Өлексені сою барысында жазылған паталогиялық-анатомиялық хаттама


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

І. Өлексені сою барысында жазылған паталогиялық-анатомиялық хаттама

1. 1 Кіріспе бөлім

Мал түрі: Ит

Жынысы: төбет

Тұқымы: тазы

Жасы: 2 жас

Түсі: сары-ала түсті

Ерекше белгісі: жоқ

Мал иесі: Дәулетов Қуантқан

Мекен-жайы: Абай к-сі 97 үй

Өлген күні: 18. 11. 2018ж

Сойылған күні: 19. 11. 2018ж Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университетінің прозекториясында

Союшы: Сұлтан Нұрғазы

Өлексені союға қатысқан адамдар: Кемелбай Нұртуған, Шідербаев Айдар, Нұртөлеуов Нұрсұлтан

Мал қашан ауырған: Ит иесі Дәулетов Қуантқанның айтуы бойынша, иттің алғашында тәбеті төмендеп, дене қызуы көтерілген. Ит қалшылдап, дірілдеп, жасқаншақтанып, жиі-жиі түшкіре берген. 2-3 күн өткен соң ит танауынан іріңді сора ағып, мұрыны бітеліп қалған. Тынысы жиелеген, көзінен іріңді сора ағып иттің көздері ашылмай қалған. Ақыры соңында ит әбден әлсіреп өлген. Және бұл ауырған итке ешқандай емдік шара қолданылмаған.

Қысқа анамнез: Ешқандай ем қолданбаған. Ит иесінің үй-жайында өлді.

1. 2 Сипаттау бөлімі

  1. Сыртқы көрінісі.

Өлексенің жалпы сипаттамасы: Ит өлексесі оң жағымен жатыр, арықтаған, алдыңғы артқы аяқтары созылып жатыр. Ерекше белгілері жоқ. Іші қабысқан. Өлексе суыған және өлексенің температурасы сыртқы ауаның температурасынан төмен. Өлекседе сіресу белгілері байқалады. Өлексенің алдыңғы аяқтары мен артқы аяқтары ұзынынан созылған қалпында сірескен. Ауыз қуысы ауыр ашылады. Жақ еттері сірескен. Барлық денесі сіресіп, қатайғандықтан ешбір буыны бүгілмейді.

Терісі : Өлексе жатқан жағында түксіз теріде дақтар мен сулы күлдіреуіктер. Ерін, танау, көз маңында кепкен жалқаяқ, үлкенді-кішілі ойылымдар. Жүні теріге жақсы бекіген, құрғақ, жылтырлығын жоғалтқан.

Тері астындағы шелі: тері асты шелінде қызару пайда болған, қан шоғырланады, олар ұсақ қызыл нүктелер түрінде кездеседі. Теріде қанталаулар басып кеткен. Терісін сыпырғанда иттің құлақтарында, арқасында, аяқтарында, іштерінде қызыл бөртпелер көрінеді. Эластикалық қасиеті бұзылған, созылмалы. Тері туындыларының консистенциясы қатты, түсі қара-қоқшыл.

Дене құрылысы: Дұрыс.

Қоңдылығы: Өте төмен.

Көзге көрінетін кілегей қабықтары мен көздің жағдайы: көздің қасаң қабығы қоңырқай-сарғыш түсті, көздерінде қоңырқай түсті іріңдеген, кілегей қабаты сарғыш түсті, көздің ішкі және жиегінде сарысулы сұйықтық жиналып, қара-қошқыл қабыршақ пайда болған. Ауыздың, танаудың кілегейлі қабықтары бозғылт, іріңді сора көрінеді.

Бұлшық еттері мен сіңірлері: бұлшық еттері бүтін, болбыр, көкшіл түсті, сіңірлері бүтін.

Сүйектер мен буындар: сүйектері бүтін, жарылған жоқ анатомиялық тұрғыдан алып қарағанда орналасуы дұрыс. Буындарын кескенде жылтыр сарғылт түсті созылған буынаралық сұйықтық ақты.

Сыртқы сөл бездері: шымқай қызыл немесе қап - қара, тіліп қарағанда теңбіл мрамор тәрізді. және майлы шұжыққа өте ұқсас. Кей жерлері қошқыл қызыл, кей жерлері сұр. Бездердің шеті қошқыл-қызыл түсті, сақина тәрізді.

Сыртқы жыныс мүшелері: Табиғи тесіктерден еш сұйықтық ақпаған.

  1. Ішкі қуыстар мен мүшелерді зерттеу.

Ауыз қуысы: кілегей қабықтары бозғылт, қанталаған майда жолақты дақты қанталаулар кездеседі, мұндай өзгерістер көмей мен тілде де байқалады.

Тіл: қанталаған, тіліп қараған кезде қан араласқан сұйық шығады. Көлемі ұлғайған, кілегей қабатында дақты қанталаулар кездеседі.

Өңеш: кілегей кабықтарында жолақты дақты қанталаулар кездеседі.

Танау мен мұрын қуысы: кілегейлі қабаты ақшыл сары түсті қоймалжың затпен көмкерілген, құрғақ, бозғылт түстес.

Кеңірдек және көмей: Кеңірдектің кілегейлі қабаты - қызарып канталаған, қышқыл-қызыл түсті. Көмекейдің кілегейлі қабығы қызарып, домбыққан. Түсі қошқыл-қызыл. Қан араласқан жалқаяқ кездеседі.

Көкірек қуысы: Көкірек қуысында мүшелердің орналасуы анатомиялық жағынан дұрыс, мөлдірленген сұйық көрінеді, онын көлемі 35-40 мл-дей. Сөл түйіндері екі-үш есе ұлғайған, қанталаған. Тіліп қарағанда мәрмәр тәрізді болады. Шеттері бірікпейді.

Өкпеде: Өкпесі, бронхылары қанға толған, ұлғайған, тығыздалып, қоңыр түске енген, талаққа ұқсайды. Суға салса тастай батады. Өкпе капиллярлары кеңейген, қанға толған, қабырғаларының өткізгіштік қасиеті артқан. Кесіп көргенде тілік бетінен лайсаң сұйық, ал бронхылардан созылмалы кілегей шығады. Сондай-ақ көлемі көк нәр дәніндей ақшыл-сұр түсті некроз ошақтары кездеседі. Суға салғанда ауыр батады.

Бездер : Қатты ісінген.

Жүрек : көлемі ұлғайған, ол солғын тартып сұрланған, ыстық суға малынған етке ұқсайды, жұмсарған, тілік беті табиғи кескінінен айырылған. Қарыншалары мен жүрекшелері сұйыққа толы, 1:3 ара қатынасынан біршама өзгерген. Жүрек қабында сарысу жиналған.

Миокард жұмсарып сары сұрғылт ошақтар дамып, майда қанталаулар байқалады.

Эпикардта нүктелі канталаулар көрінеді.

Перикардта серозды-фибринозды эксудат жиналған.

Құрсақ қуысы : Құрсақ қуысының ішіндегі мүшелері дұрыс орналасқан. Ішперде тығыз, жылтыр. Шажырқай тамырлары жақсы көрінеді, қан құйылған.

Көк ет: тығыз, жылтыр, тегіс.

Мес қарын: көптеген ұсақ қанталаулар байқалады, торланып қанталаған, үстін қызғылт түсті кілегей зат басқан.

Кітапша қарын: көптеген ұсақ қанталаулар байқалады, торланып қанталаған, үстін қызғылт түсті кілегей зат басқан.

Тақия қарын: көптеген ұсақ қанталаулар байқалады, торланып қанталаған, үстін қызғылт түсті кілегей зат басқан.

Бауыр: қанға толған, сары түсті, мүше көлемі ұлғайған, ол солғын тартып сұрланған, ыстық суға малынған етке ұқсайды, жұмсарған, тілік беті табиғи кескінінен айырылған. Кескен жері бірікпейді. Қырындысы анық көрінеді.

Өт іркілетін қалта: бірнеше есеге дейін ұлғайған және өт жолдарында қошқыл-жасыл өт бар, кілегей қабығы қанталаған, қызарған, кей жерлерінде майда өліеттенген ошақтар кездеседі.

Талақ: толығымен қанталауға ұшыраған күйде, көлемі өзгермеген және жолақ тәрізді қанталаған. Тілгенде қанды сұйық шығады, шеттері бірігеді. Қырындысы анық емес.

Шажырқай бездері және ұйқы безі: көлемі ұлғайған, қызғылт түсті. Кескенде шеттері бірікпейді.

Он екі елі ішек: кілегейлі қабығы қанмен кернелген. Тегіс емес, қауашақтанған ошақтар кездеседі. Эпителий қабаты зақымдалып, қалындаған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.

Ащы ішек: кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, жылтырлығынан айырылған, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.

Мықын ішек: кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.

Бүйен: құжынаған ұсақ қанталаулар, қабырғасы қалыңдаған және солитарлы фоликулалардың орнында ілгек тәрізденіп қатпарланған.

Жиек ішек: кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.

Тік ішек: кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі. Кілегейлі қабығынан кратер тәрізді бойлай орналасқан, ішіне қан шапшыған ойық жаралар табылды.

Бүйрек: көлемі ұлғайған, ол солғын тартып сұрланған, ыстық суға малынған етке ұқсайды, жұмсарған, тілік беті табиғи кескінінен айырылған. Шекарасы анық емес. Капсуласы оңай шешіледі.

Қуық және несеп шығару жолдары: несеп шығару жолдары мен қуықта көптеген қанталаулар кездеседі. Қуық несепке толы. Кілегей қабықтары қанталаған.

1. 3 Қорытынды бөлім.

1. Паталогиялық - анатомиялық диагноз:

  1. Катаральды - іріңді ринит, конъюнктивит, кератит және іріңді панофтальмит.
  2. Катаральды - іріңді бронхопневмония.
  3. Шажырқай безі және басқа да сөл түйіндерінің серозды лимфадениті.
  4. Катаральды - жаралы гастроэнтерит.
  5. Түйіршікті, майлы гепатоз, нефроз, миокардоз.
  6. Терідегі індетті экзантема (папулалар, пустулалар және қабыршақтар)
  7. Іріңді емес лимфоцитарлы энцефаломиелит.
  1. Қосымша лабараториялық зерттеу.

Алдын-ала қойылған диагноздар “ит обасына” деген күдікке байланысты қойылды, гистологиялық зерттеуге сойылған ит өлексесінің басын, өкпесінің кесіндісін, қуығының кілегейлі қабығы қырындысы мен бүйрек кесіндісін ветеринариялық лабораторияға жібердік.

3 күн өткеннен соң № 123560 жауап келді.

Өлім себебі туралы соңғы қорытынды.

Барлық аталған клиникалық белгілеріне, жиналған анамнездерге, гистологиялық зерттеу нәтижесіне және өлген ит сойындысындағы патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне, қосымша зерттеулердің нәтижелеріне, белгілеріне сүйене отырып, өлім себебі “ит обасы” деген алдын-ала қойылған диагнозымыз расталды.

ІІ. Анықталған ауруды талдау

2. 1. Аурудың қысқаша анықтамасы

Ет қоректілер обасы (Pestis carnivoium) - қызба, тыныс және ас қорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен сипатталатын аса жұғымтал ауру.

Етқоректілер обасының вирусына қызыл түлкі, борсық, қасқыр, иттер сезімтал. Панков В. А (1950-1951) мәліметтері бойынша жасанды жұқтырғанда ет қоректілер обасы вирусына мысықтар мен қояндар да сезімтал екені анықталды.

2. 2. Этиологиясы

Обамен барлық жастағы иттер ауырады, әсіресе күшіктер мен жас иттер өте сезімтал. Вакцинацияланған және обамен ауырған иттер туған күшіктер обамен ауырмайды. Күшіктер туылғаннан кейін екі апта ішінде ауырмайды. Бірақ кейін егілу жүргізілмесе олар обамен ауыруы мүмкін. Иттерге обаны жұқтыру оның тегіне байланысты: терьер, эрдел түріне жататындары обаға қарсы тұру қабілеті жоғары болса, неміс овчаркасы, оңтүстік орыс овчаркасы, сібір лайкасы обаға сезімтал келеді. Иттерде құрт инвазиясы, авитоминоз болып, суық жерде жатса, дұрыс тамақтанбаса оба дамуы мүмкін.

Ауру қоздырушының өзі-ауру және ауырып жазылған аңдар, олар вирусты сыртқы ортаға кенсіріктен, көзден аққан сорамен, сілекеймен, нәжіспен бөліп шығарады. Ауырып жазылған аңдардың организмінде вирус 2-3 айға дейін сақталады. Сау жануарлар көбіне ауру жануарлармен бірге тұрғанда, залалданған жемді пайдаланғанда, тыныс мүшелері арқылы, шағылысу кезінде, дұрыс залалсыздандырылмаған үйшіктерді пайдаланғанда болады. Ауру жылдың кез-келген уақытында шығып, эпизоотия және спорадия түрінде өтуі мүмкін.

Ауруды парамиксовирустар тұқымдастығына жататын, құрамында РНҚ бар вирус қоздырады. Тыныс не азық қорыту мүшелерінің кілегейлі қабықтары арқылы организмнің ішкі ортасына енген вирус көп ұзамай инфекция қақпасынан өңірлік лимфалық түйінге жетіп, өсіп-өнеді де, одан әрі макрофагтармен бірге бүкіл денені жайлайды. Иммундық жүйе мүшелері, бауыр, бүйрек, ми мен жұлын торшалары, эндотелиоциттер зақымданады да, организмнің қорғаныс қабілеті төмендейді. Нәтижесінде қосалқы микроорганизмдер (пастереллалар, ішек таяқшалары, сальмонеллалар, токсоплазма) ауруды асқындыруы мүмкін. Ауруға шалдыққан жануарлардың 30-60% өледі. Жасырын кезең-28 күн.

2. 3. Аурудың патогенезі.

Ит обасының патогенезі толық зерттелмеген. Ит обасының қоздырушысы тыныс, ас қорыту жолына түсіп, кілегей қабық арқылы қанға еніп, барлық мүшелерге таралады. Қызба мен депрессия дамып, тыныс алу және асқорту жолында қабыну процесі басталады. Вирус ми мен жұлынға түсіп, шеткі және орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Вирустық инфекцияға қосалқы бактериялық инфекциялар (сальмонеллалар, эшерихиялар, кокктар) қабаттасып ауру асқынады.

2. 3. Клиникалық белгілер

Карре мәліметтері бойынша итке обаның вирусын жасанды жұқтырғанда инкубациялық кезең 2-4 күнге созылады. Инфекция табиғи жолмен таралса аурудың жасырын кезеңі 2-3 аптаға жетуі мүмкін. Обамен ауыратын иттерде клиникалық белгілер әртүрлі болады. Кей жағдайларда белгілер айқын болса, басқа жағдайларда оба белгілері жасырын өтуі мүмкін.

Ауру белгілері дене қызуының 1-3 градусқа көтерілуімен басталады. 1, 5 айға дейінгі күшіктерде оба дене қызуынсыз өтуі мүмкін. Садовский И. Я 99 күшіктің 03 де 1-ден-1, 5 айға дейін обамен ауырғанда дене қызуы көтерілмегенін, ал 3 айлық күшіктерде қызбанын болатынын байқаған.

Ағза реакциясы ит жасына байланысты. Ересек иттерде дене қызуы қысқа уақытқа көтеріледі.

Оба жіті, жедел, абортивті ағымда өтеді. Жіті ағымда ауру 2-3 күнге созылады. Дене қызуы күрт жоғарлайды, қоректен бас тартады, кома жағдайы дамып, ит өледі.

Жедел ағымда дене қызуы 39, 5-41, 1 градусқа жоғарлайды да осы деңгейде 10-15 күн сақталады, кейде 2-3 күннен кейін төмендеп шамалы немесе ремитирлеуші қызба болады. Бұл уақытта иттің жағдайы тежеледі, кейде шартты рефлекстері жойылады, қалтырау болады. Иттер қараңғы жерге тығылады, тамақтан бас тартады, аз мөлшерде дәмді тамақты жейді, кейде құсады. Мұрынның терісі жарылып, қабыршақ пайда болады. Дене қызуы жоғарлағаннан 1-2 күннен кейін көздің ішкі бұрышынан кілегейлі іріңді жас ағады. Қабақтары іріңмен жабысып көздері ашылмай қалады.

Коньюктивитпен қатар ринит дамиды. Мұрыннан алғашында серозды, сосын іріңді бөлініс ағады. Тыныс алу қиындайды, жөтел басында құрғақ сосын ылғалды болады. Мұрын қышиды, иттер мұрнын аяғымен қасиды. Асқазан-ішек жолдарында катаральды процестер дамып, іш өтуі байқалады. Нәжіс сұйық, сары және сұр-сарғыш түсті, кейіннен қоңыр сасық иісті болады. Нәжістен қан ұйындылары табылады. Тік ішектің кілегей қабатының гемморагиялық қабынуы қысқа мерзімді немесе созылыңқы ағымда болуы мүмкін. Ішектің перистальтикасы жоғарлағанда тік ішек шығуы байқалады. Катаральды гастроэнтеритте тілдің кілегей қабаты ақшыл жабынмен жабылады. Иттер арықтайды. Аурудың алғашқы күндері терінің жүні жоқ бөліктерінде ұсақ қызыл дақ түріндегі бөртпелер пайда болып, 2-3 күннен кейін олар түйіндер мен көпіршіктерге айналады. Көпіршіктер тез жарылып, орнында тез кеуіп түсіп қалатын қабыршақтар қалады.

Көктемде немесе күзде суық мезгілде иттерде пневмония жиі дамиды. Нерв жүйесі аурудың соңына қарай зақымдалады. Осы күзде қысқа мерзімді қозу, шайнау, бұлшық еттерінің жиырылуы байқалады. Кейде парез, сосын артқы аяқтарының салдануы, көп мөлшерлі сілекей бөлінуі болады. Клоникалық және тетаникалық діріл пайда болады.

Ауру 3-4 апта, кейде бірнеше айға созылады. Бұл уақытта дене қызуы біртіндеп төмендейді, іш өтуі мен жөтел анда-санда болады, кей иттерде көзінің көруі төмендейді. Осы құбылыстар өмір бойы сақталып қалуы мүмкін.

Кей иттерде жағдайы жақсарғаннан 5 және 2-3 аптадан кейін аурудың кенет өршуі мүмкін. Аурудың қайталануы ауыр өтеді, көп жағдайда өлімаяқталады. Обаның абортивті ағымы 1-2 күндік ағыммен сипатталады, біраздан кейін ит сауығып кетеді.

2. 4. Паталогиялық - анатомиялық өзгерістер

Ауру 2 түрде өтеді: жіті және өте жіті. Өте жіті түрінде патологиялық-анотомиялық өзгерістер нашар байқалады. Мұндай жағдайларда жүрек маңындағы қалтада серозды сұйықтық көптеп жиналады және жүрек бұлшық етінде аздаған қанталаулар көрінеді. Тыныс алу жолдары мен асқазан ішек жүйесінің кілегей қабықтары гиперемия және катаральды қабынуға шалдығады.

Ал жіті түрінде тыныс алу жүйесі, танау мен кеңірдектің кілегей қабықтарында іріңді-катаральды эксудат табылады. Бастапқы кезеңде ауру катаральды пневмониямен өтсе, артынан катаральды-іріңді пневмониямен асқынады. Қабыну өкпенің алдыңғы ортаңғы және краниальды бөліктерін қамтиды. Кейде аздаған бронхопневмониялық ошақтар өкпенің барлық жерінде көрінеді. Аурудың ерте кезеңінде экссудатта эритроциттер, лейкоциттер және лимфоциттер болуы мүмкін.

Везикулезді немесе пустулезді дерматит байқалады, ерекше құрсақ маңында. Пустулалар мен везикулдар эпидермистің мальпигий қабатында дамиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа обасы туралы
Қой эймериозы
Патанатомиялық өзгерістер
Жылқы делафондиозы
Торайлардың Ауески ауруы
Қойдың сібір жарасы ауруының мәнін, даму механизмін білу,оны басқа аурулардан ажырату және емдеуге келмейтін жағдайларда өлекседегі өзгерістер
Жануарлар патологиясы. Жылқы делафондиозы
Жануарлардың патологиялық анатомиясы
Құс өлер алдындағы клиникалық белгілері
Ірі қараның лептоспирозы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz