Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар, партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстармен ұйымдар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ФИЛОСОФИЯ және МӘДЕНИЕТТАНУ» кафедрасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар, партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстармен ұйымдар»
Орындаған: Абдіқаппарқызы А.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Байзакова А.
Шымкент қ., 2018 ж.
Жоспар:
- Мемлекет және азаматтық қоғам;
- Саяси партиялар;
- Партиялық жүйелер;
- Қоғамдық-саяси қозғалыстармен ұйымдар;
- Пайдаланылған әдебиет
Мемлекет дегеніміз - белгілі бір аумақта орналасқан және жоғары билік органдары басқаратын ел, қоғам. Мемлекет - тарихи қалыптасқан ұйым немесе сол аумақта жоғары билікті иемденген саяси институт.
Мемлекеттің пайда болу теориялары
- Патриархалды теория (Р. Фалмер, Н. Михайловский және басқалары) мемлекетті кіші отбасылардың ерікті түрде бір отандық биліктің қоластына бірігуі ретінде қарастырады.
- Теологиялық концепция (Ф. Аквинский, Маритен, А. Августин, Мерсье және басқалары) мемлекетті құдайдың әмірімен пайда болған құрылым деп көрсетеді.
- Қоғамдық келісім теориясы (Т. Гоббс, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ж-Ж. Руссо және басқалары) мемлекетті қоғамдық өмір тәртібін және оның ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында билеушілер мен бағынушылар, жалпы адамдар арасындағы өзара ерікті келісім негізінде пайда болады деп тұжырымдайды.
- Күштеу теориясы (Шан Ян, Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский, Ф. Оппенгеймер және басқалары) бойынша мемлекет ішкі және сыртқы күштердің, жаулаушылықтың нәтижесі ретінде қарастырылады.
- Әлеуметтік-экономикалық теориясы (К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин және басқалары) мемлекеттің пайда болу себептерін әлеуметтік экономикалық факторлармен (еңбектің бөлінісі, экономикалық мүдделер, әлеуметтік қоғам қайшылықтары және т. б. ) түсіндіреді.
- Психологиялық теория (Л. Петражицкий, Г. Тард, З. Фрейд және басқалары) мемлекеттің шығуын адамның психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді.
- Органикалық теория (Г. Спенсер, Прейс және басқалары) бойынша мемлекет биологиялық организм іспеттес эволюция процесін бастан кешіреді.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
- Территорияның бірегейлігі
- Ұлттық өзін-өзі анықтауы
- Публикалық билік
- Құқықтың болуы
- Салықтар
- Суверенитет
Мемлекеттің функциялары:
- Саяси функция
- Экономикалық функция
- Ұйымдастырушылық функция
- Құқықтық функция
- Әлеуметтік функция
- Мәдени-тәрбиелік функция
- Басқа елдермен өзара пайдалы қарым-қатынастар орнату
- Мемлекет шекарасын қорғау
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
Азаматтық қоғамда төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:
- ұлттық-этникалык, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;
- жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел-жұртқа келіп-кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз кұпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;
- адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;
- азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. «Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кездегі саяси партиялар Европада 19 ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының еңгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар кездеседі. Осыған байланысты саяси партиялардың ролі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.
Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрлысы мен практикалық іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдарламалары мен жарғыларында айқындалады.
Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу керектігінен шығады.
Поляктің саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:
1. Қоғамның ірі топтарының мақсат мүдделерін анықтау, тұжырымдау, негіздеу;
2. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
3. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
4. Саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу ;
5. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;
6. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
7. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
8. Жалпы қоғамды, оның белгілі бір бөлігін саяси тәрбиелеу;
9. Мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар дайындау мен ұсыну.
Саяси партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын париялармен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.
Саяси партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатынасады.
Саяси партия түрлері
Саяси жүйедегі ролі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады:
1. Авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталалықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатысуын талап етеді.
2. Сайлаушылар партиясы . Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ.
3 . Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын-ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін саяси партиялар парламенттер мен муниципалитеттерде жіктер жасайды. Премьер-Министірдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты.
4. Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстағандығына қарай емес, ұсақ мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі.
Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.
1. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Олар Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы ролін мойындауы керек.
2. Социал-демократиялық (социалистік, лейбористік) партиялар. Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттік, ынтымақтастық, теңдік.
3. Буржуазиялық-демократиялық саяси партиялар . Олар 19 ғасырда Европа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болған. Мынандай принциптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметі билейді, басқарушы партияға қарсы үздіксіз ашық оппазиция жұмыс жасайды.
4. Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық ар- намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды.
5. Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүденің басым болшғанын, басқаруда қатаң орталықтандыруды, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Сол елдерде жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы сақтандырады.
Қандай саяси тәртіпті қолдануына байланысты партиялар демократиялық, тоталитарлық, авторитарлық болып жіктеледі.
- Демократиялық партиялар басқа партияларға төзімдікпен, түсінікпен қарайды, пікір алғанын жақтайды. Идеологиялық факторға онша мән бермейді.
- Тоталитарлық партиялар, керісінше саяси жүйенің басқа элементтерін өзіне бағындыруға тырысады. Әсіресе идеологияланған, қатаң тәртіпте бір партия құруға тырысады.
- Авторитарлық партиялар, әдетте, дамып келе жатқан елдерде пайда болады, отаршылыққа қарсы бағытталады. Олар әлеуметтік прогресі, экономикалық, саяси егемендігі үшін күреседі.
Саяси өмірдегі алатын орыны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай партиялар билеуші және оппозициялық болып бөлінеді.
Билеуші партиялардың қолдарында мемлекеттік билік тигендіктен оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, олар басқа партиялардың үстінен билікке ие болады. Мұндай мүмкіндігі жоқ партиялар өз мүдделерін басқа жолмен қорғайды. Олар бұл мақсатта өздерінің конституциялық құқығын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады. Белгілі бір қоғамдық пікір тудырып билеуші партияларға ықпал жасайды. Мұндай саяси партияларды оппазициялық деп атайды. Олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен қарайды. Қоғамның даму бағдарламасын жасайды, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарға өздерінің көзқарастарын береді.
Қоғамдық саяси қозғалыс
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz