Ірі қараның эхинококкозы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет
Ветеринариялық санитария кафедрасы
Курстық жұмыс
Пән: Жануарлар патологиясы.
Тақырыбы: Ірі қараның эхинококкозы.
Орындаған:Ктанова Ұ.Б. Тексерген: Икимбаева Н.А.
Топтың студенті: ВМ-305
Қолы:_________ Қолы:___________
Өткізген күні:_________
Комиссия:____________ Қолы:____________
Баға:________________
Семей 2016 жыл
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЖОСПАРЫ:
I. Кіріспе
II. Өлексені патологоанатомиялық сою кезінде жасалатын хаттама
III. Анықталған ауруды талдау
1. Аурудың қысқаша анықтамасы
2. Этиологиясы
3. Патогенезі
4. Патологиялық - анатомиялық өзгерістері
5. Өсіп, өнуі
6. Эпизоотологиясы
7. Аурудың өрбуі
8. Сырт белгілері
9. Анықтау
IV. Қортынды.
V. Әдебиеттер тізімі.
VI. Қосымша.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында елбасымыз ауыл шаруашылығындағы мәселелерді де елеусіз қалдырмады. Өз сөзінде Мен 20 жылдан артық күш-жігерім мен халқыма қалтықсыз еңбек етіп келемін. Осы жылдары мәртебемізді көтеріп, мерейімізді асырған барша жетістіктеріміз - біздің ортақ табысымыз. Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады. 2016 жылдың өзіңде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең. Мемлекет бұл мақсатта 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі. Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналды. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санының көбейтуге мүмкіндік береді,- деп аяқтады.
Сол себепті малдардың қауіпті ауруларға шалдығуының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Міне осы тұрғыдан қарағанда алдынғы кезде елімізге жетіспеушілік тудыратын мал өнімін көтеру, бұл ет және ет өнімдері мен мал өнімдері. Қатерлі ауруға тек бір - екі бас мал ғана емес, көптеп малдардың топ - тобымен ауруы; ауыр жағдайда көмек көрсетіліп үлгермегенде ауру малдың кенеттен өлім жітімге ұшырауы; аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы; жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы; жедел көмекке; емдеп жазуға жұмсалатын қаражат шығындары; адам күші, оларға төленетін жалақы. Міне осы сияқты тағы басқа да шығындар шаруашылықтардың, ветеринария қызметкерлері мен жеке қожалықтардың, сондай - ақ ветеринариялық зертханалардың экономикалық жағдайына елеулі әсерін тигізері сөзсіз.
Ұлан байтақ Қазақстан республикасының жерінде бытыраңқы орналасқан көптеген мал шаруашылықтарында малдардың ішінде әр түрлі қауіпті аурулар жиі кездесетін жағдай. Өзімізге белгілі ветеринарияның ауыл шаруашылығындағы рөлі - жануарларды әр түрлі қауіпті аурулардан сақтап, ауыра қалған жағдайда, емдеу, алдын алу шараларын жүргізу арқылы адамға және жануарларға ортақ аурулардың тарап кетпеуін қадағалау.
Соның ішінде ветеринариялық - санитариялық сараптау - тамақ өнімдерінің (ет, сүт, балық, жұмыртқа, бал т.б) және шикізаттар (тері,сүйек, ішек қарындар), сондай-ақ кейбір өсімдік өнімдерінің санитариялық - гигиеналық әдістерін зерттеуге арналған ғылым. Ветеринариялық - санитариялық сараптаудың негізгі мақсаты - адамдарға қауіпті тағам өнімдері аурудың көзі болатын немесе жануарлар арасында жұқпалы, инвазиялық аурулардың таралуына жол бермеу.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылық малдарының ауруға шалдығуы, олардың ағзаларындағы қауіпті бактериялар, вирустар мен паразиттер малдың өсім төлдерін, тіпті адамдарды да өнімдері арқылы (сүт, ет, май, ірімшік, айран) ауруға шалдықтыруы мүмкін. Кей кезде індетті аурулардан келетін шығындар, еліміздің экономикалық шығындарынан да асып түседі.
Ауру ағзаның, әсіресе созылмалы аурулардың түрінде ауру малдың резистенттілік қабілеті әлсірейді де, олардың індетті, тоғышарлық, көбінесе жұқпалы емес ауруларға қарсы тұру қабілеттілігін нашарлатады. Сондықтан ондай малдарда бір аурудан басқа аурулармен қабаттасып асқынған түрлері жиі кездеседі. Көп жағдайларда мал мамандары, күтуші, бақташы, адамдар аурудың табиғатын терең білмегендіктен дұрыс диагноз қоя алмай қалуы жиі кездеседі.
ІІ. Өлексені патологоанатомиялық сою кезінде жасалатын
ХАТТАМА № 1
Түрі: Ірі қара
Жынысы: Сиыр
Тұқымы: ақ бас қызыл қасқа
Жасы: 4 жас
Түсі: қызыл қасқа
Ерекше белгілері: Оң жақ құлағында ойық ені бар.
Салмағы :150кг
Жеке номері:00327896
Мал иесі:Қуанышбаев Б.
Өлген күні:05.12.16ж
Өлексе сойылған жері: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің прозекториясында 06.12.16ж сойылды.
Союшы: Мубарак Д. Манарбекқызы Қ.
Өлексені союға қатысқандар: шаруашылық бухгалтері Амангелдінов Е, меңгерушісі - Рамазанов М.
Өлім қай жерде болған: Қарабұлақ ауылы "Жылбұлақ" шаруа қожалығы
Мал қашан ауырған: 05.12.16ж малдың тәбеті қашқан, дене температурасы
+41,5 с дейін жеткен. Мал шөлдей береді, әлсіз, көп жата береді. Мал бірте-бірте арықтап, майынан айырыла бастады. Күйіс қайтаруы нашарлап, ас қорытуы бұзылып, кейде іші кебеді.
Қандай ем қолданды: Малдың эхинококкозын дәрі-дәрмекпен немесе оташылдық жолмен емдеудің әдіс - тәсілдері бүгінгі таңда әлі табылған жоқ.
Малдың тірі кезіндегі диагноз:Ірі қараның эхинококкозы.
СИПАТТАУ БӨЛІМІ:
Өлексе белгілері: Өлексе температурасы қоршаған орта температурасынан төмен. Өлексе сірескен (буындары күш көмегімен ғана бүгіледі). Өлексе жатқан жағында жүнінің астында теріде көк түсті қомақты дақтар көрінді. Алдыңғы аяқ буындары ісініп кеткен. Қынап қызарып, сыртқа шығып кеткен. Өлексе қампиып кеткен, шіріген иісі бар. Өлген немесе лажсыз сойылған малдың өкпе- бауырын көптеген эхинококк көпіршіктері басқан, сырты кедір-бұдыр, кейде ларвоцисталар сыртынан білінбейтін, ағзаның терең қабатына орналасады. Ондай да мүшелерді кескенде ішінен бершімектер шықты. Олардың көлемі әрқилы, бұршақтың үлкендігіндей, жұмыртқадай, тіпті нәресте басындай болады. Ал эхинококкпен бүлінген өкпе- бауырдың түрі өзгеріп, ұлғайып, салмағы ауыр келеді.
2. Көз қыры ісінген, мүйізді қабығы тұманданған, көздің айналасы ылғалды.
3. Тісі, қызыл иек, таңдай, тіл өзгеріссіз.
4. Мұрын қуысынан серозды-іріңді, серозды-кілегейлі ақпа байқалады. Құлақтары өзгеріссіз.
5. Жыныс мүшелері: Іш тасталған. Қынаптың кілегей қабығы қызарып, қалыңдаған, бетіне сұрғылттау-қызғылт созылмалы зат шөккен. Жатыр ұлғайған, жұмсарған, кілегей қабығы қалыңдаған, іріңді-катаралді қабыну жағдайында. Қабырғасында өліеттенген карункулдар көрінеді. Қалыңдаған кілегей қабырғасы хорионның арасында фибрин араласқан сұрғылт сұйықтық жиналған. Ұлғайған карункулдар нүктелі және жолақ қанталаған. Хорионның бүрлі бөлігі қалыңдаған, нүкте қанталаулар көрініп тұр, бетіне сарғыштау-қоңырқай зат шөккен. Бүрлер қысқарған.
6. Жүні: терісінің әр жерінде қылы түскен. Сол жақ мүйізі сынған, тұяқтары өзгеріссіз.
7. Терісі және тері асты шелі: терісі бүтін. Тері астында тығыз түйіндер пайда болған.
8. Желіні: тығыз консистенциялы. (14) бөлігі зақымданған. Кесілген жердің түсі сары-қызыл түсті. Сүт жолдарында қызғылт түсті, іріңді, сұйықтық жиналған. Қантамырларында қан іркілген. Желін терісі қызарған. Безді ұлпасында майда, тарыдай, тығыз түйіршіктер табылды.
9. Бұлшықеттер: бұлшықеттері қошқыл қызыл түсті.
10. Сүйектер мен буындары: Сүйектері өзгеріссіз. Буындар жуандаған. Буын қабы сарысулы-фибринді жалқаққа толған.
11. Құрсақ қуысы: 50 мл мөлшерде кошқыл қызыл сұйықтық табылды.
12. Көкеті: көк ет күмбезі 13 қабырға деңгейінде.
13. Құрсақ қуысының ішіндегі органдар анатомиялық дұрыс орналасқан.
14. Құрсақ көк шандыры, шырбысы: ошақты кызарулар мен қызыл дақтар көрінеді. Сонымен қоса, олардың бетіне фибрин шөккен.
15. Өңеш және жұтқыншақ: өңеште көзге көрінерліктей өзгеріс жоқ. жұтқыншақтың кілегей қабығы көгерген реңі бар қызғылтым.
16. Қарын:
Мес қарын - кілегейлі және серозды қабаты жағынан сұрғылт-күлгін түсті. Іші жынға толы. Қабырғасы қалыңдаған. Нүктелі қанталаулар айқын көрініп тұр.
Кітапша қарын- кілегейлі және серозды қабаты жағынан сұрғылт-күлгін түсті. Ішінде жем қалдығы бар.
Тақия қарын- кілегейлі және серозды қабаты жағынан сұрғылт-күлгін түсті. Ішінде жем қалдығы бар.
Ұлтабар- кілегей қабығы қалыңдаған, қызарған. Нүкетелі қанталаулар табылды. Сұйық және жартылай сұйық азықтық массасы бар.
17. Ішек:
Он екі елі ішек: кілегей қабығы қалыңдаған, қызарған. Нүкетелі қанталаулар табылды. Пейер жолақтары мен солитарлы фолликулалардың көлемі ұлғайған, қызғылт түсті.
Ащы ішек: Ішкі бетіе қызғыт түсті, қалыңдаған. Нүктелі қанталаулар табылды.
Мықын ішек: кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Жуан ішек: кілегей қабық қызарған, қалыңдаған. Іші нәжіске толы.
Тік ішек: Кілегей қабығы ақшыл сұр. Кілегей қабықта ұсақ қанталаулар көрінеді.
18. Бауыр: қантамырлары қанға толып, соның есебінен көлемі ұлғайған, қошқыл түсті. Бауырды тіліп ашып қарағанда паренхимасында майлануға ұқсас түзілістер табылды. Тығыз консистенциялы., ұсақ сарғыш-қызыл түсті некроз ошақтары бар. Өт қабының қабығы сәл қалындаған, қызғылт тартқан. Оны қысқанда өт ішек саңылауынан бөгелусіз ағады. Кескенде қан ағады, шеттері бірікпейді.
19. Бүйрек: Вена қан тамырлары кеңейіп, қанға толған. Көлемі ұлғайған. Фиброзды қабығы ұлпадан қиын ажыратылады. Қыртысты қабатында нүкте тәріздес қызыл дақтар көрінеді. Ондай дақтар бүйректің сыртқы қабатында да байқалады. (теңбіл бүйрек). Бүйрек шумақтары қабынған. Бүйрек қабында қан түйіршіктері араласқан экссудат жиналған.
20. Қуық: мөлдір несепке толған. Қабырғасында нүктелі және жолақты қанталаулар бар.
21. Көкірек қуысы: 20-25 мл.қошқыл-қызыл түсті сұйықтық анықталды.
22. Сір қабық: тегіс, жылтыр, көк реңі бар қызыл түсті, нүктелі қанталаулармен ерекшеленеді, фибринозды дақпен көмкерілген.
23. Көмей мен кеңірдек: кілегей қабығында нүктелі қанқұйылулар білінеді.
24. Өкпе: Ұсақ зақымданған аймақтар табылды. Зақымданған аймақтар тығыз. Өкпе ұлпасы қызарған. Өкпені қысқанда мөлдір емес, көпіршігі жоқ сұйықтық шықты. Зақымданған аймақтардың айналасынан қою көк түсті және ашық түсті аймақтар көруге болады.
25. Жүрек қабы: 20-25 мл.қошқыл-қызыл түсті сұйықтық анықталды. (транссудат), Қызарған, нүктелі қанқұйылулар білінеді.
26. Жүрек: жүрек жұмыр формалы, ішінде ұйымаған кою қошқыл түсті қан бар. Оң қарынша қабырғасының сол қарынша қабырғасына қатынасы 2:4, Эндокард тамырлары қанмен толған. Эндокардта нүктелі қанқұйылулар білінеді. Эндокардта, әсіресе, жүрек қақпақшаларымен түйіскен жерінде, сұрғыт түсті, сүйелге ұқсас түзілстер табылды. Олар тығыз консистенциялы, сұрғылт сұйықтыққа толы.
Миокард қалыңдаған, ашық қызыл түсті. Болбыр. Кесіп қарағанда кескіні көмескі. Инфильтрат жиналған. Нүктелі қанқұйылулар табылды.
Жүрек қақпақшаларының үстінде де бұндай өзгерістер табылды.
Жүрек қақпақшалары сұрғылт түсті, жылтыр тегіс, жуандаған. Бетінде тромботикалық жалқақ жиналған.
27. Талақ қантамырлары қанмен кернеліп, талақ 3-4 есе ұлғайған, қызыл-қоңыр түсті, қан іркілген. Талақ капсуласының астында туберкулез төмпешіктеріне ұқсас тарыдай түйіндер кездеседі. Талақтың орта тұсында ақ-сұр түсті, тығыз консистенциялы ұсақ гранулеммалар кездеседі. консистенциясы тығыз. Шеттері жүмырланған, қолмен ұстағанда жұмсақ. Саусақтарды қаттырақ басқанда пульпасының езілгені сезіледі. Кескенде шеттері бірігеді.
28. Эндокринді бездер: Қалқанша және қалқанша маңы безі: ашық қоңыр түсті, бөліктерге бөлінген.
29. Лимфа түйіндері: Бездердің қан тамырлары қанға толып, көлемі ұлғайған, сұр-қызғылт түсті, болбыр. Лимфа түйіндері домбықан, іріңді сұйықтық жиналған, көлемі ұлғайған, қан тамырлары қанмен кернелген, көкшіл түске боялған. Жақ асты, шап лифа түйіндері қанталаған. Көлемі ұлғайған, тығыз, түсі қошқыл қызыл, кескенде суреті анық емес, шеттері бірікпейді.
Іш тасталған төлді сою:
Серозды және кілегейлі қабықта көптеген нүктелі-жолақты қанталаулар; тері асты қабатында, әсіресе, кіндік тұсында, серозды немесе серозды-геморрагиялық инфильтрат; лимфа түйіндері мен талақтың ұлғаюы; лобулярды іріңді-катаральды пневнония; бауырдағы некроз ошақтарын; ұлтабардағы лайлы сұйықтықты көруге болады.
Патологиялық-анатомиялық диагноз.
1. Буаздықтың ІІ-кезеңінде іш тастау
2. Лобулярды іріңді-катаральды пневнония
3. Іріңді катаральді мастит
4. Жіті катаральді гастроэнтерит
5. Іріңді-некрозды эндометрит
6. Фибринозды бурсит
7. Жіті серозды лимфаденит
8. Продуктивті миокардит
9. ұлғайған (септикалық) талақ
10. бүйректегі веналық гиперемия және серозды - геморрогиялық гломерулонефрит
11. бауырдың жіті веналық гиперемия және гепатоз
ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ:
Жатыр: карункулдар крипталарының қабырғасы қалындаған, гиалинозға ұшыраған.
Желін: интерстицийлік қабынған, плазмоциттер, бірен-саран нейтрофильдер, мен эозинофильдер араласқан полиморфты торшалар шоғыры көбейген. Желін альвеолаларының эпителиоциттері белокты, майлану дистрофиясына ұшыраған.
Бауыр: купферлік торшалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz