Психология-медико-педагогикалық консилиумның қызметін ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДЕФЕКТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Психология-медико-педагогикалық консилиумның қызметін ұйымдастыру

Орындаған: Джолмурзаева А.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Молдаханова М.

Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
* Мектептік психологиялық-педагогикалық консилиумның қызметін ұйымдастыру және оның міндеттері.
* Мектептік консилиум жұмысын құру негіздері.
* Жоспарлы консилиумдер жұмысының бағыттары.
* Консилиумды дайындау және өткізу тәртібі.
* Қорытынды
* Пайдаланылған әдебиет

Мектептік психологиялық-педагогикалық консилиумның қызметін ұйымдастыру және оның міндеттері.
Білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық консилиумының негізгі мақсаты жалпы білім беру үдерісіне қосылған білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қолдау стратегиясын және оларды оқыту мен әлеуметтендірудің табыстылығы үшін ересектердің келісілген әрекеттерін алқалық анықтау болып табылады.
Консилиум міндеттері:
* білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды дамыту және\немесе оқыту жағдайларын талдау;
* оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмектің мазмұнын анықтау және оны көрсететін мамандардың өзара әрекеттесуін үйлестіру;
* оқу үдерісіндегі балаларға көмек мазмұны туралы педагогтарға, ата-аналарға ұсынымдар әзірлеу;
* психологиялық-педагогикалық көмектің тиімділігін бағалау.
Мектептік консилиум жұмысын құру негіздері:
* қарастырылған мәселелерге (әр түрлі мамандардың өзара тығыз байланысы) кешенді тәсілдеме;
* оқушылардың қажеттіліктерін динамикалық зерттеу;
* оқушылардың қызығушылықтарын сақтау және жеке психофизикалық ерекшеліктерін есепке алу.
Консилиум директордың бұйырығымен құрылады және олардың қабылдаған Ережелерінің негізінде қызмет істейді. Мектеп консилиумының құрамы иілімді болып, оның тұрақты және уақытша қатысушылары болады. Тұрақты қатысушылар - оқу-тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары, психолог-педагог, әлеуметтік педагог, логопед мұғалім, дефектолог мұғалім. Тұрақты қатысушылар әрбір мәжіліске, оны дайындау жұмысына қатысады, оның ұсынымдарының орындалуын бақылайды. Уақытша қатысушылар (сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, медициналық қызметкерлер) консилиумге қажеттіліктері бойынша қатысады. Консилиум жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді. Жоспарлы консилиумдер жылына 3-5 рет өткізіледі.
Жоспарлы консилиумдер жұмысының бағыттары:
* мектепке оқуға келген оқушылардың, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, орта буынға өткен оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктері талқыланады;
* білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұнын әзірлеу;
* түзете дамыту міндеттерін жүзе асырудың табыстылығын динамикалық бағалау, қажет болған жағдайда оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың алдын ала әзірленген бағдарламаларын өзгерту;
* оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін бағалау.
Консилиумның тұжырымдамасы білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына (пән мұғалімдеріне, қосымша білім беру педагогтеріне, атааналарға) хабарланады.
Жоспардан тыс консилиумдар білім беру үдерісінің кез-келген қатысушысының, оның ішінде білім беру ұйымының басшылығының немесе ата-анасының (олардың орындағылардың) сұрауы бойынша өткізіледі. Жоспардан тыс консилиум үшін баланың оқуына және дамуына әсер ететін жаңа жағдайлардың анықталуы немесе туындауы, оның дамуы мен оқуының жағымсыз динамикасы себеп бола алады. Мамандар мен ата-аналардың сұрау түрлері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ қандай жағдайда болмасын олар баланың мәселелерін (дамудағы және оқудағы) немесе педагогтың, ата-ананың баламен өзара әрекеттесуіндегі мәселелерді бейнелеуге міндетті. Жоспардан тыс консилиумның қызметінің бағыттары:
* анықталған жағдайлар бойынша шұғыл шара қабылдау;
* өзгерген жағдайға немесе жұмыстың тиімсіздігіне байланысты түзете дамыту жұмысының бағыттарын өзгерту.
Консилиум мәжілісінде балалар мен жасөспірімдердің мәселелерін талқылау ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ынтасы бойынша, сондай-ақ бала оқитын немесе тәрбиеленетін сыныптың (топтың) педагогының, білім беру ұйымында жұмыс істейтін басқа мамандардың да бастамалары бойынша жүзеге асырылады. Барлық маман баланы жеке-жеке тексереді. Әрбір маманның өзінің әдістемелері, тәсілдемелері, диагностикалық кешендері болады. Тексеру нәтижелері бойынша әрбір маман консилиум үшін бекітілген түрде өз ұсыныстарын береді. Алынған мәліметтердің негізінде (мамандардың қорытындысы) коллегиалды түрде ПМПк тұжырымдамасы жасалады, баланың жеке
мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін есепке ала отырып, түзете дамыту және оқу тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруға арналған ұсынымдар әзірленеді. Консилиум маман мүшелерінің кеңесін алған барлық балалар тіркеу және есеп журналына тіркеледі. Консилиум жұмысына қатысқан мамандар және төрағасы тексеруден өткен балалар туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауға жауапты болады.
Консилиумды дайындау және өткізу тәртібі
ПМПк жоспарлы және жоспардан тыс болып екіге бөлінеді. Жоспарлы консилиум жылына 4-5 рет өтеді. Оның қызметі төмендегі міндеттері шешуге бағытталған:
* бала дамуының ерекшеліктерін, оны оқытудың мүмкін болатын талаптары мен мақсаттарын анықтау;
* түзете дамыту жұмысының мазмұнын қоса отырып, баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағадарламасын құру;
* оқытудың, түзетудің және дамудың динамикасын бағалау, түзету жұмысына қосымшалар мен өзгерістер енгізу, оқыту түрін, түзімін, бағдарламасын өзгерту, қосымша тексеруді тағайындау.
Консилиумның жоспардан тыс мәжілісі мамандардың, педагогтар немесе ата-аналардың сұрауы бойынша жиналады. Жоспардан тыс ПМПк келесі міндеттерді шешеді:
* туындаған мәселені талдау, оларды шешу жолын таңдау;
* рұқсат етілетін жүктемелерді, оқытудың түзімі мен түрін өзгерту қажеттілігін анықтау.
Баланың мәселелерін талқылау бойынша консилиум мәжілісін өткізуді дайындау консилиумды өткізу датасына дейін 10 күннен кеш болмайтындай жоспарланады.
Мамандар, баламен тікелей жұмыс істейтін жетекшілер консилиум мәжілісін өткізуге дейін 3 күннен кеш болмайтындай уақытта консилиум хатшысына қажетті құжаттарды, баланың жазба жұмыстарын тапсыруға міндетті.
Мәжіліс ПМПк төрағасының басшылығымен өтеді. Жетекші маман жалпы жағдайды баяндайды. Баламен жұмысқа қатысатын әрбір маман бала туралы ауызша тұжырымдама береді. ПМПк қабылдаған түзете дамыту жұмысын ары қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беруде балалардың педагогикалық - психологиялық жағдайлары
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі туралы түсінік
Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және ПМПК қорытындысымен оқушының мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері
Психологиялық қызметтің дамуы
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы
Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғалімі
Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім үрдісіне қосу
Пәндер