Сөйленістердегі кірме сөздер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Сөйленістердегі кірме сөздер»

Орындаған: Жолдасбек Д.

Тобы: Фи-17-1к1

Қабылдаған: Бескемпірова Г.

Шымкент қ., 2019 ж.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиет

Қазақ говорлары тек көне замандағы ру, тайпа тілдерінің
қалдығы ретінде сақталып қалған байырғы, дәстүрлі сөздер мен
тұлғалардан құралмайды. Оның ішінде кейінгі замандарда, тіпті
кеше ғана, Ұлы Қазан революциясынан кейін пайда болған
сөздер де бар. Осы кейінгі замандарда келіп қосылған диалектілік
ерекшеліктердің бірсыпырасы - көрші тілдерден ауысып келген
сөздер мен тұлғалар. Қазақстан жері бірнеше халықтармен
шекаралас жатыр. Олардың бірқатарының тілі туыстас та,
кейбіреулері басқа типологиялық тілдер тобына жатады.

Қазақ халқының көршілес елдермен ерте кезден-ақ тығыз қарым-қатынас жасап, олармен аралас құралас отырғандығы белгілі. Бұл
жағдай қазақ тілінің сөздік құрамына әсер етпей қойған жоқ.
Көрші халықтың тілі арқылы тілімізге ауысқан сөздер мен
тұлғалар әсіресе Қазақстанның шет аймақтарында көп кездеседі.
Мысалы, Өзбекстанмен шектес жатқан Шымкент облысы
тұрғындарының тілінде өзбек тілінен енген сөздер көп болса,
Қырғызстанмен шектес жатқан Жамбыл облысының оңтүстік
аудандарында қырғыз тілінен енген сөздер бар. Жетісудың
шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр сөзі араласса,
батыс қазақтарының тіліне татар, ноғай, башқұрт сөздері
қосылып кеткен. Ал, орыс, араб, иран тілдерінің әсері барлық говорларда да
байқалады, бірақ әсер ету дәрежесі барлық жерде бірдей емес.
Араб, иран тілдерінің элементтері солтүстік-батыс не шығыстан
гөрі оңтүстік аймақтарда көбірек ұшырайды. Орыс тілінен енген
сөздер әсіресе солтүстік-батыс және шығыс аймақтарда
мекендеген тұрғындардың тілінде көбірек кездеседі.
Орыс тілінен енген сөздер. Орыс тілінен енген немесе орыс
тілі арқылы Еуропа тілдерінен енген сөздердің дыбыстық
жағынан қабылдануы олардың әдеби тілдегі сипатымен бірдей
емес. Егер әдеби тілдегі орыс тілінен енген бәтеңке, сот, пұт
сияқты бірен-саран сөздерді есепке алмағанда, айтылуы мен
жазылуы жағынан орыс тіліндегі нұсқасын сақтаса, говорларда
олар ауызекі тілдің дыбысталу ыңғайына сәйкес біраз өзгеріске
түсіп айтылады. Мысалы: бедре (ведро), құрамыс(корамысло),
кәстеңке (косынка), кәртішке (картошка), қарбыз(арбуз),

пірнәбес(принавес) т. б. орыс тілінің оңтүстік говорлардан гөрі
батыс, әсіресе орталық-солтүстік және шығыс говорларына
көбірек әсер еткендігі диалектологиялық экспедициялардың
материалдарынан анық байқалады. Мысалы:

Скірт (ор. скирда) . Бүгін бірнеше скірт шөп тасыдық.
(Орал. Жым. ) Совхоздың далада үюлі тұрған скірттерінен 4 жүк
пішенді тиеп апарып үйіп қойды («Қызыл ту»)

Ағлӛп (Орал, Чап. Ор. оглобли) Тәрте, арбаның жетегі.
Сәтнек. Всадник. Ертеде салт атпен хат-хабар тасушы.
Кейде қазақ сөзі немесе көрші тілдерден енген сөз бен орыс
сөзі синоним ретінде қатар қолданылады. Мысалы, Орал облысы
Чапаев, Жымпиты аудандарындағы тұрғындардың тілінде
төмендегі сыңарлар қатар қолданылады[1] .
Қақпыш/тӛшелкі (тушилка) . Самауырдың көмпөркесі. Мұны
кейде самауырдың томағасы деп те атайды.

Теркөйлек/мәйкі. Майка.

Лапас (сирек) // пірнәбес (жиі) (принавес) . Жан - жағы ашық,
төбесі жабық қора.

Пияла. Пөзір(пузырь) . Керосин шамның шынысы, шишасы.

Орыс тілінен енген сөздер әсіресе солтүстік-шығыс
говорларда көп кездеседі. Академик В. Радлов 1870 жылдың
өзінде Қазақстанның солтүстік облыстарында тұратын
қазақтардың тілінде орыс сөздері көп ұшырайтынын айтады:
«Солтүстікте орыс көршілерінің арқасында және оңтүстікте
сарттардың арқасында қазақ тілінің сөздік құрамы едәуір
сөздермен байып отыр». Төменде келтірілген материалдар
В. Радловтың осы сөзін растайды. Орталық-солтүстік говорлардан
мысал келтірейін [2] :

Қауаша (Көкшетау, Шучинск) . Жеңіл шана.

Күмәжнек//куәжнек (бумажник) - ақша салатын былғары
бумажник. Қарағым қалтамдағы күмәжнекті алып берші.

Бөгіребас - ыдыс-аяқ салып қоятын орын.

Халықтың сөйлеу тілінде жеміс-жидек, бау-бақша өнімдеріне байланысты біраз сөздер орысша аталады. Мысалы, солтүстік қазақтарының тілінде сәбіз, қияр, жүгері, қызылша сияқты сөздердің орнына мәркөп, агүршік, көкраз, сбекла сөздері қолданылады. Бұл өңірдің тұрғындары пиязды сарымсақ,
сарымсақты шөшнек (шешнок) дейді.

Араб және иран тілдерінің элементтері. Араб және иран тілдерінің элементтері говорларда жиі ұшырайды. Оларды әсіресе оңтүстік говорларда көп кездестіреміз. Араб, иран тілдерінің элементтерінің басым көпшілігі оңтүстік говорларға өзбек, ұйғыр тілдері арқылы ауысқан. Мысалдар:

Тауша-текше. Қабырғадағы ыдыс-аяқ қоятын қуыс жер. Парсыша тагча. Біз текшеге көрпе төсекті де қоямыз. (Шымк. Лен. )

Дәліз (Шымк. Лен. ) Сенек, ауыз үй. Парсыша: даһлиз-сенек, ауыз үй.

Айуан. Ауыз үйдің алдындағы веранда. Парсыша: веранда. Жүр, айуанға шығып отырайық.

Пиала. Пиялай. Бұл сөздің парсы тіліндегі мағынасы-кесе, бокал. Бұл сөз қазақ говорларында бірде кесе мағынасында, бірде шамның шынысы мағынасында жұмсалады.

Шиша. Бөтелке. Дүкенге барып бір шиша лимонад әкелші. Парсыша:шише-әйнек, бөтелке деген сөз.

Тандыр. Нан пісіретін пеш. Парсыша: тандур. Тандырды түстен кейін жағайын деп отырмыз.

Дарбаза. Қақпа. Қораның дарбазасын түзету керек еді.

Түркі тілдерінен енген сөздер. Араб, иран және орыс тілдерінің элементтерін барлық говорларда кездестіруге болса, көрші түркі тілдерінің элементтері барлық говорларға тарамай, тек өздерімен шектес аудан, облыстарда ғана айтылады. Оңтүстікті мекендейтін қазақтардың тілінде өзбек тілі арқылы енген сөздер көп.

Өзбек тілінен енген кейбір сөздер тек бір-екі аудан көлемінде ғана айтылса, енді бірқатары бірнеше облыс көлеміне тарап, кең түрде қолданылады. Мысалы, жүдә//жүде-өте, ауқат-тамақ, әсел-бал, миман-қонақ сияқты сөздер бірнеше облыста айтылса, мұштау, шақтау-бұтақтау, пісте, бадыраң // бәдірең, таға т. б. сияқты сөздер өзбектермен шектес екі-үш аудан көлеміне ғана тараған.

Оңтүстік говорларда өзбек тілі арқылы енген парсының -хана жұрнағымен жаңа сөз жасау амалы кең тараған. Батыс-шығыс және орталық-солтүстікте айтылмайтын айуанхана, мейманхана, наубайхана, атхана сияқты сҿздер оңтүстік говорларда жиі айтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диалект сөздер
Фонетика
Диалектілер мен қарапайым сөздердің қолданылу ерекшеліктері
Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар
Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы
Фонетикалық ерекшеліктер
Фонетика. Фонетикалық ерекшеліктер
Кұрамы жағынан әртүрлі халықтардың қонысы болып, аралас-құралас отырып, тығыз қарым-қатынаста болған өңірі тұрғындары тілін зерттеу
Тәжік қазақтары. Лексикалық ерекшеліктер
Диалектілік сөз тіркесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz