Австралия кқұрлығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Австралия кқұрлығы
Австралия (лат. 'australis' -- оңтүстік) -- оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ауданы 7 659 861 км². Материктің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке дейін 3200 км-ге жуық, ені батыстан шығысқа қарай шамамен 4000 км, жағалау сызығының ұзындығы(аралдарсыз) - 35 877 км. Ол 10°41' оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңтүстік ендіктегі оңтүстік-шығыс мүйіске дейін және 113°05' шығыс бойлықтағы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі арал+ығында орналасқан. Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары -- солтүстігінде -- Карпентария, оңтүстігінде -- Австралияның үлкен шығанағы.
Құрлықның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солтүстік-шығыс жағалауын бойлап (ұзындығы 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде Тасмания аралынан Құрлықты Басс бұғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Құрлық шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Құрлық құрлығын 1606 ж. голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан.

Жер бедері
Құрлық жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биіктігі 600 м-ден аспайды. Орографиялық ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады.
* Батыс Құрлық таулы үстіртінің орташа биікт 400 -- 500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биіктігі 936 м), оңтүстік-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр.
* Орталық ойпаттың биіктігі 100 метрден аспайды, ал Құрлықтағы ең темен жер -- Эйр көлінің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың оңтүстік-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар.
* Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жотасы алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан. Құрлықта ең биік жер -- Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан.
Тарихы
Джеймс Кук Аустралия материгінің жағалауын Endeavour кемесімен зерттеген
Бірінші адамдар Аустралияға 42−48 мың жыл бұрын келген. Олар Оңтүстік Шығыс Азия жерлерінен келген қазіргі Аустралия аборигендердің бабалары. Соңғы зерттеулерге сәйкес Аустралия жергілікті тайпалары африка тайпаларымен туыстық байланыстары болуы әбден мүмкін;
1606 жылы - Голландиялық Duyfken атты кемесінің капитаны Биллем Янсзон Аустралияны ашады. XVII ғасырда голландиялықтар дүниежүзінің картасына Аустралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді.
1770 жылы Джеймс Кук (ингл. James Cook) Аустралияның шығыс жағалауын ашады. Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс (ағылш. New South Wales) деп атайды және оны Ұлыбритания жері деп жария етті.
Ұлыбритания американдық колонияларынан айырылып қалған соң, олар Аустралияны айдалып келген қылмаскерлердің колониясы ретінде пайдалана бастайды. Аустралияның қазіргі кездегі көптеген ірі қалалары (Сидней, Порт Филипп, Брисбен) осы айдалып келген қылмыскерлердің колониялары ретінде қаланған. 1828 жылғы халық санауы бойынша Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты халқының тең жартысы қылмыскерлер болған
1901 жылдың 1-ші қаңтарында доминион құқығы бар Аустралия федерациясы құрылады. 1931 жылы қабылданған (1942 жылы бекітілген) [[Вестминстерлік статусқа сәйкес Аустралия мен Ұлыбритания арасындағы жалғыс конституциялық байланысы ретінде британдық монарх болып қалады. Аустралия де-факто тәуелсіз мемлекетке айналады.
Климаты
Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18° -- 30° оңтүстік ендік), ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағалауының климаты -- тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым. Сондықтан Құрлықтың барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы (20 -28 °C ға дейін), тек қыс айларында (шілде - тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40 °C болатын аудан құрлықтың солтүстік-батысында, абс. максимум -- Клонкарриде (53,1 °C). Тұрақты аяз тек оңтүстік-шығыстағы Құрлық Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың бүкіл орталық аймағының климатының кұрғақ болуына әсерін тигізеді. Құрлық жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден аспайды. Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері бар.

Геологиялық құрылысы және кен байлықтары
Құрлықтың іргетасын, негізінен, құрлық платформасы мен Шығыс құрлық геосинклинальді белдеуі құрайды. Платформа құрлықтың батысын, Сент-Винсент шығанағына дейінгі орталығын және оның Арафур т. астындағы бөлігін, Жаңа Гвинея аралының оңтүстігін қамтиды. Геосинклиналь белдеуі Кейп-Йорк түбегінен басталып, Тасмания аралымен бітеді. Құрлық платформасының түпкі негізі (архей-төм. протерозой) күшті метаморфтану салдарынан гнейс пен гранитке айналған жанартаулық жыныстар мен терригенді шөгінділерден тұра-ды. Архей жыныстары Пилбара мен Калгури жақпарларында, солтүстікте Кимберли үстірті мен Антрим тауларында және Арнхемленд түбегінің солтүстік-батысында кездеседі. Протерозой шөгінділері Батыс құрлықтың Наллагайн, Кимберли үстірті ойыстарында, Карпентария шыганағының оңтүстік-батысында көп ұшырасады. Платформаның солтүстік-батысындағы Үлкен құмды шөлде триас, юра шөгінділеріне толы Каннинг ойысы, Үлкен шығанақтың солтүстік жағасында палеоген жыныстары басып жатқан кайнозой дәуірінің Юкла ойысы бар. Шығыс Құрлық геосинклиналь белдеуі батыстан шығысқа қарай біртіндеп алмасатын каледондық (Аделаида) және герциндік (Жаңа Англия) жүйелерден құралған. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан және Муррей алаптары сияқты бірнеше ойыс жатыр.
Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның (Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкар-ри) ірі кен орындары, оңтүстік мен бат-ндағы протерозой шөгінділерінде темір мен марганецтің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кен тасы бар. Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі геологиялық жүйелерде мұнай мен газ мол. Құрлықтың шығысы мен батысында титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан.[2]
Аустралияның климат аймақтары
Аустралияның климат картасы Кеппен жіктелуі бойынша. белдеулері:
* Экваториалды
* Тропикалы
* Субтропикалы
* Шөлді
* Шөлейт
* Қоңыржай
Аустралия жерлері көбіне тропиктік (18-30° оңтүстік ендік), солтүстігі субтропиктік ендікте жатыр. Шығыс жағалауының климаты (солтүстіктен 30° оңтүстік ендікке дейін) тропиктік, теңіздік.
Күн радиациясы үнемі жоғары болады: 590-750 кджсm³; сондықтан Аустралияның барлық аудандарында температура тұрақты болады. Аустралия түгелімен дерлік 20-28° С жазғы және 12-20° қысқы изотермалар аралығында жатыр. Солтүстік Аустралияның климаты ыстық болады: жаздың ең жылы айы - қаңтар мен қыстың ең суық айы - шілде температурасының айырмашылығы шамалы.
Тропиктік ішкі аудандар мен субтропиктік белдеулерде температураның маусымдық ауытқуы анық байқалады. Қаңтардың температурасы 40° С-тан жорғары болатын ең ыстық аудан солтүстік-батыста. Температураның абсолютті максимумы Клонкарриде (Квинсленд) 53,1°С, абсолютті минимумы -4°, -6° С-қа дейін. Тұрақты аяз (-22°С-қа дейін) тек оңтүстік-шығысындағы Аустралия Альпісінде болады.
Аустралияның жағалауының аз тілімденуі, құрлықтың батыстан шығысқа қарай созылып жатуы, Үлкен Суайырық жотаның Тынық мұхиттан соғатын ылғалды желге бөгет жасауы орталық аймақта климаттың құрғақ болуына әсерін тигізеді[5][6].
Аутсралияның жерінің 38 %-нда жауын-шашынның жылдық мөлшері 250 мм-ден аспайды. Солтүстік пен оңтүстіктен соғатын ылғалды желге қарсы тұратын кедергінің жоқтығынан, Аустралияда ұзаққа созылатын қуаңшылық болмайды. Құрлықтан солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашынның мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Солтүстігіне жауын-шашынды солтүстік-батыстан соғатын экваторлық ылғалды муссон, ал шығысына Шығыс Аустралия жылы ағысы үстінде пайда болатын ылғалды ауаны Тынық мұхиттан соғатын пассаттар әкеледі. Жауын-шашынның ең көп жері - Кэрнс қаласының маңы (2243 мм-дей). Үлкен Суайырық жотадан батысқа қарай жауын-шашын мөлшері құрт азайып, батыс жағалауда 250 мм шамасында ғана болады.
Гидрология, табиғаты
Аустралияда өзен, көлдер аз. Материктің 60%-ын қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кебетін өзен арналары - криктер тән. Олар қалдық көлге құяды. Өте таяз, суы тұзды болып келетін, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған көлдер - қалдық көлдер. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында көп. Ең ірісі - Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик. Аустралия өзендері жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзені - Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей өзені жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүлде тартылып қалады. Аустралияда 33 артезиан алабы (жер асты сулар) бар. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мемлекеттік құрылымы
Аустралия Одағы Достастық Корольдігіне кіретін мемлекет. 1931 жылы қабылданған Вестминстерлік статутқа сәйкес Аустралияның басшысы ретінде Ұлыбританияның монархы болуда. Алайда іс-жүзінде Аустралия тәуелсіз мемлекет ретінде есептелуде.
Аустралияда өкіметтің үш тарауы әрекет етуде:
* заңшығарушы тарау: Аустралия Парламенті;
* атқарушы тарау: Федералдық Атқарушы Кеңес;
* соттық тарау: Аустралияның Жоғарғы Соты.
Халқы
2007 жылдың 1 шілдесіне сәйкес Аустралия халқының саны 20 001 546 адам болған. Аустралияның негізгі хал­қы Еуропадан, Америкадан қоныс аударған ағыл­шын тілділер, оларды аустралиялықтар деп то­лық айтуға болады, өздеріне тән құн­ды­лықтары, өмір салты, мінез-құлқы, мәдениеті қа­лыптасқан. XX ғасырдың 70-жыл­дары демографиялық дағдарыс және эко­но­миканың дамуы шетелдің жұмыс күшін пай­далануды талап етті. Аустралияға ағылып араб­т­ар, вьетнамдықтар, қытайлықтар, басқалар қоныс аудара бастады. Оларға қойылатын басты талап - Конс­титуцияны мойындау, ағылшын тілінде сөйлеу. Қоныс аударушылардың мәсе­ле­леріне бай­ланысты мемлекет қыруар қаржы бөлді: ұлттық тілдерде кітапхана, мектеп, БАҚ жұмыс істеді. Бүгін Аустралияда радио 68 тілде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Австралия туралы
Австралияның экономикалық- географиялық жағдайы
Австралия материгі
Австралия Одағы
МАТЕРИКПЕН МҰХИТТЫҚ АРАЛДАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫНА СИПАТТАМА
АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі
Австралия
Ауыстраля одағы
Австралияның географиялық орны
Жер бедері
Пәндер