ҚР неке және отбасы құқығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ2-6
І-ТАРАУ. Қазақтардың неке және отбасы құқықтарының қайнар
көздері мен құрылысы.
- Қазақтардың неке және отбасы құқықтарының
қалыптасу кезеңдері7-15
- Неке және отбасы құқықтарының дәстүрлі бастаулары
мен қайнар көздері16-22
ІІ-ТАРАУ. Қазақтардың неке және отбасы құқықтарының
негізгі институттары.
- Неке құру түрлері23-25
- Неке және отбасы құқықтарынң негізгі институттары-26-32
ІІІ-ТАРАУ. Қазіргі кездегі отбасы және некелік қарым-қатынастар.
- Тәуелсіздікке дейінгі неке және отбасы33-39
- Қазіргі кездегі неке мен отбасын нығайтудағы дәстүрлік неке және отбасы заңдарының рөлі40-47
ҚОРЫТЫНДЫ48-50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ51-53
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік жүйеде қазақ халқының да басқа халықтар секілді алар орны ерекше. Өйткені, «Қазақ» деген этноним соңғы ғасырларда қалыптасқанымен, қазақтардың тарихы үш жарым мың жылдық дәуірлерге барып тіреледі. Оның үстіне қазақтардың басқа халықтарды былай қойғанда, өз туыстары-түркі тектес халықтардан өзгешеленетін әрі ежелден келе жатқан дәстүр-салттары бар. Бұл дәстүр салттарды, қағида-ережелерді мықты қоғамдық құрылысы болмаса сақтап қалуы екіталай екені даусыз. Сондықтан да, сол қоғамның ең негізгі майда бөлшегі отбасы, біздің ата-бабаларымыздың тұрмыс тіршілігінде ең маңызды саналып, оны мықты ұстауға өмірдің өзі мәжбүрленген дей аламыз. Отбасы мықты болмаса, қоғам берік болмайтындығын терең ұғынған ата-бабаларымыз отбасын әлсіретіп, күйретпейтіндей қағида-ережелерді қалыптастырып, оны көздің қарашығындай сақтаған. Негізгі отбасы институттары (қалыңмал, жасау, әмеңгерлік, жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алмау, мұрагерлік, енші беру, жетімдерді жат жұртқа бермеу, рулық қабырстандарыынң болуы, т. б. ) тым ертеден ақ қалыптасып, әр дәуірде сомдалып, ширатыла түскен. Әрине, бұл отбасы заңдары қатаң қорғалғандықтан отбасы күйреуі, ажырасу секілді күнараттар өте сирек кездескен. Өкінішке орай, ата-бабаларымыыздың отбасы және некеге қатысты-қағида ережелерін егжей-тегжей зерттеу әлі күнге мықтап қолға алынбай отыр. Соның нәтижесінде отбасы мен неке заңдары солғын тартып, отбасылар жиі күйреуде. Қара көз қыздарымыз жат жұрттарға тұрмысқа шығуда. Қазқа халқының демографиялық өсіп-өнуі мәз емес. Қазақ халқының тек қана болмысын танып білуде ғана емес, бұл ата-баба заңдары тұрмыс тіршілігімізді нығайтып, жақсартуда да алар орны ерекше. Еліміз тәуелсіздігін алып егеменді ел болғалы біраз жылдар өтті. . Кешегі патшалық және кеңес өкіметі бұрыннан мызғымай келе жатқан отбасы және неке заңдарымыздың тамырына балта шауып, іріткі салғаны әмбеге аян. Отбасы және неке құқықтары әрине, қоғам, мемлекет болғаннан соң оның күн тәртібіне түспей, үнемі қадағаланып отырады. Алайда, ол қандай қоғам не мемлекет, оның сол мемлекетте бірге жасаушы басқа халықтарға ұстанған саясаты, мәселенің түп-төркінін шешіп тастайды. Оны біз кешегі кеңестік мемлекет саясатынан өте жақсы білеміз. Сол саясат тұсында да отбасы және неке құқықтарына ерекше көңіл бөлініп отырылды. Бірақ, басты мемлекеттік мақсат аз халықтарды ассимиляция жасап, орыстандыру болғанын несіне жасырамыз?
Бітіру жұмыстың зерттелуі . Бұл дәуірде жарық көрген қазақ қоғамындағы құқықтық өмір жайлы әдебиеттерінің құндылығы-олардың біреуін де, сол кездегі нормативті өмір шындығының жазба куәгері болуында жатыр. Ресей дәуірінде жарық көрген материалдарда әдет-ғұрып және отбасы құқықтарының институттары мен нормалары жинақталып, сарапталды. Олардың қатарына А. И. Левшинді, Н. И. Гродековты, Г. Броневскийді, Д. Я. Самоквасовты, Л. Ф. Баллюзекті, Г. Спаскийді, П. И. Рычковты және т. б. жатқызамыз. Бұл авторлардың еңбектерінде қазақ әдет - ғұрпы және отбасы құқықтарының нормалары жайлы алғашқы ойлар, тұжырымдар айтылды (1) .
1. Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацских орд и степей ч. ІІІ, С-Петербург 1832., Броневский Г. Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды. -Отечествен. записки . 1830, ч. 42; Гродеков Н. И. Киргизы и кара-киргизы Сыр-Дарьин. Обл. Т. 1. Т., 1889. Самоквасов Д. Я. Сб. обычного права Сибирских инородцев В., 1876. Баллюзек Л. Ф. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой Киргизс. орде силу Закона К., 1871. , Рычков П. И. Типография Оренбург. Губ. О., 1887.
Рас, қазақ отбасы мен неке құқықтарына патшалық Ресей Қазақстанды өз боданы етіп тұрғанда көп көңіл бөліп, оларды жинастырып, оқып-үйренді. Ондағы басты мақсат, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін жете біліп, оған іріткі сала отырып, күресу еді. Кеңес дәуірінде С. М. Абрамзан (1), Т. А. Жданко (2), Н. А. Кисляков (3), Н. Сарсенбаев (4), Х. А. Арғынбаев (5), т. б. ғалымдар еңбек етті. Әсіресе, бұл авторлардан Х. А. Арғынбаевтың «Қазақ халқындағы семья және неке» атты монографиясын ерекше атағымыз келді. Автор бұл еңбегінде кеңестік идеология жетегіне ере бермей, көптеген шындықтарды ашып көрсетеді. Дегенмен, бұл зерттеулердің бәрі кеңестік идеология шеңберіне асып шыға алмады. С. Л. Фукстің еңбегінде таласты болмағанмен біраз отбасына қатысты мәселелер сөз болды (6) . Тек соңғы кездері арнайы зерттелмегенімен мерзімді баспасөздерде отбасы және неке жайлы мақалалар жарық көре бастады.
Қазақ халқының әдет-ғұрып заң нормаларын, әсіресе неке және отбасы құқықтарын зерттеу 40-жылдардың аяғында, 50-жылдардың басында қайта қолға алынғанымен, кеңес өкіметінің «ұлтшыл», «ескіні көксеу», қазақ әдет-ғұрпы нормаларының жинағы және еңбектері
- С. М. Абрамзон. Страничка из истории Киргизской семьи Фрунзе, 1945. -320 б.
- Т. А. Жданко Очерки исторической этнографии каракалпаков М., 1950-160 б.
- Н. А. Кисляков Очерки по истории семьи, брака у народов Средней Азии и Казахстана Л., 1969-148 б.
- Н. Сарсенбаев Обычай и традиции в развитии А., 1965 -280 б.
- Х. А. Арғынбаев Қазақ халқындағы семья мен неке А., 1973 -326 б.
- С. Л. Фукс Обычное право казахов в ХҮІІ-первой половине ХІХ века А., 1981 -222 б.
М. Г. Масевичтің (1), Т. М Култелеевтің (2) мақалалары мен еңбектері жазылды. Ал, 1955 жылы Т. М. Култелеевтің С. З. Зимановтың редакторлық етіуімен «қылмыстық» әдет - ғұрып құқықтары (3) атты монографиялық зерттеуі жарыққа щықты. Әрине, бұл еңбек кеңестік идеология аясында жазылғанымен әдет-ғұрып мәселелерін зерттеудегі ең алғашқы, сүбелі еңбек болып саналды. Сол секілді А. Жақыпованың «қазақы от басының неке қатынасының дамуы» (4) еңбектері неке және отбасы құқықтары зерттеудегі өзіндік ізі бар, маңызды зерттеулер.
Өкінішке орай, еліміз тәуелсіздігіне ие болғалы біраз жылдар өткенмен, маңыздылығына қарамай отбасы және неке құқықтары сараланып, екшелмей, әлі сол кеңестік көзқарас пен қағида ережелері бұл мәселеде қалып отыр.
Тіпті Еуропа заңдарына еліктеушілік сарыныда баршылық. Оған біз үйленетін екі жастың алдын-ала контракт жасауын айтсақ та жеткілікті. Біз мұндай әсіре қызығушылықтан ұтылмасақ ұта алмаймыз. Осындай бейберекет уақыт ішінде ата-бабаларымыздың отбасы мен неке заңдарын оқып-үйрену өте керекті болғанмен, оны мықтап қолға алып отыр. Нәтижеде отбасы мен неке заңдарын солғын тартып, отбасы шаңырақтары ыдырап, күйреу үстінде.
- Материалы по казахскому обычному праву Сб. 1. А., 1948
- Масаевич М. Г. К вопросу истории развития советского законодательства о семейно-брачных отношениях в Казахстане // Известия АН Каз ССР, серия юрид., 1951 вып. 7.
- Культелеев Т. М. К истории развития советского уголовного законодат. в Казахстане // Труды третьей сессии АН КазССР, А., 1949
- Жакипова А. Развитие семейно-брачных отношений в Казахстане А., 1971
Халқымыздың демографиялық өсіп-даму да онша мәз емес. Қайта құлдырай төмендеп барады. Қаракөз қарындастарымыз жат-жұрттықтарға тұрмысқа жиі шыға бастады. Тіпті, кім көрінгенге тәндерін сатып жатыр. Көшеде тастанды сәбилер көбейе түсті. Мұның бәрі қоғамымызды қатты ойландыруы тиіс. Сондықтан да, отбасы және неке заңдарына мемлекеттік саясат есебінде қарап, зерттеу жұмыстарының ауқымын кеңейту, баспасөздер мен телеканалдарда отбасы мәселелері басты тақырып болуын, бала шыр етіп дүниеге келгеннен ата-баба қағида-ережелерімен сусындап өсіуін қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана тұрмыс-тіршілігіміз нығайып, қоғамдық қарым-қатынастарымыз жақсарады.
Бітіру жұмыстың мақсатына келсек, отбасы мен неке жайлы қағида ережелердің пайда болып, қалыптасу барысы сөз етіле отырып, оның жақсы тараптарын қазіргі отбасы және неке заңдарына кіріктіру ұсыныстары қойылды. Әсіресе, отбасы мен неке заңдарынан мемлекет қалыс қала алмайтыны, үнемі етене араласып, жіті қадағалап отыруы қажеттілігі айтылады. Бұрын қазақ халқында не себепті отбасы күйремегені нақты дәлелдермен зерттелініп, қазіргі ақаулықтар арнайы әңгімеленеді.
Бітіру жұмыстың құрылымы . Кіріспе, үш тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және әр тарау екі тақырыпшалардан тұрады.
Қазір Қазақстан үшін отбасы және неке мәселесі бірінші орында тұрған мемлекеттік саясатқа айналуы қажет. Өйткені, Қазақстан мемлекетінің мығым болу-болмауы осы отбасы және неке құқықтарының реттелуіне байланысты. Сол себепті де, бұл тақырыптың маңыздылығы өте үлкен. Бұл мәселеге мемлекеттік тұрғыдан қарап, оның маңызын ешуақытта да төмендетуге әсте болмайды.
І-тарау. «Қазақтардың неке және отбасы құқықтарының қайнар көздері мен құрылысы»
1. 1. Қазақтардың неке және отбасы құқықтарының қалыптасу кезеңдері
Қазір қазақ халқы атанған жұрттың тарихы сағымданып, үш жарым мың жылдық дәуірлерге сіңіп кетеді. Ол кезде бабаларымыз қандай атпен мәлім болғаны әзірге белгісіз, тек қытайдың ұлы қорғанына Еуропадағы Балқан тауына дейінгі ұлан-асыр Еуразия аталған кең даланы мекендеп, көшіп-қонғаны талассыз.
Бүкіл дүние жүзі халықтары секілді қазақ халқының да өзіне тән отбасылық тарихы бар. Әзірге қалыптасқан пікірі бойынша алғашқы қауымдық құрлыстағы ең алғашқы отбасы түрі-топты некеге негізделген. Былайша айтқанда адамзат баласы жақын туыс, бауырлас бола тұра, некелескен.
Әзірге қалыптасқан пікірі бойынша алғашқы қауымдық құрылыс ыдыраған соң, бұрынғы топты неке орнына жұптық неке дүниеге келгені рас. Өндіргіш күштер дамып, еңбек бөлісінің пайда болуы нәтижесінде жекеменшік келіп шықты. Жекеменшікке топты неке сыйымсыз еді. Тайпалық-рулық одаққа ойысқан қауымдастықтар патриархаттық отбасын қолдап-қуаттады. Әсіресе, мал бағып, көшіп қонған тайпаларға жұмысқа қол күші көп болуын қажетсінді. Біз В. Батраков, П. Погарельский секілді ғалымдардың «үлкен патриархаттық отбасы тек егіншілікпен айналысқан отырықшы елдерге ғана тән. Көшпелілерге оның экономикалық тұрғыдан қарағанда қажеті жоқ, сондықтан қазақ, қырғыз сияқты халықтар өз дамуында үлкен патриархаттық отбасына соқпай, рулық құрлыстан шағын отбасына бірден өтті»- (1) деген тұжырымдарын
1. П. Погорельский, В. С. Батраков Экон-а кочев. аула Киргиз-а М., 1930
қолдай қоймаймыз. Өйткені, шағын отбасына «енші беру» дәстүрі енуі нәтижесінде өткен. «Енші беру» институты кейін пайда болғаны белгілі. Қазақтардың арғы бабалары үлкен патриахаттық отбасын ұстанған. Оны біз «Қара шаңырақтың» үлкен отбасы сипаттарын сақтап, көптеген құқықтарына ие болуынан көреміз.
Үлкен патриархаттық отбасының ыдырауына көптеген себеп салдардың әсері болған. Ең алдымен, қоғамдық таптық жіктелудің күшеюі. Көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыспен күнелткен ата-бабаларымыз рулық-патриархаттық құрлысты жан-тәнімен сақтауға тырысқанымен, мал мен мүлік теңсіздігі, қалыңмал, енші беру, экзогомиялық табу кері әсерін тигізді. Әсіресе, келіндер арасында туыстық нышандар болмауы (келін жағы-нағашы жұрт, өз руындай туыстықты ұзақ сақтай алмады) нәтижесінде әр әйелден туылған бала үлкен патриархаттық отбасының күйреуіне жол ашты. Сол үшін де халық: «екі қатынның баласы-екі рулы ел» деп текке айтпаған. Міне, осыдан келіп сыйыспаған ұлдарына енші бөліп бер дәстүрі амалсыз пайда болды. Алайда, біз қазақ халқы алғашқы қауымдық құрлысы ыдырағаннан кейін пайда болған тайпалық-рулық одақтың барлық сипаттарын өз ішіне ала отырып, ХХ ғасырға жылжытпай жеткізгенін мақтан етуге тиіспіз. Өйткені, көшпелі қоғамға тайпалық-рулық одақтың ең қолайлы да көпке тиімді жақтарын қалыптастырып, оған сызат түсірмеді. Басқа халықтар іспетті бабаларымыз бастарынан әртүрлі қоғамдық формацияларды толық өткермеді. Өздеріне ыңғайлы рулық - тайпалық жүйені мығым ұстанып, оны ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыруды кейінгілерге қасиеттеді. Сондықтан да ата-бабаларымыз басқа халықтар өткерген құлдық, феодалдық, капиталистік формаларды басынан шыңдап өткермеді. Олардан бұл формациялар құйын секілді ғана әсер етті. Бұл жайт әлі күнге ешбір ғылым тарапынан терең зерттеліп, қазақ қоғамның өзіндік ерекшеліктері көрсетілмеді.
Үлкен патриархаттық отбасында әке құқығы шексіз болды. «Әкелі ұл, қожалы құл» дегендей, үлкен патриархаттық отбасы ыдыраған кезде де «қара шаңырақ» қожасы әке, ықпалы өте күшті болады. Бөлек отырған ұлдары мен немерелері үшін әке үкімі заң, екі етуге жол берілмеген. «Үлкен үй» мәніне ие болған қара шаңырақ бәрінен де қасиетті саналған. Тіпті, құда-жекжаттары қара шаңыраққа алдымен сәлем беретін, арнайы көмек көрсетіп, сыбағаларын әкелетін. Сөйтіп, қара шаңырақты қадірлеу, үй қожасы өлгенде жалғасып, қайта аруақты қастерлеу дәстүрі күшейе түскен. Әр балаға үлес бөлгенде, қара шаңырақ үшін екі үлес қалдырған. Оның бірі кенже бала үшін, екіншісі қара шаңырақ-үлкен үй үшін берілетін. Қашанда, бәй-бішеден туылған кенже бала қара шаңырақты басатын. Әлі күнге бұл дәстүр күшін жоя қойғаны жоқ. Қайта мұндай отба-сының ауыз-бірлігі мықты, бір қазаннан дәм жеген жандар өзара мейірімді болып өседі, тәртіп-тері де жақсы болады.
Ежелден-ақ бабаларымыз «үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсету қағидасын берік ұстанып, үлкен патриархаттық отбасының қожасы әкеге (ата) көп құқықтар берген. Ол көш-қонды реттеуден бастап, отбасына қатысты барлық мәселелерді шешкен.
Қазақтар үлкен патриархаттық отбасының сипаттарын мығым ұстанғанын жоғарыда ескертіп өткенбіз. Өйткені, ежелден көшпелі, мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз еңбек етпесе, туысқандық қарым-қатынастарды жеті атаға дейін сақтамаса, онда табиғат дүлейін былай қойғанда, ішкі қақтығыстар мен тартыстардың өзінен қатты күйзелген болар еді. Сондықтан жеті ата ғана емес, бүкіл руластарының ауызбірлігіне нұқсан түссе, қағида-ережелерін сақтап, тәртіпті өз дәрежесінде ұстап тұра алмас еді. Үлкен патриархаттық отбасындағы әкеден кейінгі орында ана тұрған. Сондықтан болса керек, әдет-ғұрып заң ережелерінде әйел құқығына ерекше көңіл бөлінген. Өйткені, әйел отбасының ұйытқысы, босағаның алтын діңгегі, ұрпақ жалғастыру көзі.
Қазақтар «ұлын ұяға, қызын қияға» деген мағыналы ұғымға үлкен мән береді. «Он бесте отау иесі» деген қағиданы бетке тұтып, өздері жақсы білетін, аралас-құралас жүрген текті де көргенді жерге құда түсіп, ұлдарын үйлендірген, қыздарын ұзатқан.
Қазақтар құдалықты қызбен жігіттің қосылуы деп емес, екі отбасының, қала берді екі рудың туыстасуы деп ұққан. Қазақтар ажырасу үшін үйленбеген.
Әрине, отбасылық құқық нормалары құда-жекжат, нағашы-жиен, туыс-бауыр принциптеріне орай құрылып, ең алдымен бір тектес өмір заңдарының шыңдалуына, біртұтас біркелкі моральдық-этникалық нормалардың қалыптасуына жағдай жасады.
Осындай жақындастықты тудырушы «адам күні адаммен» деген ережені ата-бабаларымыз нық ұстады. Жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алмау тереңнен ойластырылған, текті таза сақтап қана қоймай, алысты жақындастыратын құрал, мәнді заң болған. Тіпті, ұлдың өзін айтпағанда, қыз ұзатылғанда, түскен жеріне өзінің ортасының тілін, дәстүр салтын, қағида-ережелерін, моральдық-этникалық құлықтарын бірге алып барып, таратушысы болған. Бұл бір. Екіншіден, барған жерінің де заң-ережелері екі жақты байыта түскен. Бұл жай тарату емес. Үштік одақтық жүйе ата-бабаларымыздың демократиялық үлгі-моделі болған. Бұл үлгі-модельдің мақсаты да үшеу: бірлесе қорғану, материалдық және рухани мұқтаждарын қамтамасыз ету.
Осындай алғырлық пен білгірліктен туындаған заңдар ортада адамды жалғыз қалдырмайды, берісі өз руынан, арысы нағашы-жиенінен арқа сүйер сүйеніш табарына сенім береді. Бұдан артық қандай тағлым қажет?
Отбасынан басталған моральдік-этникалық нормалар осылайша үш жұртқа ұласып, одан әрі бүкіл қазақтың бұлжымас заңына айналған. Мұны бұзу «ата салтын аттаған», «аруаққа асы болған», «қара бет», «жетесіз» деген айдарға ие етіп, халық қарғысына ұшыратқан. Осындай бейәдеп, бейтәртіп иелерін етегін кесіп, елден қуған, қоғамнан шеттеткен. Елден қуылғандарды ешкім қабылдамаған. Ең ауыр жаза осы саналған. Мұның да түп-төркіні ата-бабаларымыз жасап, өмір салтына айналдырған заңдар-адамдық нормаларға негізделген. Оған қарсы шығу-еліне, жұртына қарсы шығу деп ұғылған.
Өмір кодекстері отбасынан басталатыны даусыз. Ол абстракты талғам емес, шындық. Әрбір жеке адам осы отбасында дүниеге келеді, осы отбасында өсіп-өнеді, осы отбасында үйленеді, яғни бар өмірі осы отбасымен байланысты болады. Соны әдемі түсіне білген ата-бабаларымыз заңның әліппесін осы арадан бастаған. «Бесікте не көрсең, ұшқанда соны қыласың» деген қағидаларға ерекше мән берген.
Ата-бабаларымыз отбасын құруды әлеуметтік тұрғыдан қарап, тек екі жастың үйленуі деп ұқпаған, қайта таныс емес екі отбасынан басталған екі рудың туыстасуы деп ұққан. Сондықтан да, екі жұртты қанағаттандыратын құқықтық ережелерді шығарып, оны бүкіл қоғам қолдап-қуаттаған.
Ата-бабаларымыз отбасы беріктілігі әйелзатына байланысты екенін де көре білген. Әлемдегі кез келген халық әйел теңдігі жөнінде ата-бабаларымыз жасаған қағида-ережелермен таласа алмайтыны әмбеге аян. Өркениетке жетіп, демократия кәелеттігін жасағандардың өздерінде де әлі күнге олқы тұстраы баршылық. Оларда туыстық сезім кемшілігін айтпағанның өзінде, отбасы құқықтарында жетіспеушілік тұстары бары жасырын емес.
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. «Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-ақ жаулық», яғни үй болу, некелесу, -дейді халық. Сонда некелесіп, отау тігу деген не? Бұл-жігіт пен қыздың ресми праволық негізде, яғни заңды түрде ерлі-зайыптылық қарым-қатынасқа түсуі, қосылып үй болған екі жастың материалдық және жеке бас мүдделері, бала туу мен оны тәрбиелеудің заңмен бекітілуі. Мұны некелесу-некеге тұру дейді. Жігіт пен қыздың некеге тұрып, бірігуі-жеке отау тігіп, өз отбасын құруы.
Отбасы дегеніміз-туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы, әжесі т. б), бірлесіп, әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Демек, некелік-отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихи, әлеуметтік және праволық мәні бар.
Адам өміріндегі қызығы, дәурені, тұрмыстық ахуалы осы өздері құрған отбасы-ошақ қасында өтіп жатады. Ол-қоғамдағы алғашқы ұйымдардың бірі, оның өзіндік міндеттері болды. Олар үш түрге бөлінеді:
- Репродуктивтік
- Шаруашылық-экономикалық
- Бос уақытты ұйымдастыру.
Репродуктивтік қызметтің мәні-баланың дүниеге келуі, өмірдің, ұрпақтың жалғас табуында. Шаруашылық-экономикалық қызметтің мәні- материалдық жағдайды қамтамасыз етуі, үй және жекеменшік шаруашылығын жүргізу, отбасылық қор-қаражатын сақтау болып табылады, ал үшінші, ең негізгі қызметтің бірі- тәрбие және бос уақытты ұйымдастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz