Шешен сөйлеу мәдениеті. Сырым аңыздары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

  1. Шешен сөйлеу мәдениеті
  2. Сырым аңыздары
  3. Глоссарий
  4. Тест
  5. Сұрақтар
  6. Семантикалық кесте
  7. Ребус

Шешен сөйлеу мәдениеті

Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен байланысты. Сөйлеу нормалары орфографияға бағынышты емес. Қалай жазылса, солай оқуды тіліміз көтере бермейді. Өйткені қазақ тілі - болмысында, табиғатында үнді, әуезді тіл. Дұрыс сөйлеу мәдениеті дыбыс тілімен тікелей байланысты болғанымен, жазу тілінің шығуымен бірдей емес. Мәнерлеп сөйлеу, дыбыстардың қырын сындырып айту - сонау ауыз әдебиеті үлгілерінен, шешендік сөздерден келе жатқан заңдылық. (құрғол-құр қол емес, негерек-не керек емес), қатар тұрған екі даусты дыбыстың бірін түсіріп қолдану (Дәметкен-Дәме еткен емес, Сарарқа-Сары арқа емес), ерін үндестігін сақтау (құрұқ-құрық емес, өсүм-өсім емес) сияқты орфоэпия заңдылықтарына көңіл бөлу міндетті.

Ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде сөйлеу және ауызекі сөйлеу тілі болып бөлінеді. Әдеби сөйлеу тілінің де сан алуан түрлері бар: Олар лекторлардың, үгітшілер мен баяндамашылардың, актерлердің т. б. болып та бөлінеді. Әрқайсысының сөз қолдану ерекшелігі, айтайын деген ойын тыңдаушылыарына жеткізу әдіс-тәсілі әртүрлі болғанымен, бәріне ортақ заңдылық-орфоэпия қағидаларын сақтау.

Ауызша сөйлеу кезінде тілдің ішкі заңдылықтарын сақтаумен қатар, сөйлеу техникасын да меңгеру қажет. Тақырыптың мазмұнына қарай лектор өзінің ішкі тебіренісі мен толқынысын, көзқарасын көбіне дауыстың ырғағы күші ым-ишара, қимыл-қозғалыс арқылыда жеткізіп отырады.

Мәнерлі сөйлеу мәдениеті лектордың дауыс ырғағына, интонациясына да байланысты. Өйткені сөйлеу кезіндегі дауыстың сан түрлі құбылуы адамның сол өзі баяндап тұрған мәселесіне қатысын, эмоциясын, сезімін білдіреді. Интонация летордың әр сөйлеміне жан беріп қана қоймайды, оның эмоциональдық бояуын күшейтеді.

Сөз қолдану мәдениеті ең алдымен сөздің емле ережесіне сай жазылуымен байланысты. Дұрыс жазу талабы-ресми түрде қабылданған жалпыға ортақ емле ережесін сақтау. Орфографиялық нормадан ауытқуға, оны өзгертіп жазуға болмайды. Себебі емле ережелері заңды түрде бекітіледі, жалпыға ортақ, міндетті сөз қолдану мәдениеті сөздің мағанасына сай, дәл, сәйкес жұмсалуымен тығыз байланысты.

Айқын ойлап, дәл айту үшін сол айтылуға тиісті зат пен оның санамыздағы көрінісі-сөздің арсындағы байланысты, қатнасты жақсы білуіміз керек. Ой айқындылығы, мағана дәлдігі логикалық дәлдікпен ұштасады. Сөздер мағанасына қарай бір-бірімен көп мағаналы, омонимдес, мәндесте болып келеді. Мағаналас сөздерді айырым мағанада ара жігін айқын аңғарып қолдану арқылы сөздік қорымызды молайта түсуге болады.

Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі-тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде айтайын деген ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарланбауын талап етеміз. Әрине бөтен тілден сөз алмай, таза анатілі материялының негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды. Көркем шығарманы, сондай-ақ, әдеби нормадан ешбір ауытқымай бөтен тілді элементтерді қоспай, сірестіріп “таза әдеби” тілде де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркем сөз шеберлері оқырмандарына өмірдің өзі көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру мақсатын көздейді.

Сырым аңыздары

Жігіттің түп атасын қазған ит.

Cырымның атасы Шолан батырды төрелер қылыштап өлтіреді. Шоланнан Дат іште қалып дүниеге келгесін, қара қазақ жиналып төрелерменен арадағы зіт (зіт-деген ескі сөз, бұл жерде кек деген мағнада алынған) ұмытылмас үшін жас баланың атын Дат қояды. Дат атасының кегін ала алмайтын жасықтау болып өседі.

- Ей, Дат, сенің атың заманында қойған Дат еді-ау, есіміңе жесімің лайықты емес, тек бір қоя салған ат еді-ау - деп қазақтың қарттары Даттың бетіне соғып жүреді.

Дат өсіп бір тәуір әйелге үйленеді, одан Сырым туады. Сырым өсіп ат арқасына мініп, ағайын аралап Байбақтының Сасай дейтін атасының аулына келеді. Келсе ағайындары қаумалап ортаға алып, жылап қоя береді.

- Мына атаңа нәлет Нұралының баласы Есім сұлтан біздің бір ағайынның Ақмоншақ дейтін жүйрік атын ылауға мінемін деп ұстатып алып еді, енді бәйгеге қосып Есімнің Ақмоншағы атанып, атағын шығарып тасып жүр. Міне биыл екі жыл болады, талай рет кісі жіберіп сұрадық, берер емес. Бүгінде «құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ ал» дейтінді шығарды, -дейді.

- Ақмоншақты бір жесірге балайтын едік, бүкіл Байбақтының атағын шығарған Ақмоншақ еді. Шырағым, сол атқа сен бар, саған берер, - дейді ағайындары.

- Ей, ағайын, сіздер мені Нұралыға жұмсамаңдар, ол ит маған да бермес. Берсе жақсы, бермесе тегін қайтпаспын, бір жанжал туып кетер, - деп өтінеді Сырым. Ағайындары қаумалап болмайды, ақырында Сырым көнеді. Барып Нұралы ханның өз үйіне түседі.

- Сырым, жай жүрмісің, жұмысың не? - дейді Нұралы.

- Сіздің Есім деген балаңыз менің бір ағайынымның атын ұстап ылауға мінген екен, оған екі жыл толыпты.

- Мауқы басылса, сол аттың сүйегі болса да алып кетейін деп келіп едім, - дейді Сырым.

- Жарайды, олай болса Есімді шақыртып айтайын, - дейді хан.

- Есім шырағым, мына Сырым Ақмоншақты сұрай келіпті. Бірталай міндің ғой, енді берсейші, - дейді Нүралы баласына.

- Ағайыннан бір ат міне алмасам, мен несіне сұлтан болып жүрмін? Мен атты беремін деп алғаным жоқ, Сырымға ат керек болса құлаққа-құлақ, тұяққа-тұяқ алсын да кетсін, - дейді Есім.

- Менің де естиін дегенім осы сөз еді, - деп Сырым үйден шыға жөнеледі. Нұралы хан артынан Есімді қайта шақырып алып:

- Шырағым Есім, сен түсін, мына Сырым бір тайдың құнына келіп жүрген жоқ, бұл соғысқа келіп жүр, сен білмейсің, бұның атасы Шолан біздің бабаларымыздың қолынан жазымдалған, бұл соны әлі ұмытпай жүр екен, атын беру жөн болар, - дейді.

Есім Сырымның артынан кісі шаптырып: «Келіп қонақ болып, атын алып кетсін», - дейді.

- Атаңа нәлет Есімнің есігіне бір тай үшін екі барып еңкейсемау, бар ханыңа сәлем айт, келіп қонақ болатын күнімді өзім айтармын, - деп қайырылмай кете барады. Ағайындарына келіп атты әкеліп берсе аларсыңдар, өздері әкеліп бермесе енді сұрамаңдар, - дейді.

Сырым аулына келіп атын тастап, Есімнің ызасынан желмаяға мініп, ханды шабуға Сарыарқаның қазағынан көмек сұрайды. Сөйтіп жүргенде елдің ақсақалдары кеңесіп Сырымды Бақай сыншының алдынан өткізбекші болады. Сонда екеуі кездескенде, Бақайдың Сырымның қолын ұстап тұрып айтқан сөзі мынау екен:

- Иә, Сырым бала, жоқтан бар болдық, айырдан нар болдық, көндей қамқа тозды, атадан ұл озды, анадан қыз озды, боздан бурыл озды. Осыған жауап берші, шырағым, - дейді. Сонда Сырым батыр:

- Иә, жоқтан бар болсам, құдайдың құдіреті болар; айырдан нар болсам, атам үлек болар; көндей қамқа тозса, киюі салақ болар; атадан ұл озса, еркіндігі болар; анадан қыз озса, шіркіндігі болар; Боздан бурыл озса, жүйріктігі болар, Бақай ата! - депті.

- Ей Сырым, әкең сенің Дат төмен, тентек, шұлғауын асына малып ішетін еді. Шешең Қараторы қайратты, күндіз келген жиырма кісіні түнде келген жиырма кісіні қонақ қылып аттандыратын еді. Сен шешеңе тартып туған екенсің-ау, балам, - дейді Бақай қарт.

- Иә, Бақай ата, әкем Дат тентек болса болған болар, шешем күндіз келген жиырма адамды, түнде келген жиырма адамды қонақ етіп аттандырса, қырықтың бірі қыдыр деген, онда мен қыдырдан жаралған болармын. «Өзін өзі езген ит, өзен бойын кезген ит, өзі болған жігіттің тұп атасын қазған ит» деп еді, Бақай ата, - депті Сырым.

Сонда Бақай сыншы сөзден жеңіліп батырды қонақ қып, ат мінгізіп, шапан жауып батасын беріп аттандырыпты.

Глоссарий

Шешендік сөз - жанды сөз әректі арқылы көрініс беретін эмоционалды-интеллектуалды шығармашылықтың ерекше бір түрі.

Шешен ( латынша очаче -сөйлеу) - көпшілік алдында сөз сөйлеуші адам (грек тіліндегі синонимі - ритор)

Аудитория - сөйленетін сөз қарата айтылатын адамдар, яғни көпшілік.

Шешендік өнер - адам өмірінің әрқилы ішкі үрдістерін бейнелеудің озық тәсілі, өзгелерді өз еркіне бағындырудың аса күшті қаруы, жанды қарым-қатынастың амалы ретіндегі сөз сөйлеу құдіретіне ие болғызатын шын мәнінде адамның құдіреттілігін танылатын көпқырлы ілім.

Шешеннің этикасы - адамгершілік нормаларының, бағдарлау құндылықтарының, оның өз міндеттеріне, жұмыс мақсатына, тыңдаушыларына қатынасын анықтайтын тәртіп ережелерінің жиынтығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік өнер туралы
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
Битанудағы шешендік өнердің ролі
Қазақ тілім, өркенде!
Сөз – халық педагогикасындағы тәрбиенің құралы
Шешендік өнер
Шешендік өнердің туу себептері
Шешендік сөздер жайлы
Халық музыкасы
Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz