірі қара малда жіті және созылмалы түрде өтеді. Негізінен улану тәбетінің төмендеуімен, шөлдеумен, сүттің азайып қалуымен байланысты. Дене қызуы қалыпты. Малдар аздап мазасызданады, күйзеледі. Қозғалысының бұзылғандығы, бұлшық еттерінің сіресуі, әлсіздік көрінеді. тыныс алуы терең, жиіленген. Кілегей қабықтары көгеріп, жүрек жұмысы әлсіреген, тамыр соғуы жиі (80-100рет) . Өлім көрсеткіші жоғары 35%. Мал арықтап кетеді. Емі: зығыр күнжарасын рационнан біртіндеп алып тастайды. Іш өткізгіштерді берсе, глаубер тұзы және сода клизмасын жасаса жақсы нәтиже береді. Жүрек препараттарынан кофеинді қолданған дұрыс. Маргенец қышқыл калийді тұз қышқылымен араластырып, күніне 3 ас қасық зондпен енгзгенде жақсы әсер етеді. Бірақ симпатикалық ем әр кезде нәтиже бере бермейді. Пат-анатомиялық өзгеріс: уланып өлген ірі қараның қарнын жарып көргенде, ірі азыққа толы болады. Бұл әсіресе қатпаршаққа қатысты. Азық қорытылмауына байланысты, сіңірілмеуіне байланысты, оның мөлшері 2есе ұлғаяды. Көзге көрінетін кілегей қабықтары бозарған. Кеуде және құрсақ қуыстарына сұйықтық жиналған. Бауыр, бүйрек, талақ босаңсыған, қан құйылулар бар.
Қоршаған ортанының токсиндік заттар және пестицидтермен ластанбауының алдын алудағы ветеринар дәрігерінің міндеті.
Токсикология, оның мазмұны және ветеринариялық-санитариялық тәжірибедегі маңызы Токсикология -улы заттар және олардың тірі азаға тигізетін әсерін зерттейтін ілім; бұл ілім улы заттардың табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жан-жануарлардың улы заттарға деген сезімталдығын, уланудың ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудың негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар уланудың алдын алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік тәсілдерді де зерттеумен шұғылданады. Токсикология гр. toxicon-жебе уы, logos- ілім деген мағына береді. Малдәрігерлік токсикологияның негізгі міндеті - ауыл шаруашылық малдары мен үй жануарларының, пайдалы жәндіктердің (ара, жібек құрты т. б. ) улануларының алдын алу бағытында атқарылатын іс шаралар. Бұл ғылым ауыл шаруашылық малдарының патологиясы, ішкі жұқпайтын аурулар секілді ғылымдармен және биология ғылымымен байланысты. Орта ғасырларда улал және уланулар жайлы зерттеулерге араб дәрігерлері Абу Али Ибн Сина және Ибн Вашияда көп үлес қосқан. Тәжірибелік токсикологияның дамуына ұлы француз физиологі биохимигі Клод Бернар өте зор үлес қосқан. Одан бөлек М. Орфила да үлес қосқан.
Фосфорорганикалық қосылыстардың жанасып әсер ететін препараттарына сипаттама: оған :Дифос, Хлорофос, Карбофос, Тиофос, Октометил, Меркаптофос, ДДВД, Циодрин жатады. Дифос:ақ түсті кристалды зат. суда нашар толуолда жақсы ериді. Жылы қанды жануарларға уытты әсері әлсіз. Шыбын шіркей лечинкаларына, әр түрлі жәндіктерге қарсы қолданады. Өсімдіктердің өсу үдерісіне зиянын тигізетін жәндіктерге де әсері айтарлықтай күшті. Хлорофос ақ түсті суда және көптеген органикалық ерітінділерде жақсы еритін кристалды ұнтақ. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында кеңінен қолданылатын, уытты әсері төмен препарат. Мақтаның, күнбағыстың, жүгерінің, картоптың, қызылшаның және т. б дәнді дақылдардың зиянкестеріне, онымен қатар жануарлардың эктопаразиттеріне, оқыраға қарсы пестицидтер ретінде қолданылады. ануарларға өлтіре әсер етеін мөлшері:300-350кг, организмде жинақталу дәрежесі төмен. Тиофос күңгірт қоныр түсті, иісі сарымсақтікі секілді, қою майлы сұйықтық. Сумн жақсы араласып, сарғыш жасыл түсті эмульсия түзеді. Қайнатқан кезде уыттылығы жоғарылайды. Малдар үшін уытты. Өлтіре әсер ететін мөлшері 13-25 kg Октометил: жабысқақ, тұтқыр, күңгірт қоныр түсті, иіссіз, судағы ерітіндісі бұзылмай ұзақ сақталатын сұйықтық. Тері арқылы тез сіңіп, малдар өте уытты, кумулятивті әсер етеді. Өлтіре әсер ететін мөлшері:10-30 kg ДДВД (диметил, дихлорвинил фосфат, дихлорофос, вапона, нуван) ацетонда және т. б органикалық ерітінділерде жақсы, суда нашар еритін түссіз сұйық. Тері арқылы өлімге ұшырататын мөлшері 23-87 кг . Аралар жиі уланады. Өсімдіктерден жануарларға зиянды әсер ететін жәндіктерге және кеңелерге қарсы, сонымен қатар, қора қопсларды дезинфекциялау үшін өолданылады. Циодрин:керосинде, ацетонда, және т. б органикалық ерітінділерде жақсы, суда нашар еритін, ашық сары түсті сұйық зат. Өте уытты препарат. Ауыл шаруашылығы малдарының эктопаразиттеріне қарсы, сауылатын сиырларды өңдеу үшін қолданылады.
Сүт және сүт өнімдеріне санитарлық-токсикологиялық баға беру қағидасы1. Сүттің орташа үлгісін алу .
Әдістемелік нұсқау. Сүттің орташа үлгісін алу оның сапасын дұрыс анықтаудағы ең маңзды шарттары болып саналады. Оны берлген сүттің мөлшеріне дәлме-дәл пропорционалды түрде алады. Сүттің үлгісін дұрыс алу үшін оны араластыруға көп көңіл бөледі.
Сүттің орташа үлгісін алу кезінде мынадай мемлекеттік стандарттардың элементтеріне жүгінеді: Биохимиялық талдау жасау үшін МЕСТ 3622-68 және 13928, Микробиологиялық зерттеулер МЕСТ 9225-68.
Толық биохимиялық талдау (анализ) жүргізу үшін үлгінің мөлшері 200-250 мл болу керек, ал тек қана қышқылдары мен майлылығын анықтауға 50 мл сүт жеткілікті.
Сүт үлгісінің цистерналардан, немесе т. б. терең ыдыстардан алу үшін ұзын темір түтікше (мутовка) қолданылады. Әрбір секциядағы сүтті 2 мин. Уақыт мөлшерінде жақсылап араластыру керек.
Егер алынған сүт үлгісін бірден зерттемей ертеңгі күнге қалдырса, онда оны сутып, 3-5° та тоңазытқышта сақтайды. Егер сүт үлгісін ұзақ сақтауға тура келсе, онда оған әртүрлі консерванттар қосады. (сүтті бұзылудан сақтайтын заттар) .
2. Сүтті консервілеу әдістері.
Консервант қосылған сүт үлгісінің органолептикалық көрсеткіштерін, қышқылдығын, бактериялық ластығын т. б. қасиеттерін анықтауға болмайды, ал сүтті адамдарға тамаққа қолдануға және малға беруге болмайды. Зерттеу аяқталған соң, мұндай сүт үлгісін жойып жібереді. Сүтке 10 % калий қос хромды қышқылын қосып консервілеу, оның күшті тотықтырғыш ретінде микроорганизмдердің протоплазмасын жою қасиетіне негізделген. Сүт ішінде ол хом альдегидіне дейін ыдырап, соның нәтижесінде белоктар тотығып сүттің қышқылдығы 7°Т дейін жоғарылайды. 100 мл сүтке 1 мл консервант қосады. Осылай 10-12 тәулік сақтауға болады. Сүтке 40% формалин ертіндісінмен консервілеу оның бактерицидтік қасиетіне негізделген: бактериялық клеткалардың өмір сүруі мүлдем тоқтайды. Сонымен қатар белоктар тотығып, сүттің қышқылдығы 6-7°Т дейін жоғарылайды. 100 мл сүтке 2-3 тамшы консервант қосады. Сақталуы 15 тәулікке дейін. Сутегінің асқын тотығымен консервілеу бұл консервант сүт ферменттерінің (пероксидаза, каталаза) әсерімен атомарлы оттегіне дейін ыдырауының нәтижесінде бактериялық клеткалардың ішіне өтіп, олардың жойылуына себеп болады. Әрбір 100 мл сүтке 2-3 тамшы 30-33% H2 O2 тамызады. Сақталуы 8-10 тәулік.
3. Сүттің органолептикалық көрсеткіштері.
Сүттің органолептикалық қасиеттеріне баға беру үшін оның түсін, дәмін, иісін, консистенциясын анықтайды.
Сүттің түсі ақ, аздап сарғыштау болады. Ол шыны ыдыстың ішіндегі табиғи күндізігі жарықта жақсы көрінеді.
Сүттің иісін әртүрлі жануарлардың өзіне тән, жағымды иісі болады. Сүттің иісін жабық тұрған ыдыста сақтап, қақпағын ашқан кезде анықтайды.
Сүттің дәмі аздап тәтті келеді. Оны анықтау үшін бір жұтым сүтті ұрттап, тілідің ұшынан бастап түбіне дейін жайып өтеді. Содан соң ауа жұтып, жайлап мұрынмен шыңарады.
Сүттің консистенциясы бір келкі болуы керек, ол шыны ыдысқа құйғанда жақсы көрінеді.
4. Сүттегі бөгде қоспалары анықтау.
а) Сүттегі соданы анықтау. Сүт ашымас үшін және қышқылдығын азайту үшін оған сода қосады. Сода қосылған сүт тез бұзылады, өйткені ол өзінің бактерицидтік қасиетінен айырылады да, зиянды бактериялар дами бастайды. Сүтте сода бар жоғын розол қышөылы арқылы анықтайды.
Розол қышқылымен байқау. Розол қышқылы индикатор болғандықтан өзінің түсін қызғылт сары түске боялады, ал сіліт ортасында қызыл түске айналады.
Құралдар мен реактивтер: пробиркалар, пипеткалар 5 мл, розол қышқылының 0, 2 % тік ертіндісі.
Анықтау тәсілі: Пробиркаға бірдей мөлшерде сүт және розол қышқылын араластырады. Сода қосылған сүттің түсі қызылға, ал содасы жоқ сүт сарғыш қызылға боялады.
б) Крахмалды анықтау. Сүттің қоюлығын арттыру үшін оған крахмал немесе ұн қосады.
Құралдар мен реактивтер: пробиркалар, 5 мл пипеткалар, 0, 5% иод ертіндісі.
Анықтау тәсілі: Пробиркаға 5 мл сүт және 3 тамшы иод ертіндісін араластырады. Крахмал қосылған сүт көк түске, крахмалы жоқ сүт сарғыш түске айналады.
в) Формалинді анықтау. Сүтке формалинді консервант ретінде қосады. Мұндай сүтті мүлде ішуге, малға беруге, өңдеуге болмайды.
Құралдар мен реактивтер: пробиркалар, Құралдар мен реактивтер: пробиркалар, 5 мл пипеткалар, 2 мл пипеткалар күкірт қышқылы мен азот қышқылының қоспасы.
Анықтау тәсілі: Пробиркаға 2 мл қышқыл, оның үстіне аз аздан 2 мл сүт құяды. Егер сүтте формалин болса, ондп екі сұйықтық қиылысқан жерде сия көк шеңбер (сақина) пайда болады, ал формалин болмаса сары шеңбер пайда болады.
Уыттылығына байланысты улы заттың жіктелуі . Уыттылығына байланысты улы заттар 4 топқа бөлінеді: 1) өте қауіпті улы улар; 2) жоғары улы улар; 3) шамалы улылығы бар улар; 4) улылығы төмен улар.
Фенол туындыларымен улану: Фенол әмбебеп пестицид, инсектицид, акарацид, фунгицд, гербицид болып табылады. Жануарлар үшін өте қауіпті, әрі улы. Фенол туындыларына: пентахлорфенол, динитрофенол, дихлорфенолсірке қышқылы т. б жатады. Клиникалық белгілері: улану жіті өтеді. Тәбеті жоқ. Мал шөлдейді, құсады, әлсізденеді. Іш өтеді. Сілекей көп бөлінеді. Бұлшық етте дірілпайда болады. Тыныс алу жиілейді, устірт, кілегей қабықтар бозарған. Патогенезі: организмде тотығу тотықсыздану процессін бұзады. Энергия алмасуды бұзады. АТФ синтезін тежейді. Қанның формалық элементтерін гемолиздейді. Пат анатом. өзгерістер: ішкі мүшелер қанға толған. Өкпеден және басқа органдардан қанталауларды көруге болады. Бүйрек талақ бауры ұлғайған. Көгерген
Удың эмбриогенді, тератогенді, мутагенді және канцорегенді әсерлері туралы түсінік. Көптеген уытты заттар организмге түскенде бірқатар патологиялық өзгерістер туғызады. Бұндай өзгерістердің дамуы түскен удың мөлшеріне, организмнің жағдайына, сыртқы орта факторларына тікелей байланысты. Уытты заттар организмге былай әсер етеді : Эмбриотоксикалық, Гонадотоксикалық, Тератогенді, Мутогенді, Канцерогенді. Эмбриотоксикалық әсері : Химиялық заттар малдардың буаздық уақытында олардың төлдерінде мынадай әсерлер туғызады: Тератогенді (ұлпалар мен жасушалардың дифференцировкасы бұзылады) ; Эмбриотоксикалық әсер (төлдің жетілуіне әсер етіп, оның өлуіне әкеп соқтырады) . Мутагенді әсері: Уытты заттар әсерінен туындайтын мутогенді процестерді екі топқа бөлуге болады: 1. Ұрық жасушаларындағы мутогенез - эмбрионның өлуіне және мутацияның келесі үрпақтарға берілуіне әкеліп соғады. 2. Соматикалық жасушалар мутогенезі - ісіктердің пайда болуына әкеп соғады. Мутагендік әсер көрсететін бұл заттар -хлоропрен, винилхлорида, этилен тотығы, диметилфталата. Канцерогенді әсері: Канцерогенді әсерді канцерогенді заттар тудырады. Бұлардың әсерінен организмде қатерсіз және қатерлі ісіктер пайда болып дамиды. Канцерогенді заттардан басқа коканцерогенді деген заттар болады. Бірақ бүл заттардың ісік тудыра алатын қасиеті жоқ, яғни канцерогендік активсіз заттар. Алайда бұл коканцерогендер канцерогендермен бірігіп белсенді әсер етеді. Қазіргі уақытта канцерогенді заттарды 4 топқа бөледі:1) Қысқа уақыт аралығында 100% ісік тудыратын канцерогендер. 20-дан астам өкілі тіркелген. 2) 6 ай уақыт ішінде 80% ісік тудыра алатын канцерогендер. 60-тан астам өкілі бар. 3) Организмде 30% ісік тудыра алатын канцерогендер. 4) Канцерогендік қабілеті төмен заттар. Тератогендік әсер көрсететін заттар мыналар : фенолформальдегидті шәйір, кремнийорганикалық лактар.
Жануар тектес улардан малдың уланудағы токсикология. Табиғатта ауыл шаруашылығы малдарын уландыратын тірі жәндіктер жеткілікті. Олардың ішінде токсикологиялық маңызы ерекше жәндіктер тобына төмендегі өкілдерін жатқызуға болады:
1. Рептилий класы-әр түрге және туысқа жататын жыландар тобы
2. Амфибиялар-саламандра, бақалар
3. Моллюскалар-осминог
4. Жәндіктер-ара маса шіркей
5. Буынаяқтвылар-қарақұрт шаяндар тарантуул
6. Қоңыздар-колорад қоңызы алагүлік(шпанка) және тб
7. Балықтар-алабұға(окунь) мурена
Жануарлардың бал ара уынан улануы. Ауыл шаруашылық малдары бал ара уын өте қиын көтереді. Бұл уға жылқылар сезімтал келеді. Қойлар мен ешкілердің улануы да өліммен аяқталуы мүмкін. Үйректер мен қаздардың арасында бал ара уымен улану өте жіті түрде өтіп, өлІмге ұшыратады. Бал ара уына аю, кірпінің сезімталдығы төмен болады. Бал ара уы(апитоксин) - түссіз, мөлдір, сұйық, бал иісті, ащы-қышқыл дәмді. Құрамы 41% құрғақ заттан, майлардан, минералдвы заттардан, аминқышқылдарынан, ақ заттан, сонымен қатар, ацетил холин, гистамин, норадреналин, фосфамин, құмырсқа, тұз, фосфор қышқылдарынан және хмиялық элементтерден тұрады.
Бал ара уының организмге әсері:ара уының организмге әсері өте күрделі, сонымен қатар, шағудың санына, локализациясына және организмнің индивидуальды сезімталдығына байланысты, удың организмге көп мөлшерде түсуі жергілікті реакциямен қоса жалпы реакцияда көрінеді, жеңіл жағдайда температураның көтерілуімен, бастың ауыруы, крапивница тәрізді бөртпелерлің пайда болуымен сипатталады. Әдетте 1-5 немесе 10 бір уақыттағы аралардың шағуы дені сау адаммен жеңіл көтеріледі де, әлсіз жергілікті реакцияға әкеледі, ол терінің қызаруымен, ісінуімен, күйдіру сезімімен сипатталатын., бірақ бір уақыттағы 200-300 шағуы организмнің улануына әкеліп соқтырады. 400-500 және одан да көп шағулар тыныс алу орталығының салдануы нәтижесінде өлімге әкеледі. Патогенезі. Бал ара уының әсеріне жануар организмінде кері реакция қалыптасады. Орталық жүйке, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысы, қанның түзілуі бұзылады. Бал ара уымен улану аллергиялық белгілер түрінде білінеді. Ацетилхоин және гистамин әсерінен қан тамырының капиллярлары кеңейіп, артериялық қысым төмендейді. Клиникалық белгілері. Ауыл шаруашвлық малдарының улануы бал ара уының мөлшеріне, организмге түсу мен сезімталдығына байланысты. Терінің зақымданған жерлерінде ісінулер пайда болады. Жануарлар жалпы қозады, тыныс алуы баяулайды, кейбір жағдайларда терісінде бөртпелер байқалады. Балау. Балаудың анамнездік, клиникалық көрсеткіштеріне және зертханалық тексеру қорытындыларына қарап қояды. Емі. Жануарлардың зақыданған жерлеріндегі тері бетін суық сумен жуып, вена арқылы 40% глюкоза ерітіндісін егеді. Тырысып-бүрісу кезінде тыныштандырғыш, ұйықтатқыш дәрілер береді.
Улы заттардың организмдегі кумуляциясы және оның түрлері. Кумуляция, дегеніміз дәрілерді қайталап қолданғанда денеде жиналуы. Оны екі түрге бөледі: материалдық кумуляция, яғни дәрінің өзі жиналады, қызметтік кумуляция дәрі әсерінің жиналуын айтады. Кейбір улар ағзаға сорылып, ұлпалар мен торшаларға таралады. Улы заттардың ағзада таралуы бірдей немесе кейбір мүшелерге көп мөлшерде таңдамалы түрде жинақталуы мүмкін. Сондықтан да мүшелердің зақымдалуы әртүрлі бағытта болады. Әсіресе алиментарлы (азық арқылы) улану кезінде улы заттар бауырда көп жинақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz