Өлексенің жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
І. Өлексені сою барысында жазылған хаттама
Кіріспе бөлімі
І. Тіркеу.
Мал иесі: Есенгелдиев Сержан
Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Мичурина көшесі, 52.
Мал түрі: Торай
Лақап аты: жоқ
Жынысы:торапай
Жасы: 2 ай
Тұқымы: Ірі ақ тұқымды шошқалар
Түсі: ақ
Клиникаға түскен күні - 22.11.2018ж
Алғашқы диагноз - Торайлардың Ауески ауруы.
Тексергеннен кейінгі диагноз -Торайлардың Ауески ауруы
Өлген күні, айы: 22 қараша 2018 жылы
Өлген жері: Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Мичурина көшесі, 52-үйдің Шынтеміров Бейбіттің мал қорасында
Өлексе 2018.11.22 күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Ветеринариялық медицина кафедрасының прозикториясына әкелінді.
ІІ. Анамнез.
Мал иесі Шынтеміров Бейбіттің айтуынша: Торайлар өлерден бұрын дене температурасының 41 градусқа дейін көтерілген. Торай азықтан бас тартып, іші өтіп, кепкен. Торай арықтап, әлсіреген. Өткен жылдары шошқалар арасында Ауески ауруы болғандығын мал иесі атап айтты.
Сойылған күні: Торайды22.11.2018ж Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университетінің Ветеринариялық медицина кафедрасының прозекториясында - Слямгалиев Арман сойды.
Союшы: Мал дәрігері Слямгалиев Арман
Өлексені союға қатысқан адамдар:Әбіш Ержан, Әбжан Мейрамбек.
II. Сипаттау бөлімі.
СЫРТҚЫ ТЕКСЕРУ
Өлексенің жалпы сипаттамасы: Өлексе сол жағымен жатыр, алдыңғы артқы аяқтары созылып жатыр. Ерекше белгілері жоқ. Өлексенің салмағы 15 кг-ға жуық, тік ішек маңайы қоңыр қошқыл нәжіспен ластанған болды..
Дене құрылысы: Дұрыс.
Қоңдылығы: Өте арық.
Өлексе белгілері.
Өлексенің сууы: Өлексе суыған және өлексенің температурасы сыртқы ауаның температурасынан төмен
Өлексенің сіресуі: Өлекседе сіресу белгілері байқалады. Өлексенің алдыңғы аяқтары мен артқы аяқтары ұзынынан созылған қалпында сірескен. Жақ еттері сірескен. Барлық денесі сіресіп, қатайғандықтан ешбір буыны бүгілмейді.
Өлім дақтары: Өлім дақтары байқалады. Өлексенің сол жағында теріде және тері астындағы шелге қара қызыл қан құйылған.
Өлексенің шіруі: Шіру процесі әлсіз байқалады
Табиғи тесіктердің жағдайы
Ауыз қуысы: ауызын қан аралас көбік ағып тұр, кілегей қабаттары бозғылт, көкшіл реңкті,ылғалды, тегіс. Майда жолақты қан талаулар кездеседі, мұндай өзгерістер көмей мен тілде де байқалады.
Мұрын қуысы: Танау тесіктерінен сары түсті қоймалжың зат көрінеді, кілегей қабаттары ылғалды, бозғылт түстес, қызарған.
Көзі. Көз конъюктивасының кілегей қабаттары қызарған, экссудан жиналған, мөлдірлігі төмендеген, кішкене ісік бар.. Көз алмасы
Сыртқы жыныс мүшесі : тістеленген, тырналған, табиғи тесіктерден еш сұйықтық ақпаған

Тері, тері жабыны және тері асты шелі
Терісі әлсіз серпімді, құрғақ, зақымдалмаған. Жүні ұйпалаған, күңгірт, жақсы сақталған. Құйрығы мен артқы аяқтары аймағындағы тері мен жүн нәжіс массасымен көмкерілген.
Тері асты шелі: Тері асты шелінде сол жағында қан шоғырланған, ол ұсақ қызыл нүктелер түрінде кездеседі,құрғақ, оң жағынан қызарған, аз мөлшерде майлы шөгінділері байқалады.
Сыртқы сөл бездері:
Сөл бездерінің қан тамырлары қанға толып, көлемі ұлғайған, сұр- қызғылт түсті, болбыр.
Жақ асты бездері:Көлемі ұлғайған, бездердің шеті қошқыл-қызыл түсті, сақина тәрізді.
Жауырын алды безідері: Көлемі ұлғайған, түсі бір келкі емес, кей жерлері қошқыл қызыл, кей жерлері сұр түсті.
Шап бездері:Көлемін озгерткен, солған,қою қанталаулар байқалды

Беткейлік лимфа түйіндерінің жағдайы
Беткейлік лимфа түйіндері-жақ асты, жұтқыншақ, тізе асты лимфа түйіндері - сәл ұлғайған, қызарған, ісінген, кесіндіде шырынды.
Бұлшықеттері мен сіңірлері
Қаңқа бұлшықеттері бүтін, кесіндісіндебозғылт-қызыл түсті, мәйіттің ыдырау белгілері жоқ. Сіңірлері бүтін.
Сүйектер мен буындар:
Сүйектер қатты, бүтін, , жарылған жоқ анатомиялық тұрғыдан алып қарағанда орналасуы дұрыс.Сүйектің буындық беті тегіс, ылғалды, жылтыр, көк түсті.Сүйек кеміг майыкеуде және түтік тәрізді сүйектерде қызыл түсті Буындар деформацияланбаған, буын қуыстарында аз мөлшерде сарғыш түсті сұйықтықтыр бар.

ІШКІ ТЕКСЕРУ
Ауыз қуысы:Ауыз қуысында - кілегей қабаттары бозғылт, көкшіл реңкті,ылғалды, тегіс. Майда жолақты қан талаулар кездеседі, мұндай өзгерістер көмей мен тілде де байқалады.
Тіс:Тістерінде көзге көрінетін өзгерістер жоқ.
Тіл:Тілі бүтін, кілегей қабығы қызғылт түсті кішкене бозғытанған.Тілді кескенде ашық қызғылт түсті, бұлшық ет талшығының үлгісі жақсы көрінеді.
Жұтқыншақта және өңеште азық қалдығы жоқ, кілегейлі қабығы тегіс, ылғалды, қығыт түсті, дақты қанталаулар кездеседі. Жұтқыншақ қан ұюлар байқалады, өлеттенген, қан құйылу байқалады.
Бадамша безікөлемі ұлғайған, бозғылт қызыл түйсті, өлеттенген ошақтар байқалады.Бадамша без ісінген, шырышты қабаттың бетіне сәл жоғары көтерілген, серпімді, кесіп қарағанда - қызғыт-сұй түсті, біртекті.
Көмекей: Көмейдің кілегейлі қабығының зақымданған учаскелері қалың, құрғаған, көмекейдің кілегейлі қабығы қызарып, домбыққан. Түсі қошқыл-қызыл.
Мұрын қуысында-шырыштың аз мөлшері байқалады. Шырышты қабық ылғалды, жылтыр, көк реңкті.
Көкірек қуысы: Көкірек қуысында мүшелердің орналасуы анатомиялық жағынан дұрыс, құрамындашамамен 2 мл- дай қызыл сұйықтық жиналған. Плевра тегіс, ылғалды, жылтыр. Плевраның астында нүктелі қан құйылу байқалады.
Өкпе және бронхылар: Өкпе қызыл түсті,тығызданған, көк бауырға ұқсайды. Тіліктің бетінен лайланған сұйықтық , ал бронхтан - тартқыш шырыш сығылады. Микроскопиялық зерттеу кезінде зақымдалған жерде капиллярлардың кеңеюі және олардың саңылауының қанмен толтыруы(гиперемия) байқалады. Бронхтардың саңылаулары шырышпен, лейкоциттермен толтырылған, ал бронхтардың қабырғалары сеозды экссудаттарды сіңіруімен қалыңдаған.
Жүрек созылған, оң жақ қарынша сол жақтың жоғарғы жағынан сәл ілінеді. Эпикардиалды клетчаткада майлы шөгінділер жоқ. Эпикард тегіс, ылғалды, жылтыр, мөлдір. Клапандар серпімді, сұр, жартылай мөлдір, эндокард тегіс, жылтыр, жартылай мөлдір, сұр түсті. Миокард жұмсарып сары сұрғылт ошақтар дамып, қанталаған. Қуыстарда әсіресе оң жүрекше мен қарынша жақсы оралған қара-қызыл қан бар, оның ұйытқысы оңай алынады.
Қан тамырлары: Ірі тамырларда қан қанық қызыл, ұйыған оңай алынады
Ірі тамырларда (аорта, өкпе артериясы және қуыс веналар) қанмен толтырылған.
Құрсақ қуысы.Құрсақ қуысында мүшелердің орналасуы анатомиялық жағынан дұрыс.. Бөгде мазмұн жоқ. Құрсақ ылғалды, тегіс, жылтыр, жартылай мөлдір, сұр түсті.
Асқазан көлемі кішірейген, онда жартылай сұйық, сұр-сары түсті, ішіндегінің қышқыл иісі бар картоп пен құрама жемге толы. Шырышты қабығы ісінген және жұмсарған, жылтырлығын жоғалтқан, және қабырғалары өалыңдаған. Қатпарларға нүктелі қанқұйылулар жиналған , беті қалың сұр шырышпен жабылған.
Аш ішекте тағамдық масса жоқ. Шырышты қабығы ісінген, кей бөліктері өлеттенген, қызарған, шырышпен жабылған.
Он екі елі ішектің бастапқы бөлігінің шырышты қабығында нүктелі қан құйылулар байқалады.
Тоқ ішекте және соқыр ішекте сұйық нәжіс массаларының аз мөлшері бар. Шырышты қабығы қалың, кей жерлерде сәл қызарған, диаметрі 1-1,5 см, дөңгелек пішінді, шырышты қабықтың деңгейінен сәл жоғары, лас-сұр түсті, тегіс емес беті бар. Бөртпелерді алғаннан кейін терең жаралар қалады.және кескенде ашық-қоңыр түсті анық білінетін некроздық ошақтар байқалады. Кесіндісі біркелік, құрғақ.
Өтінде 200 мл ге жуық қою қара-жасыл өт, шырышты қабығы жұмсақ, қою сары түсті. Өт ағынының өтуі қиын.
Бүйрек үлкейген жоқ, капсула қиындықпен алынады, бүйрек тығыз консистенциялы, ашық-қоңыр түсті, қабықтық қабатта шағын сұр ошақтар көрінеді. Шырыш қабығындағы қан кетулер байқалады
Қуықта мөлдір, ашық сары зәрдің аз мөлшері бар. Шырышты қабығы қалың емес, тегіс, ылғалды, бозғылт-қызыл түсті.
Талақ: Тіліп қарағанда қан молайып қанталаған, сәл еті жұмсарған.
Бауыр және көк бауыр 1,5 есе үлкейген,түрлі қан кетулер байқалады, өлеттпенген ошақтар байқалады
Кеуде қуысының лимфа түйіндері: Бронхиалды және орта қабырғалы лимфа түйіндері қызыл түсті, үлкейген,ісінген, шырынды.
Бауыр және көкбауыр 1,5 есе үлкейген,түрлі қан кетулер байқалады, дистрофиялық ошақтар байқалады .
Бас миы мен жұлын: Бас миысерпімді консистенциялы, сұр-ақ түсті, сұр және ақ зат арасындағы шекара жақсы көрінеді.Мидың қатты және жұмсақ қабықтары зақымданусыз. Ми мен жұлын мидың қан тамырларына қан кетуімен, бас миы заттарының жеңіл ісінуіне көңіл бөлінеді

1.3 Қорытынды бөлім.
Паталогиялық - анатомиялық диагноз:
* Геморрагиялық диатез.
* Сероздық конъюнктивит және қабақтың ісінуі
* Серозды фарингит және тонзиллит
* Жіті катаральді гастроэнтерит
* Брониальды және шашыранды лимфа түйіндерінің серозды қабынуы
* Жіті катаральды бронхопневмония
* Гисто - іріңді емес лимфоцитарлы энцефолит (мидың барлық бөлігінде).
Қосымша зерттеулер
Зертханалық зерттеулер. Патологиялық материял ретінді: жұлын, ми бөліктерінен, көкбауырынан, бауырынан, өкпесінен алынған кесінділерді шыны ыдысқа салып жіберіледі. Патологиялық материалдан биосынама дайындап зерттеу барысында қояндарды немесе жас мысықтарды жұқтырады. Зертханалық жануарларға зерттелетін материалдың суспензиясын бұлшықет ішіне енгізу кезінде 3 күннен кейін Ауески ауруының типтік көрінісі (қозу, қышу, тарақ) пайда болды.
Биопробаның нәтижелері негізінде тәжірибелі жануарларға Ауески ауруы анықталды
Өлім себебі туралы соңғы қорытынды:
Жиналғананамнездерге, паталогиялықанатомиялықөзгерістерін е, қосымшазерттеулердіңнәтижелеріне, белгілерінесүйенеотырып, Ауескиауруынатән деген қорытындыға келдік. Соңғы диагноз тәжірибеліжануарлардыжұқтырудыңнәти желерінегізіндеқойылады
ІІ. Анықталғанаурудыталдау
2.1. Аурудың қысқаша анықтамасы
Ауески ауруы - жіті өтетін, өкпе қабығын зақымдайтын, орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен, жануарлардың қатты қышынуымен сипатталатын жануарлардың жұқпалы ауруы.
Қоздырушысы-Suid (alpha) herpevirus - герпес туыстығына жататын ДНҚ құрайтын вирус. 180-190нм мөлшеріндегі ересек вириондардың сыртын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстардың аспергиллезінің шаруашылыққа тигізетін зияны
Сальмонеллез ауруы жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы
Амилоидоз (мәні, себептері, амилоидозды анықтау әдістері)
Шошқа тілмесін зерттеу
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде жылқылардың жұқпалы анемиясының шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау және жарып-сою хаттамасын жүргізу
Жылқылардың инфекциялық анемиясының шаруашылыққа тигізетін зияны
СОЙЫЛҒАН МАЛ ӨЛЕКСЕСІНЕ ЖАСАЛҒАН ПРОТОКОЛ
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде ірі қара малдың колибактериозының шарушылыққа тигізген зияны
Обаның вирусын эпизоотологиялық, профилактикалық, диагностикалық және емдеу жолдарын анықтау
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде құстардың сальмонеллезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау
Пәндер