Қой некробактериозы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

«Ветеринариялық санитария» кафедрасы

Курстық жұмыс

Пән: Жануарлар патологиясы Ш.

Тақырыбы: Қой некробактериозы.

Орындаған:Советова Ақбота. Тексерген:Оразалиева С. Б.

Топтың студенті: ВС-403

Қолы: Қолы:

Тапсырған күні: Бағасы:

Күні:

Семей 2018 жыл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЖОСПАРЫ:

  1. Кіріспе
  2. Өлексені патологоанатомиялық сою кезінде жасалатын хаттама
  3. Анықталған ауруды талдау
  1. Аурудың қысқаша анықтамасы
  2. Этиологиясы
  3. Патогенезі
  4. Патологиялық - анатомиялық өзгерістері
  5. Өсіп, өнуі
  6. Эпизоотологиясы
  7. Аурудың өрбуі
  8. Сырт белгілері
  9. Анықтау
  1. Қортынды.
  2. Әдебиеттер тізімі.
  3. Қосымша.

Кіріспе.

Жан-жануарлардың арасында таралған аурулардың ішінде жұқпалы аурулардың алар орны бөлек. Бұл топ аурулардың туындауына вирус, микроб, т. б. мөлтек денешіктер септігін тигізеді. Сондықтан олардың пайдаболу және таралу заңдылықтарын зерттеумен, күресшараларын жүргізумен індеттану ғылымы айналысады, Індеттану деген терминнің батыс елдеріндегі балама сөзі эпизоотология. Індет деп кез келген аурудын ауқымдытүрде аудан, облыс, мемлекет көлеміндегі мал арасында жайлаған қарқыны таралуын айтады. Сонымен бірге жұқпалы аурулар бірен-саран (спорадия) түрде, болмаса, бірнеше құрлықтарға таралуы мүмкін. Кез келген жұқпалы ауруды өзіне тән қоздырушысы ғана тудырады және олар сан қилы жолдар арқылы аурумалдан бөлініп, сау малға жұғады. Аурудың бір малданкелесі малға жұғуын індеттену (індет процесі) дейді. Коздырушы ластанған азық, су, топырақпен енсе - алиментарлық, ауамен енсе аэрогендік, қан сорғыштардың ықпалынан болса - трансмиссивтік деп атайды . Коздырушы енген уақытта ауру бірден пайда болмайды, оның өсіп-өнуіне, денеге тарап, сыртқы белгілері байқалуына біршама уақыт керек. Бул уақыт инкубациялық кезеңдеп аталады және ол ауруда әр түрлі. Жұқпалы аурулардың қоздырушылары орын тепкенжерде қабыну процесі дамиды да, аурудын сырткы белгілері соған байланысты болады. Мысалы, аусылдын вирусы кілегей қабықтарында жақсы өсіп-өнетіндіктен, ауыз, желін, тұяқашасы, т. б. жерлерінде күлдіреуіктерқұрайды, сондықтан малдын аузынан cілекей ағуы ақсауы, сүтінің азаюы сияқты белгілермен сипатталады. Ауруды балау (анықтау) жолдары бірнеше сатылардан құралады. Ауырған немесе аурудан күдікті малды білу үшін көпшілік жағдайда қан сарысуын зертханада зеттейді. Егер мал қанында ауру қоздыруппысы арнайы денелер болса, олар анықталынып, байқалады. Сонымен қатар аурудың сыртқы белгілеріне, өлген мал өлексесіндегі ауруға тән өзгерістерге қарай анықтау қолданылады. Кейбір жұқпалы ауруларды қазіргі кезде арнайы анықтағыш затты(туберкулин, бруцеллин, маллеин, т. б. ) тері ішіне енгізу арқылы анықтауға мүмкіндік бар. Ауруды анықтауғамүмкіндік болмағанда, өзгеріске ұшыраған мүшелерінзертханада арнайы тәсілдермен тағы да зерттейді. Жұқпалы ауру байқалған жағдайда ем ретінде әр ауруда арнайы дайындалған қанның сарысуы (гипериммунды), антибиотиктер, сульфаниламид дәрілері, т. б. қолданылады. Мал организмінде ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін арнайы биологиялық белсенді заттар қолданылады. Сондықтан жұқпалы аурулардың алдын алуүшін жайылымға шығар алдында және қысқы қорағакіргізерден бұрын жануарларға қазіргі уақытта вакцина анатоксин вакциналар егіледі. Бұл аталған препараттардың көпшілігінде ауру қоздырушысы тірі, болмасаәлсіретілген болғандықтан, біріншіден, егілген мал аурудын жеңіл түрімен ауырады, сондықтан қадағалау керек, екіншіден, егуді жүргізгенде вакцинаның сырткатөгілуіне жол бермеу керек, өйткені қоздырушы сақталып, малға жұғуы ықтимал.

ІІ. Өлексені патологоанатомиялық сою кезінде жасалатын

ХАТТАМА № 1

Түрі: Қой

Жынысы : ұрғашы

Тұқымы: Тоқты

Жасы: 3 жас

Түсі: қара

Ерекше белгілері: Сол жақ құлағында ойық ені бар.

Салмағы :20 кг

Жеке номері :0021589

Мал иесі: Қамбаров Ж.

Өлген күні: 03. 04. 18ж

Өлексе сойылған жері: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің прозекториясында 03. 04. 18ж сойылды.

Союшы: Қажығалиев Нұржан, вет врач биздин.

Өлексені союға қатысқандар: Советова Ақбота, Сұлтанова Тоғжан, Қажығалиев Нұржан.

Өлім қай жерде болған: Ертіс ауылы “Кенжебай” шаруа қожалығы.

Мал қашан ауырған: 02. 04. 18ж ауру кесірінен ақсай бастаған мал мейілінше жайылудан қалады. Оның үстіне организм қоздырушы уларынан улана бастайды. Осының барлығы жануардың азып-тозуына әкеп соқтырады. Егер аяғы мардымсыз зақымдалған болса және ем-дом дұрыс жүргізілсе мал біртіндеп сауығуға бет бұрады. Қозыларда сарып некротикалық стоматит түрінде өтуі мүмкін, кейде ол ішкі ағзаларға (бауыр, өкпе т. б. ) метастаз береді, ондай жағдайда ауру өлімге ұшыраумен аяқталады.

Қандай ем қолданды: Ауырған малдарды бөліп алып, жауын-шашын өтпейтін асты құрғақ қорада ұстайды. Ең алдымен дертке шалдыққан ұлпаларды мұқият тазалап, жарақаттанған терінің манайындағы жүнді тақырлап қырқады. Өліеттенген ұлпаларды қабыршақтанып кеткен ірің мен сора бөлінділерін тазалап, антисептикалық ертіндімен жуып, сульфаниламид препараттары мен тетрациклин немесе пенициллин қатарындағы антибиотиктердің бірін қолданады.

Малдың тірі кезіндегі диагноз: Қой некробактериозы.

СИПАТТАУ БӨЛІМІ:

Өлексе белгілері: Әдетте жегіден өлген жануарлардың өлексесі әбден арыған болып келеді. Ауыздың кілегей қабықтарында: еріндерде, жақтарында, тілінде, қызыл иегінде, таңдайында айналасындағы ұлпаларға кірігіп кеткен ақ-сұр немесе сарғыш түсті өліеттенген қабыршықтармен көмкерілген домбығуларды табамыз. Олармен бірге алып тастағанда орнында жаралар қалатын борпылдақ, қалың өліеттенген ұлпаларды байқауға болады. Жаралар тереңге ендеп кеткен, қоңыр-қызыл немесе лас қызыл түсті, түбі желінген және сасық иімті жалқаяқпен көмкерілген. Осындай өзгерістерді кеңірдек, жұтқыншақ және өңештен де табамыз. Паренхиматозды ағзалардан, көбінесе бауырдан, өкпелерден, бүйректерден, кейде мидан метастатикалық сипаттағы өліеттенген зақымдалу ошақтарын кездестіреміз. Олар бұршақ дәнінен, орман жаңғағы, тіпті алманың көлеміндей болады. Мұндай ошақтардың болуы ағзаның көлемін ұлғайтып жібереді (мысалы бауырды) және кедір-бұдырлы қылады. Кесіп қарағанда ошақтар ағзаның тереңінде де, тікедей капсуласының астында да орналасқан. Әдетте паренхиматозды ағзалардағы өліеттенген жерлер қалың дәнекер ұлпалы капсуламен қапталған, ішінде ақшыл-жасыл түсті іріңі немесе үгітіліп кетуге бейім өліеттенген ұлпасы болады.

2. Көз қыры қанталаулар, көздің айналасы ылғалды.

3. Тісі, қызыл иек, таңдай, тіл ақ-сұр немесе сарғыш түсті өліеттенген қабыршықтармен көмкерілген домбығулар.

4. Мұрын қуысынан серозды-іріңді, серозды-кілегейлі ақпа байқалады.

5. Жыныс мүшелері: Іш тасталған. Қынаптың кілегей қабығы қызарып, қалыңдаған, бетіне сұрғылттау-қызғылт созылмалы зат шөккен . Жатыр ұлғайған, жұмсарған, кілегей қабығы қалыңдаған, іріңді-катаралді қабыну жағдайында. Қабырғасында өліеттенген карункулдар көрінеді. Қалыңдаған кілегей қабырғасы хорионның арасында фибрин араласқан сұрғылт сұйықтық жиналған. Ұлғайған карункулдар нүктелі және жолақ қанталаған. Хорионның бүрлі бөлігі қалыңдаған, нүкте қанталаулар көрініп тұр, бетіне сарғыштау-қоңырқай зат шөккен. Бүрлер қысқарған.

6. Жүні: терісінің әр жерінде қылы түскен. Сол жақ мүйізі сынған, тұяқтары өзгеріссіз.

7. Терісі және тері асты шелі: өліеттеніп жұлынып қалады.

8. Бұлшықеттер: бұлшықеттері қошқыл қызыл түсті.

9. Сүйектер мен буындары: Тұяқтарының арасындағы қуыс, тұяқтың ішкі жұмсақ жерлерін (тұяқ жұлығы, майөкше) қарағанда қызарып кеткен тығыз, қызулы және өте ауырсынғыш домбығуды байқауға болады.

10. Құрсақ қуысы: 50 мл мөлшерде кошқыл қызыл сұйықтық табылды.

11. Құрсақ қуысының ішіндегі органдар анатомиялық дұрыс орналасқан.

12. Құрсақ көк шандыры, шырбысы: ошақты кызарулар мен қызыл дақтар көрінеді.

13. Өңеш және жұтқыншақ: өңеште көзге көрінерліктей өзгеріс жоқ. жұтқыншақтың кілегей қабығы көгерген реңі бар қызғылтым.

14. Қарын:

Мес қарын - кілегейлі және серозды қабаты жағынан сұрғылт-күлгін түсті. Іші жынға толы. Қабырғасы қалыңдаған. Нүктелі қанталаулар айқын көрініп тұр.

Кітапша қарын - кілегейлі және серозды қабаты жағынан сұрғылт-күлгін түсті.

Тақия қарын - кілегейлі және серозды қабаты жағынан сұрғылт-күлгін түсті. Ішінде жем қалдығы бар.

Ұлтабар - Ешқандай өзгерістер байқалған жоқ.

15. Ішек:

Он екі елі ішек: кілегей қабығы қалыңдаған, қызарған. Нүкетелі қанталаулар табылды. Пейер жолақтары мен солитарлы фолликулалардың көлемі ұлғайған, қызғылт түсті.

Ащы ішек: Ішкі беті қызғыт түсті, қалыңдаған.

Мықын ішек :кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.

Жуан ішек: кілегей қабық қызарған, қалыңдаған. Іші нәжіске толы.

Тік ішек: Кілегей қабығы ақшыл сұр. Кілегей қабықта ұсақ қанталаулар көрінеді.

16. Бауыр: Өліеттенген зақымдалу ошақтарын кездестіреміз

17. Бүйрек: Өліеттенген зақымдалу ошақтарын кездестіреміз

18. Қуық: Несеп бөлу актісі - жиілігі жоқ, несептің мөлшері орташа, несеп бөлу кезінде ауырсыну байқалмайды.

Бүйрек пен қуықта сипау кезінде көлемі өзгермеген, пішіні сақталған, консистенциясы жақсы, ауырсыну жоқ, қуықты тексеру үшін катетор енгізгенімде бөгде заттың болмағанын анықтадым.

Несептің физикалық қасиетін анықтадым. Несеп тұсы. Шыны цилиндрге зерттеуге арналған несепті құйып, сосын оның түсін күндізгі жарықта анықтадым.

19. Көкірек қуысы: қошқыл-қызыл түсті сұйықтық анықталды.

20. Сір қабық: тегіс, жылтыр, көк реңі бар қызыл түсті, нүктелі қанталаулармен ерекшеленеді, фибриноздыдақпен көмкерілген.

21. Көмей мен кеңірдек: кілегей қабығында нүктелі қанқұйылулар білінеді.

22. Өкпе: Өліеттенген зақымдалу ошақтарын және ұсақ зақымданған аймақтар табылды. Зақымданған аймақтар тығыз. Өкпе ұлпасы қызарған. Өкпені қысқанда мөлдір емес, көпіршігі жоқ сұйықтық шықты. Зақымданған аймақтардың айналасынан қою көк түсті және ашық түсті аймақтар көруге болады.

23. Жүрек қабы: . қошқыл-қызыл түсті сұйықтық анықталды. (транссудат), Қызарған, нүктелі қанқұйылулар білінеді.

24. Жүрек: өзгеріссіз ешқандай ақаулар байкалған жоқ.

Миокард қалыңдаған, ашық қызыл түсті. Болбыр. Кесіп қарағанда кескіні көмескі. Инфильтрат жиналған. Нүктелі қанқұйылулар табылды.

Жүрек қақпақшаларының үстінде де бұндай өзгерістер табылды.

Жүрек қақпақшалары Өзгеріссіз.

25. Талақ қантамырлары қанмен кернеліп, талақ 3-4 есе ұлғайған, қызыл-қоңыр түсті, қан іркілген. Талақ капсуласының астында туберкулез төмпешіктеріне ұқсас тарыдай түйіндер кездеседі. Талақтың орта тұсында ақ-сұр түсті, тығыз консистенциялы ұсақ гранулеммалар кездеседі. консистенциясы тығыз. Шеттері жүмырланған, қолмен ұстағанда жұмсақ. Саусақтарды қаттырақ басқанда пульпасының езілгені сезіледі. Кескенде шеттері бірігеді.

26. Эндокринді бездер: Қалқанша және қалқанша маңы безі: ашық қоңыр түсті, бөліктерге бөлінген.

27. Лимфа түйіндері: Лимфа түйіндерінің ұлғайғанын және ісінгенін, паренхиматозды ағзалардың сірі қабығының асты қанталағанын кездестіруге болады. Бездердің қан тамырлары қанға толып, көлемі ұлғайған, сұр-қызғылт түсті, болбыр. Лимфа түйіндері домбықан, іріңді сұйықтық жиналған, көлемі ұлғайған, қан тамырлары қанмен кернелген, көкшіл түске боялған. Жақ асты, шап лифа түйіндері қанталаған. Көлемі ұлғайған, тығыз, түсі қошқыл қызыл, кескенде суреті анық емес, шеттері бірікпейді.

Іш тасталған төлді сою:

Серозды және кілегейлі қабықта көптеген нүктелі-жолақты қанталаулар; тері асты қабатында, әсіресе, кіндік тұсында, серозды немесе серозды-геморрагиялық инфильтрат; лимфа түйіндері мен талақтың ұлғаюы; лобулярды іріңді-катаральды пневнония; бауырдағы некроз ошақтарын; ұлтабардағы лайлы сұйықтықты көруге болады.

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ:

Қоздырушы жағынды жасап қарағанда ұзындығы әртүрлі ұзындығы 1, 5-3, 0 мкм, көбінесе 30-дан 400 мкм-ге дейін жіпшелер түзетін, ені 0, 5-1, 5 мкм жіңішке таяқшалар. Жіпшелері кейде шатасып жатады. Қозғалмайды, спора, капсула түзбейді. Балауса өсінділерінде, өліеттенген ошақтардан жасалған жағындыда дәншелі-дақты боялған ұзын жіп тәріздес болады. Ол жіпшелердің ұзына бойынан колба тәрізді қалыңдаған, үрілген шар сияқты жуандаған тұстарын көруге болады. Жағындыны зақымдалған ұлпа мен сау ұлпаның шектескен жерінен алынған материалдан жасаған жөн. Жағындыны бекітуді спирт-эфирмен жүргізу ұсынылады. Жағындыны сұйылтылмаған Циль фуксинімен 2-3 минут бойы бояғанда сарыптың қоздырушысына тән дәншелі-дақты боялғанын көруге болады. Муромцев бойынша да бояу жақсы нәтиже береді - спирт ерітіндісімен (4 мл) және формалинмен (1 мл) бекітілген жағындыны келесі құрамдағы бояумен бояйды: фуксин 0, 15, спирт 20, 0, фенол 10, 0, метилен көгі 0, 20 және су 200, 0. Нәтижесінде ұлпа клеткасының күлгін фонында некробактериоз таяқшасы көкшіл түске боялады. Сарыптың таза өсіндісін бөліп алуды онымен бірігіп теріні зақымдаған басқа микробтар, әсіресе стрептококтар мен стафилококтар қиындатады. Сондықтан оның таза өсіндісін бауыр, талақ, өкпе сияқты ішкі ағзалардан бөліп алған әлдеқайда жеңіл.

Анықталған ауруды талдау:

Қой некробактериозы.

Некробактериоз ( Necrobacteriosis , Сарып) - негізінен сирақтың бақайы, кей жағдайда ауыз, желін, жыныс мүшелері, өкпе, бауыр, бұлшық еттер мен басқа да мүшелер мен ағзалардың іріндеуі және өліеттенуі арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Бұл індет барлық жерде тараған. Қоздырушысын бірінші рет бөліп, анықтаған Р. Кох (1881) болды, бірақ толығырақ сипаттап жазған Леффлер (1884) . Қоздырушысы Васtеium nесrорhоrum - ауасыбағасыз, қозғалмайтын, спора түзбейтін, қауашақсыз, өте полиморфты микроб. Сыртқы ортада көп сақталмайды. Некробактериозбен барлық үй жануарлары, көптеген жабайы аңдар ауырады. Бұл ауруға әсіресе солтүстік бұғысы, қой, ешкі, сиыр, шошқа, жылқы, үй қояны, кұстардан тауық бейім. Ересек жануарлардан гөрі жас төлдер жиі аурады. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру және бактерия алып жүруші мал. Күйісті жануарлар аурып жазылған соң бактерия алып жүруші болып қалады. Некробактериоз таяқшасы организмнен сыртқы ортаға сілекеймен, нәжіспен, өліеттенген жердегі бөліндімен шығады. Бұл микроб мал қораларында, көңде, топырақта, жайылымда, тоқтау суларда жиі кездеседі,

Этиологиясы.

сау жануарлардың ішегінде мекендейді, сондықтан ауру барлық жерде кездеседі. Қимен бірге бөліне отырып микроб қоршаған ортаны ластайды. Дегенмен инфекцияның негізгі жұқтырушы көзі ауру жануарлар (негізінен өліеттенген жаралардан бөлінетін секреттер арқылы) . Қоздырушымен зарарлану тек барлық жерде кездесетін микроб арқылы ғана емес, ең бастысы қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз факторлары салдарынан дененің қорғаныс кедергілері мен тұтастай организмнің әлсіреуінен туындайды. Зарарлану зақымдалған тері немесе кілегей қабық арқылы жарақаттық инфекция сипатында жүзеге асады. Ал көп жағдайда бұған антисанитарлық жағдай мен жануарлардың ауруға қарсы тұрушылық қабілетін әлсірететін басқа жағымсыз факторлар (азықтандыру, күтімге байланысты) өз үлесін қоспай қалмайды. Қойларды ылғалды, қиы тазаланбаған қора-жайларда немесе ылғалды, батпақты жайлымдарда ұстап-бағу аяқтарының төменгі бөлігіндегі тері жабыны мен тұяқ мүйізінің жұмсарып, болбырауына, нәтижесінде оңай жарақаттанып, қоздырушының денеге енуіне жол ашады. Сондай-ақ жайлымдағы тікенді шөптермен де терінің, әсіресе тұяқ арасындағы қуыстың жарақаттануы заралануға әкеп соғады. Сарыппен барлық жастағы мал ауырады, дегенмен төлдер мен одан сәл ересектері жиі шалдығады. Қыста энзоотия тынышталғанымен, жазда қайтадан өршиді.

Патогенезі.

Қойларда сойып қарағанда тұяқ жұлығы, майөкше, тұяқ арасындағы қуыста шіріктің иісі шығатын қою іріңмен жабылған өліеттенген жараларды көреміз. Мұндай жерлерде кейде іріңді өзектерді (свищ) аңғаруға болады, оларды кесіп қарағанда түбінде сіңір, тіпті сүйекке дейін жеткен өліеттену ошақтарын көруге болады. Аяқтарының зақымдалуымен қатар еріндерінің кілегей қабығында іріңге толған көпіршіктер мен жараларды (ерін паршасы) кездестіруге болады. Тұмсығының қанаттарында жаралар, тіпті өліеттену іздері кездесетін болса ол аурудың аса ауыр түрде өткендігінен хабардар етеді. Осы ауруға тән бұл өзгерістерден басқа аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғайғанын және ісінгенін, паренхиматозды ағзалардың сірі қабығының асты қанталағанын кездестіруге болады.

Патологиялық - анатомиялық өзгерістер.

Әдетте жегіден өлген жануарлардың өлексесі әбден арыған болып келеді. Ауыздың кілегей қабықтарында: еріндерде, жақтарында, тілінде, қызыл иегінде, таңдайында айналасындағы ұлпаларға кірігіп кеткен ақ-сұр немесе сарғыш түсті өліеттенген қабыршықтармен көмкерілген домбығуларды табамыз. Олармен бірге алып тастағанда орнында жаралар қалатын борпылдақ, қалың өліеттенген ұлпаларды байқауға болады. Жаралар тереңге ендеп кеткен, қоңыр-қызыл немесе лас қызыл түсті, түбі желінген және сасық иімті жалқаяқпен көмкерілген. Осындай өзгерістерді кеңірдек, жұтқыншақ және өңештен де табамыз. Паренхиматозды ағзалардан, көбінесе бауырдан, өкпелерден, бүйректерден, кейде мидан метастатикалық сипаттағы өліеттенген зақымдалу ошақтарын кездестіреміз. Олар бұршақ дәнінен, орман жаңғағы, тіпті алманың көлеміндей болады. Мұндай ошақтардың болуы ағзаның көлемін ұлғайтып жібереді (мысалы бауырды) және кедір-бұдырлы қылады. Кесіп қарағанда ошақтар ағзаның тереңінде де, тікедей капсуласының астында да орналасқан. Әдетте паренхиматозды ағзалардағы өліеттенген жерлер қалың дәнекер ұлпалы капсуламен қапталған, ішінде ақшыл-жасыл түсті іріңі немесе үгітіліп кетуге бейім өліеттенген ұлпасы болады. Ауру зілді өткенде қабыну флегмонаға айналып, бұлшық еттерді, сіңір мен тарамысты қамтиды. Содан кейін ойылып, жағымсыз исі бар ірің ағады. Қабынған телімдердің жаппай ойылып, өліеттенуі нәтижесінде тұяқ, көбесінен сыпырылып, түсіп қалады. Кейде тұяқ қана емес, тіпті тілерсегінен, саусақтың фалангалары буын-буынынан үзіліп кетуі мүмкін. Мұңдай күйге ұшыраған қой тұра алмай, тізерлеп қалады.

Өсіп өнуі.

сау жануарлардың ішегінде мекендейді, сондықтан ауру барлық жерде кездеседі. Қимен бірге бөліне отырып микроб қоршаған ортаны ластайды. Дегенмен инфекцияның негізгі жұқтырушы көзі ауру жануарлар (негізінен өліеттенген жаралардан бөлінетін секреттер арқылы) . Қоздырушымен зарарлану тек барлық жерде кездесетін микроб арқылы ғана емес, ең бастысы қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз факторлары салдарынан дененің қорғаныс кедергілері мен тұтастай организмнің әлсіреуінен туындайды. Зарарлану зақымдалған тері немесе кілегей қабық арқылы жарақаттық инфекция сипатында жүзеге асады. Ал көп жағдайда бұған антисанитарлық жағдай мен жануарлардың ауруға қарсы тұрушылық қабілетін әлсірететін басқа жағымсыз факторлар (азықтандыру, күтімге байланысты) өз үлесін қоспай қалмайды. Қойларды ылғалды, қиы тазаланбаған қора-жайларда немесе ылғалды, батпақты жайлымдарда ұстап-бағу аяқтарының төменгі бөлігіндегі тері жабыны мен тұяқ мүйізінің жұмсарып, болбырауына, нәтижесінде оңай жарақаттанып, қоздырушының денеге енуіне жол ашады. Сондай-ақ жайлымдағы тікенді шөптермен де терінің, әсіресе тұяқ арасындағы қуыстың жарақаттануы заралануға әкеп соғады. Сарыппен барлық жастағы мал ауырады, дегенмен төлдер мен одан сәл ересектері жиі шалдығады. Қыста энзоотия тынышталғанымен, жазда қайтадан өршиді.

Эпизоотологиясы.

Некробактериозбен барлық үй жануарлары, көптеген жабайы аңдар ауырады. Бұл ауруға әсіресе солтүстік бұғысы, қой, ешкі, сиыр, шошқа, жылқы, үй қояны, кұстардан тауық бейім. Ересек жануарлардан гөрі жас төлдер жиі аурады. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру және бактерия алып жүруші мал. Күйісті жануарлар аурып жазылған соң бактерия алып жүруші болып қалады. Некробактериоз таяқшасы организмнен сыртқы ортаға сілекеймен, нәжіспен, өліеттенген жердегі бөліндімен шығады. Бұл микроб мал қораларында, көңде, топырақта, жайылымда, тоқтау суларда жиі кездеседі, Қоздырушы жануар денесіне жарақаттанған тері немесе кілегейлі қабықтар арқылы енеді. Некробактериоз жануарларда шамалы ғана індеттік тұтану ретінде байқалып, жекелеген шаруашылықтарды, фермаларды немесе мал отарларын қамтиды.

Сырт белгілері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Некробактериоз
Аурудын дамуы мен сыртқы белгілері
БҚО Жәнібек ауданы Қамысты ауылының Қайнар шаруа қожалығындағы ірі қара некробактериозына қарсы ветеринарлық шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және оның экономикасы
Ағаш ыдыстарда сақталған сүт
Еритін стрептоцид - еритін стрептоцид
Қой шаруашылығы
Ісек қойлар
Қой шаруашылығы. Қойдың биологиялық ерекшеліктері
Қой шаруашылығы және Қазақстандағы жағдайы
Қой шаруашылығы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz