Диалектідегі синтаксистік ерекшеліктер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Диалектідегі синтаксистік ерекшеліктер

Орындаған: Жолдасбек Д.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған:Бескемпірова Г.

Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
* Септік жалғаулардың сөйлем ішінде алмасып қолданылуы.
* Синтаксистік түйдектер.
* Фразалық түйдектер.
* Есім сөздер мен көмекші етістіктерден және күрделі етістіктерден болған синтаксистік түйдектер.
* Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Септік жалғаулардың сөйлем ішінде алмасып қолданылуы. Қазақ говорларында кейде сөйлем ішінде кейбір септік жалғаулары өзара алмасып келеді. Мысалы, барыс жалғауында тұруға тиісті сөз кейде табыс жалғауында
қолданылады. Керісінше, табыс жалғауында тұруға тиісті сөз барыс жалғауында жұмсалады. Говорларда төмендегі септік жалғаулары бір-бірімен алмасып келеді. Жатыс септікте қолданылуға тиісті сөз кейде барыс септікте қолданылады.
Мысалы,
Биыл осы айға қар жауып қалуы мүмкін (Шымк., Түлк.) - Биыл осы айда қар жауып қалуы мүмкін.
Алдаш суға жақсы жүзеді (Сем., Ақс.) - Алдаш суда жақсы жүзеді.
Балам Алматыға оқиды (Гур., Маңғ.) - Балам Алматыда оқиды.
Марат биыл екінші класқа оқиды (Гур., Маңғ.) - Марат биыл екінші класта оқиды.
Шымкент, Қызылорда облыстарында күні сөзі барыс септік тұлғада күніне жҽне күніге болып қолданылады. Мысалы, Біз осы жерге күніге екі рет барып қайтамыз (Шымк., Сар) - Біз ол жерге күніне екі рет барып қайтамыз.
Шығыс септікте қолданылуға тиісті сөз кейде барыс септікте қолданылады. Мысалы, Біз баяғыда шала сауатты молдаға оқушы едік (Алм., Ұзын.) - Біз баяғыда шала сауатты молдадан оқушы едік. Ол ескіше бір-екі молдаға оқыған (Шымк., Түлк) - Ол ескіше молдадан оқыған.
Табыс септігінде қолданылуға тиісті сөз кейде барыс септікте қолданылады. Мысалы, Біз Абылайға қуып жеттік (Алм., Ұзын.) - Біз Абылайды қуып жеттік. Самас деп есалаң адамға айтады (Гур., Маңғ.) - Самас деп есалаң адамды айтады.
Сөз тіркестері. Сөз тіркестері көбінесе әдеби тілдің материалдары негізінде сөз болып жүр де, диалектілердегі сөз тіркестерінің мол қоры жөнінде арнаулы еңбектер жазылмай келеді. Бұл материалдарды жинаудың, зерттеудің қазақ тіліндегі сөз тіркестерін жан-жақты тексеруде, заңдылықтарын ашуда және қазақ тілінің жалпы тіл байлығын көрсетуде үлкен маңызы бар. Говорлардағы сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің өзара байланысу тәсілі немесе жасалу жолдары әдеби тілдегідей.
Говорлардағы көптеген сөздердің тіркесу қабілеті күшті.
Кейбір сөздер бірнеше тіркестердің жасалуына негіз болады.
Мысалы, батыс говорлар тобында өз алдына жеке қолданылатын
ілкі (алғашқы) мен әзірде сөздері өзара тіркесіп те, басқа сөздермен
тіркесіп те көптеген тіркестердің жасалуына негіз болады. Мысалы: ілкі мезетте (алғашқы кезде). Қанша сенбестік болса да, оған ілкі мезетте Филипп Петрович ойына сап ете түсті (Ғ.Сланов). Ілкі әзірде (алғашқы кезде). Мысалы: Шалғай қоныстарда, бригадаларда ілкі әзірде жұмыс ойдағыдай болмады да, кейін жолға қойылды (Орал., Чап.). Осы сөйлемдегі әзірде сөзі кезде сөзінің синонимі ретінде қолданылып тұр. Бұлар келген, соңғы, бұрынғы, жаңағы, манағы сөздерімен де тіркесіп айтылады. Келген әзірде (келген бойда), жаңағы әзірде (жаңағы кезде, жаңа ғана), манағы әзірде (манағы кезде), бұрынғы әзірде (бұрынғы кезде). Говорлардағы сөз тіркестерінің ерекшелігі, біріншіден, олардың құрамындағы сөздерге байланысты. Көптеген сөз тіркестерінің құрамында әдеби тілде жоқ сөздерді кездестіруге болады. Ол сөздердің өзді өзінің тіркесуі арқылы да, әдеби тілдегі белгілі сөздермен тіркесуі арқылы да бұрын белгісіз сөз тіркестері жасалған. Мысалы: шанышпай шаралау (қорасанға қарсы егу) тіркесіндегі сөздердің екеуі де дәл осы ұғымда әдеби тілде жоқ сөздер. Ал зыбан ұру (әлек салу), мәнтті болу (ықыласты болу), күстәнә қылу (сықақ ету), боржа болу (қолдың бос болуы) тіркестеріндегі әдеби тілде жоқ зыбан, мәнтті, күстәнә, боржа сөздері әдеби тілдегі болу, ұру, қылу сөздерімен
тіркесіп айтылады. Екінші ерекшелік - сөздің мағыналық жағына байланысты. Көптеген сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер - әдеби тілде бар сөздер. Бірақ олар әдеби тілде бір-бірімен тіркесіп айтылмайды. Мысалы: жан созу (жан таласу), дыбысты адам (атақты адам) т.б.
Говорлардағы сөз тіркестерінің енді бір тобы әдеби тілде де кездеседі, бірақ олар говорда тұрақты тіркес түрінде, ал әдеби тілде еркін тіркестер түрінде кездеседі. Мысалы: шетіне шығу, жүзі жапырылу деген тіркестер әдеби тілде қаланың шетіне шықты, жүзі жапырылған пышақ тіркестеріндегідей нақтылы мағынасында қолданылып еркін тіркес құрап тұр, ал говорларда асып туған, жүзі шыдамау деген сияқты тұрақты тіркес ретінде кездеседі. Мысалы: Абай - адам баласының ниетіне шыққан адам
(Қызылорда, Арал). Алажағы бар адам кездессе, жүзі жапырылып жүре береді (Қызылорда, Арал).
Кейбір сөз тіркестерінде көбінесе көмекші етістіктердің, әсіресе деп және бол көмекші етістіктерінің түсіп қалуы жиі кездеседі. Мысалы мақсат білу - мақсат деп білу. Қатысып жүрген ұрыстарыңа халық қатары түсіп шыққанды мақсат білесің бе, жоқ, әлде сол ұрыстан ойыңа өріс боларлық мағлұмат
алып жүрсің бе? (Ә.Нұрпейісов). Міндет білу - міндет деп білу. Шегірткемен күресуді ауыл кеңес ағасы Қойбасұлы басты міндет біліп, көпшілікті тартуға түсінік жүргізді (Қызылорда, Арал). Сирек болғанмен де бұл айтылғандарға керісінше құбылыстар да, яғни әдеби тілдегі баламаларымен салыстырғанда, құрамында басы артық сөз тіркестері де кездеседі. Мысалы: ешқандай нәрсе - еш нәрсе. Жаңа төлқұжат алғанын білемін. Құланды жайлы ешқандай нәрсе білмеймін (Қызылорда,Арал).
Синтаксистік түйдектер. Синтаксистік түйдектерде құрамындағы сөздердің мағыналық жағынан лексика-семантикалық топ болып келуіне байланысты сөз тіркесі тұтасымен сөйлемнің бір-ақ мүшесі болып келеді. Мысалы, Ел ішінде ақырзаман болады деген гу-гу әңгіме етек жайды. Сөйтіп, олар баланы жұбатқа алады (Қызылорда,Арал). Есей жымды шатқалға қамап, қуып тыққан ызалы жолбарыстай қып-қызыл көздерінен от төгіп, арпалысып жүр еді (Ә.Нұрпейісов) деген сөйлемдердегі етек жайды (етек алды), жұбатқа алды (жұбатады), от төгіп (от шашып) тіркестері лексикалық топ болып, сөйлемнің бір ғана мүшесі ретінде қолданылады. Мағыналық ерекшеліктеріне және құрылысына қарай, говорлардағы синтаксистік түйдек қалпында айтылатын сөз тіркестерін мынадай түрге бөлуге болады
Фразалық түйдектер. Бұлар тұрақты сөз тіркестерінің
қатарына жатады. Құрамындағы сөздердің жеке мағыналары мен жалпы түйдек қалпында берілетін ауыспалы мағыналардың арасында жақындық бар. Қалыптасу ерекшеліктеріне қарай говордағы фразалық түйдектерді мынадай түрге бөлуге болады.
а) Құрамындағы сөздері жеке алғанда әдеби тілде кездесетін фразалық түйдектер. Ақ иық болу - жария, таныс болу. Бірақ Сатаев та, Қожақаев
та тартымды еш нәрсе айта алған жоқ, ұзақ цифр айтыла-айтыла ақ иық болған факт.
Аяғынан тозу - тарап, ыдырап кету. Еңбексіз жүргендіктен отбасы аяғынан тозып кете жаздады (Ақтау).
Ақырет көру - азап көру. Арнаулы үйдің жоқтығынан әркімнің тастанды үйін иеленіп, өте ақырет көріп келеді.
Бой қаққан - арпалысқан. Біздің әскерлер кешегі бой қаққан ұрыстарда жауға қалдырған жерлерді қайта қайтарып алумен бірге және бірнеше хуторларды босатты (Ә.Нұрпейісов).
Бұлды сатпайы болу - бетімен лағатындар, артық сөйлеушілер.
Бүйірін шертіп шығу. Тойып шығу, күйлі шығу (мал туралы). 2009 жылдың қысында Қатшаның малдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдері туралы
Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері
Ұлттық фразеологиялық қор
М.Балақаевтың лингвистикалық ой-пікірлері
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі көне Түркі ескерткіштері
Талас өңіріндегі көне жазбалар - ежелгі түркі мәдениетінің бастауы
Арғытүркілердің мәдени мұрасы
Қазақ тіліндегі ауру атауларының лексика-семантикалық және морфологиялық құрылымы
Диалектілік сөз тіркесі
VІ-ІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ. Тарихи жағдай. Түрік қағанаты
Пәндер