Фразеологизмдердің өзіндік белгілері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
\
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Фразеологизмдердің өзіндік белгілері
Орындаған: Камалова М.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Ырсымбетова Н.
Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
* Фразеологизм туралы түсінік
* Фразеологизмдердің өзіндік белгілері
* Пайдаланылған әдебиет
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімнің саласы дегенді, екіншісі -- бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Алайда фразеологизмдер жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Мұның игерілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы 15 -- 20 жылға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Қөбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Соңғы 20 -- 25 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология проблемалары жан-жақты зерттеліп, қыруар еңбектер жарық көрді. Әсіресе, академик I.Кеңесбаевтың Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі атты көлемді еңбегі тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркологияға қосылган елеулі үлес деп карауға болады. Автор аталған сөздіктің Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы атты бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін жан-жақты қарастырьш, біраз ілгері дамытқан. Мен осы бөлімді жазу үстінде сол еңбекке сүйене отырып, соны теориялық арқау етіп жаздым.
Фразеологизмдер өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар:
* даяр қалпында жұмсалу белгісі;
* мағына тұтастығы;
* тіркес тиянақтылығы.
Осы үш белгіні еркін түсіну үшін әрқайсысын жеке-жеке алып қарайық. Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады. Мәселен, Дәурен қалаға жүрейін деп отыр деген бір сөйлемді әркім неше рет өзгерте беруіне болады. Мысалы: Дәурен қалаға жүрмекші; Дәурен жақын арада қалаға бармақшы; Дәурен қалаға барам ба деген ойда, Дәуреннің қалаға жүрем бе деген ойы бар т.б. Бұл сияқты еркін сөз тіркестері қатынас жасау процесінде әркімнің өз қалауы бойынша жасалады. Белгілі бір ойды кім қалай етіп жеткізсе де еркі бар деген сөз. Ал тілдегі фразеологизмдер бұлай етуге, құбылтуға көнбейді. Мәселен, төбесі көкке жетті дегенді төбесі көкке жетейін деп тұр, төбесі көкке жетпекші деп өзгертуге болмайды. Бұлардың сыртқы құрылым-құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен, сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жүмсалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де, сол қалпында сөйлемнің құрамына енеді. Еркін сөз тіркесінің әрбір сыңары мағыналық дербестігін сақтап, сөйлемде әр басқа мүше ретінде жұмсалады. Синтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер (модельдер), формулалар бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Еркін тіркес пен фразалық тіркесті бір-бірінен ажыратудың түрлі амалдары да болады Мысалы: Ерке магазиннен 40 пышақ сатып алды. Қырық пышақпеп қыржыңдап тұрған тулкі, о да осал жау емес қыран пайда. Екі сейлемдегі қырық пышақ деген тіркестің алғашқысы -- еркін тіркес те, соңғысы -- фразалық тіркес. Алғашқы сөйлемде қырық деген сан есім өзінің төрт оннан құралған сандық ұғымды тікелей білдіреді. Мұндағы қырық деген сөз пышақтың сан мөлшерін көрсетіп түр. Соңғы сөйлемде бұл сөз (40) өзінің сандық ұғымынан біржола қол үзіп, фразеологиялық байлаулы мағынаға ауысқан. Еркін тіркесте тіркескен сөздердің арасына басқадай сөз салып, өзгертіп айтуға, я болмаса, түрліше сұрау қоюға көнеді. Мәселен, алғашқы сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркесті қырық күміс пышақ деп өзгертуге, пышақтың санына карап, "Қанша?" деген сұрау қоюға болады. Ал соңғы сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркес мұндай өзгерістің ешқайсысына көнбейді. Оның есесіне фразалық тіркестің белгілі бір синонимдік баламасы болады. Мәселен, соңғы сөйлемдегі қырық пышақ деген тұрақты тіркесті қырқысу, аңдысу дегендермен алмастыруға болса, алғашқы сөйлемдегі еркін тіркесте мқндай балама атымен кездеспейді. Тура мағынадағы сөз шындық болмыспен тікелей байланысты болады да, контекстте тұрса да, тұрмаса да өзінің заттық логикалық қатынасымен белгіленеді. Ал фразалық байлаулы мағынадағы сөздер әрдайым белгілі контекстке телінді, бағынышты болып тұрады. Оң көз бен оң қол дегендерді түсіну үшін де пәлендей контексттің қажеті жоқ. Өйткені бұлар өзінің тура (заттық) мағынасында жұмсалып тұр. Ал менің оң көзім де, оң қолым да бір өзіңсің десек, мұндағы оң көз бен оң қол дегендер туынды мағгынада қолданылып, фразеологизмге айналған. Бұлар сенімді, серік, адал да мықты жәрдемші дегендермен баламалық қарым-қатынаска түседі. Сондықтан фразалық байлаулы мағынадағы сөздер өзіне лайықты белгілі контекстті талап етіп тұрады [1].
Фразеологизмдср бір бүтін единица ретінде қолданылуы жағынан лексикалық единица - сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған кұрылыс материалы ретінде сөйлемнің құрамына енеді. Мәселен, бала, балалы, балалык, балалау, бала-шаға, балажан, балажандық, балалы-шағалы тәрізді сөздер сөйлемнің құрамына енгенде бұлар түбір морфема, аффикстік морфемаға жіктелмейді, әрқайсысы бір бүтін единица ретінде жұмсалады. Фразеологизмдер дәл осы сияқты құбылыс деп тану керек. Бұлар бірнеше сөздердің тіркесінен құралғанымен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас күйінде қаз-қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы: жер аяғы кеңіді, жерге қаратты, жерден алып, жерге салды, жер-жебіріне жетті, жерден жеті қоян тапқандай, жер-көкті басына көшірді, жер ортасына келген адам, жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты, жер-көкке сыйғызбады, т.б. Бұлар құрылым-құрылысы жағынан қаншалықты күрделілігіне қарамастан сөйлем ішінде әрқайсысы жеке сөздермен бірдей, теңесіп тұрады. Мәселен, қыздың жиған жүгіндей деген фраза - әсем, көркем, көрікті деген синонимдердің біреуімен пара-пар, ит терісін басына қаптады деген - ұрысты, балағаттады, сөкті, дегендердің орнын басып, сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарып тұрады.
Сөз бен фразеологизмдердің арасында да бірінен біріне ауысып жататын өтпелі қарым-қатыстық байланыстар болады. Тұрақты тіркестер мен күрделі сөздер о баста сөз бен сөздің тіркесуі арқылы келіп шықса, фразеологизмдердің кейбіреулері кей жағдайда қос сөз бен біріккен сөзге айналып кететіндері болады. Мәселен, түпетабан, мысыққұйрық, атқұлақ, көріқыз, отагғсы, ақсақал, жандайшап, атқамінер, атамекен, аткөпір, ауызекі, ауызба-ауыз, қырып-жою, өліп-өшу, күйіп-пісу, сүйіп-құшу, ат-сайман, атарман-шабармап, жатпай-тұрмай, өліп-тіріліп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz