Буаздық ісігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Мал дәрігерлік акушерлік және гинекология пәні бір-біріне байланысты екі ғылымнан тұрады.
Мал дәрігерлік акушерлік пәні (франц. тілінен accoucher - босану) - мал дәрігерлігінің клиникалық саласы болып саналады, ол жыныс процесстерінің қалыпты жағдайы және түр өзгерістері туралы сұрақтарымен айналысады. Бұларға ұрықтандыру, ұрықтану, буаздылық, туу, туудан кейінгі уақыт, сүт безінің және жаңа туған төлдердің аурулары сияқты сұрақтары жатады.
Өндіру жұмыстарын жүргізу кезінде негізгі мақсат әрбір аналық малдан неғұрлым көп мөлшерде төл алып оны сақтау. Көп жағдайда бұл мақсатқа жету жолында аналық малдардың репродуктивті функциясының бірнеше ауытқулары, яғни аз ұрықтылық, бедеулік, іш тастаулар, өлі туған төлдер немесе туған төлдердің өмірсүргіштігінің төмендігі сияқты көріністер кедергі жасайды. Осы ауытқулар ұйымдастыру-шаруашылық және зоотехникалық кемшіліктер (малдарды асырау, ұстау және пайдалану, ұрықтандыру тәртіптерін бұзу т.б.), сонымен қатар өндіру жұмыстарының тиісті мал дәрігерлік бақылауының болмауынан туады.
Буаздық ұрғашы малдың организмінде өте күрделі өзгерістер туғызады. Әрбір органның қызметі ауырлап оған күш түсе бастайды, бұрынғы ескі ауыруларын қоздырады. Бағып - күтімі, азықтануы нашар болса, мал буаздықты көтере алмай ауруға шалдығады. Кейде, тіпті, барлық жағдайы дұрыс болып тұрып та буаз мал ауыруға шалдығады, оның себебі организм буаздықты қаламайды. Оған қарсы реакция туғызады. Мұндай ауруларды буаздықтың токсикозы деп атайды.
Сөйтіп, ұрғашы малдың организіміндебуаздық кезде, туу кезінде және туғаннан кейінгі кезеңде пайда болған ауруларды акушерлік аурулар деп атаймыз.
Буаздық кезде көбінесе: Буаздық ісігі, буаз малдың жатып қалуы (буаз - көтерем), невропатия, гепатопатия, эклампсия, остеомоляция, қынаптың түсуі, жатырдан қан кету, мезгілсіз толғақ, жатыр жарығы, жатырдың бұралуы, іш тастау, жатырдан тыс буаздық т.с.с. аурулар кездеседі.

ІІ.Негізгі бөлім
Буаздық ісігі - деп буаз малдың туар алдында бір ай шамасы бұрын артқы аяқтарында, қарынының астыңғы жағында пайда болған ісіктерді айтады. Аурудың себептері көп-ақ, ең алдымен, жем-шөптің құнарсыз болып жетіспеуі, буаз малдың күнделікті серуенге шықпауы, жүрек, бүйрек аурулары (миокардит, нефриттер). Соның салдарынан қан айналым қызметі әлсіреп, қан тамырларының ішкі қысымы артып, қанның сұйық бөлігі қан тамырларынан сыртына сүзіліп шығып, көбінесе, тері асты клетчаткасына сіңіп жинала береді де, үлкен болып жиналған салқын ісіктерге айналады. Бұл ісіктер ауырмайды, бармақпен басып көргенде терең шұңқырлар қалады. Мұндай мал тез шаршайды, ентігеді. Ісінген жерлері бірдеңеге соғылып зақымданса, тез іріңдеп кетеді. Мұндай ісіктер көбінесе, мал туғаннан кейін 5-10 күн ішінде өздігінен жазылып кетеді.
Туғанға дейін малдың ісінген жерін күнде ақырындап уқалап массаж жасайды, малды серуенге шығарып, сұйық азықты (көжені) азайиып жоғары сапалы пішенмен азықтандырып отыру керек, кейде венаға хлорлы кальцийдің 100-150мл. 10% ертіндісін құяды.
Нефропатия. Бұл ауру көбінесе, сиырларда кездеседі, негізінен бүйректің қызметі бұзылады, зәр құрамына белок тоқтаусыз өтіпкететін болады(нефроз). Аурудың негізгі себебі төлдің өсіп дамуына организмнің көрсеткен қарсы реакциясы, оған қосымша буаз малдыңазықтандыруы, бағып күтуі нашар, рационда құрама жемнің көп болуы зиян. Ауру малдың жалпы жағдайы нашарлай береді, зәрінде белок, бүйрек эпителиінің көшіп түскен торшалары болады. Малдың зәр шығаруы сиректейді. Ауру малды емдеумен қатар оның рационын реттеу керек, атап айтқанда, құрама жемді, тұзды, суды азайту керек. Венаға 100-200мл 40% глюкозаны хлорлы кальцийдің 100-150мл 10% ертіндісімен қосып жіберген тиімді.
Гепатопатия. Ауру көбінесе, сиыр мен саулық та кездеседі. Аурудың өршуіне негізгі себеп іштегі төлдің бөліп шығарып жатқан неше түрлі заттардың бауырға тигізетін зиянды әсері, яғни мұны да ана организмінің төлдің өсіп - дамуына көрсеткен қарсы реакциясы деп түсіну керек.Оған қосымша рационды көмірсулар мен дәрумендердің жетіспеуі, құрама жемнің көп берілуі зат алмасу үрдісін бұзып организмнің резистенттігін төмендетеді.
Алғашқы кезде малдың әлсіздігі, тез шаршайтындығы, жемшөпке тәбеті нашарлап, ас қорту органдарының қызметі баяулайды, бауырының тұсынан түрткілеп көргенде сиыр ауырсынады, көзі, ауызының кілегей қабықтары сарғаяды. Ауруды емдемей өз бетінше жіберсе, әбден асқынып, мал аутоинтоксикатцияданөлуі мүмкін, сондықтан шұғыл емдеу шараларына кірісу керек. Ең алдымен рационнан жемді алып тастап, орынына шырынды азықтарды қосады. Күніне бір рет венадан 200-400 мл. Глюкозаның 40% ертіндісін, 100-150 мл. хлорлы кальцийдің 10% ерітіндісін кофеинмен қосып салады, ауызынан 0,5 кг қантты 2 л суға езіп ішкізеді.
Буаз - көтерем (paraplegia-gravidarum). Буаз мал тууға 1,5-2 ай қалғанда аяғынан тұра алмай жатып қалады. Ауру көбінесе, сиырларда қыстыкүні, көктемде кездеседі. Аурудың нақтылы себебі әлі анықталған жоқ, дегенмен малдың жемшөптен қысылып, сыртқа шықпай бір орында ұзақ ұсталуы, суыққа шалдығуы әсер етуі мүмкін.
Алғашқы кезде сиырдың жүргенде теңселгендігі байқалады, кейіннен жатып - тұруы қиындап, бір жерден екінші жерге сүйретіліп жылжитын болады. Жемшөпке тәбеті бұрынғыдай,дене қызуы да қалыпты жағдайда. Туғанға дейін шыдаса, туғаннан кейін 1 - 2 аптаның ішінде тұрып кетеді. Ал енді көп жатып қалса ас қорыту органдарында атония, тимпанияболып, жатқан жағы тесіліп, ақыры интоксикациядан, не болмаса септицемиядан өледі.
Малды аман сақтап қалуы үшін рационға оңай қорытылатын витамин, минералды заттар, белогі көп заттарды кіргізеді, атап айтқанда, ұннан атала жасап береді, өндірілген сұлы (50-100 гр.), балық майын, сәбіз, құрғақ көк пішен береді. Жаиқан жері жұмсақ құрғақ болуы керек, үстін, аяқтарын, жанбасын уқалап сүртіп 2-3 рет аударылып тұрады. Венаға 100-150 мл. Хлорлы кальцийдің 10% ерітіндісін, 200-300 мл. Глюкөзаның20% дық ерітіндісін кофеинмен қосып жібереді.
В. С. Кириллов малдың төрт емшегінің де үрпісінен 250 мл жаңа сауған сүт жіберген дұрыс дейді.
Остеомаляция (osteomalatiagravidarum).Остеомаляц ия немесе дистрофия,остеопатия деп аталады. Бұл ауру негізінен фосфор - кальций тұздарының алмасуы бұзылғандықтан, минералды заттардың жетіспеуінен болады. Көбінесе, сиыр мен ешкі қысты күндері ауырады. Жем - шөптің сапасы нашар, құрамында калций фосфор аз, каротин - дәрумен Д мүлдем жоқ болып, мал күн көзіне шықпаса, жаппай ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың негізгі белгілері: малдың іші өтеді, лас - сасық суды ішеді, тісі былқылдап түсе бастайды, жүргенде ақсайды, буындары іседі, соңғы құйрық омыртқалары әбден жұқарып жоғары көтергенде бүктеліп тұрады, әлсіз ғана соққыдан аяқтары сынып кетеді.
Емі. Ауруды емдеу үшін алдымен, рационның құрамын жақсарту керек: минералды тұздар, әк, балық майын, дәрумендер, шырша қылқандарының ұнын қосады. Венаға хлорлы кальций ерітіндісін салады.

2.2. Жатыр жарығы
Жатыр жарығы (herniauteri, s hysterocale). Буаз малдың қарын көк еті соққыдан жыртылып жатыр тері астына кетеді. Бұл ауру көбінесе, сиырда, биеде, ешкіде кездеседі. Бұл бүйірі қарынның астыңғы жағы бұлтиып шығып тұрады, ұстап түртіп қарағанда ішінде жиналған шарана суды, кейде төлдің дене мүшелерін сеземіз. Уақыт өткен сайын жатырдың тері астына ығысуы көбейе береді, сыртынан қарағанда, ісік үлкейе береді. Бірақ бұл патология төлдің өсіп дамуына аса көп кесірін тигізе қоймайды, малдың жалпы жағдайы да өзгермейді, тек туу кезінде мал өздігінен туа алмай көп қиналады да, төл тұншығып өліп кетуі мүмкін.
Емі. Ауруды емдеу әдісі табылған жоқ, тек туу актісі басталған кезде төлді тартып шығару керек, қажет болса кесар операциясын жасайды.

Жатырдан қан кету
Жатырдан қан кету (haematometra). Жатырдан қан кету көбінесе, сиыр мен биеде зақымдану салдарынан жиі кездеседі, яғни тепкенде, сүзіскенде, қарғығанда, құлағанда жатыр тамырлары жыртылуы мүмкін. Сырттай қарағанда, малдың сарпайынан қан ағып жүргенін көреміз, қынап ішінде кесек - кесек қан ұйындысын кездестіреміз. Егер қанның ағуы онша көп болмаса, мал ақырындап өздігінен жазылып кетеді, ал енді қанның ағуы тоқтамаса жиналған қан хориондыплацентасымен жатырдың кілегей қабығынан ажыратып жіберуі мүмкін, онда аборт болады.
Қан көп кеткен жыныс жолынан сыртқа ағып шығады. Бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі. Көбінде қан жыныс жолынан аз мөлшерде шығады. Жалпы қан жатырдан немесе қынаптан шыққаннан айырып анықтау үшін қынапқа айна кіргізіп қпрпйды. Жатырдан қан аққан кезде мойын арығынан қан шығып жатқаны және оның қынап ішінде үйығаны байқалады. Егер қынаптан қан ақса, онда айтылған белгілер көрінбейді, сұйық қан жыныс жапсарынан сыртқа тамшылайды.
Емі. Ауру малды көп мазаламау керек, 3-4 күн қатарынан бұлшық етке аскарбин қышқылын (С дәрумені), күре тамырға 150-200 мг хлорлы кальций немесе кальций глюканаты ерітінділерін салады. Сиырға 30-60 бірлік окситоцинді бұлшық етке егеді. 1 пайыздық ихтиол ерітіндісін күре тамырға 150 мл құяды.
Жатырдың бұралуы (torsiouteri). Көбінесе, сиырда кездеседі, бұл патологияның мәні жатыр өз осінен 180-360° градусқа айналып кетеді. Буаздық мерзімі асқан сайын жатыр ұзара түседі де, оны бекітіп ұстап тұрған кең жазық байламның (шарбы) әлі жетпей, мал құлағанда, арықтан қарғып өткенде, жатыр оп-оңай өз осінен айналып кетеді. Сондықтан буаздық мерзімі екінші жартысына ауған малды қуалап айдауға, биік қырдан төмен қарап түсіруге, тар тесіктен сығылыстырп шығаруға болмайды.
Жатыр онша көп бұрылмаса, оның қан тамырлары қысылмайды да буаздық үзілмей аяғына дейін дұрыс жүре береді. Ал жатыр толығымен бір айналып түссе, тамырлар қысылып, қан бармай ішіндегі төл тұншығып өледі.
Жатыры бұралған малдың алғашқы кезде жалпы жағдайы өзгермейді, кейіннен түйнек болған сияқты мал мазасыздана береді, күшенеді, қынаптың кілегейлі қабықтың қатпарлары жатырдың бұралған жағына қарай тартылып тұрады. Тік ішекке қол салып жатырдың бұралып тұрғанын оңай анықтауға болады, оның бір жақ байламы (шарбы майы) тартылып, екінші жағы бос жатады. Жатыр 360°-қа бұралса көп кешікпей-ақ оның қабырғасында некроз басталады да жатыр қынаптан бөлініп түседі.
Бұралған жатырды қалпына келтіру үшін тік ішек арқылы жатырды кері бұрау керек, ол мүмкін болмаса малды тегіс жерге жығып, оны арқасынан жатырдың бұралған жағына өте жылдам аудару керек (Шефер әдісі), тіпті болмаса сиырдың екі артқы аяғын қосып байлап блокқа іліп алып 0,5-1 метр биіктікке көтеріп тұру керек. Сиыр әрі-бері бұлқынғанда бұралған жатыр жазылып кетуі мүмкін. Бұралған жатырды түзету мүмкін болмаса, кесар операциясына кіріседі.
Қынаптың түсуі (ihversiovaginae,pvolapsusvaginae). Буаздықтың соңына қарай көбінесе,сиыр мен ешкіде қыстың күндері немесе ерте көктемде кездеседі.Жем-шөптің жетіспеуінен,жайылымға шығармаудан мал арықтап әлсірейді,қынаптың сыртындағы дәнекер тканьдіклечатка тозып жоқ болады,оған қосымша құрсақ қуысындағы қысым қынаптың босаңсыған қабырғасын сыртқа қарай ығыстырып шығара бастайды.Сөйтіп қынап қабырғасы бұлтиып жыныс саңылауынан шығып тұрады.Алғашқы кезде қынап жартылай ғана түседі,тек үстіңгі қабырғасы ғана жұдырықтай болып қызарып шығып тұрады.
Сиыр тұрып кеткенде түскен қынабы қайтып орнына барып көрінбей қалады. Бірақ уақыт өткен сайын ауру одан әрі асқына береді де, қынаптың толық түсуіне айналады, тіпті жатыр мойны да көрініп тұратын болады (20 сурет).
Қынаптың түскен бөлігі күнге кеуіп, жарылып топырақ, боқ-сідікпен ластанып қабынады, ісінеді, мал күйзеліске түседі. Қынап кілегей қабығы қарайып, шіріп өлі тканьге айналады. Малдың нәжіс, зәр шығаруы қиындайды. Ауру ұзаққа созылса сепсистен немесе басқа асқынудан мал өліп кетуі мүмкін.
Емдеудің негізгі мақсаты түскен қынапты орнына салу және қайтіп түспейтіндей етіп бекіту. Алдымен қынаптың түскен бөлігін фурацилиннің (1.5000), маргенец қышқылды калийдің (1:1000-5000), этакринділактаттың (1:1000),ашутастың 1-2% ерітінділерімен жақсылап жуып тазартып, жарақаттанған жерін йодпен күйдіріп, ихтиол, стрептоцид, ксероформ майларын жағып орнына саламыз. Бұл операция оңай болуы үшін сиырға 1 құйрық омыртқасы тұсынан сакральді анестезияны жасайды.
Қынаптың орнына салған соң қайта түспеуі үшін сыртынан жіппен таңып байлайды немесе жыныс ернеулерін екі-үш жерден тігіп қояды. Тігісті тек туар алдында ғана алады.
Мезгілсіз толғақ - деп буаздықтың аяғына жетпей ерте басталған толғақты айтады. Көбінесе, биеде кездеседі. Мезгілсіз толғақ кезінде, кәдімгі толғақтан айырмашылығы, туу актісінің белгілері көрінбейді. Аурудың өрбуіне көбінесе малдың зорығуы бірдеңеден қорқып - үркуі, шірігіен улы жемшөп жеп қойып, аш қарынға салқын су ішуі себеп болады.
Мезгілсіз толғақ кезінде жатыр мойны көбінесе, жабық болады, биелерде бұл ауру 2-12 сағатқа дейін созылып барып тоқтайды, бірақ іштегі төл өліп қалуы мүмкін. Ал сиырда мезгілсіз толғақ 3 тәлікке дейін созылса да, аборд болмай буаздық аяғына дейін жетіп төл аман қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Толғақты тоқтату үшін секральды анестезия (10-30 мл новокаинның 2 пайыздық ерітіндісі ) жасап, аузынан сиырға 500 мл 40 пайздық спирт, биелерге 25-40 гр холралгидратты суға қосып береді. Малдың артқы жағы биіктеу болып тұрғаны тиіс.
Іш тастау
Іш тастау (Abortus). Буаздықтың ақырына дейін жетпей уақытынан бұрын үзілуін аборт деп атайды. Аборт шаруашылықта үлкен эканомикалық зиян келтіреді: Жоспардағы аламыз деп үміттеніп отырған төл алынбай қалады, малдың өнімділігі төмендейді, мініс жылқы жұмысқа жарамайды, ауырып азып - тозып өліп кетуі де мүмкін. Аборттың салдарынан мал ұзақ уақытқа қысыр қалуы мүмкін.
Іш тастау деген ұғым аборттың бір түрі ғана, аборттың нәтижесі әртүрлі, атаб айтқанда төл ыдырап сіңіп жоқ болып кетуі мүмкін, іріп - шіріп, өлі тууы немесе тірі, бірақ жетілмей тууы мүмкін. Іш тастау деп жетілмеген, қызыл шақалақ өлі төлдің түсуін айтады. Аборт барлық мал түлігінде де кездеседі.
Аборттың жіктелуі:
1.Мезгіліне қарай: -ерте болған аборт,
-кеш болған аборт,

2. Клиникалық көрінуіне қарай:
-толық аборт,
-жартылай аборт,
-үйреншікті аборт,
-жасырын аборт (эбриональді аборт).
3.Себептеріне қарай:
-жұқпйтын аборт,
-жұқпалы аборт,(індеттік, инвазиялы).
4.Ақырғы нәтижесіне қарап:
-ыдырап сіңіп кету,
-іріп-шіру (путрификация),
-түсік(өлі туу)
-шала туу,
-мацерациялану,
-мумификациялану.
Буаздықтың алғашқы жартысында, бір айдың ішінде болған абортты ерте болған аборт немесе шала туу деп те айта береді.
Көп төлді малдың ішіндегі барлық төлі өліп қалса, толық аборт (abortus completes), бір-екеуі өліп, қалғандары аман-есен ай-күніне жетіп туса, жартылай аборт (abortus incompletes) дейді.
Ұрағашы малдың жыл сайын буаздықтың, белгілі бір мерзіміне жеткенде іш тастап кетуін үйреншікті аборт (abortus habitualis) дейді.
Буаздықтың ерте мезгілінде аборт болып, төл ыдырап -
сіңіп, ешқандай клиникалық белгілері байқалмаса, оны жасырын аборт (abortus latentus) дейді.
Әрбір аборт жасаған малды, оның төлін мұқият тексеру
керек, себебі жұқпалы аборт болса, ауру тез арады басқа малға жұғып кең етек алып кетуі мүмкін.
Шаруашылықта көбінесе, жұқпайтын аборт кездеседі.Оның негізгі себебі буаз малда дұрыс азықтандырмау, бағып - күтімнің нашарлығы, қорқып - бүркуі, соққы тию, зорығу, қаңсырау, улану, өкпе, жүрек, бауыр, жатыр аурулары мен төлдің даму процесінің бұзылуы, тағы сол сияқты факторлар.
Инфекциялық және инвазиялық аборт - деп көбінесе, бруцеллезден, паратив, хламидиоз, кампилобактериоз, трихомоноз, токсоплазмоз ауруларынан болған абортты айтады. Диагнозды зертханада төл, қағанақ қабықтарын, қынап ішіндегі сұйықты тексеру арқылы қояды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туу физиологиясы
Буаздық физиологиясы
Жатырдан қан кету
Сиырлардағы туғаннан кейінгі парез
«Төл мацерациясы, этиологиясы және профилактикасы»
Төлді бөлшектеп кесу
Жатырға әсер ететін дәрілер
Сүт бездерінің кистасы
Аналық ұрық безі
Неврологиялық аурулар
Пәндер